Қазақстанның қаржы нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 20:58, реферат

Описание работы

Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Қазақстанның қаржы нарығы.docx

— 43.37 Кб (Скачать)

2005-2007 жылдардағы тұрңын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 27 қазан 2003 жылдағы шешімімен құрылған «Ипотекалық несиелерді кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында ипотекалық несиелеумен байланысты залалдардың бір бөлігін несие берушілерге кепілдендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.

ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары Ипотекалық несиелер қоры тарапынан ипотекалық тұрғын үй қарызы келісім-шарты бойынша қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындамау жағдайын кепілдендіру есебінен несие берушілердің қаржылық тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде 13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді. Алайда, ипотекалық несиелеудің шарттарына сәйкес оны тек қатысты түрде қамтамасыз етілген орта кластың адамдары ғана ала алады.  Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы – бұл қарыз берілген уақыт ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін кепілдендіру. Банк ссудалық капитал нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан 221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге көлемінде 15 540 қарыз берілген [11].

Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген ірі еуропа елдерінде оңтайлы жұмыс жасап келе жатқан және төмен табыс деңгейі бар отбасыларға еліміздегі ең төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы институты болып табылады

Информация о работе Қазақстанның қаржы нарығы