Қазақстанның қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, реферат

Описание работы

Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы нарығы.docx

— 43.37 Кб (Скачать)

Айта кеткені жөн, 2004 жылдан бастап Ұлттық банк Қазақстан Республикасындағы бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын орталық банктің классикалық қызметтерін орындай бастады. Негізгі мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Ұлттық банкіне келесі міндеттер жүктелген:

1)      мемлекеттік  ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

2)      төлем жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

3)      валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

4)      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізу [8].

2002 жылы 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту Стратегиясы (әрі қарай - Стратегия) қабылданды, оның негізгі мақсаты экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан кету жолымен еліміздің тұрақты дамуына жету болып табылады.

Аталмыш Стратегиямен анықталған мақсаттарға жету үшін дамудың мемлекеттік органдары құрылған болатын: «Қазақстанның даму банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» Инвестициялық компаниясы» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Маркетингтік-талдау зерттеулерінің Орталығы» АҚ.

«Қазақстанның даму банк» АҚ (әрі қарай - ҚДБ) жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. ҚДБ қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік пен энергетика құрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға септігін тигізу болып табылады.

ҚДБ негізгі міндеті ұзақ мерзімді және орта мерзімді төмен пайызды несиелер, соныңішінде экспорттық несиелер беру жолымен, сонымен қатар өзге несиелік институттарға берілетін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру жолымен жеке сектор мен мемлекеттік бастамаларын қаржылық қолдау болып табылады.

Қазақстанның даму банкі сонымен бірге қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға, сонымен қатар кепілдендірілген мемлекеттік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді орындайды.

Жалпы, банк секторымен экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру көлеміндегі ҚДБ үлесі 2007 жылдың соңында 1,3 пайызды немесе 655,8 млн. теңгені (2006 жылдың соңында – 1,4%) құрады. ҚДБ қаржыландыратын экономиканың шикізаттық емес салаларын жеке қарыстыратын болсақ,онда өңдеуші өнеркәсіпте Банктің үлесі 14,2% (2006 ж. – 15,3%), электр энергиясын өндіру мен бөлуде - 32,5%, көлікте – 7,4%, байланыста – 1,7% болды [6].

Біздің қаржы секторының келесі жетістігі ретінде бұл саладағы халықаралық тәжірибені (АҚШ және Малайзия) есепке ала отырып, 2000 жылдың желтоқсанында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» (әрі қарай - ҚИК) АҚ –н құру жолымен ипотекалық несиелеу жүйесін енгізу саналады. Компания қызметінің негізгі міндеттері ипотекалық несиелеу көлемдерін кеңейту, пайыздық мөлшерлемелерді төмендету жолымен тұрғын үй алуға жағымды жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Ипотекалық Компаниясының рөлі коммерциялық банктермен қатар ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруге емес, ипотекалық нарықты жасау және реттеуге негізделеді.  ҚИК бағдарламасы бойынша несиелер серіктес-банктер арқылы беріледі. Мұндай серіктестер ретінде екінші деңгейлі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар танылады. Сондықтан Қазақстан Ипотекалық Компаниясы қызметінің негізгі бағыттары банктер тарапынан берілген ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын алу, сонымен қатар ипотекалық несиелеу үшін, соның ішінде өзінің ипотекалық бағалы қағаздарын шығару жолымен ұзақ мерзімді ресурстарды тарту болып табылады.

Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі жүйесі енгізілді: бірінші деңгей  банктер және банктік емес ұйымдар ретіндегі алғагқы несие берушілерді білдірсе, екіншісі – талап ету құқықтарын және алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.

2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің Арнайы бағдарламасы жасалды және қабылданды. Бұл бағдарламада ҚИК қаржылық оператор рөлін иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Қазақстан потекалық компаниясы» АҚ екінші ретті нарықта және республикалық бюджеттің несиеліку қаражаттары есебінен салынған тұрңын үйлерді алуға азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы көлемінің    31,8%) және Астана қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол кезеңде осындай несиелерді Шығыс Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының азаматтары белсенді пайдаланды [9]. 

Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығы