Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

1.   ұзақ мерзімді  қаржыландыру мерзімінің 20 жылға дейін ұзартылуы, бұл ұзақ мерзімді инвестициялық жобалармен жұмыс жасайтын шағын және орта кәсіпорындарының санын едәуір арттырды,

2.   Банктің біртіндеп  ұсақ сегменттерден ірі сегменттерге ауысуы,

3.   білікті кадрлық  қызметкерлер базасын құру.

       2010 жылы сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда, төмендегені байқалды. Теңге түріндегі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме 16,0 %-дан (2009 жыл) 15,4 %-ға дейін (2010 жыл), шетел валютасындағы кредиттер бойынша 15,6%-дан (2009 жыл) 15,4%-ға дейін (2010 жыл) төмендеді. Тиімді кадрлық саясатсыз жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін еместігін атап өткен жөн. Банк сапалы кадрлар құрамын өсіріп және қызметкерлердің жұмыс орнын сақтауда

тынымсыз еңбек ету  арқасында, яғни ШОБ-қа кредит беру Бөлімшелерінде қолайлы жұмыс жағдайларын жасау, барлық деңгейдегі қызметкерлердің біліктілігін жетілдіру үшін өткізілетін семинарларда ұдайы оқыту арқылы қол жеткізді. Экономика секторын талдай келе, 2009 жылдағы сияқты кредиттердің басым бөлігі көтерме мен бөлшек саудаға және қызметтерге кеткені байқалады, бұл аталған салалардың жоғары тиімділігімен, яғни басқалармен салыстырғанда төмен шығындармен және ШОБ субъектілерінде

өндірістік қуаттарды  сатып алуға ірі капиталдардың  жеткіліксіздігімен

түсіндіріледі. Сондай-ақ құрылыс саласының 55,7 %-ға айтарлықтай

өскендігі байқалады. Отандық  өндіріске мемлекеттік қолдау көрсету  саясаты бойынша ауыл шаруашылығына  және өндірістің алуан түрлеріне (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі т.б.) берілген кредиттердің де едәуір өскенін байқауға болады.

 

Заңды тұлғалар

      Әрбір клиенттің банк қызметтеріне деген қажетін барынша қанағаттандыру, Банк клиенттерінің әрқайсысына жеке қызмет көрсету, түрлі кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктерін ескеру және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты бағдарлау – Банктің клиенттермен жұмыс істеуін ұйымдастырудың негізгі қағидалары болып табылады. Банк менеджерлері бәсекеге қабілетті қызметтер көрсетуге ұмтыла отырып, банк өнімдерін клиенттердің қажетіне бейімдейді, консалтингтің әртүрлі нысандарын жүзеге асырады, жеке тарифтік жоспарлар бойынша жұмыс істеу нысандарын пайдаланады. Клиенттік саясатты жүргізудегі жүйелілік,

клиенттермен сындарлы сұхбат жасауға бағытталу, олардың проблемаларына назар аудару, жедел шешім қабылдау мен ақпараттық айқындық – банктің  операциялық бөлімшелеріндегі «фронт»  және «бэк» офис қызметтерін одан әрі жетілдірудің негізі болды. Жалпы 2010 жылдың қорытындысы бойынша, клиенттерді тартудың оң серпіні байқалып, осыған орай, ашық шоттар мен қызмет көрсетілетін шоттар саны тиісінше өсті.

       2009 жылмен салыстырғанда банк заңды тұлғаларының үлесі 1,5 пайызға

артты және 2010 жылы Республикада қызмет ететін заңды тұлғалардың жалпы санының (180 646) 16% (28 971) құрады

ҚР бойынша қызмет ететін ЗТ мен Банк клиенттерінің өсу серпіні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«АТФБанк»АҚ диплом алдындағы практиканы өту барысында мен кәсіпорындар принциптері және банк шаруашылығымен таныстым, акционерлік қоғам ретінде мекеменің статусын және меншік түрін анықтадым. Банктің өндіріс және басқару модельін ұйымдастыруды, құрылымын, функциясын,технологиялық және техникалық дәрежесін қарастырдым. Банктік қызмет нарығында ұсынылатын банктің әртүрлі өнімдері мен қызметтерін зерттедім. Банк клиенттерімен және ұжымда жұмыс істеуде үлкен тәжірибе алдым.

«АТФБанк»АҚ – ның табысты іскерлігі өндіріс пен басқарудың  жоғарғы дәрежесін көрсетеді.

АТФБанкі батыс банктерінің  тәжірибесін, жаңа әдістерін, соңғы  банктік технологияларын енгізе отырып, Қазақстандағы банктік қызмет нарығының лидерлер құрамына кіреді.

АТФБанк шаруашылығының бастапқы кезіен-ақ қиын нарықтық механизмдер  жағдайында универсалды банк ретінде  дамыды.Осындай саясат арқасында, Қазақстан нарығында азғантай шаруашылық кезеңінде ол банк секторынан тұрақты орын алды және өзі туралы динамикалық және перспективалық институт ретінде жариялай алды.

АТФБанк Қазақстандық банктер  ортасында жоғарғы сапалы қызмет көрсетуімен элиталы консервативті  несиелеуші болып саналады.

АТФБанк бастапқы дилер және инвестор ретінде мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының белсенді қатысушысы.Ұлттық қорд нарығын дамытудан басқа ,банк корпоративтік бағалы қағаздар нарығында  брокерлік қызмет ұсынады.Қазіргі  кезде банк ұлттық және халықаралық  инвесторлерге кастодиандық қызмет көрсетеді.

Қазақстандағы және бүкіл  әлемдегі экономикалық жағдайдың өзгеруіне  байланысты, АТФБанк менеджментімен алдағы даму жоспары жасалынды.

        Өткен  жыл АТФБанк үшін өте маңызды  болды, өйткені UniCredit тобы банк  акцияларының бақылау пакетін  сатып алды. UniCredit тобының Қазақстан  аумағында бизнесті енгізу туралы  шешімқабылдады. Рынокты жан-жақты зерттеу, болашаққа талдау жасау, келіссөздер жүргізу арқылы осы шешімнің дұрыстығы тағы бір рет дәлелденді.Қазақстан экономикасы ТМД аймағында едәуір жоғары деңгейде екенін және оның бұдан әрі дамуына көптеген мүмкіндіктері мен нақты перспективалары бар екендігін атап айтқым келеді. Мұнда келешекте мемлекеттің экономикалық өсіп-өркендеуіне әсер ететін жеке бизнесті жүргізуге жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты

жақсарды. Осы факторлардың барлығы – UniCredit Group тобының Қазақстандық рынокқа ену стратегиясының дұрыстығын көрсетеді. АТФБанк Орталық және Шығыс Еуропадағы коммерциялық банктік операциялар жүргізуге арналған UniCredit Group тобының бөлімшесі Австрия Банкімен бірлесе жұмыс жасай отырып, үлкен табыстарға жетеді деп сенемін.

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4,

 

  1. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.

 

  1. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
  2. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.

 

  1.  С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы //  Алматы, 2003 .

 

  1.  Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.

 

  1.  www.atfbank.kz

 

  1. www.atfportal.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

Депозиттер

         2010 жылы кредиттік саясат қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де жоба-ларды қаржыландыруға бағытталды. Қысқа мерзімді кредиттер көбіне қарыз

алушылардың ағымдағы қызметін қаржыландыруға, соның ішінде экспорттық және импорттық операцияларын жүргізуге, шикізат, отын және т.б. сатып алуға  арналды. Ұзақ мерзімді кредиттер –  құрылыс салу, жетілдіру және қайта  жаңғырту, кәсіпорындардың негізгі  қорларын сатып алуға арналды. Қарыз  алушылармен тұрақты және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасау мақсатында, бұрынғыдай кредит беру лимитін белгілеу қолданылды, оның негізінде қарыз  алушылардың алдынала келісілген шарттарда  бүкіл кезең бойы кредиттік ресурстарды  тартуға мүмкіндіктері болды. Клиенттердің ақша ресурстарын белгіленген мерзімге, салымға тарт

– даму бағыты артықшылықтарының  бірі. Банк депозиттік базаны қалыптастыруды тәуекел бойынша өлшенген Депозиттік саясатқа сәйкес, қолданыстағы заңнама  нормаларын ескере отырып жүргізеді. Банк, халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттар негізінде даму

стратегиясын қалыптастырады, банк міндеттемелерінің өсімі негізінен  жеке

және заңды тұлғалардың  депозитке салынған ақшаларының  ағыны есебінен

жүргізілетіндіктен, бұл  ішкі ресурстарды тарту саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. Банктің  депозиттері бойынша пайыздық саясаты  депозиттердің сыйақы (мүдде) мөлшерлемесін  және жинақтарды тарту әдістерін  ұтымды реттеу, депозиттерді сақтау мерзімін оңтайландыру, қызмет көрсету аясын  кеңейту, маркетингтік жаңалықтар енгізу, клиенттерге қызмет көрсетудің технологиялық  процесстерін өзгерту арқылы айқындалып, іске асыры-

лады.

    2009 жылдың қорытындысы бойынша, Банк депозиттері көлемі жағынан

алдыңғы үштік банктердің қатарына енді. 2010 жылдың бірінші жар-

ты жылдығында жеке және заңды тұлғалардың бос ақша ресурстарын  тарту 

саясаты өзгерді. Депозиттік қоржынды қалыптастыру кезінде пайда  болатын

және қолданылатын тәуекелдерді минимизациялау мақсатында Банк тартылатын ресурстарды диверсификациялау  курсын алды. Бос ресурстарын 

көбіне қысқа мерзімге орналастыратын ірі салымшылар үшін Банк

клиенттерге де, Банкке де тиімді қаржы құралдарын ұсынған болатын. Өз кезегінде Банктің депозиттік қоржыны аздаған сомаларды ұзақ мерзімге салымға тарту есебінен қалыптасты. Бірақ 2010 жылғы халықаралық қаржы рыногындағы үдемелі және тұрақсыз жағдай Қазақстанның депозиттік рыногына да елеулі әсер етті. Осылайша 2009 жылмен салыстырғанда, депозит қоржыны көлемінің төмендеуі, тәуекелділігі аз ұзақ мерзімді ресурстарды тартуға арналған Банк саясатының өтімділік пен бағыттылығының тапшылығы жағдайында клиенттердің ресурстарды шағын бизнестен өндіріс қажеттілігіне аудару факторларының есебінен болды.

Тартылған ресурстар қоржынын (жедел депозиттерді) қалыптастыру кезінде 

 

 

Банктің негізгі міндеті  клиенттердің жинақ шоттарындағы ақшаның  мөлшерін арттыру, сондай-ақ төмендегілер болды:

 

           • клиенттердің бос ақша қаражаттарын салымдарға тарту процесіне жәрдемдесу және салымшылардан тартылған ақшадан келешекте кіріс алу үшін жағдай жасау;

           • банк өтімділігінің қажетті деңгейін сақтау;

           • әр түрлі депозиттердің сәйкестігі мен диверсификациясын қамтамасыз ету;

           • Банктің депозиттік және несие қоржындарының сомалары мен мерзімдері арасындағы өзара байланысты және өзара келісімдерді қолдау;

           • бос ақша қаражаттарын салымдарға сыйақы мөлшерлемесі бойынша нақты, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептеп, тарту;

           • оңтайлы пайыздық саясат жүргізу;

           • тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындарды кемітуге арналған шаралар мен бағыттарды ұдайы іздестіру;

           • депозиттік желі бөлігінде банк қызметтерін дамыту және клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен қызмет көрсету мәдениетін арттыру.

 

Салымдар бойынша сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі депозиттердің  түрлері,сомалары мен сақтау мерзімдеріне байланысты белгіленеді. Депозит сомасы көбейіп және оны сақтау мерзімі  ұзартылса, бекітілген сыйақы мөлшерлемесінен  мөлшерлемені арттыру қағидасы сақталады. Депозиттер бойынша сыйақы, талап етілгенге дейін, бекітілген мөлшерлемеге сәйкес есептеледі. Корпоративтік санаттағы және ағымдағы банктік шоттарында тұрақты көлемде қалдық ақшалары бар клиенттер үшін, шекті мөлшерге ай

сайын мөлшерлеме бойынша  сыйақы есептеу қарастырылған. Осылайша жүз 

миллион теңгеден жоғары сомадағы қалдыққа аударым жүргізіледі, шекті 

мөлшерге байланысты мөлшерлеме сомасы теңгемен жылдық 0,5%-дан 

2%-ға дейін, валютамен  – 0,2%-дан 1%-ға дейін ауытқып  тұрады. Тұрақты әрі ұдайы табыс  алатын Банк клиенттері, депозитке  бос ақшаларды 

орналастыра отырып, Банктің  депозит қоржынының үлестік арақатынасын

айқындады. 2010 жылғы депозиттер құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер басымдылық танытты, бұл республиканың қаржы рыногында қазақстандық теңгенің нығаюын анық көрсетеді.

 

 2010 жылы банк өзінің заңды тұлға клиенттеріне, резиденттер мен резиденттер еместерге Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде,

операциялық қызмет көрсету  бойынша банк өнімдерінің барлық түрлерін

ұсынды.Операциялық қызметті дамыту стратегиясы мына негізгі  бағыттарда жүргізіледі.

 

 

 

 

Жеке тұлғалардың  депозиттері

 

Клиент мүддесін қорғау банк үшін ең басты мәселе. Клиентпен  жұмыс негізінде «Жылдамдық, құзыреттілік, ұзақ мерзімді ынтымақтастық» принципі жатыр. Бұл принцип әрбір клиентке, оған сапалы, сенімді және ыңғайлы банктік қызмет көрсетілу құқығына қарай жеке қызмет көрсету негізінде жүзеге асады. Оның мысалы ретінде, АТФБанктің икемді

депозиттік саясатын атауға болады. Бұл саясаттың негізінде  әрбір салымшыға жеке қызмет көрсету, рыноктық пайыздық мөлшерлемелер және мерзімнің әртүрлілігі жатады. Бүгінгі таңда Банк клиенттер мақсатына

максималды түрде қол  жеткізуі үшін – ақша жинақтарын сақтау және көбейтуді қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда банк «АТФ Лидер», «АТФ Классик», «АТФ Престиж» және «АТФ Перспектива» депозит түрлерін жалғастырып келеді.

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"