Қаржы нарығының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 22:41, доклад

Описание работы

Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қаржы нарығы — өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.

Работа содержит 1 файл

каржы нарыгынын теориялык негиздери Word.docx

— 24.76 Кб (Скачать)

          ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы

Қаржы нарығы — өте күрделі  жүйе, онда ақша және басқа қаржы  активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді.

Қазақстан Республикасының  «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдардың мемлекеттік реттеуі мен қадағалауы»  Заңының (2003 ж. шілде) 1 бабына сәйкес қаржы  нарығы: «қаржылық қызмет көрсету  және тұтынуымен, сонымен бірге қаржы  құралдарын шығаруы және айналысымен  байланысты қатынастар жиынтығы».

Қаржы нарығының маңызы уақытша  пайдаланбайтын капиталды жұмылдыруын  және елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етуде тұрады. Әкімшілік-әміршілдік экономикаға тән «тік» әдістің орнына қаржы нарығының қызметі қорларды «көлденең» әдіспен қайта бөлуге мүмкіндік береді. Көлденең қозғалыста шаруа қожалығы бар субъектілердің арасында қаржы қорларын өтеусіз қайта бөлу түріндегі тура байланыстар әрекет етеді. Қаржыны шұғыл түрде ең қажет ететін аялар мен объектілерге аударудың нәтижесінде кәсіпорындар мен салалардың қаржылық жағдайы, тұтастай алғанда экономика тұрақтандырылады. Сонымен, қаржы нарығы келесі себептер бойынша экономикада басты рөл атқарады:

1) оның арқасында ақша  қаражаттарын өндіріске салып, елдің өндіріс қуатын нығайту, қор әлеуетін жинақтау;

2) қаржы нарығының көмегімен  инвесторларға ең көп пайда әкелетін кәсіпорындар мен салалардың дамуы жеңілдетіледі;

3) қаржы нарықтарында  іске асырылатын капиталдардың  құйылуы ғылыми-техникалық прогрестің (өрлеудің) шапшаңдатуына жағдай  жасайды. Қаржы нарығы қаржы  қорларының тез қозғалысы мен  нәтижелі пайдалануын қамтамасыз  етеді.

Қаржы нарығының негізгі  міндеті ақша қаражаттарының иелерден пайдаланушыларға қозғалыстағы делдалдықта тұрады. Бұдан басқа, қаржы нарығының міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

- қаржы нарығы әр жерден келген уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады;

- уақытша пайдаланбайтын жинақталған капиталды көптеген түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі таратады;

- инвестиция аясында капиталды  пайдаланудың ең нәтижелі бағыттарын анықтайды;

- сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынастарын объективті  түрде көрсететін жеке қаржы  құралдары мен қызметтердің нарықтық  бағаларын қалыптастырады;

- қаржы құралдарын сатушы  мен оларды сатып алушылар  арасында білікті делдалдықты іске асырады;

- қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды;

- капиталдың айналымын  шапшаңдатады (тездетеді), яғни экономикалық  процестерінің белсенділігін көтереді.

 Қаржы нарығының құрылымы және оның негізгі бөліктері

Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

Ақша нарығына келесі бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы. Ақша нарығына қарыз алушының ағымдағы қызметін қамтамасыз етуге пайдаланатын қысқа мерзімді несиелерді де жатқызуға болады; өндірісті кеңейтіп, заман талабына сай етіп жетілдіру үшін пайдаланған несиелер капиталдар нарығына жатады, яғни ақша нарығы оның қатысушыларының қысқа мерзімді қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал капиталдар нарығы – олардың ұзақ мерзімді қажеттіліктерін. Капиталдар нарығында ақша қорлары 1 жылдан көп уақытқа тартылады. Осы бөліктегі қаржы құралдарын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелер мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдар мен орташа мерзімді және ұзақ мерзімді сипатты құнды қағаздар – облигациялар мен акциялар. Уақытша пайдаланбайтын қорлардың шоғырлануы және пайда табу үшін олардың бір іске салынуы қаржы нарығында құнды қағаздардың айналысы арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар – нарықта дербес айналысы бар, сату-сатып алу және де басқа мәмілелердің объектісі ретінде бола алатын, мүліктік құқықтарды көрсететін ерекше құжаттар. Құнды қағаздар нарығы аясында меншік қатынастары іске асырылып, экономикалық өсудің қаржы көздері қалыптасып, инвестициялық қорлар шоғырланады. Қаржы нарығының бұл бөлігі нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес инвестициялық қорлардың қайта бөлуін іске асырып, оларды экономиканың келешегі бар және кірісті, пайдалы салаларына жұмылдыруын (шоғырлануын) қамтамасыз етіп, экономикалық жүйенің барлық субъектілеріне ақша капиталын алуға жеңілдік жасайды.

Қаржы нарығы құрылымының  анықтауында басқа да көзқарас орын алады. Ол бойынша қаржы нарығына айналыстағы қолма-қол ақша нарығы, несиелі капитал нарығы (несие нарығы) және қор нарығы кіреді.

Ақша нарығы қолдағы ақшамен бірге аударым арқылы төлеу құралдары кіретін төлеу құралдар нарығы.

Несие нарығы банктердің несие  операцияларымен байланысты. Құнды қағаздар нарығы құнды қағаздар қозғалысымен жекеленген экономикалық қатынастарын көрсетеді.

Кеңейтілген түсінік бойынша, қаржы нарығына сақтандыру нарығы, несие нарығы, ақша нарығы, құнды қағаздар нарығы, валюталық нарық, зейнетақы активтер нарығы, инвестициялық нарығы кіреді.

 Қаржы нарығының  түрлері

Экономиканы қаржылық басқаруының  халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады:

- ұйымдасқан;

- ұйымдаспаған.

Ұйымдасқан қаржы нарығы – банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет жасайтын нарық.

Ұйымдаспаған қаржы нарығы – басқа жолдар арқылы қаржы активтердің  айналыс аясын білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т.б.

Қаржы нарықтар қаржы құралдары  жиналған қор иесінен қарыз алушыға  «құйылатын» көптеген әр түрлі «жолдардан» тұрады. Бұл жолдар теория бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:

1 топ – тура қаржыландыру  жолдары, яғни жинақ меншіктенушіден  қарыз алушыға тікелей ауысатын жолдар бар.

2 топ – жанама қаржыландыру  жолдары, яғни жеке шаруа қожалықтардан  фирмаларға қарай қаражаттар ерекше институттар – қаржы делдалдар арқылы ауысып, өтеді.

Тура (тікелей) қаржыландырудың 2 негізгі тәсілі бар: күрделі қаржыландыру және қарыз алу жолымен қаржыландыру. Күрделі қаржыландыру бойынша инвестицияларды жүзеге асыру үшін осы кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығына айырбас ретінде кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

Қарыз алу жолымен қаржыландыру бойынша кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығының жоқтығы және осы қаражаттарды белгіленген пайызбен төлеу жөнінде міндеттемеге айырбас ретінде кәсіпорын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алады.

Қаржы нарықтарының жіктеуі  әр түрлі белгілер бойынша жасалады.

Қаржы нарығы алғашқы (бастапқы), қайталама және үшінші болады.

Алғашқы (бастапқы) нарықта  жаңа шыққан қарыз міндеттемелер  орналасады. Әдетте бұл ірі инвестициялық институттардың көмегімен іске асырылады.

Қайталама нарығында шығарылған құралдар сатылады және сатып алынады. Бұл нарық инвесторлар жағынан  сұраныстың алғашқы нарықтағы белгіленген құралдар ұсынысынан асып кету нәтижесінде пайда болады.

3-ші нарық – туынды  қаржы құралдарымен жасалатын  сауда. Бұл нарықтың тез дамуының  негізінде өзінің көп түрлілігімен қаржы нарығының дамуын ынталандыруына арналған жаңа құралдардың пайда болуы жатыр.

Қаржы делдалдық  және қаржы нарығының негізгі  қатысушылары

Қаржы делдалдық – несие  берушіден қарыз алушыға қаржы қорларының қозғалысы (ауысуы, құйылуы) және де осымен байланысты қаржы институттардың қызметі. Экономикалық әдебиетте қаржы делдалдардың 3 тобын айырады:

- депозиттік (өзара-жинақ  банктері, несие одақтары);

- шарт, келісім – жинақтаушы (сақтандыру компаниялар, зейнетақы қорлары);

- инвестициялық қорлар (траст,  өзара қорлар).

Қаржы нарықтарының негізгі  қатысушылары:

- инвесторлар – олардың  рөлінде пайда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пайдаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін);

- делдалдар – олардың  рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін;

- пайдаланушылар – олардың  рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пайдалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Операцияларда қатысу сипаты бойынша нарық субъектілері 2 санатқа бөлінеді: тура және жанама қатысушылар. Қаржы нарығының тура қатысушыларына сәйкес нарықтардың биржа мүшелері жатады. Олар мәмілелерді өз шоты есебінен немесе биржа мүмкіндігінде жоқ тұлғалардың тапсырмасы бойынша жасайды. Биржа мүшелігі жоқ тұлғалар жанама қатысушылар сипатына кіреді. Нарықтағы операцияларда қатысудың мақсаттары мен себептері бойынша нарық қатысушылары хеджерлер мен саудагер, алып-сатарларға жіктеледі.

Хеджер – ол бағамдық тәуекелдерді, трансфертті тәуекелдерді, өз активтерін немесе нақты мәмілелерді сақтандыратын тұлға.

Саудагер, алып-сатар –  ол негізгі активтердің бағамдық құнында болып қалуы мүмкін айырмашылығының  есебінен пайда түсіргісі келген тұлға. Саудагерлер (алып-сатарлар) келісім-шарттарды  сатып алады (сатады), оларды кейін  жоғары (төмен) бағамен сату (сатып  алу) үшін. Олар трейдерлер мен арбитражерлерге  бөлінеді.

Трейдер – бір не бірнеше келісім-шарттардың бағамдық тұрақсыздығынан пайда алатын тұлға.

Арбитражер – әр нарықтардағы бағамдар айырмашылығын пайдаланып, бір активті бір уақытта (бір  мезгілде) әр түрлі нарықтарда сатып-сатып  алу есебінен пайда түсіру. Арбитражер активті арзан биржадан сатып алып, басқа биржада қымбатқа сатады. Баға айырмашылығы оның пайдасын құрайды.

Инвесторларды түрлері бойынша 2 негізгі нарыққа қатысушылар тобына бөлуге болады: жеке және институционалдық инвесторларға.

Жеке инвесторлар –  ол құнды кағаздармен операцияларды  жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

Құнды қағаздарды сатып алып, пайда түсіру жолымен олар өздерінің валюталық жинақтарын көбейтуге ұмтылады.

Соңғы кездің маңызды үрдісі – институционалды инвесторлардың санды және сапалы өсуі. Оларға банктер, мемлекеттік мекемелер, халықаралық  қаржы институттар, зейнетақы және сақтандыру қорлар мен компаниялар, ірі бірлестіктер, инвестициялық қорлар жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы  Президентінің «Қазақстан Республикасының  Қаржы рыногін мемлекеттік реттеудің  бірыңғай жүйесін ұйымдастыру  мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, № 872)

2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтің  Қазақстан халқына жолдауы //Егемен  Қазақстан, 2006-2 наурыз

3. Валюталарды айырбастаудың  нарықтық бағамын анықтау тәртібін  белгілеу-Актілер жинағы,2003 N8.

4. «ҚР ұлттық банкі  туралы» ҚР заңы.-Егемен Қазақстан, 1995,5шілде.

5.Банковское дело / Под  ред. Колесникова В.И. — М., 1995.

6.Шеденов Ө.Қ.Жалпы экономикалық  теормя.-Ақтөбе,2004.

7.Ақша,несие,банктер.-Алматы,2001.

8. Мамыров Н. Макроэкономика  Алматы, 2003 ж

9. Райымқұлұлы С. Экономикалық  теория негіздері. Шымкент, 2005 ж.

10.Агапова Т. Макроэкономика. МГУ, 1997 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                   


Информация о работе Қаржы нарығының теориялық негіздері