Дебиторлық борыштар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 19:27, курсовая работа

Описание работы

Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».

Содержание

Кіріспе 3
1.Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру 4
1.2 Дебиторлық берешекті беру-сату 6
2. Дебиторлық берешектер бөлімінің есебі 10
2.1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің есебі 10
2.2. Күмәнді дебиторлық берешектер есебі 14
2.3. Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешектерінің есебі 16
2.4 Басқадай дебиторлық берешектердің есебі 17
2.5 Алдағы кезең шығындарының есебі 21
2.6 Берілген аванстар есебі 22
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Работа содержит 1 файл

дебиторлық борыштар есебі курстық жұмыс.doc

— 196.50 Кб (Скачать)

    1620 «Болашақ кезеңнің есебіне жататын басқа да шығыстар» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.

    Кәсіпорын әрбір жыл үшін есептен шығаруға жататын өндіріс немесе айналым  шығындарына есеп айырысу немесе алдағы кезең шығындары сомасына негіздеме жасайды.

    Болашақ кезеңнің есебіне жататын шығындар жыл сайын түгелденуі қажет. Бұл  түгелдеу осы шоттың келесі жылға  ауысатын қалдықтарының айқындылығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс шығындарына немесе айналым шығындарына жататындығын қамтамасыз етеді.

2.6 Берілген аванстар есебі

 

    Берілген  аванс бойынша есеп айырысудың есебі 35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің үш шоты бар:

       6110 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар»;

        6110  «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар»;

        6110 «Өзгн де берілген аванстар»;

        Ал «берілген аванстар» дегеніміз – ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандайда бір қызметі үшін алдын ала төленіп  қойылған сомалары болып табылады.

    35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуге, тапсырыс берушілерден олардың ішінара дайын болуына қарай қабылданған өнімдер, жұмыс және қызмет бойынша төлем жасауға берілген аванстар бойынша көрсетіледі.

    Аванс берілген жағдайда 35 бөлімшенің шоттары дебеттеледі және 1060 «Есеп айырысу шотындағы нақты ақша», 1050 «Ел ішіндегі валюталық шоттағы нақты ақша», және т.б. шоттары кредиттеледі. Босатылған тауарлы-материалдық құндылықтарды, атқарылған жұмысты және көрсетілген қызметті қабылдау актісін, шот-фактураларды алу кезінде 20 «Материалдар» (201-208 шоттар), 22 «Тауарлар» (1330, 1330 шоттар), 1420 «Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы», 92 «Көмекші өндірістер», 93 «Қосымша шығындар» және т.б. бөлімшелердің шоттары дебеттеледі және 671 «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты кредиттеледі.

    Алынған тауарлы-материалдық құндылықтар  үшін атқарылған жұмыс және қызмет үшін жабдықтаушылар мен мердігерлерге  тиесілі қарыздарды төлеу (671 шоттың дебеті, 1050, 1060, 445 шоттардың кредиті) 6110 және 6110 шоттарда есепке алынған оларға бұрын төленген авансты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады.

    Жабдықтаушылар  мен мердігерлерге тиесілі қарыздарды өтеуге  жіберілген төленген аванстың сомасына 671 шоты дебеттеледі және 6110, 6110 шоттары кредиттеледі.

    Жабдықтаушының  сатып алушыға тұтастай немесе жартылай пайдаланылмаған аванстар сомасын  кері қайтаруы 1050, 1060 немесе 1010 шоттардың дебеті және 6110 немесе 6110 шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі. Талап ету мерзімі (3 жыл) өткеннен кейін алынбаған аванстарды есептен шығару 6110 және 6110 шоттардың кредиті бойынша және келесі шоттардың дебеті бойынша есептен шығарылады:

    7340 «Басқа да қосалқы қызмет бойынша шығындар» - алынбаған қарыздар есеп беру жылының табысының есебінен есептен шығарылған жағдайда;

    - қарыздарды бұрын жасалған қорлардың  есебінен есептен шығарған жағдайда  1220 «Күмәнді қарыздар бойынша резервтер».

    Берілген  аванстардың талдамалық есебі түрлі  дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдамалық есебі тізімдемесінде әр дебитор бойынша 6110 және 6110 шоттардың жекелеген түрінде немесе бухгалтерлік есеп компьютерленген жағдайда машинограммада жүргізіледі.

    Жалпылама аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-материалдық  қорларды жеткізгені үшін алдын ала  берілген аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы түсініктеме алуға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

    Қорыта  келгенде дебиторлық берешек тақырыбы мен үшін өте қызықты. Бұл тақырып қазіргі нарықтық экономика кезінде өте керекті болып табылады. Қарыз алушы кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді тікелей қолма-қол ақшаға емес, қарызға алады. Сондай кезде әрбір кәсіпорын мен ұйым дебиторлың берешек шотын ашады. Ондағы бөлімдерді аша алмауы мүмкін. Бірақ та кішігірім кәсіпорындар осы бөлімдегі күдікті қарыздар бойынша резервтер, еншілес серіктестіктердің дебиторлық борышы шоттарын ашпайды. Себебі қор құру үшін кәсіпорында қор құруға пайдадан ақша бөліну керек. Егер кәсіпорынның пайдасы өте үлкен болмаса, онда ол кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде көп есептер болмайды. Және де үлкен кәсіпорындар мен ұйымдардың ғана серіктестіктері болады. Ал егер серіктестіктері болса онда ол міндетті түрде осы бөлімшені ашады. Жалпы бұл тақырыпты үлкен дамыған фирма немесе кәсіпорынның нысанында ғана қарастыруға болады.

    Біздің  елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық  қаржылық есеп беру талаптарына сай  орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Кез келген кәсіпорынның бухгалтерінің мойнына үлкен жауапкершілік ілінеді. Жалпы бухгалтер, бухгалтерлік еаептің теориясын және практикасын үйлестіріп тиянақты жұмыс істеуі керек. Бухгалтерлік есептің барлық қағидаларын естен шығармағаны жөн. Сондықтан да кез келген елдің бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау, сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан толық дамуына кепілдік береді.   

    Жалпы бухгалтерлік есеп өте қызықты да, өте қиын пән. Мұнда кішкентай  қателіктің өзі артынан үлкен  қайшылықтарға апарып соғады. Бухгалтер кәсіпорынның пайдасын, шығынын қарастырып, бағалап, талдай отыра кәсіпорын немесе фирманың болашағына болжамдар жасап, соларды бастықпен және де басқа жұмыскерлермен келісе отырып іске асырады. Бұл өте жауапты іс, себебі егер бухгалтер дұрыс болжамдар жасамаса ол кәсіпорынға үлкен жағымсыз жағдайлар туғызып, тіпті кейде кәсіпорынның банкротқа ұшырап жабылуына апарады.

      Мен, курстық жұмысымда осы бухгалтерлік есептің бір бөлімі дебиторлық борыш тақырыбын қарастырдым. Бұл өте қызықты тақырып, бұл тақырыпты толығымен талдап қарастыру үшін үлкен кәсіпорынды алу керек. Осы кәсіпорында бөлімнің барлық шоттары болса тіпті толық талдауға мүмкіндік болар еді. Мен өзімнің болашақ диссертациялық жұмысымды осы тақырыпта жазып, толық ашып қарастырғым келеді. Сонда толық қарастырып жазамын.  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 
 
  1. Қаржы есебі: Оқу құралы. / Жалпы редакциясын басқарған.

       Талмағанбетов Т.А. – Алматы: Дәуір, 1998,– 480 бет.

       Омаров А.Ш., Әлімбекова Б.А., Рабатов О.Ж., Байболтаева Н.Ә.

    217 –  236 беттер қолданылды.

      

  1. Радостовец Р.К., Радостовец В.В., Ғабдулин Т.Ғ., Шмидт О.И.

    Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: өңделіп және толықтырылып 3-ші рет басылуы. – Алматы : Қазақстан  аудит орталығы, 2002, –  656 бет.

    246 –  277 беттер қолданылды.  

  1. Қаржылық  есеп: Оқу құралы. / Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. – Алматы: Экономика,

       2001, – 330 бет. 108 – 129 беттер қолданылды. 

4.     Витулаева Т. «Дебиторлық борышты беру-сату». Бухгалтер бюллетені –

       2001 – № 46 – 9 -11 бетке дейін.  

5.   «Бухгалтерлік есеп туралы Заң»  № 329-ІІ, 24.06.2002 жыл. 

       11.06.2004 жылы   ҚР Президентінің  .№ 562- ІІ Жарлығымен 

       «Бухгалтерлік есеп туралы Заңына»  өзгертулер мен қосымшалар 

        енгізілді.

 

6.   Хегай И.В. «Күмәнді борыш бойынша резерв есебі». Бухгалтер бюллетені

       – 1998 – № 41 – 10 -12 бетке дейін. 

7.   «Вексель операцияларының бухгалтерлік есебі».  Бухгалтер бюллетені –

      2001 – №22 мамыр – 3 -7 бетке дейін. 

8.    Назаров В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов:  Учебник /

       Под ред. Н.К. Мамырова – Изд. 2-е, перераб. и доп. - Алматы:

       Экономика, 2004. – 308 с. 83-91 стр. 

9.   Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет и финансовый анализ для

       менеджеров: Учеб.пособие – М.: Дело  2003. – 304 с. 

10.  Нидлз Б. и др. Принципы бухгалтерского учета / Б. Нидлз, Х.Андерсон,

      Д.Колдуэлл: пер. С англ. / Под ред. Я.В.Соколова, - 2-е изд., стереотип.

      - М.: Финансы и статистика, 2002 –  496 с. 137-156 стр. 

11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на

      предприятии: Изд. 3-е, доп. И  перераб. – Алматы: Центразит.  – Казахстан,

     2002, 277-305 стр.

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебі