Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

 

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4         

      1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4

      1.2.    Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8

      1.3.  «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8

      1.4.  «АТФБанк»  Акционерлік Қоғамының көрсететін  қызмет түрлері....................................................................................................................14

 

ІІ.  «АТФБанк» Акционерлік  Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне

 жалпы талдау........................................................................................................20

     2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20

     2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық  талдау.............................................22

     2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36

     2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

 

Қорытынды............................................................................................................44

 

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

 

Қосымшалар..........................................................................................................46

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Мен ------, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, мамандығы «қаржы», 4 курс студенті . 16.01.2012ж – 25.03. 2012ж.  Ақтау қ.  АҚ «АТФБанктен» өндірістік практиканы  16.01.2012ж – 25.03. 2012ж. аралығында - Ақтау қаласы, 14 ш/а, «Звезда Актау» бизнес орталығы, 61 өттім.

       Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және  пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді-  банк  шаруашылығымен  танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.

       Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу  болып табылады.

Жұмыстың негізгі мақсатын  зерттеу мыналардан тұрады:

1) берілген банктік кәсіпорынның даму тарихын;

2) банк көрсете алатын қызмет,соның ішінде дәстүрлік және жаңа перспективалық;

3) ең жаңа технологиялар және олардың негізгі шаруашылықта қолданылуы.

      Бұл жұмысты жазу барысында «АТФБанк» АҚ-ның  негізгі информациялық көлемі банк клиенттеріне ұсынылатын өнімдер және қызметтерге негізделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы

 

    1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы

 

        «АТФБанк»  Акционерлік Қоғамы, 1995 жылы құрылған, Қазақстандағы банк жүйесінің  лидерлерінің бірі болып табылады. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамы  өз клиенттеріне кең ауқымды өнімдер, сонымен қоса «Отан» ЖЗҚ бойынша  берілетін зейнетақымен қамтамасыз ету қызметтерін ұсынатын универсалды қаржы институты болып табылады. АТФБанк  жеке және заңды тұлғаларға депозиттер, несиелеу, төлем карточкалары, чектер, аударым операциялары, операциялық қызметтер, костадиандық шаруашылық бойынша қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, заңды тұлғаларға құжаттық операциялар ұсынылады. Банктің Қазақстан территориясында және одан тыс жерде кең ауқымды филиалдық торы бар. Банктің 2011 жылғы негізгі тапсырмаларының бірі – қосымша кеңселер санын арттыру болды.

       2010 жылдың маусым айында UniCredit Group тобының мүшесі болып табылатын, Creditanstalt AG- Австрия банкінің Қазақстан Республикасындағы АТФБанктің мажоритарлық акция пакетін сатып алу жөнінде қол қою келісімі өтті. Келісім қорытындысы бойынша АТФБанк клиенттік базасы 40 мың адамнан асатын, 22 елде 9 мың филиалы бар ең ірі халықаралық қаржы тобына кірді .

      АТФБанк  16 жылдық жұмысы барысында банктік шруашылықтың барлық бағытында белглі бір нәтижелерге жетіп, универсалды қаржы институтына айналды. АТФБанктің табысты жұмыс істеуіне, оның ең ірі европалық банктік топтардың бірі- UniCredit Group тобының құрамына кіруі дәлел бола алады.

 

АТФБанк бүгінгі  күні қандай болды?

      АТФБанк  өз беделі мен имиджін 16 жыл бойы құруда. Құрылған уақыттан бері банк ірі корпоративтік клиенттерге арналған «жабық» қаржылық мекемеден отандық қаржылық нарықтың  лидерлер қатарынан тұрақты орын алған универсалды коммерциялық мекемеге айналды (АТФБанк активтердің ауқымы  жағынан Қазақстан бойынша қаржылық институттардың бестігіне, ал ТМД бойынша- отыздыққа енеді).

     АТФБанк   шағын және орта бизнес субъектілерімен  тығыз қарым қатынас жүргізуін  жалғастыруды , Қазақстан және көршілес  елдер нарығында филиалдық торлар  мен қызмет көрсету орындарын  кеңейтуді жоспарлауда. Сапалы  банкттік қызметтерге клиентердің  тұтынуын максималды қанағаттандыру, олардың өндірістік-қаржылық шаруашылығының  дамуына және оптимизациялануына  көмектесу, екі жаққа да пайдалы  және ұзақ мерзімді келісімді  нығайту АТФБанктің негізгі мақсаттарының  бірі болған, бар және болады.

     «АТФБанк »АҚ банктік шаруашылықтың барлық түрлерін дамыта отырып, экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыруға ерекше көңіл бөлетін  универсалды банк болып табылады. Сонымен қатар,АТФБанк өзінің партнер – кәсіпорындары негізінде сақтандыру, лизинг және зейнетақы қоры қызметтерін ұсынады.

АТФБанктің  Қазақстан  мен көршілес елдерде кең ауқымды  филиалдық торы бар.

 

Стратегиясы және позициясы

«Органикалық өсу» арқылы 2009 жылдың аяғында өзінің позициясын Қазақстандағы ірі банктер төрттігінде нығайту және алдағы  нарықтық бөлігін банк секторында 10-15% -ке арттыру, сонымен қатар басқа банкттерді сатып алу/жұту .

Банкті 3 негізгі клиенттік сегментке шоғырландыру:

  • Жылдық айналымы 15 млн доллардан асатын корпорациялар;
  • Жылдық айналымы 15 млн доллар орта және шағын кәсіпорындар;
  • Банктің жекелеген клиенттерінің жоғарғы және орта сегменттері (менеджмент және заңды тұлғалар клиенттері,жоғры табыс табатын жеке тұлғалар, «миддл-класстағы» жоғары сегменттің өкілдері және кәсіпкерлер);

     Клиенттерге ұсынылатын  банктік сақтандыру және басқада қаржылық өнімдер мен қызметтерді ары қарай дамыту және кеңейту, сонымен қатар олардың қолдауымен соңғы технологиялық шешімдерді енгізу. Банк өз операциясын Қазақстанның барлық экономикасы дамыған аймақтарында және көршілес ТМД (Ресей, Қырғыстан және т.б.) елдерінде жүзеге асырылады.

 

UniCredit Group тобының артықшылығы

UniCredit Group жаһандық мүмкіндіктерді  ашу, жаңа үрдістер енгізу және  өзінің көпжылдық еуропалық тәжірибесімен  бөлісу арқылы, АТФБанкке үлкен қолдау көрсететін болады. UniCredit Group әлемнің 50 астам еліне танылған, 40 млн. астам клиенттері және 9000 жуық филиалдары бар. Бұл көрсеткіштер UniCredit Group тобының халықаралық аренадағы нық позициясын және АТФБанктің сенімділік пен тұрақтылық кепілдігін айқындайды.

UniCredit – Европодағы екінші ірі қаржы институты (HSBS-дан кейінгі). 2009 жылыдың соңында активтері 823 млрд. €. Ресей елінде топ Халықаралық мәскеулік банк және кәсіпорын «Атон брокер» капиталының 100%-ін иеленеді.

 

UniCredit Group көрсеткіштері:

  • Әлемнің 23-тен аса елінде банктік операциялар көрсетеді;
  • Әлемнің 50-ден аса елінде халықаралық желісі бар;
  • Клиенттер саны – 40 млн.-нан аса адам;
  • Қызметкерлер саны – 170 000 -нан аса адам.

 

 

UniCredit Group тобының құндылығы

  • шындық;
  • ашықтық
  • құрмет;
  • қызметтестік;
  • еркіндік;
  • сенімділік.

 

 

 

 

UniCredit Group тобына кіре отырып, клиент мынандай артықшылықтарға ие бола алады:

 

  •  UniCredit Group тобындағы барлық банктерге тән жоғарғы дәрежелі қызмет көрсету;
  • Барлық топтарда әрекет ететін  банктік өнімдер және қызмет спектірі;
  • Бір банк керегесінен бірнеше қызмет түрлерін алу мүмкіндігі;
  • Халықаралық шаруашылықты тиімді басқару арқасында шығындарды үнемдеу;
  • Топтың барлық аймақтарында жоғары квалифицирленген менеджерлер командасы клиенттермен жұмыс жасайды.
  • АТФБанктің ресми сенімділігі оның ұзақ мерзімді несиелік рейтингтің көтерілуінен көрінеді.
  • Халықаралық рейтингтік агенттік Standart & Poor’s  «В+» - «ВВ+»;
  • Халықаралық рейтингтік агенттік Fitch Ratings  «ВВ-» - «ВВВ+».

 

АТФБанк үшін  UniCredit Group тобы келісімінен кейін Қазақстан экономикасы үшін де, банк клиенттер үшін де жағымды өзгерістерге толы болды және бірқатар артықшылықтарға ие.

АТФБанктің ( Қазақстандағы жақсы коммерциялық позиция, серпінді және  басқарушы команда) қосылуы банк үшін артықшылықты база болып табылады және UniCredit мүмкіндігі банкке қуатты серпін береді, клиенттер үшін өте маңыздысы - тұрақтылық рейтингін жоғарылатады. Standart & Poor’s  Халықаралық рейтингтік агенсттіктің мәліметтері бойынша UniCredit көмегімен АТФБанктің  ұзақ мерзімді рейтингі бұрынғы рейтингімен салыстырғанда 3-тен 1- ші сатыға көтерілген.                                        

UniCredit – тің қуатты ресурстары, жоғары стандартты менеджменті АТФБанктің Қазақстандағы және шет елде позициясын кеңейтуге және күшейтуге мүмкіндік береді.

Еуропалық банктік системаның тәжірибелі лидері – UniCredit  АТФБанктің  сандық жағынан ғана емес, сапалы дамуына маңызды ықпалын тигізеді: шаруашылықты ұйымдастырудың европалық жүйесі клиенттермен қарым – қатынаста және жұмыстың басқа да ішкі аспектілерінде жағымды көрінеді.

UniCredit – біз үшін ұзақ жылдарға мықты ойшыл.

Топтың саясаты – иемденген  қаржылық институттарды сатпай, оларды дамыту және нығайту. Сондықтан АТФБанктің жағдайы мен перспективалық дамуына  анализ жасау арқылы иемдену шешімі қабылданып, қуатты ресурстар көмегімен  оны дамыту  және жаңа дәрежеге шығуына  септігін тигізуі. Қазіргі кезде  АТФБанктің клиенті болу  мәртебе  және сенімді.

     2010 ақпан Жалпы сомасы 450 млн. АҚШ долларынаЕурооблигациялар

орналастырылды. Купон – 9,25%. Аталған шығарылым ATF Capital B.V. еншілес  құрылымы арқылы жүзеге асырылды.Шығарылымның жетекші менеджерлері Citigroup и ING Wholesale Banking болды.

 

2010 жылғы 21 маусымда Bank Austria (Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық және банктік операцияларға арналған UniCredit Group-тың бөлімшесі) мен «АТФБанк» АҚ-тың жеке акционерлері АТФБанк акцияларының мажоритарлық пакетін сатып алу туралы

келісімге қол қойды.

 

Үш халықаралық рейтинг  агенттігі АТФБанктің кредиттікрейтингілерін 2-3-деңгейден Қазақстан Республикасы еліндегі жоғары деңгейге дейін көтерді:

 

• Moody’s АТФБанктің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісін

«Тұрақты» деген болжаммен  «Вa1»-ден «Вaa2»-ге дейін көтерді;

• Standard & Poor’s – рейтингінің өзгеру болжамы –«Тұрақты»,

«В+»-тен «ВВ+»-ке дейін, 3 деңгейге көтерілді;

• Fitch Ratings – «BB-»-тен «BBB+»-ке дейін, ҚазақстаРеспубликасы

еліндегі жоғары деңгейге дейін көтерілді.

 

2010 тамыз Голландия мен Германияның (FMO) Nederlandse Financierings

– Maatschappij voor Ontwikkelingslanden N.V. және (DEG) Deutsche Investitions – und Entwicklungsgesellschaft mbH даму институттарымен жалпы сомасы 207 млн. АҚШ долларына Орта мерзімді келісімдері бекітілді.

2010 қазан Deutsche Bank AG және Raifeisen Zentralbank Osterreich AG

ұйымдастырған, 2009 жылғы қазан айында 370 күнге, 550 миллион АҚШ доллары мөлшерінде тартылған синдицирленген қарызды Банк ойдағыдай өтеді. 550 миллион АҚШ доллары мөлшерінде 6 ай мерзімге заем тартылған. Бұл мәміленің ұйымдастырушысы мен кредит берушісі – Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG және Bank Austria болды.

2010 желтоқсан UniCredit Group бөлімшесі Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар үшін, Кредитанштальт   (ВА-СА) Австрия Банкі «АТФБанк» АҚ-тың барлық орналастырылған (жай + артықшылықты) акцияларынан 94,65%-ын сатып алу процесін аяқтады. Мәміленің бағасы шамамен 2,117 млн. АҚШ долларын құрады (ағымдағы

бағам бойынша, шамамен 1,452 млн.еуро).

 

    1. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"