Сақтандыру нарығының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 13:32, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың міндеттері:
• Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау;
• Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету;
• Шет елдердегі сақтандыру нарығының жағдайларын талдау арқылы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыру;

Содержание

1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні..............................................5
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38

Работа содержит 1 файл

сақтандыру.docx

— 144.39 Кб (Скачать)

1 2    

МАЗМҰНЫ: 
КІРІСПЕ..................................................................................................................3 

  1.  
    САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
1.1 Сақтандыру нарығының түсінігі  мен мәні..............................................5 
 
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы....................................7 
2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ  
 
2.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау......................................................................................................................17 
 
2.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының проблемалары мен даму тенденциялары.......................................................21 
3. САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ  
 
3.1 Сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі........24 
 
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективалары....................................................................................................28 
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................38 
 
КІРІСПЕ 
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі өндірістің төмендеуін тежеу мен тұрақты экономикалық өсу үшін негіз құруға бағытталған нарықтық қайта құру фазасына өтумен сипатталады. Нақ осы мәселе Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді мақсаттар мен стратегияларында көрініс тапқан – “шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың жоғары деңгейі тән ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу”. 
 
Осындай нарықтық қоғамда пайда болатын тұрлаусыздық пен тұрақсыздық, экономикадағы үнемі болатын өзгерістер тәуекел тудырады. Әсіресе мұндай жағдай кәсіпкерлікте жиі болады. Нарықта туатын кездейсоқ және тұрлаусыз жағдайлар, экономикалық толқулар, бәсекелестердің әрекеттері тіпті білікті басқару шешімдерін жоққа шығаруы мүмкін. Тәуекелді сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды қолданып, басқару облысында білікті жұмыс жүргізу арқылы айтарлықтай төмендетуге болады. Яғни көріп тұрғанымыздай, нарықтық шаруашылықтың дамуымен қоғам мүшелерін әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде сақтық қорғау ерекше мәнге ие болуда. Сол үшін де еліміздегі сақтандыру нарығының жағдайын кешенді бағалау қажет.  
 
Макроэкономикалық тұрақтылық үшін қажетті қаржы резервтерін құра отырып, сақтандыру техногенді және экологиялық уақиғалар кезіндегі өндірістік күштердің қалпына келуі мен дамуына көмегін тигізеді, мемлекеттің болжанбаған шығындарын қысқартады, инфляциялық фактордың әрекетін төмендетеді, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныс ара қатынасын оңтайландырады.  
 
Сонымен қатар, Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда. 
 
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады. 
 
Қорыта айтқанда, сақтандыру мәселесі және де елдегі сақтандыру нарығының жағдайын жақсарту мәселесі экономикалық проблемалар ішінде ерекше мәнге ие, өйткені дәл осы мәселе елдің өміріне оң әсер етуші қуатты факторлардың бірі болып табылады. Осы себептерге байланысты мен өз курстық жұмысымның негізгі талданар мәселесі етіп осы тақырыпты алдым. 
 
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан сақтандыру нарығының жағдайына кешенді талдау жүргізіп, оның қызмет ету ерекшеліктерін анықтау. Сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі сақтандырудың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады. 
 
Курстық жұмыстың міндеттері:  

  •  
    Сақтандыру нарығының түсінгі мен мәнін баяндау;
  •  
    Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдай отырып, оның проблемалары мен даму тенденцияларын анықтап көрсету;
  •  
    Шет елдердегі сақтандыру нарығының жағдайларын талдау арқылы Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының даму перспективаларын қалыптастыру;

 
Курстық жұмыстың негізгі объектісі: Қазақстан Респуликасының сақтандыру нарығы болып табылады.  
 
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстан Республикасында қалыптасқан сақтандыру қатынастары болып табылады.  
 
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және де пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 

  1.  
    САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1.  
      Сақтандыру нарығының түсінігі мен мәні

 
“Сақтандыру нарығы” түсінігі отандық  экономикалық әдебиеттерде жақында  ғана қолданыла бастады. Сақтандыру ісіндегі мемлекеттің монополиялық жағдайында сақтандыру нарығының болуы  туралы сөз де қозғалмаған.  
 
Сақтандыру қызметтері нарығының мәні сақтандыру табиғатынан көрініс табады. Менің ойымша, бұл түсінікті жетекші ғалым-экономисттер көзқарасы тұрғысынан қарастыру керек. 
 
Сақтандыру терминдері сөздігі келесідей талқылама береді: “Сақтандыру нарығы – сақтық қорғаудағы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінде айрықша тауарды сату-сатып алу бойынша пайда болатын экономикалық қатынастар жүйесі”. 
 
В.В.Шахов мынадай анықтама берген: “... Сақтандыру нарығы – сату-сатып алу объектісі болып сақтық қорғау табылатын, оған деген сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын ерекше әлеуметтік-экономикалық құрылым, ақша қатынастарының белгілі бір сферасы”.  
 
Кең мағынада сақтандыру нарығы сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді. Нарық сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз етеді. Тар мағынада сақтандыру нарығы – сақтандыру қоғамдарының жиынтығы. 
 
В.М.Родионова өзінің “Финансы” оқулығында мынадай анықтама ұсынған: “Сақтандыру нарығы – бұл сату-сатып алу объектісі болып арнайы қызмет – сақтық қорғау табылатын, оған деген ұсыныс пен сұраныс қалыптасатын ақша қатынастарының ерекше сферасы”. 
 
Ю.Бугаев өзінің мақалаларының бірінде былай деп жазған: “Мемлекеттің реттеушілік әсерінің негізінде сақтандырылушылардың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыратын сақтандырушы өзінің ерекше тауарын (сақтандыру) өткізе алатын ерекше сақтандыру нарығы пайда болады. Сақтандыру нарығы сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы экономикалық қатынастарды ортақтастандырады”. 
 
Осы түсініктердің (анықтамалардың) талдауы негізінде авторлардың барлығы келесідей көзқарасқа ие болған деген қорытынды жасай аламыз: “Сақтандыру нарығы – бұл “сақтандыру қызметі” деген айрықша тауарды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы”.  
 
Осылайша, сақтандыру нарығы қарамағында бір жағынан, уақытша бос сақтандыру қорларының қаражаттары болады, ал екінші жағынан, сақтандыру нарығының оларды жоғары табыс әкелетін және салынған қаражаттардың тез қайтарылуын қамтамасыз ететін қызмет сфераларына салуға мүмкіндігі болады. 
 
Сәйкесінше “сақтандыру нарығы” түсінігі оның мәні есебінен ашылады. Бәріміз білетіндей, мән философиялық категория ретінде белгілі бір құбылыстың ішкі мазмұны деген мағынаны береді.  
 
Сақтандыру нарығының мәні “сақтандыру қызметі” және “сақтандыру 
 
тәуекелі” категорияларын қарастыру кезінде анықталады. Осы жерде “... нарық пен сақтандыру тәуекелі өзара байланысты”. Бір жағынан, нарық сақтандыру тәуекеліне әсер етеді, екінші жағынан – қалыптасқан жағдайға байланысты сақтандырудың тәсілі мен шарттары дайындалады. 
 
Сақтандыру нарығында келтірілген нұқсандар территориялық ғана емес, сондай-ақ уақыт аспектісінде қарастырылады. Осымен бірге сақтандырылушылар арасында сақтандыру қорын қайта бөлу тиімді болу үшін, айтарлықтай үлкен территория және де сақтандырылған адамдардың саны айтарлықтай аз болу керек. Осы шарттар сақталған кезде ғана үлкен территорияларды қамтыған апаттар нұқсандарын үлестіру мүмкін болады. 
 
Кездейсоқ жағдайлардан туындаған нұқсанды уақыт бойынша үлестіру бір шаруашылық жыл шегінен асып кетуі мүмкін. Төтенше жағдайлар бірнеше жыл болмауы мүмкін және олардың нақты болатын күні белгісіз болады. Бұл жағдай қолайлы жылдары түскен сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін қолайсыз жылдары болатын төтенше жағдайларды өтеудің қайнар көзі ретінде қолдану үшін резервтеу қажеттілігін тудырады. 
 
Сақтандыру нарығының ерекше белгісі болып сақтандыру корына жиналған сақтандыру төлемдерінің қайтарымдылығы табылады. Сақтандыру төлемдері мүмкін болатын нұқсанды өтеуге арналған нетто-төлемдердің және сақтандыруды жүргізуші сақтандыру ұйымын ұстау үшін жөнелтпе шығындардан тұратын сақтандыру тарифтерінің негізінде анықталады. Нетто-төлемдердің барлық сомасы белгіленген уақыт кезеңінде нұқсанды өтеу нысанында қайтарылады. Қаражаттарды қайтару белгісі сақтандыруды несие категориясына, ал сақтандыру нарығын қаржы-несие нарығына жақындатады. 
 
Сақтандыру қоры қаражаттарының шоғырлануы – сақтандыру нарығын ұйымдастырудың негізгі қағидаты. Бұл қағидат кез-келген сақтандыру ұйымы үшін анықтаушы болып табылады. 
 
Сақтандыру нарығының болуының міндетті шарты болып сақтандыру қызметтеріне деген қоғамдық қажеттіліктердің болуы және сол қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын сақтандырушылардың болуы табылады. Отандық экономиканың нарыққа өтуі экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырушының рөлі мен орнын өзгертеді. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмірдің толық құқылы субъектілеріне айналуда. 
 
Сондай-ақ, сақтандыру нарығының қалыптасуы үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың, халықтың мүлкін сақтық қорғау үшін сәйкес сақтандыру қорларының болуы шарт. Бірнеше миллиондаған теңге сақтандыру сомасы және де өзінің ірі капиталы бар ондаған сақтандыру компаниялары болуы керек.  
 
Сақтандыру нарығының қызмет етуінің негізгі заңдары болып құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңы саналады.  
Сақтандыру нарығы тауарлы шаруашылықтың даму процесінде қалыптасады және де соңғысының ажырамас элементі болып табылады. Айтылған екеуінің де пайда болуының шарты болып қоғамдық еңбек бөлінісі және әртүрлі меншік иелерінің болуы табылады. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардағы субъектілердің дербестігін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу бойынша тең құқылы серіктестігін, көлденең және тік байланыстардың дамыған жүйесін, бәсекелестікті болжайды. 
 
Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда. 
 
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні – адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда. 
 
Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады. 
 
Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы – бұл сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше нарықтық қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті серіктестік. 
 
Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар жасайды. Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері нарығында мүдделердің жаңа топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар құралдарының ішінде aнық орын алуда. 

    1.  
      1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы
    2.  
      Сақтандыру нарығының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы кеңірек ашады. Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.

 
Салалық нышаны бойынша өмірді сақтандыру нарығын (сонымен бірге сақтандырудың  барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты, аннуитет және т.б. жатады), мүлікті сақтандыру нарығын, жауапкершілікті  сақтандыру және де жазатайым уақиғалардан сақтандыру нарығын бөледі. Қазақстан  Республикасында сақтандырудың  “өмірді сақтандыру” және “жалпы сақтандыру” сияқты екі саласы белгіленген. 
 
Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру нарықтарын бөледі. 
 
Ұлттық сақтандыру нарығы – жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ұсынатын ұлттық сақтандыру ассоциациялары қызмет етеді.  
 
Аймақтық сақтандыру нарығы өзара интеграциялық байланыстармен байланысушы жеке аймақтардың сақтандыру ұйымдарын, ұлттық нарықтарын біріктіреді. Ең ірі аймақтық нарық болып Солтүстік американ сақтандыру нарығы (АҚШ, Канада) саналады. Еуропалық экономикалық одастастықтың сақтандыру нарығында терең интеграциялық процесстер жүруде. Бұл “Еуропалық экономикалық одақтастықтың ортақ сақтандыру нарығын” құру туралы жоспарды жүзеге асырумен байланысты. Еуропалық экономикалық одақтастықтың ұлттық сақтандыру заңдарын толық сәйкестендіру көзделген. 
 
Халықаралық сақтандыру нарығы – бұл ұлттық және аймақтық сақтандыру нарықтары жиынтығы. Мұндай мағынада халықаралық сақтандыру нарығы ретінде халықаралық сақтандыру операцияларының едәуір үлес салмағымен сипатталатын жергілікті сақтандыру нарықтары қарастырылады (Нью-Йорк, Лондон, Цюрих). 
 
Қайта сақтандыру арналары бойынша және брокерлер арқылы ірі тәуекелдер көптеген халықаралық және аймақтық сақтандыру нарықтары арасында бөлінеді. Мүдделерді сәйкестендіру және сақтандыру ұйымдарының жалпы проблемаларын шешу мақсатында халықаралық сақтандыру одақтары (техникалық тәуекелдерді сақтандырушылардың халықаралық одағы, теңіздік сақтандырушылардың мемлекеттік одағы және тағы басқалар) қызмет етеді. 
 
Сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ұйымдық-құқықтық нысандары болып мемлекеттік сақтандыру, акционерлік қоғамдар жүргізетін сақтандыру және өзара сақтандыру табылады. 
 
Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде мемлекеттік ұйым бой көрсететін сақтандыру нысаны. Мемлекеттік сақтандыру сақтандырудың барлық түрлерін жүргізудегі мемлекеттің абсолютті монополиясы жағдайында, сақтандырудың жеке түрлеріне мемлекеттік монополия жағдайында немесе қандай да бір мемлекеттік сақтандыруда монополиясы жоқ болған жағдайда жүргізілуі мүмкін. Қазір ТМД елдеріндегі сақтандырудың дамуы соңғы вариантқа жақындауда. Бірақ, мемлекеттік сақтандырудың кейбір түрлерін жүргізудегі басымдылығының болу мүмкіндігін ұмытпаған жөн. 
 
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттің сақтандырушы қызметінің тек жалпы мемлекеттік стратегиялық мағынадағы мүдделерді сақтандырудағы ғана басымдылығын көрсетуге болады. Осылайша, “Казагрополис” республикалық мемлекеттік ауыл шаруышылық сақтандыру кәсіпорыны (құрылтайшысы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі) үшін басым бағыт болып ауыл шарушылығының өндірісін міндетті сақтандыру табылады. Ал “Казахинстрах” мемлекеттік сақтандыру компаниясы үшін инвестицияларды сақтандыру басым бағыт болып табылады. 
 
Акционерлік сақтандыру – сақтандырушы ретінде өзінің жарғылық капиталын акциялардың көмегімен құратын акционерлік қоғамдар бой көрсететін сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысаны.Акциялар арқылы жарғылық капиталды құру құрылтайшыларға заңды және жеке тұлғалардан ақша ресурстарын тарту арқылы тез арада сақтандыру операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. Алғашқы капиталды құру тәртібіне қарай ашық типтегі және жабық типтегі акционерлік қоғамдарды және де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді бөледі. Бұл айтылғандар дүниежүзілік тәжірибеге тән. 
 
Өзара сақтандыру - өзара көмек көрсету мақсатында сақтандырушылардың бірігуі байқалған сақтық қорғаудың ұйымдық нысаны. Өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық нарықтың жаңа қатысушысы. Қазақстандағы өзара сақтандыру қоғамының қызметі “Сақтандыру қызметі туралы” Заңмен және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің “Өзара сақтандыру” атты 845 бабымен реттеледі. 
 
Өзара сақтандыру қоғамдары өз мүшелерінің мүліктерін және басқа да мүліктік мүдделерін сақтандыруын жүзеге асырады және де коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда қызмет ету тәртібі сақтандыру (қайта сақтандырушы) ұйымдар үшін бекітілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Заңдылық негіздің дамымауына байланысты сақтандыру нарығындағы бұл тауаша бой көрсетпеген. Осылайша, “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы 1996-98 жылдардағы негізгі бағыттары жөніндегі” Қаулыда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатымен өзара сақтандыру қоғамдарын құру туралы ереже жобасын дайындау мақсаты қойылған. Сонымен бірге, Азаматтық Кодексте олардың қызмет ету жағдайлары өзара сақтандыру туралы заң актілерімен анықталады делінген. Бірақ қазіргі күнге дейін заң жобасы ұсынылмаған. 
 
Сақтандыру пулы – белгілі бір тәуекелдерді бірігіп сақтандыру үшін сақтандыру компанияларының бірлестігі. Негізінен сақтандыруға қауіпті, ірі және жаңа тәуекелдер қабылданғанда құрылады. Пулдың қызметі бірлесіп сақтандыру қағидатына сүйеніп құрылады. Әр компания пулға сақтандырылған тәуекелдерді береді, пул жинаған жарналардың белгілі бір үлесін алады және де сол үлесте нұқсандарды өтеу бойынша жауапкершілік алады. Пулдар шетелде авиациялық, атомдық, әскери тәуекелдерді, жауапкершілікті және т.б. сақтандыруда кеңінен дамыған. 
 
Сақтандыру ұйымдарының ынтымақтастығының нысаны болып сақтандырушылардың одақтары мен ассоциацияларын құру табылады. Қазақстан Республикасында құрылған сақтандырушылар одағының мақсаты – сақтандырушыларға методикалық және ұйымдық ақпараттық көмек көрсету, сақтандыру бойынша заң және нормативтік актілер жобаларын дайындауға қатысу, сақтандыру қызметкерлерінің мамандандырылуын жоғарылату бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастыру, сақтандырушылардың  
 
қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша ұсыныстар дайындау және т.б.  
 
Енді сақтандыру нарығының қатысушылары жайлы қысқаша айта кететін болсақ, “Сақтандыру қызметі туралы” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қатысушылары:  

  1.  
    сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
  2.  
    сақтандыру брокері;
  3.  
    сақтандыру агенті;
  4.  
    сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
  5.  
    актуарий;
  6.  
    уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
  7.  
    өзара сақтандыру қоғамы;
  8.  
    сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар.

 
Қайта сақтандыру ұйымы – уәкілетті  мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде қайта сақтандыру шарттарын  жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 
 
Сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға; 
 
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің негізгі сақтандыру қызметінен басқа төмендегідей қызмет түрлерін атқарады: 
 
1. уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті; 
 
2. тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); 
 
3. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; 
 
4. ақпарат бөлімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды; 
 
5. бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасауға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді; 
 
6. сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңес берушілік қызмет көрсетуді; 
 
7. сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді; 
 
8. сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;  
 
Сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, актуарий және уәкілетті аудитор. Сақтандыру брокері – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 
 
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігі мен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.  
 
Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 
 
Сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретіндегі қызметіне жол берілмейді.  
 
Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке адам; 
 
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша: 
 
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша – бастамашылық актуарийлік есептеулер; 
 
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда – міндетті актуарийлік есептеулер жүргізіледі. 
 
Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор); 
 
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойылатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.  
 
Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұрауы бойынша беруге міндетті. Сондай-ақ, уәкілетті аудитор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне міндетті аудит нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті. 
 
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді. 
1сурет – Сақтандыру нарығының құрылымы 
 
Сақтандыру салалары, сыныптары, түрлері: Сақтандыру көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Ол ерікті түрде немесе заң күші арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.  
 
Сақтандырудың сыныпталуы кез-келген басқа да сыныпталу секілді сақтандыру жүйесін бір-бірімен өзара тығыз байланысты буындардан құрайды. 
 
Отандық сақтандыру нарығында сақтандырудың сыныпталуы негізі екі критерийден құралған: сақтандыру объектілерін ажырату және қауіптілік деңгейі. Сақтандыру объектілері бойынша сыныпталуында жоғарғы буын – сала, ортаңғы буын- кіші сала немесе сынып, төменгі буыны – сақтандыру түрі болып отыр.  
 
Салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектілері бойынша бөлу жатыр. Осы уақытқа дейін сақтандру қатынастарының барлық жиынтығы үш салаға бөлініп келді, олар: мүліктік сақтандыру, жеке сақтандыру, жауапкершілікті және кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру. Алайда, жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру ең алдымен сақтаушылардың мүліктік мүдделерін қорғайды, яғни, сақтандыру арқылы материалды шығындар атап айтқанда – мүліктің немесе табыстың жоғалуынан болған зардаптың орны толтырылады. Жауаптылықты сақтандыру кезіндегі үшінші бір тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру да сайып келгенде, материалдық шығынның орнын толтыруға келіп тіреледі (емдеуге қажетті шығындар, жерлеу рәсіміне кететін шығындар немесе жалақыны жоғалтқан жағдайдағы орнын толтыруға кететін шығындарды айтуға болады). 
 
Сондықтан да еліміздің сақтандыру нарығы қазіргі кезде екі салаға бөлінеді: мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру өз кезегінде 4 кіші салаға бөлінеді: жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерін сақтандыру және жеке азаматтардың мүліктерін сақтандыру. 
 
Жеке сақтандыру екі кіші сала бөлінеді: өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру. 
 
Сақтық қызмет - сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарының жасау мен орындауға байланысты ҚР-ның заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады. Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадый сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру. Ал жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: 

  1.  
    жазатайым жағдайлардан және аурудан сақтандыру
  2.  
    медициналық сақтандыру
  3.  
    теміржол көлігін сақтандыру
  4.  
    автомобиль көлігін сақтандыру
  5.  
    әуе көлігін сақтандыру
  6.  
    су көлігін сақтандыру
  7.  
    жүктерді сақтандыру
  8.  
    3-ші және 7-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
  9.  
    кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
  10.  
    автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкешілігін сақтандыру 

 
11) теміржол көлігі иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру 
 
12) әуе көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру 
 
13) су көлігі иелерінің жауапкершілігін сақтандыру 
 
14) тасмалдаушының жауапкершілігін сақтандыру 
 
15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 
 
16)10-шы, 14-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтірген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; 
 
Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді. 
 
Сақтандыру түрі сақтандыру ұйымы сақтандыру шарттарын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. 
 
Сақтандыру ережелерінің әрбір сақтандыру түрі үшін сақтандыру ұйымы жеке-жеке жасайды және олар сақтандырудың тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензия берген кезде уәкілетті меншіктік органмен келісуге тиіс. Егер ұсынылған сақтандыру ережелері ҚР-ның заңдарына қайшы келсе және жоғарыда аталған талаптарға сай болмаса уәкілетті меншіктік орган лицензия беруден бас тартуға құқылы. Сақтанушы мен сақтандырушы арсындағы келісім бойынша сақтандыру ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасау кезінде анықтайтын қосымша талаптарды көздейтін сақтандыру шарттары жасылуы мүмкін. Сол қосымша талаптар 3 реттен астам қайталанған жағдайда сақтандырушы сақтандырудың белгілі бір түрі бойынша ережелерді заңдарда белгіленген тәртіппен өзгертуге міндетті. 
 
Міндетті және ерікті сақтандыру . 
 
ҚР-ның Азаматтық Кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады: 
 
1) міндеттілік дәрежесі 
 
- ерікті 
 
- міндетті 
 
2) сақтандырудың обьектісі 
 
- жеке 
 
- мүліктік 
 
3) сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша 
 
- жинақтаушы 
 
- жинақтаушы емес 
 
Сақтандыру міндетті және ерікті түрде жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру заңнамалық келісімдер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру түрлері. Ол сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық келісімдермен реттейді. Ерікті сақтандыру- тараптардың еркін білдіруіне орай жасалынатын сақтандыру.  
 
Мемлекет материалдық шығындардың орнын толтыру жалпымемлекеттік мәнге ие болған жағдайда сақтандырудың міндетті формасын орнатады, яғни қоғамдық мүдделер тұрғысынан алғанда басымылыққа ие болып отырған сақтандыру объектілеріне міндетті сақтандыру формасы қолданылады. Осылайша, 1997 жылдан бастап еліміздің халық шаруашылығының стратегиялық саласының бірі болып табылатын ауылшаруашылығындағы міндетті сақтандыру түрі жаңартылды.  
 
Жол көлігі, темір жол, су және әуе көлігі сапарларында, апат болған жағдайда сенімді әлеуметтік қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында тасымалдаушылар мен көлік иелерінің жауапкершілігі міндетті түрде сақтандырылады.  
 
Міндетті сақтандыру формасына мынадай белгілер тән: 

Информация о работе Сақтандыру нарығының теориялық негіздері