Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

жөніндегі ұсыныстардың көбеюі.

        2011 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша банктің корпоративтік блогының несие берешегінің жалпы қалдығы 462 956 553 мың теңгені құрайды.

        2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда корпоративтік кредит қоржыны

мөлшерінің едәуір артуы  байқалады (38,2%-ға). 2010 жылы банктің жалпы

кредит қоржынындағы корпоративтік  кредиттердің үлесі 61,3% құрады.

Банктің жалпы кредит қоржынындағы филиалдардың корпоративтік 

кредиттерінің үлесі 127 134 138 мың теңгені немесе 27,4% құрады.

Банк ең ірі және маңызды  жобаларды қолайлы инвестициялық  жағдаймен 

сипатталатын, жергілікті әкімшіліктердің  инвесторлар мен кредит беретін мекемелерге назар аударатын аймақтарында жүзеге асырды. Осы аймақтардың ішінде филиалдардың корпоративтік кредит бойынша кредит беру қоржынының 72,4% 6 аймақтың үлесінде екені көрінеді. Ең ауқымды үлесті Астана (26%), ОҚО (22,5%), Ақтөбе (10,4%), Тараз (7%), Қостанай (6,7%), Атырау (6,3%) қалалары иеленді (1 – кесте).

 

                                                                                                            

 

 

                           (1 – кесте).

Активтер

01.01.2010                 

Үлес, %              

01.01.2011

Үлес, %              

                       Барлығы

70 217 105

100,00

127 134 138

100,00

ОҚО

9 148 190

13,02

28 669 960

22,5

Қостанай

4 488 881

6,39

8 611 959

6,7

Астана

17 274 154

24,6

33 059 618

26

Ақтөбе

8 538 597

12,15

13 265 137

10,4

ШҚО

4 714 108

6,71

3 464 497

2,7

Тараз

5 188 573

7,38

8 942 056

7,0

Атырау

5 787 075

8,24

8 033 835

6,3

Қарағанды

3 044 690

4,33

3 951 967

3,1

Қызылорда

1 621 537

2,3

834 363

1,0

Павлодар

1 673 114

2,38

3 394 349

2,6

Орал

3 341 946

4,75

4 531 216

3,5

Ақтау

1 866 825

2,65

5 432 797

4,2

Семей

1 436 010

2,04

1053 542

1,0

Ақсай

3 764

0

0

0


 

Экономика салалары бойынша  кредит салымдарының құрылымында белгілі өзгерістер пайда болды. 2010 жылы кредит салымдарын диверсификациялай отырып, 2011 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, экономика салалары бойынша банктің Корпоративтік блогының несие қоржыны құрылымына сәйкес келетін, банктің корпоративтік блогы мына салалардағы жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырды

 

Салалардың атауы

Үлес, %

1

Құрылыс

17.98

2

Көтерме сауда және комиссиялық  агенттер арқылы сауда

14.58

3

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

12.99

4

Тамақ өнімдері өндірісі

12.98

5

Қаржылық делдалдық пен  сақтандыруға қатысты қосымша қызмет

11.57

6

Ауыл шаруашылық, аңшылық  және онымен байланысты қызметтер

4.91

7

Қонақ үйлер мен мейрамханалар 

2.78

8

Қаржылық делдалдық

2.55

9

Кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер

2.38

10

Персоналсыз жалға беру

2.17

11

Бөлшек сауда және тұрмыстық  бұйымдарды жөндеу

1.76

12

Жеке тұлғалар

1.74

13

Демалыс, көңіл көтеру, мәдениет және спорт салаларын ұйымдастыру  қызметі 

1.55

14

Металдық емес басқа да минералдық өнімдерді өндіру

1.13

15

Қосымша және қосалқы көлік  қызметі

1.12

16

Тоқыма өнімдерін өндіру

1.03

17

Құрлық көлігі

1.00

18

Мұнай шикізаты мен табиғи газ шығару; мұнай мен газ шығаруға байланысты қызметтер

1.00

19

Басқалары

5.00

   

100.00


   

       2010  жылғы қорытынды бойынша кредиттердің ең ауқымды бөлігі мына салаларда көрінді: құрылыс, көтерме сауда, жылжымайтын мүлік және

тамақ өнеркәсібiмен операциялар, бұл экономиканың бөлшек секторы

қоржынының диверсификациясы бөлігінде кредит берудің ұзақ мерзімді

саясатымен түсіндеріледі.

  Банк үшін корпоративтік клиенттермен өзара әрекеттестіктің негізгі қағидасы – ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас жасау және ең жоғары деңгейдегі банктік қызметтер көрсетуде олардың қажетін толық қанағаттандыру болып табылады. 2010 жылы «АТФБанк» АҚ өз клиенттері-заңды тұлғаларға, резиденттерге, резидент еместерге әмбебап өнімдер мен

қызметтердің барлық түрлерін ұсынды. «АТФБанк» АҚ заңды тұлғаларға заем қаражаттарына деген сұранымдарын толық қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қаржы қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетті:

• кредит;

• кредиттік желі;

• овердрафт;

• синдицирленген кредит беру;

• сауданы қаржыландыру;

• аккредитив;

• кепілдіктер;

• вексельдік операциялар.

Кредит өнімдері негізінен  мына мақсаттарға беріледі:

• қысқа мерзімді кассалық үзіктерді қаржыландыру

• тауар айналымын арттыру

• күрделі шығындарды жүзеге асыру (жұмыс істейтін өндірістерді кеңейту,

техникалық қайта жарақтандыру, жетілдіру)

• айналым капиталын арттыру

• басқа мақсатта

Тұтынушылық кредит беру

         «АТФБанк» АҚ бөлшек бизнестің қаржы рыногында, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына қаржы өнімдері мен қызметтерінің кең спектрін ұсынатын ірі әмбебап банк ретінде танылып отыр. Олардың құрамында – дәстүрлі депозиттер, тұтынушылық, ипотекалық және автокредиттер беру, төлем карточкалары бойынша қызмет көрсетуі және т.б. Бұл банктің бөлшек бизнесінің стратегиялық қызметін көрсетеді, оның ең негізгі элементтерінің бірі өз клиенттеріне жоғары сапалы қаржы қызметтерін ұсынатын, қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттары енгізілген, елдің барлық аймақтарында бөлімше орталықтардың желісін құру болып табылады. Қазіргі таңда банктің барлық филиалдарында банктік өнімдердің қатары бір ізге салынған және бірегей, бәсекеге қабілетті тарифтер енгізілген. 2010 жылғы құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер нәтижесі бойынша «АТФБанк» АҚ (халықаралық UniCredit Group құрамына енуі) өз клиенттеріне ең жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету сапасын ұсыну мүмкіндігіне ие болып, қолданыстағы өнімдер мен қызметтердің еуропалық сапа деңгейіне сәйкес болуын жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізіп отырады 2010 жылы банк жеке тұлғаларға кредит беру бағдарламасын жетілдіруді одан әрі жалғастырды.

Қазіргі таңда Банк жеке тұлғаларға кредит беруді келесі мақсаттарда  жүзеге асырады:

• жылжымайтын мүлік сатып алуға;

• тұтынушылық мақсатта, сонымен қатар: автокөлік сатып алу, ұзақ мерзім пайдаланылатын тауарлар, оқу, емделу, салтанаттар өткізу, демалу, жөндеу жұмыстары және басқа мақсаттарға. Халықтың заем алуға оңай қол жеткізу

үшін, Банк сыйақы мөлшерлемесін  төмендетуге және халық заемдары

бойынша кредит беру мерзімін ұзартуға мақсатты түрде бағытталған  саясат

жүргізуде, бұл жалпы тұтынушылық  заемдар рыногында жүзеге асырылуда.

  2010 жыл ішінде жеке тұлғаларға кредит беру бағдарламасын іске асыру үшін бірқатар шаралар өткізілді: жаңа өнімдер енгізу (ұсталған автокөліктер сатып алуға арналған кредиттер, тұтынушылық мақсаттағы компания қызметкерлеріне арналған бланкті кредиттер, еңбек ақы жобасына қатысушылар үшін еңбек ақыны «АТФБанк» АҚ төлем карталары арқылы

аудару); құрылыс компанияларымен  бірлескен бағдарламаларды іске асыру 

(Альянсстройинвест, АктобеЦентр,  МАГ,ТенгизСтрой, Global Investment Group және  т.б.). Банктің 2011 жылғы 1 қаңтардағы тұтынушылық заемға арналған жалпы несие қоржыны 117 021 228 мың теңгені құрады.2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда несие қоржыны 46 400 973 мың теңгеге немесе 1,7 есеге өсті. 2011 жылғы 1 қаңтарда кредиттер саны 43 897 құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім 16 019 құрады. Банк 2001 жылдан бастап, кредит беру бағдарламасы бойынша жылжымайтын мүлікті сатып алуға Қазақстандық ипотекалық компаниямен ынтымақтастықта болып келеді. Ипотекалық кредит беру рыногында кредит беру шарттары үнемі қайта қаралып отырады. 2004 ж. бастап «АТФБанк» АҚ ҚР 2011-2009 жылдардағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қол жетерлік тұрғын үйге ипотекалық кредит берудің әлеуметтік бағдарламасы бойынша заемдар беріп келеді, аталмыш бағдарлама 2004 ж. маусым айынан қолданыста. Бағдарлама 2011-2009 жылдарға ұзартылған (ҚР Үкіметінің 28.06.2004 ж. № 715 Қаулысымен). Сонымен қатар, Банк айыппұл ұстамай, мерзімінен бұрын өтеу құқығымен заемдар береді, өтініштерді қарау және заемды беру мерзімі қысқартылды. Осы іс-шаралар ипотекалық және тұтынушылық заем бойынша қоржынды өсіруге мүмкіндік берді.

2010 жылы Республикадағы жетекші құрылыс компанияларымен ынтымақтастықта болуын жалғастырып келе жатыр және жеке тұлғалардың салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатып алуына кредит беру бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетті. Бүгінгі таңда банк «Альянсстройинвест», «Бахус Астана», «MAG», «Ақтөбе – орталық», ТенгизСтрой, Global Investment Group және т.б. сияқты жетекші құрылыс компанияларымен өзара

тиімді ынтымақтастықта  болу үшін шарттар жасалды.

 

Банк авто салондар – банк серіктестері

    «Астана Моторс» КМК және басқа да автосалондардан жаңа автокөліктерді сатып алу үшін кредит беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда банк, қоржынындағы ипотекалық заем үлесі 6% кеміді, ол ҚР және дүние жүзілік жылжымайтын мүлік рыногындағыипотекалық дағдарыспен түсіндіріледі, сонымен қатар тұтынушылық заем үлесі 8% өсті. ҚР рыногындағы Банктің ипотекалық заем үлесі 3% құрайды.ҚР рыногындағы Банктің тұтынушылық заем үлесі 11,3% құрайды.Банктің бөлшек кредит беру бойынша 2010 жылғы табысы 15 443 285 мыңтеңгені құрады, бұл өткен 2009 жылмен салыстырғанда 8 318 135 мың теңгеге жоғары.Ұзақ мерзімді стратегияға қатысты банк бұдан былай да арнайы мамандандырылған бөлімше-орталықтар, интернет банкинг ашу, сонымен қатар клиенттердің көңілінен шығатын жаңа өнімдерді дайындап шығаруға ерекше көңіл бөлу арқылы, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсету бойынша жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

2.3. Шағын және орта бизнес

       Банктің 2010 жылы, өткен жылдардағыдай негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске (ШОБ) кредит беруді одан әрі дамыту, атап айтқанда, кредит беру тәртібін қарастыру, бекіту және беру тәртібін жеңілдету, шешім қабылдаудың көп деңгейлі жүйесін құру, жедел шешім қабылдауды жетілдіру және несие қоржынын басқарудың сапасын арттыру. Банк Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі желісі бойынша, Қазақстандағы шағын бизнес бағдарламасы аясында кредит беруді жалғастыруда. Банктік қызметтер көрсету рыногындағы талаптардың қарқынды өсуіне байланысты, Банктің клиенттеріне ұсынатын қаржы өнімдерінің тізімі де өсті, олар:

коммерциялық жылжымайтын  мүлік сатып алуға кредит беру, автокөлік сатып алуға кредит беру, табысты растаусыз жедел кредиттер беру, ақша қаражаты кепілімен кредит беру, франшиза сатып алуға кредит беру, факторинг операцияларына кредит беру, банктік кепілдіктері мен аккредитивтерді шығару бойынша қызметтер. 2010 жылы Банк филиалдық желісін белсенді түрде кеңейтіп, ШОБ субъектілеріне банктік қызметтердің толық спектрі көрсетілетін АТФБизнес бөлімшелерінің санын 2 есеге арттырды.

    2010 жылы ШОБ-қа кредит беру бөлімшелері қызметкерлерінің жұмыс нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген кредиттердің саны едәуір артқанын атап айтуға болады, 2011 жылғы 1 қаңтардағы мәліметтер бойынша, 2009 жылмен салыстырғандағы қоржын көлемі 103,2% өсті. 2011 жылғы 1 қаңтарда ШОБ несие қоржынының үлесі Банктің жалпы қоржынының 22,76% құрады.

ШОБ бойынша заемдар берудің  өсу серпініне көптеген факторлар  әсер етті, соның негізгілері:

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"