Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

Аталған  нормаларға  сараптама  жасасақ, тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  қатынастары,  осы  қатынасқа  қатысушы  тұлғалардың  ( тұтынушы,  сатушы,  жабдықтаушы,  орындаушы)  әр түрлі саладағы  қызметтерінде туындауы мүмкін  деген қорытындыға келуге  болады.  Бірақ,  бұл олардың сауда саласындағы кез келген  құқығының  бұзылуы жоғарыда  аталған  заң нормалары  арқылы  қорғалады  деген  сөз  емес.  Алайда,  сот  тәжірибесінде  соттардың “Тұтынушылар  туралы”  заң  нормасымен  реттелмейтін  қатынастардың, осы заң ережелері арқылы  шешкен  жағдайлар жеткілікті.

 Сонымен бірге,  еліміз  тәуелсіздік  алғаннан бергі  осы  салада  жүргізілген   мемлекеттік  саясатты  сараласақ,  бұл мәселеге   мемлекет  тарапынан   жеткілікті  назар  аударылмағандығы  байқалады.

Мысалы, 1991жылғы бұрынғы  Қазақ  ССР  Сауда   министрлігінің  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  бөлімі  ”Қазақстан  Тұтынушылар  одағы”   ұйымы  болып  қайта  құрылып,  бұл  органның  негізгі  міндетіне  сауда  қызметін  көрсету саласындағы тексертулерді жүргізу жатты.  Яғни,  қайта құрылғанына қарамастан,  оның  атқаратын қызметі өзгерген  жоқ.  1994жылы  Қазақстан Республикасының Табиғи  монополияларды  реттеу,  бәсекелестікті  қорғау  және  шағын бизнесті  қолдау  жөніндегі  агенттігінде  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  бөлімі  құрылды.

Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау   ұйымдары  арқылы  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғаудың  тағы  бір  тиімділігі  сонда,  олардың  сотқа  берген  талап-арыздарына  мемлекеттік баж  салығы  салынбайды ( Қазақстан Республикасының “ Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау  туралы” заңы).

 Экономикалық  жағынан  тұтынушылар  құқықтарын  қорғау  ұйымдары  үшін  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  тиімді.  Өйткені,  заң  бойынша  қоғамдық   ұйымдарға  коммерциялық  қызметпен  айналысуға  тыйым  салынса да,  “Тұтынушылар  туралы”  заңға  сәйкес,  соттық  құқық  бұзушыға тағайындаған айыппұлының  30 пайызы  қоғамның  есеп-шотына  аударылады.

“Тұтынушылар  туралы”  заңға,  осы  ұйымдардың өкілеттігіне  қатысты  да  өзгерістер  негізу  керек. Мысалы, “Тұтынушылар  туралы” заңның  22-бабы 3-тармағына  сәйкес, тұтынушылардың  құқықтарын  орғау  ұйымдарына  өзге  құқықтарымен  бірге  төмендегі  құқықтар  берілген:  тауарларға,  жұмыстар  мен  қызметтерге,  олардың  бағалары  мен  тарифтеріне  сараптама  жүргізу;  қызмет  көрсетудің әр  түрлі салаларында  тұтынушылардың  құқықтарының  сақталуын  тексеру; өнімге,  бағалар мен  тарифтерге  тәуелсіз  сараптама  жүргізу. Бұл  нормалардан  тұтынушылардың   құқықтарын  қорғау  қадағалау  құзыреті,  яғни  оларға  мемлекеттік  органдардың  атқаратын  қызметі берілгендігін  көріп  отырмыз.  Бірақ, Қазақстан Республикасындағы “Қоғамдық ұйымдар туралы” заңына  сәйкес,  қоғамдық  ұйымдарға мұндай  өкілетік  берілмеген.

 Сонымен  бірге,  кәсіпкердің  жұмысына  таусылмайтын  тексерулер  кедергі   келтірмеуі  тиіс,  әрі  заң   бойынша   мемлекеттік  бақылау   органдары  кәсіпкердің  қызметіне   жылына бірақ  рет  тексере   алады. Мемлекеттік  бақылау   органдары  санаулы  ғана  болса, онда  еліміздегі  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  ұйымдарының  саны  жүзден  асады, әрі  олар   бір-біріне  тәуелсіз  және  бірінің  тексеру  қорытындысы  екіншісіне  міндетті  емес.  Яғни, заң  бойынша  бір  кәсіпкерді екінші  ұйым  қайта тексеруге құқылы.  Тек,  бұл туралы  тұтынушы  қоғамға өтініш  жасаса  болғаны.  Сондықтан,  тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  ұйымдарының шаруашылық  субьектілерін тексеру құқығын аталған заңнан  алып  тастау  керек.

 Негізінен, тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  мәселелердің  негізгі  бөлігі  азаматтардың  өзінің  тұтынушы  ретіндегі  әрекеті  саласындағы сауатсыздығынан   туындайды.  Егер,  олар  қарапайым  қателіктер  жібермегенде  көптеген  түсінбеушіліктер де  орын  алмас еді.

Бұған  қоса,  азаматтардың  тұтыну  саласындағы  сауатын  ашуға,  мемлекет көлемінде  жете  мән  берілмей  отыр. Мысалы,  осы  тақырыпқа  арналған  құқықтық  әдебиеттер  жоқтың  қасы.

Сондықтан,  азаматтардың  осы  саладағы  құқықтық білімін арттыру үшін  нақты шаралар қолдану керек. Нақтырақ  айтсақ,  бұқаралық ақпарат құралдарынан   тұтынушы   мәселелерін қозғайтын   материалдар жиі берілуі керек,  тіпті тұтынушыларға   арналған жеке  газет-журналдар болса да  артық емес.  Тұтынушылардың  білімін арттыратын  кітаптар,  кітапшалар  шығару  керек.

Бұл  жерде  алға  қойылатын  мақсат – әрбір  адамға  өзін  нарықтық  экономиканың  басты  тұлғасы  –  тұтынушы  ретінде  сезіну  үйрету  болып  табылады. Өйткені құқықты қорғау сол құқықты білуден басталады.

1.2. Тұтыну  несиесінің  түрлері

Тұрғылықты   халықтың  тұтынушылық  қажеттіліктерін  несиелендіруді Қазақстан Республикасының  Жинақ   Халық Банкі заңды тұлғаларды несиелендіру  қағидалары,  яғни қайтарымдылық, мерзімділік, мақсатты  бағытталуы,  төлемділігі  мен   қамтамасыз етілуі  негізінде  жүзеге  асырады.

Бүгінгі  күні  Қазақстан  банкілері  тұтыну  несиесінің  түрлерін  келесі  мақсаттарға  ұсынады:

  • ағымдық  мақсаттарға ( “кейінге  қалдырылмайтын   қажеттіліктерге”  берілетін  несиесі);
  • капиталдық  шығындарға  арналған  несиесі;
  • Ипотекалық  несие;
  • Экспресс  несиесі (тауарларды  несиеге  сатып  алу);
  • Ломбард  несиесі;
  • Микронесие;

Кейінге  қалдырылмайтын  қажеттіліктерге  берілетін  несие (орта  мерзімді  несие) Қазақстан  Халық  Банкінің бөлімшесімен жеке  тұлғалардың  тұрақты  табыстары  бар ( соның  ішінде   зейнеткерлерге де), тұру  мекеніне  байланысты  беріледі.  Бүгінгі  күні  бұл  несие  түрі  бойынша  қарыз  көлемінің   өсуі  келесі  жағдайлармен  байланысты:

  • жұмысыздықтың  өсуі;
  • ай  сайынғы  төлемдердің  артуы;
  • кәсіпорын бухгалтерінің  несиені  өтеуге  арналған  төлемдерді аударудан  бас  тартуы;

Жоғарыда  аталған  жайдайларға  байланысты  банктер  мұндай  несие  түрін  беруді  азайтады.  Бірақ,  бүгінгі  күні көптеген екінші  деңгейлі банктер тұрғылықты  халықтың  тұтынушылық  қажеттіліктерін  қанағаттандырумен    айналысады. Жеке  тұлғалардың   бос  қаражаттарын  тарту  коммерциялық  банктер  үшін  өздерінің  несие   ресурстарын  көбейтудің   тиімді  және  оңай  жолы  болып табылады.  Кейбір   коммерциялық  банк  акционерлеріне банктік акциялармен және  басқа да  бағалы  қағаздармен қамтамсыз етілген несиелерді  ұсынады. Несиенің мөлшері    несие келісімшартының әрекет  етуі  және  несиелеу  мерзімі  басталған  сәттегі иесінің  қолындағы  акцияның нарықтық  құнына  қарай  белгіленеді.  Несиенің  ең  көп  шамадағы  мөлшері  акцияның  нарықтық құнының  85% - ін құрайды.

Тұтыну  несиесінің  екінші  түрі – капиталды  шығындарға арнаалған несие  (ұзақ мерзімді  несие) . Тұтынушылық қажеттіліктерді несиелендіру  түріне  қарағанда бұл несиені алу үшін банкке міндетті түрде алынған несиенің  мақсатты  жұмсалуы  туралы  есеп  берілу  керек. 

 Азаматтардың  құрылыс  салуына  (қайта  қалыптастыру) және  тұрғын  үй  сатып  алуына  көмек  көрсету  мақсатында  банктер  тұрғын  үй  несиесінің  үш  түрін  ұсынады:

  • алдағы тұрғын үй  құрылысына  жерді  сатып  алуға  және жайғастыруға  арналған  қысқа  және  ұзақ  мерзімді  несиелер;
  • тұрғын  үй  құрылысына (қайта құру) яғни,  құрылыс жұмыстарын  тікелей қаржыландыруға  арналған  қысқа мерзімді  несие;
  • тұрғын  үй  сатып  алуға  арналған  ұзақ  мерзімді  несие;

Бүгінгі  күні  Қазақстан   экономикасының даму  жолында  ипотекалық  несиенің  ролі  халық  жағдайын   жақсарту  мақсатында  артуда. Ипотекалық  несие тұтыну  несиенің  бүр түрі  болып табылады.

Ипотека – жылжымайтын мүлікті  кепілдікке қою арқылы несие алуды  қарастырады. Оған келесі жылжмайтын мүліктерді қоюға болады:

Ипотека кепілдік  берушінің  сатуына  болатын  немесе  басқаша жолмен  шеттете  алатын  кез  келген  жылжымайтын  мүлкіне  қойылуына  мүмкін.  Ипотекаға  мына мүлікткр  қойылуы  ықтимал:

  • жер  учаскесі;
  • кәсіпорын, үй-  ғимарат, құрылғы  және  кәсіпкерлік  қызметте  пайдалатын  кез  келген жылжымайтын мүлік;
  • тұрғын  үйлер  мен  пәтерлер;
  • саяжай,  бау-бақша  үйі,  гараж  және тұтынылатын  өзге  құрылыстар;
  • басқадай  жылжымайтын мүліктер; ипотека заттары кепілдік  берушінің меншігі болуы керек немесе  толық шаруашыпық  жүргізуде пайдаланатын жалпы  меншіктегі  мүлік (әрбір меншіктеушінің ондағы үлесі  белгілі  болмайды.)

Барлық  меншік  иелерінің  жазбаша  келісім  болмаса  мүлік кепілдікке қойылмайды.

Меншіктің  жалпы  үлесіне  қатысушы  иелерінің  келісімінсіз  баршаға  ортақ  мүліктің  құқығына  сала  алады. Жылжымайтын  мүлікті кепілге  салу  туралы негізгі ереже  ипотека  жөніндегі келісімшарттың  кепілхат  түрінде  бекітілуін  қарастырады. Мұндай келісімшарттың  нақты  заңды  күші  болуы  үшін тиісті  дәрежеде  рәсімдеп ( яғни , ол  реквизиттердің  қажетті тізбесін  қамтуы  тиіс),  нотариалдық  тұрғыдан  растау  қажет.

Ипотека  туралы   келісімшарт мемлекеттік  тіркеуден өткен   сәтінен  бастап  күшіне  енеді.

Ипотека  мемлекеттік  тіркеуден өтуі  үшін  кепілзатты  ұстаушының  мемлекеттік  бажды  төлегенін  растайтын  кепілхат  пен  құжаттар  ұсынылған жағдайда  оның ( кепілзат  ұстаушының) өтінішті  негізінде  жүзеге  асырылады.

Ипотека  тіркеуден  жүзеге  асыратын  органға  осыған  қажетті  құжаттар  түскен  күннен  бастап,  Тауарларды  несиеге  сатуды  барлық    күннің  ішінде  тіркелуі  күніне  құжаттардың   тіркелуіне  түскен   күні жатады.  Тіркеу  жазбасы   мына  мәліметтерді  қамтиды:

  • Кепілдік  беруші  жөніндегі  мәлімет;
  • Ипотеканың  заты   туралы мәлімет,  өткен ипотеканың  болғанын  және  міндеттеменің  әрекет міндеттеменің  әрекет  ету  мерзімін  көрсету;

Ипотеканың  тіркелгені  жөніндегі   мәлімет  кепілхатқа енгізіледі. Онда  ипотеканы  тіркелген органның  толық атауы,  ипотеканың  тіркелген күні  мен орны,  тіркеу номері көрсетіледі. Бұл мәліметтері тіркеу  жүзеге  асырған ұйымның лауазымды қызметкерлерінің   қол қоюымен және  мөрімен расталады.

Ипотека  тіркеуі  міндетті  шарт  болып  табылады:  кез  келген  тұлға  тіркеуді  ипотека туралы анықтаманың   жазбаша  көшірмесін (немесе  одан расталған  үзінді көшірмені) алуға  құқылы.

Ипотека  жөніндегі  тіркеу  жазбасы кепілдік  берушінің және  кепілзат  ұстаушының  өтінішімен  бірге кепілхатты  ұстаушының  өтінішті  бойынша немесе  ипотеканы тоқтату туралы сот шешімі  бойынша өшіріледі.

Кепілзат  ұстаушы  кепілхат  бойынша  өзінің  құқығын  басқа тұлғаға  бере  алады,  алайда  құқықты  бұлайша  беру  сол  тұлғаның несие келісімшартымен (немесе  басқадай  негізгі  міндеттемемен)  қамтамасыз етіген  ипотека   бойынша  құқықты  бір  мезгілде  табыс  ету  жүзеге  асырылады.

Кепілхат  бойынша құқықты  кепілзат  ұстаушы  жаңа кепілзат  ұстаушының  пайдасына  оған  кепілхатты  нотариалдық  тұрғыдан  расталған  атаулы  табыстама  жазбаны  орындау  жолымен  табыс  етеді.  Кепілзатты ұстаушы ипотекамен қамтамасыз  етілген несие  келісімшарты  бойынша  борышқорға  кепілхат  жөніндегі   құқықты  табыс  еткені жөнінде жазбаша түрде хабарлауы  қажет.  Борышқор  осының  негізінде  жаңа  кепілзат  ұстаушының  алдында  өзінің  келісімшартын орындауға  міндетті. Кепілзат  ұстаушы  өзінің  кепілхатты  басқа  тұлғаға онымен  бекітілген  несие  келісімшартын  қамтамасыз етілген несие  келісімшарты  орындалмаған  жағдайда ипотекалық кепілзатты  ұстаушы кепілхатты кепілге  ұстаушының  талабы  бойынша  өз құқығын  ипотекалық  кепілзатты    берушіге  табыс  етуге  міндетті.

Бұл  құқықты  қайта табыстаудан  бас  тартқан жағдайда кепілхатты кепідге  ұстаушы  бұл  құқықты  сот  тәртібімен  өзіне  аударуын  талап  ете  алады.

Кепілзат  беруші  кепілзат  ұстаушымен  келісе  отырып, ипотека  затын  басқа  тұлғаға,  оның  меншігіне (толық  шаруашылық  жүргізуіне),  жалға немесе  өтеісіз негізде уақытша пайдалануына құқылы.

Бұл  жағдайда  ипотека  өз  күшін  жоғалтпайды,  тек  ипотека  келісім  шарты  бойынша  барлық  міндеттеме ипотека затының  құқығын  алған тұлғаға  өтеді.

 Кепілзат  беруші  ипотекамен  қамтамасыз  етілген міндеттемені      (несие келісімшартын)  орындамаған жағдайда кепілзат ұстаушының  талабы кепілге салынған мүліктің құнына  сот шешімі және төрелік  сот  бойынша  қанағатандырылды.Бұл, әсіресе,  мына жағдайларға–тұтас кәсіпорын, тұрғын үй, пәтер  ипотека заты ретінде алға  шыққан  жағдайда немесе  ипотека келісімшартын  бекіту  үшін  басқа  тұлғалардың  немесе  басқару  органының келісімі  қажет  болған  жағдайда қатысты  болады.

 Ипотека  затын  өндіріп   алу Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінің  лицензиясына  ие  мамандырылған  ұйымдардың  көшілікке арналған  сауда – саттығындағы  кепілге  салынған мүлікті  сату  жолымен  жүзеге  асырылады.

Ипотека  затын  көпшілікке    арналған  сатуды  жүзеге  асыратын  ұйымды  сот  орындаушысы  таңдайды  және  оны  өткізудің  уақытын  да сот орындаушысы  белгілейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы