Әлеуметтік саясат және адам құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:07, реферат

Описание работы

Ол тек бухгалтерлік кітапта жүргізу ғана емес, сонымен қатар кәсіпорын қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есеп жүйесін құру, салық салу мәселелері мен бірге жоспарлар мен болжаулардан жасалынуын қамтиды. Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешімін қабылдау, шаруашылық операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте кәсіпорын басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Содержание

Кіріспе

І Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
1.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
1.2 Кәсіпорынның несиелік қабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер

ІІ Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау
2.2 Баланс өтімділігін талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

кәсіпорынның қаржылық жағдайы.docx

— 96.61 Кб (Скачать)

Үш көрсеткіш  жиі қолданылады:

  1. абсолютті өтімділік коэффициенті;
  2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
  3. жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік  коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалау қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі. Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінің көрсетеді.

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

 

                                 Ка.ө > 0,2 : 0,5 ;                                                        (5)

 

Бұл – қысқа  мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін  көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коэффициентін  мәні 0,2 – 0,25- тең жоғары болуы керек  деп санайды.

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: кауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражтының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа  да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторларымен өз уақытында есеп жүргізу  жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін  көрсетеді, яғни қысқа мерзімді міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген  қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінің сипаттайды. Айналым қаражатының  өтімді бөлігінің (яғни қорларды есептемегенде) қысқа мерзімді міндеттемелерге  қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен  шығып отыр.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төмеңгі  шегін бағалау былайша өрнектеледі:

 

                                           Кар.ө > 1 ;                                                          (6)

 

В.Ф. Палий  «бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7 – 0,8 аралығында жатыр» деп  есептейді. Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының  орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды. Басқа да көзқарас бар шамамен  бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы  тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс.

Ағымдағы  өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық қысқа мерзімді активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол қысқа мерзімді активтермен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінің белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемділік мүмкіндіктерін көрсетеді [17].

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел  және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінің белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді. 

Нарықтық  экономикасы дамыған елдерде  бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау кезінде  ерекше мәм беріледі. Оның кеңінен  қолданылуының негізгі себептері:

- біріншіден, қысқа мерзімді активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

- екіншіден, қысқа мерзімді активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі қысқа мерзімді активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалық тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал (30) немесе қаржы – эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне  тиелген тауарлармен көрсетілген  қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, қорлардың  құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мәне болып табылады:

 

                                          Кағ.ө > 2 ;                                                             (7)

 

Берілген  шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелердің екі есе асуы қажет екендігін  көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір  айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.

Өтімділіктің  әр түрлі көрсеткішері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі  дәрежесінде кәсіпорынның қаржы  жағдайының тұрақтылығын жан-жақты  сипаттап қана қоймай, сонымен бірге  талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап  береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік  коэффициенті (Ка.ө) қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Кар.ө) көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялармен облигацияларды ұстаушылары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ.ө) бойынша бағаланады.

Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің  төмен және жалпы өтеу коэффициентінің  жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан  аталған көрсеткіштерінің нашарлауы  осы кәсіпорынның төлем қабілетінің  нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың  айналым көрсеткіштерінің нашарлауы  болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін  объективті бағалау үшін осындай  төмендеу себептерін айкындау керек.

Осы кезде  тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді  кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек.

Есептеулер  6-кестеде  көрсетілген.

 

6-кесте. «АБДИ Компани» АҚ-ның активтерінің  өтімділік  көрсеткіштері

 

мың теңге

Көрсеткіштер

Жыл басында 2010

Жыл соңында

2010

өзгеріс

(+;-)

(2гр.-1гр.)

1

2

3

4

5

1

Қысқа мерзімді активтер мың теңге,оның ішінде:

 

13290

 

24394

 

11104

1.1.

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар

 

19

 

49

 

30

1.2

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

 

12199

 

22684

 

10485

1.3.

Алдағы кезең кезең шығындарсыз  қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылар  мен есеп және ұзақ мерзімді қаржы  салымдары

 

 

 

 

 

1072

 

 

 

 

 

1661

 

 

 

 

 

589

2

Қысқа мерзімді міндеттемелер мың  теңге, оның ішінде

 

9905

 

11099

 

1194

6-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

2.1.

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

3097

3595

498

2.2.

Кредиторлық  борыш

1118

868

-250

2.3.

Басқа да ағыдағы міндеттемелер

5690

6636

946

3

Өтімділік  көрсеткіштері

-

-

-

3.1.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті (1.1қ:2қ)

 

0,0019

 

0,0044

 

0,0025

3.2.

Аралық өтімділік коэффициенті

[(1.1қ+1.2қ):2қ]

 

1,233

 

2,048

 

0,815

3.3.

Жалпы өтімділік коэффициенті

[(1.1қ+1.2қ+1.3қ):2қ]

 

1,341

 

2,197

 

0,857

Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған


 

6-кестенің  мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік  жыл басына қарағанда біршама  өскенін көрсетеді.

Осылай, абсолютті  өтімділік коэффициенті 0,0025 пунктке, аралық -0,815 және жалпы – 0,857 пунктке  өсті. Егер бірінші көрсеткіш жыл  басында теорияға сәйкес, ал екінші ең төмеңгі талап етілген шектеуден  көп болса, онда жыл аяғыда бұл  көрсеткіштің деңгейі біршама өсті, сәйкесінше 0,044 және 2048-ді құрады.

 

7-кесте. «АБДИ Компани» АҚ-ның төлем  қабілеттілігін  анықтайтын  көрсеткіштер

                                                                                                             

Көрсеткіштер

Қалыпты мән

2010 жыл басында

2010 жыл соңында

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

 

0,2-0,25

 

00019

 

0,0044

Аралық өтімділік коэффициенті

0,6-0,7

1,233

2,048

Жалпы өтімділік коэфициенті

1,0-2,0

1,341

2,197

Е с к е р т у – «АБДИ компани» АҚ-ның мәліметтері бойынша құрылған


 

Абсолютті өтімділік  коэффициентін анықтау бойынша 7-кестеде  көрсетілгендей, абсолюттік өтімділік  коэффициенті жабдықтаушылыр тұрғысынан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалайды. Оның қалыпты мәнінен  абсолюттік өтімділік коэффициентінің  нақты мәні есепті жылдың басында  да, аяғында да аз болып тұр. Онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі  төмен деп бағаланады да, бұл кәсіпорынмен мәмілелер жасау өте қауіпті  б т.

Аралық өтімділік  коэффициенті банкирлер тұрғысынан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтайды. Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей оның қалыпты мәні 0,6 – 0,7 аралығында. Есепті жылдың басында да, есепті жылдың соңында да,  аралық өтімділік  коэффициенті қалыпты мәннен жоғары боп тұр. Есепті жылдың басында кәсіпорын төлем қабілеттілігі бар және онымен мәміле жасау минималды қатермен жасалынады. Ал есепті жылдың соңында аралық өтімділік коэффициенті қалыпты мәннен  едәуір жоғары болғандықтан, бұл басқарушылар үшін кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің өз дәрежесінде емес екенін көрсетеді.

Жалпы өтімділік  коэффициенті кәсіпорынның төлем қабілеттілігін акционерлер мен инвесторлар  тұрғысынан бағалайды. Оның қалыпты  мәні 1,0 -2,0 аралығында. 1,0 - 2,0 аралығында болғандықтан нақты мәнмен сәйкес болып тұр. Егер өтімділік коэффициентінің нақты мәні қалыпты мән шенберінде болса, онда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі бар болып табылады және онымен  мәмілеге  отыру қатерсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Баланс өтімділігін   талдау

 

Баланс өтімділігін  талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстық  және  кәсіпорынның  «өтімділігін»  анықтап алу керек.

Өтімділіктің  екі тұжырамдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі  ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік  деп – «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады [18]. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілетілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділік осы сияқты анықтама береді: «шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу қабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады». Ол өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады, - деп жазады. Бұл қорытынды профессор А.Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: «Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары». Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып, біз уақытты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймыз. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлеу қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және  активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым тендікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігі көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.

Баланс өтімділігін  талдаудың мәні – активтергі өтімділік  дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі белгілі бір тәртіппен  топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмеңдеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.  Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты  кәсіпорын  активтері  келесідей  топтарға  бөлінеді.

Информация о работе Әлеуметтік саясат және адам құқығы