Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс, өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі құралдарын, оның ішінде құрал-жабдықтарын тиімді пайдалау, жетілдіру, оны жаңарту және жаңғырту процесіне қатысты жазылған. Жұмыс негізгі үш бөлімнен және әр бөлім бойынша тақырыпшаларға бөлінген. Мысалы, алғашқы бөлімде негізгі құралдардың, құрал-жабдықтардың жіктелуі, олардың пайдалануы турасында болса, екінші бөлім өндіріс құралдарын жаңарту, жаһандандыру жайында болмақ. Сондай-ақ, өндіріс процесіне жаңа құрал-жабдықтарды енгізе отырып, тұтас өндіріс жүйесін автоматтандыру, жүйелеу бойынша зерттеулер мен теориялық дәйектер берілген. Ал соңғы үшінші бөлімде – кәсіпорын мысалында құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау және жаңартуға қатысты материалдар енгізілген. Біздің басты нысанымыз – «СП ЕРКА» ЖШС.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................5
1.1 Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі................................5
1.2 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ықпал ететін факторлар...................................................................................................................7
1.3 Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштерді..........................................................................................................17
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ................................................................................20
2.1 Өндіріске жаңа негізгі құрал-жабдықтарды енгізу қажеттілігі..........20
3.2.Өндіріс процесін жаңғырту және автоматтандыру..............................22
3 “СП ЕРКА” ЖШС НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ...................................................................................26
3.1 “СП ЕРКА” ЖШС-нің жалпы экономикалық жағдайы......................26
3.2 “СП ЕРКА” ЖШС негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін талдау.........................................................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ ...............................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................36

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc обменяла.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

1) Сызықты әдіс. Бұл әдіс негізгі құралдардың  тозуы оның қызмет ету мерзімінің  ұзақтылығына байланысты деп  пайымдауға негізделген және  ол бухгалтерлік есептің отандық  тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.Әрбір мерзім үшін амортизациялық жарна сомасы амортизациялаушы құнды (объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнын алып тастағандағы) объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептелінеді. Амортизациялау нормасы тұрақты болады.

Есептеу формуласы:

АА = ( БҚ – ЖҚ)/ Тқызм., мұндағы:

БҚ – негізгі  құралдардың бастапқы құны;

ЖҚ – негізгі  құралдардың жойылу құны;

Тқызм. – негізгі  құралдардың нормативті қызмет ету  мерзімі.

2) Өндірістік  әдіс. Бұл өндірілген өнім мен  орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді  негізгі қаражат амортизациясын есептеу әдісі. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы тек пайдалану нәтижесі болып табылады және оны есептеу процесінде уақыт бөліктері ешқандай роль атқармайды деген пайымдауға негізделген.

Есептеу формуласы:

 

АА = ((БҚ – ЖҚ)/ ∑ШӨ)*Шөі, мұндағы:

 

∑ШӨ - пайдалану  кезеңіндегі шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері;

Шөі – і жылындағы  шығарылатын өнім немесе орындалатын  жұмыс.

3) Қалдық құн  әдісі – бір қалыпты әдісте  қолданылатын амортизацияның көбейтілген  нормасын тиісті жылдағы негізгі қаражаттың баланстық құнына көбейтумен анықталатын негізгі қаражаттың амортизациясын есептеу әдісі.

Есептеу формуласы:

 

АА = ( БҚ * 2АН )/100, мұнда :

 

БҚ – тиісті жылдағы негізгі құралдардың  баланстық құны;

АН – амортизация  есептеудің қалыпты әдісіндегі негізгі құралдардың амортизация нормасы ( негізгі құралдар құнын өтеудің жылдық пайызы).

  1. Кумулятивті әдіс – латын тілінен аударғанда  - өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу бойынша тозудың есептеу тәсілі есептеу коэффициентінің бөлімі болып табылатын, объектіні қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.

Есептеу формуласы:

 

АА = ( Б) – ЖҚ) * Кеа; мұндағы:

 

Кеа – есеп айырысу  коэффициенті, әрбір пайдалану жылы үшін мына формуламен анықталады:

 

Кеа = Ni/Шс,

 

мұндағы:Ni – объектінің қызмет ету мерзімінің өтуіне дейін қалған жыл саны;

Шс – объектінің қызмет ету мерзімінің жыл сомасымен  анықталатын шоғырланбалы сан. [4. 133б]

Осы соңғы екі  әдіс амортизацияны есептеудің жеделдетілген  әдістері болып табылады. Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша пайдаланылады, бірақ ол оның алғашқы жылдарында өндірілетін өнімнің  өзіндік құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оларды іс жүзінде пайдаланудың өзі екіталай.

Кәсіпорынның  негізгі мақсаты болып - өндірістік негізгі құралдардың шектен тыс  ескіруін болдырмау (әсіресе активті  бөлігін), себебі, физикалық және моральды тозу деңгейі осыған байланысты болып  келеді, яғни, жалпы айтқанда  кәсіпорынның жұмысының нәтижесі де осыған тәуелді болып келеді.

Негізгі құралдардың  есебін дұрыс ұйымдастырудың басты  шарты оларды бағалауда қабалданған  біртұтас принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшаға шағып  бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын, қайта қалпына келтіруін  және өндіруін жоспарлауға мүмкіндік береді. Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы құны, ағымды құны, қалдық құны және кейбір жағдайларда жойылу құны қарастырылады.

Бастапқы құн  – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға кеткен нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, сондай – ақ пайдалануға беру, тағы сол сияқты кез келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады.

Нарықтық жағдайда негізгі құралдардың кәсіпорынға  келіп түсу мүмкіндігі арта түседі. Сондықтан, активті негізгі құралдардың кәсіпорынға келіп түсу тәсіліне байланысты олардың бастапқы құны келесі түрде анықталады:

  • жақтардың келісімімен құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына салған салымдары бойынша;
  • кәсіпорынның өзінде дайындалған, сонымен қатар басқа тұлғалар мен кәсіпорындардан сатып алынған – осы объекттерді орнату

( құрастыру  ) немесе сатып алумен байланысты  нақты өндірістік шығындар, жеткізу,  түзету және орналастырумен байланысты  шығындарды қоса алғанда;

  • басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан қайтарымсыз түрде алынған, сонымен қатар мемлекеттік органдардың субсидиялары ретінде – сарапшылық жолмен немесе қабалдау – табыстау құжатардың мәліметтері бойынша;
  • жақтардың келісімі бойынша ұзақ мерзімге жалға алынғандар.

Негізгі құралдардың  ағымдағы құны – бұл негізгі құралдардың  белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны. Негізгі  құралдардың  ағымдағы құнның оның бастапқы құнынан ауытқу көлемі –  ҒТП-ң жеделдетілу деңгейіне, инфляция деңгейіне және т.б. байланысты болады. Негізгі құралдарды уақытылы, әрі дәйекті қайта бағалануы бірінші кезекте оның жай және ұлғаймалы өндірісі үшін үлкен маңызға ие. 

Инфляция жағдайында негізгі құралдарды қай бағалау  кәсіпорынға:

  • негізгі құралдардың нақты құнын анықтауға;
  • өнімнің өндірісі мен оның өткізілуіне қажетті шығындарды нақты, әрі дәйекті анықтауға;
  • негізгі құралдардың өндірісіне жеткілікті болатын амортизациялық аударымдардың көлемін нақты, әрі дәл анықтауға;
  • өткізілетін негізгі құралдардың сатылу мен жалға беру бағасын объективті түрде орнатуға мүмкіндік береді.

Негізгі құралдардың  қалдық құны – бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген  қызметке әлі аударылмаған құн. Қалдық құнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар объектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды.

Негізгі құралдарды олардың қалдық құны бойынша есептеу  олардың сапалық жағдайын анықтау үшін қажет.

Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде  пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны.

Техникалық  прогресс негізгі капиталдың табиғи тозуына дейін оның моральдық тозуын жеделдетеді. Моральдық тозуға кеткен шығынды азайту үшін және жабдықтарға жұмсалған шығынды қысқа мерзімде қайтару үшін кәсіпкерлер жедел амортизациялық жүйені кеңінен қолдануға мәжбүр. Негізгі капиталдың құны кәсіпкерге бірнеше шеңбер айналымынан соң қайтарылады.

Амортизациялық  төлемдер өнімнің өндірістік шығындарына  енеді және оның өткерілуінен кейін  кәсіпорын есебінде ақшалай қор  түрінде қорланып, амортизациялық қорды  құрайды. Амортизациялық қор негізгі  капиталды толық қалыпына келтіруінде  немесе ремонт процесінде оның бөлшегінің қалпына келтіруінде қолданылады.

Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдаланылады, қасиеті мен нысанын  сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады.

Табиғи тозу-негізгі  құралдарын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін.

Сапалы тозу-негізгі  құралдың толық тозбай жатып құнсыздануы  немесе өндіріс үрдісінен шығып  қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз.

Сапалық тозуға көбінесе машина, техника және жабдықтар ұшырайды. Сапалық тозудың екі түрі ажыратылады.

Сапалық тозудың  бірінші түрі-баланстық және қалпына  келтіру құндарының ара қатынасы негізінде анықталады:

 

                                ТоЗ(С1)=(Бққ)/Бқ 100%

 

Мұнда ТоЗ(С1)-сапалық тозудың бірінші түрі;

Бқ –баланстық құн, мың теңге;

Ққ-қалпына келтірілген құн, мың теңге.

Сапалық тозудың екінші түрі-көбінесе ескі және жаңа жабдықтардың өнімділігін  салыстыру арқылы анықталады:

 

                                ТоЗ(С2)=(Өн2н1)/Өн2 *100%

 

Мұнда ТоЗ(С2)-сапалы тозудың екінші түрі;

Өн1-істеп тұрған негізгі құралдың өнімділігі.

Амортизация-негізгі өндіріс  құралдарының өндірісте қолдануына сәйкес оның тозуын жыл сайын өнім құнына өндірілген өнімге (өзіндік  құнына) өзінің ақшадай көшіріп отыратынын айтқанбыз. Негізгі құралдығ табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялық көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударып отыруымен көрініс алады. Сонымен, амортизация-бұл шығарылатын өнімге негізгі құралдарының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз.

Амортизациялық көшірім-кәсіпорын  балансындағы тұрған, негізгі құралдардың  топтағы немесе жабдықтар объектісінің баланстық құны бойынша белгіленген  мөлшерінде кәсіпорынның көшіріп отыруын  айтамыз.

Амортизация мөлшері-белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы. Былайша айтқанда, амортизация мөлшері дегеніміз бұл жылдық амортизациялық көшірім сомасының негізіг өндіріс қорлар құнына қатынасы, пайызбан көрсетіледі.

Толық қалпына келтіру амортизациялық мөлшерін (% есебімен) төмендегі формула бойынша анықтаймыз.

 

                                 Ма=(НҚбқ-Ж+Б)/НҚбқ  *100%

 

Мұнда Ма-амортизациялық мөлшер (%);

НҚбқ-негізгі өндіріс құралдардың бастапқы құны, теңге;

Ж-негізгі құралдың жойылған құны (немесе жойылған негізгі  құралды сатылғаннан түскен пайда), теңге;

Б-негізгі құралдың жойылуына бай ланысты бөлшектеуге (демонтаж) кеткен т.б. шығындар, теңге;

Негізіг құралдарды пайдаланудың көрсеткіштері 3 топқа  бөлінеді:

- негізгі құралдарды  экстенсивті қолдану көрсеткіштері;

- негізгі құралдарды  жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

- негізгі құралдарды интегралды қолдану көрсеткіштері.

1-топ көрсеткіштеріне:  құралдарды экстенсивті қолдану  коэффициенті, құралдардың сменалық  жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың  толық пайдалану коэффициенті  жатады; яғни бұл көрсеткіштер  құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

2-топ негізгі  құралдарды жедел түрде қолдану  көрсеткіші негізгі құралдардың  нақты өнімділігін оның нормативтік  өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

 

                                          Кинтфн

 

Құралдарды  интегралды қолдану коэффициентіқұралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уқыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды. [4. 201б]

 

 

    1. Негізігі құралдарды пайдалану тиімділігін бағалау көрсеткіштері

 

Өндірісте негізгі  құралдардың белсенді бөлігінің  құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік  көрсеткіштері жоғарылап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.

Негізгі құралдарды есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге негізгі құралдардың өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн түрдегі көрсеткіштері қолданылады.

Жұмыс істеп  тұрған негізгі құралдары төмендегідей бағаланады:

- бастапқы құны  бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оның жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді;

- қалпына келтіру  құны бойынша, яғни оған негізгі  құралдарды қайта бағалау нәтижесіндегі  құны жатады;

- қалдық құны  бойынша, яғни бастапқы құнының  немесе қалпына келтірілген құнның  тозу құнының айырмашылығымен анықталады.

Негізгі құралдардың  қалдық құнын мына формуламен анықтауға  болады:

Ққ=НҚбқ-(НҚбқ*Ма/100*t)

Мұнда, Ққ-қалдық құны;

НҚбқ-негізгі өндіріс қорының бастапқы құны, теңге;

Ма-толық қалпына  келтіру амортизациясының мөлшері, %;

t-негізгі өндіріс қорының нақты жұмыс істеген уақыты, жыл

Негізгі құралдарды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта  өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар-негізгі  құралдардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.

Негізгі құралдардың  бастапқы құны-қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге, жинауға кеткен шығындардың  жиынтығы.

Қайта өндіру құны (қалпына келтіру)-негізгі  құралдарды қайта өндіруге кеткен шығындардың  жиынтығы.

Қалдық құн-негізгі  құралдардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру  құны.

Информация о работе Негізгі құралдардың мәні, түрлері және жіктелуі