Қазақстанның қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, реферат

Описание работы

Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы нарығы.docx

— 43.37 Кб (Скачать)

Отандық қаржыгерлердің І Конгресі резолюциясының негізінде Конгресс отырыстарының арасынеда қабылданған шешімдерді әрі қарай жүзеге асыруға бағытталған Конгрестің жұмысшы органы ретінде Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы (ҚҚА) құрылды. ҚҚА Қазақстан қаржыгерлерінің атынан мемлекеттің қаржы жүйесін дамыту, жинақтау бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа қаржылық құралдарды енгізу, қаржы нарықтарын реттейтін әрекет етіп отырған заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Парламентпен және Үкіметпен қызметтестік жасауға бағытталды [3].

Айта кеткені жөн, 1999 жылдан бастап Қазақстан қаржыгерлерінің алты Конгресі өткен.

1999 жылдың соңына қазақстандық екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғалардың шамамен 30 миллиард теңге депозиттері шоғырландырылған, ал сараптамашылардың бағалуы бойынша, тұрғындарда іскерлік айналымға салынбаған бір миллиард АҚШ долларынан астам жинақтары болған. Ал жинақтардың басым бөлігін кәсіпкерлер Қазақстанның шегінен шығарған. Тіпті еліміздің Ұлттық банкінің ресми мәліметтері бойынша капиталдың елден кетуі 1999 жылы 650 миллион долларды құраған. Осылайша, жинақтардың басым көпшілігі отандық банк секторынан тысқары қалған. Негізгі себептердің бірі – бұл сол кездегі ресми құрылымдардың банктік есеп-шоттарға заңды санкцияланған қол жетімділігі.

Сондықтан отандық қаржы жүйесіне тұрғындардың сенімін арттыру үшін келесі жүйелі шаралар кешені жасалды және жүзеге асырылды:

·        1999 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) қазақстандық қорын»  құру жолымен жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын міндетті сақтау жүйесін қалыптастыру;

·        барлық заңнамалық қайшылықтарды болдырмауға және банктік құпия қағидасын жүргізуге бағытталған «Банктік құпия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2000 жылдың 29 наурызында енгізілуі;

·        2001 жылдың 2 сәуірінде «Ақшаларын заңдастырумен байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының амнистиясы туралы» Заңның қабылдануы, оған сәйкес сол жылы тұрғындар табыстарын заңдастыру бойынша акция жүргізілді [4]. Заңдастырылатын соманың көлемі туралы ақпарат құпия болды және оларға ешқандай салық төлеу қажет болмады. Сонымен қатар, еліміздің салық органдары 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі жеке тұлғалардың табыстары және мүлкі туралы декларацияна жоюға уәде берді (және жойды).

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2000 жылдың басында 16 банк жеке тұлғалардың мерзімді салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің қатысушылары болды. Тұрғындар жинақтарын банктерге белсенді тарту нәтижесінде банктің белсенді операцияларын жүргізу көлемінің өсуіне, олардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына, банктік қызмет көрсетулердің өзінідік құнының төмендеуіне, және олардың банк клиенттеріне қол жетімділігіне әкелді. 2000 жыл ішінде бұл жүйеге қатысушы-банктер саны 18-ге дейін ұлғайды, ал 2004 жылдан бастап эеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға құқығы бар барлық әрекет етіп отырған екінші деңгейлі банктер қосылды.

30 күнге созылған амнистия нәтижелері бойынша екінші деңгейлі банктерде ашылған ҚР азаматтарының арнайы есеп-шоттарына 480 млн. АҚШ долларынан астам сома түсті, соның ішінде тек 50,5 миллионы шетелден келді. Арнайы шоттарға жатқызылған депозиттердің орташа көлемі 164 мың долларды құраған, және де депозиттердің минималдың сомасы 50 долларды құраса, максималды сомасы шамамен 800 мыңды құраған. Өз капиталдарын заңдастыру құқығын шамамен еліміздің 3 мың азаматы пайдаланды, олардың ішінде 88%-ы қолма-қол ақша әкелді.

Осылайша, банктердегі  азаматтардың салымдарын қорғау бойынша шаралар кешені тұрғындардың банктік жүйеге сенімін арттырды. Және де егер 1994-98 жылдарда салымдардың жалпы сомасы ( резидент еместерді қоса алғанда) 5,4-тен 31,6 млн. теңгеге өссе, онда 1999 жылы өсім 23,4 млрд. теңгені, 2000 жылы – 36,7 млрд. теңгені, ал 2001 жылы – бірден 248,3 млрд. теңгені құраған! [5].

Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығы