Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

Маржа. Процент овердрафт сомасының үстінен қосылады.Әдетте базалық ставкаға маржа  ретінде  есептеледі.   Процент  овердрафттың  күн сайынғы сомасына  есептеледі  және тоқсан сайын  шотқа жазылады.

Мақсаты.  Овердрафт қысқамерзімді  келісімді  өтеу  үшін қолданылады. Мысалы, жалақы  алғанға  дейін  ақшасыз қалғанда  овердрафт алынады.

Төлемдер. Овердрафт клиенттің талабы   бойынша беріледі және ол  туралы  клиентке жазбаша түрде хабарланады.

Қамтамасыз етілу  деңгейі.  Қамтамасыз етілу деңгейі банкпен көрсетілген қызмет  деңгейіне байланысты.

Пайда.  Овердрафт  адамдар  үшін  тиімді  болып  табылады.Өйткені Қолдағы  бар  табыстың  көлемінен  артық  шығындарының қаржыландыруы. Банктер овердрафт  бойынша  жоғарғы  пайыздары есебінен ұтады, бірақ  овердрафт сомасының   ауытқуынан  ұтылады.Өйткені  несие  лимитін  беру үшін  үнемі  ақшалар  резервте  болу  керек.

“Скоринг”- несиелендірілуі. Кейбір  банктер несие  алушылардың  өтініштерін   жеке  қарастырмайды. Арнайы  несие  бюроларынан  ақпараттарды  алады. Сөйтіп  скоринг несиелендіруді  жүзеге   асырады. Скоринг  несиесі ең  тиімді және  оңай  болып табылады.  Потенциалды клиент жасы. Отбасы  және  жұмыс мерзімі жайлы банкке  ақпарат тапсырады. Әр  ақпарат белгілі балмен есептеледі. Жиналған  ақпарат   арқылы  банк қолмен  немесе  компьютердің  көмегімен   балларды  санайды.  Шығарылған  нәтиже  арқылы  клиентке  берілетін  несие  формасы  анқталады.

Шетел  мемлекеттерінде  тұтыну  несиесі  жүзеге  асыру  принципі, мысалы  АҚШ – та тұтыну  несиесі  өте жақсы  дамыған. АҚШ  – та тұтыну  несиесі өткен  ғасырдың  20 жылдарынан  бастап  дами  бастады. Американдықтардың  тұтыну  несиесі  бойынша  қарызы   ақырғы 20 жыл ішінде  5 есе  өсті.  Бұл  елде  көбіне  тұтыну  несиесін  автомобиль  сатып  алу  үшін  алынады. Сонымен  қатар  қайта  қалыптасатын  несие  кең  қолданылады. Бұл несие түрі  бойынша алынатын  тауарды міндетті  түрде хабарлау  қажет емес. Бәріне  белгілі американ  азаматы көбіне  бөліктеп өтеу  несиесімен  қолданылады. Ал  мысалы  медициналық қызметті  өтеу  кезінде ол  несие түрін қолданылмайды. Бөліктеп  алынбайтын  несие  ең  минималды  сомада  беріледі  және  ол 12  ішінді қайтарылуы  тиіс. АҚШ – та    автомобиль  сатып  алу  үшін тұтыну  несиесі  бойынша алғашқы  жарна төрттен  бір  бөлігін  төлеу  қажет. Ай сайынғы  жарналар  өте  үлкен   болуы  мүмкін. Әр тауар үшін  тұтыну  несиесінің  мерзімі әр  түрлі болады. Ұзақ   уақыт пайдаланатын  тауарлары үшін 2 жыл мерзімі беріледі, автомобиль  үшін  ай  сайынғы жарналары 300 -500 доллар  көлемінде болатын 4  жыл беріледі. АҚШ – та тұтыну несиесін  алу американ  азаматының  мәртебесін  көтереді. Онда  несеині алған адамның репутациясы жақсы деп саналады.

Францияда  тұтыну  несиенің  нарығы  әлі  әлсіздеу  деп  айтуға. Бірақ  кейбір  тауар   түрлері  үшін  тұтыну  несиесі   дәстүрлі болып табылады.   Мысалы  автомобиль  сатып алуда франция азаматы жылына  7 -8%  төлейді,  ал  тұтыну  тауарлары на  жылына  10% төлейді. Жақында  Франция үкіметі тұтыну  несиесі  нарығын   ынталандыру  мақсатында  әр  сатып  алушыға  2004 – 2005 жылдарындағы  өтеген несеисі  бойынша  қаржылық   жеңілдіктер  алатын  болады. Ал  жылдық  лимит 600 евроны  құрады.

Тұрақты  Германия елінде 3 миллион отбасы   қарызға  отырды. Олардың  қарыз сомалары  милиард  сомаларға  жетті. Тұтыну  несиесі  Германияда жылдық  пайызы  9 дан 12% аралығын  қамтиды. Егер  несие  3  жылға  берілсе. Егер  германия  азаматының  белгілі  банкте  салымы  болған  жағдайда ,  оған  несиені   жылдық  пайызы 5 - 6%, сол салымның  кепілдігіне   несиені береді. Жалпы  елде  тұтыну  несиесі   ЖҰӨ - нің  23%  құрайды.

Ұлыбританияда   тек  қарызға  үлкен  соманы  құрамайтын  несие  алуға  тиімді. Мысалы,  тұтыну  тауарын  сатып  алуда.  Мұндай  несие  құны 5 - 6 % аспайды.  Ал  автомобиль  сатып  алу  үшін  несиені  3 жылға               береді. Автомобиль құны 8 – 10 % құрайды.

  Оңтүстік  Кореяда жақында  ғана  тұтыну  несиесі ЖҰӨ - нің 53 пайызды   құрады  және  бұл  аймақта   заңдылық  онша  жетік  дамымаған   болатын.  Соның  нәтижесінде   көптеген  адамдар  қарыз   алушы  да  қарыз  беруші  бола  берді. Нәтижесінде  2003  жылдың  аяғында  өтелмеген қарыздың  сомасы  60  милиардқа  жетті. Бүгінгі  күні  статистикаға  сенетін  болсақ,  тұрғындардың  8  пайызының   өтелмеген  қарызы  бар.  Бұл  мәселемен  күресу  мақсатында    оңтүстік  корея  банкісі  100  төлемқабілеттілігі  жоқ  борышқорды  жұмысқа  алып, оларға  басқа  борышқорлардан қарыздарды  алуды  тапсырды. Ал қалған  банктер  банкрот   клиенттеріне  жұмыс  іздеумен  айналысады. Сонымен  қатар  бүгінгі  күні   тұрғындардың  70  пайызы  қарыздарын  өтей  алмағанда ,  оған  қоса  несиені  үшінші  тұлғаның  кепілдігінсіз  ала  алмайды.

Чехия  елінде  тұтыну  несие   нарығы  тез  қарқынмен  өсіп  келеді. Чехияның Жинақ  Банкісінің    болжамы  бойынша  осы  жылы  төрт  адамнан  тұратын  отбасы  орташа  шамамен 40 мың крон  қарыз болады.  Чехия елінің  тұрғындарының басқа европа  елдерінің тұрғындарымен салыстырғанда олар  компьютер мен басқа да  элктроника  тауарларына несиені аз  алады.

Литва  елінің  Чехия  елінің  тұтыну  несие  нарағы  сияқты  тез  қарқынмен дамып  келеді.  Егер  бұрын  Жинақ  банкісінде  қарыздарың  орташа мөлшері  мың  литтен  аспаған  болса, бүгінгі  күні  қарыздардың  орташа  мөлшері  100 мың  литтен  асып  барады. Несиені  алған  кезде  тұтынушыға кепіл затын ұсыну керек емес.  Тек алынатын  тауар   түрін айту  жеткілікті.

Япония  елінің  негізі  банктік  жүйе  құрайды. Бүкіл  ел  әр  түрлі  банктік  компаниялармен  қапталған. Бірақ  банктік   қызметті  жүзеге  асыру  үшін  лицензия  алу  өте  қиын. Бірақ та  елде  банктік дефицит байқалмайды. Кез келген  япония  азаматының  кез келген  тапсырыстарын банктер жүргізе берелі. Мысалы, әр  түрлі  компанияларға   төлемдерді  аудару, клиеттердің  шоттарына  төлемдерді аударады. Япония  елінің  негізгі  элементі ол  жеке  меншік  банктердің  көп  болуы. Оларды  қалалық  банктер  деп  атайды.Алпыс  шақтысы жеке  жергілікті  банктер  болса,  ірі  үш  банк  ұзақ  мерзімді  несиемен  айналысады. Қалалық  банктер  көбінесе, ірі  бизнестерге  қызмет  көрсетеді. Қалалық  банктер  японияда  негізгі  орын  алғандықтан,  олардың  үлесіне  барлық  салымдардың  жиырма  пайызынан  астамы  келеді. Кез  келген  япония азаматы   қалалық  немесе  жергілікті  банктерден  несие  алып,  салымдарын  сала  алады.  Ұзақ  мерзімді  несие  беретін  банктер   20 ғасырдың  басында  қалыптасқан. Олардың  құрылуы  япония  елінің  экономикасын,  ұзақ  мерзімді  несиесін    ұтымды  саладағы  кәсіпорындарға  бере  отырып, аяққа  тұрғызды.  Япония  елінің  банктік  жүйесінде негізгі  орынды  япония  банкісі  алады.  Ол барлық  банктерді,  соның  ішінде  мемлекеттік  банктерін басқарады .Олардың  саны   11 жетеді,  яғни 2-уі  банк,9-ы банктік корпорациялары.

Японияда  элктронды  банктердің  дамыған  жүйе. Олардың  саны  100мыңға  жетеді. Елде  япония  тұрғындары  банктік  шоттарды  нитенсивті  түрле  қолданылады. Мұнда  несие  карточкаларының   жүйесі  дамыған  Айналыста 110млн.  электронды   карточкалары  жүр. Әр  тұрғын  өз  жинақтарын  шоттарды  ұстайды. Сатып  алынған   тауарлары  үшін   төлем  жүргізгенде  ол  шотынан  тек  керек   соманы  алады  немесе  несиені тек  қажет  сомада  алады. Банкоматтар  арқылы  япония  тұрғыны арнайы  карточкасы  арқылы   несие ала алады.  Бірақ алынатын  несие сомасы  шектелген мөлшерде  беріледі. Егер  ол  несиені өзінің  үш  айлығынан артық алғысы  келсе,  оған  міндетті  түрде банктік мекемеге  баруы қажет. Ұзақ  мерзімді  несиелендірумен   айналысатын   банктер   тек  несиелерін ірі  компанияларға  береді. Егер  салымдар  жетпеген  кезде  япония  тұрғыны   қалғанын   несие  түрінде  ала  алады.

Японияда  тұтыну  несиесінің  екі   түрі   қалыптасқан. Ол  тауарларды несиеге  сатып  алу  және  үй  сатып  алуға  арналған  несие . Тауарлы  тұтыну  несиесі  60 жылдарында  кең  таралған.  Бірақ 70  жылдарында  тұтыну  несиесінің   бірінші  орнына  тұрғын  үй  несиесі  шықты. Бүгінгі  күні  бұл  несие  түрі  тұтыну  несиесінің  90 пайызын құрап отыр. 80 жылдарында  тұтыну  несиесіне   сұраныс күрт  өзгерді.  Өйткені тұтыну  несиесін  несие карточкалары  арқылы  бере  бастады. Япония  банктері  жеке  тұлғаларға    тұтыну  несиесін  бері  кезінде қарыз алушының   барлық  мәліметтерін  мұқият  тексереді. Өйткені  егер  клиент  5  жыл бұрын  алынған  несиесін  қайтармағаны  анықталса,  оған  несие берілмейді.

1997 жылы   өтелмейтін  қарыз  жөнінде  ақпарат  беретін   арнайы  Қаржылық бақылау  агенттілігі   құрылды.  Көптеген  банкрот  банктердің  жабылуы  тұтынушылардың  банктік  жүйеге   сенімін  жоғалтты.  Сондықтан  үкімет  елдің  қаржылық  жүйсін  ынталадыру  мақсатында   банктердің  әрі  қарай  тиімді   қызмет  етуі  үшін   арнайы  стратегияны  және  нарықтағы  позицияларын  анқтап, жағдай  жасауға  тырысты. Ірі  банктердің  рейтингте  орындарын  жоғатпауы  үшін  олардың  бірігуіне   тура  келді.

 Тұтыну  несиелерінің  Ресейде   тез  танымал  болуымен,  ондағы  әр  банк  осы  сала  жүйесінде  қызмет көрсетеді.  Ресейде  тұтыну несиенсінің  бірінші ағыны «Русский  стандарт» банкі 2000  жылдың  мамырында  енгізілді. 2001 жылдың  аяқ  кезінде «Русский  стандарт»  банкі 40 миллион доллар  шамасында 100мың  несие  берді. Бұл  жоба тек  тұтынушыларды ғана  емес, сонымен  қатар  жүйе қатысушыларының  800-ін алған  дүкенлер  болды. Азаматтарлың  алған  несие  көлемдері 1 жыл ішінде 400 милиард  рубльді  құрады.Қазір әрбір еңбекке жарамды  ресейліктер  үшін 6000 рубль несиелік қаражаттардан келеді, яғни, әр ресейлік азамат несиеге  кір машинасын  және  шаңсорғыш ала  алады. Мысалы, Москва  тұрғындарының  үштен бір  бөлігі  несиеге  жүгінген.  Тағы  осынша ресейліктер  несие  алуды ойлауда. Дәл  осы азаматтар арқасында тұтыну  несиесі  нарығы  дами  бермек. Ресейліктер  банктерден,  тек қарыз алып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  өз  уақытында қайтаруды. Әртүрлі  деректер  бойынша несие қайтарылмаушылығы,  қазіргі  тағда 3-6 пайызды  құрады. Бірақ  бұл  Шығыс  Европа елдерімен  салыстырғанда едәуір  төмен. Осының  барлығы шетелдік  ірі  операциялардың қызығушылығын  тудырып,  күтпеген  жағдайдан  ресейлік тұтыну нарығына әсерін  тигізеді.Ең  алдымен  еуропалық жүргізуші  топ  «PNP Paribas»  өзінің «Getelem» компаниясы  арқылы  «Русский  стандарт» банкінің 45 пайыз  акциясын  иеленді. Бұл келесім ешкімді таңдандырған  жоқ,  өйткені банк бас кезінен тұтыну  несиесін  « Getelem» технологиясы  негізінде  дамытты.

 Шетелдіктердің  көзі  түскен  екінші  банк  болып, Дельта  Банк  табылды. Онымен  негізінен  Ge Consummer Finance   компаниясы  жұмыс   атқарды. Ресейде  жанама  банкі  бар француз банкі, тұтыну  несеиесі  саласында мамандарылатын «Русфинанс» компаниясын  ашты. Дәл осы үш  жаңа  ойыншылар, өздерінің  тұтыну  несиелерінің көлемін  ұлғайтып, Ресей  нарығырда  лидер  болатындығын айтты. Жеке  тұлғаларды несиелендіру  нарықта  шетелдіктердің  үстемдік етуі  арқылы  іске асырыла  бастады. Ресейлік  банктер,  несие  нарығында қайта өзгерістер  кіргізу  қатері  болуы әбден  мүмкін екендігін, өйткені тұрғындарды несиелендіруде шетелдіктердің тәжірибесі әлдеқайда  көп екендігі мойындады. Жеке  тұлғалар  несиесі « Хоум Кредит Финанста»- 100% несие портфелін, Дельта  банкте – 90пайыз құрады. Сонымен қатар шетелдіктердің несиелік бағдарлармамлары, шыныда қарызға мұқтаж,  роташа және  төмен кірісті адамдарға  арналған.Отандық  замандастар  тек бір қамтамасыз  етілген клиентке қызмет ете  отырып, айналымын  жоғалтады. Ал шетелдіктер  қарапайым  халықпен  жұмыс  істегенді  жөн  көреді.  Сонымен  қатар  шетелдік  банктер  мүлде  басқа  саясатқа  сүйеніп, ресурстарды  негізінен шекарадан   тыс  тартады. Мысалы,CECF, Дельта Банкі қарамағына алмай жатып, оған 50миллион доллар  берді. Ресейлік банктер салымшылардың сеіміне тіелей  тәуелді,  өйткені олардың ақшасы Ресейде өте қымбат  бағаланады.

Арзан ресурстар  шетелдіктердің  тұтыну  несиесі нарығында үстемдік  етуіне   көмек береді  жеген ойлар бар. Бірақ олай емес. !Әрине ақша мөлшері көбейеді.Эксперттердің айтуы бойынша 2008 жылға қарай тұтыну  несиесі нарығында көлемі 40-50 миллиард долларды  құрайды.

 

 

 

2 Қазақстан  Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

   

    1. Қазақстан  Халық Банкінің экономикалық  сипаттамасы.

          2010-2012  жылдарындағы  қаржылық жағдайы

 Банкінің  Халық  тарихы  – бұл Қазақстан аумағындағы   жинақ  жүйесінің  құрылу  және  даму   тарихы. “Қазақстан  Халық Банкі” Акционерлік  қоғамының  негізгі  қайта  құрылған  Қазақстан Республикасы  Жинақ банкінің  негізінде  қаланған.

Елізіміздегі алғашқы  жинақ  кассасы  сонау 1923 жылы,  төңкеріс  жылдарынан  кейінгі  жаңа  экокмикалық  қарым- қтынастар  қалыптаса бастаған  кезеңде, Ақтөбе қаласында  ашылған  болатын,  кейіннен  ұжымдастыру(коллективтендіру) және  индустрияландыру  науқандары  жүргізілген  тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ  банкінің  филиалы  ашылды. Ақтөбедегі  жинақ  кассасы  ашылғаннан  кейін небәрі 4  жылдың  ішіндегі республикадағы  мұндай кассалар  саны 335- ке  жетті. 1929  жылы Республикалық  жинақ кассасы  құрылып, ол Қазақстандағы  барлық кассалар қызметіне  жалпы басшылықты  іске асырды. Касса  салымшыларының  қатарына  жұмысшыларды, қызметкерлері мен колхозшыларды неғұрлым  көбірек   тарту  мақсатында жинақ кассаларын  тікелей  зауыт-  фабрикаларының өзінен,  колхоз -  совхоздарда,  байланыс  мекемелері  мен  кәсіпорындардан  ашу  қолға алынады.

Социалистік қоғамда  қалыптасқан  әлеуметтік – экономикалық  және  қаржылық  қтынастардың өзі әрбір  кеңестік азаматтың Жинақ  банкі  салымшыларының  қатарына қосылуына  ықпал  етті. Халыққа  қызмет  көрсетудің орасан  зор ауқымдағы  жүйесі  қаражат  жинақтау  мен  банк ісінің  қалыптасқан  тарихи  дәстүрлерін  Қазақстан  аумағында да бекітуге қолайлы жағдай  туғызады.

 Жинақ кассалары  сонымен   қатар   мемлекеттік  қарыз  облигацияларының,  басқа  да  бағалы  қағаздарының кепілдігімен  мерзімдік   несиелер  берумен айналысты.  Сондай- ақ  оларға  қор операцияларын,  басқа  да  бірқатар қаржылық және банктік  операциялар  жүргізуге  рұқсат етілді.

Бұл  кезеңдегі  жинақ  ішінде  мемлекеттік  несие  беру  қалыптасып,  біртіндеп  дами  бастды. Ол  жылдары  сегіз  рет мемлекеттік  қарыз шығарылды, оның  үшеуі – натуралдық  түрде ( астықпен, қантпен) болса, екеуі  алтынмен  есептелген  болатын ( ақша реформасына  дейін).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы