Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:53, шпаргалка

Описание работы

Зарубежная Азия занимает площадь 27 млн. км2. На её территории проживает около 60 % населения мира (3,1 млн. чел.) Регион Зарубежной Азии очень разнообразен: страны, занимающие огромные территории: Китай, Индия, Монголия, и маленькие страны: Мальдивская республика, Бахрейн, Израиль. В этот регион входят островные (Индонезия, Япония), полуостровные (Индия, Малайзия) и континентальные (Монголия, Иран) государства.

Страны Зарубежной Азии крайне различны как по природным условиям, так и по государственному устройству, уровню социально–экономического развития.

В настоящее время более чем 40 суверенных государств, образующих регион, можно разделить:

по формам правления — на республики (Турции, Китай, Индонезия) и монархии (Непал, Бутан, Япония);

по административно–территориальному устройству

федеративные (Малайзия, Индия, ОАЭ)

унитарные (Китай, Филиппины, Сирия) государства.

Работа содержит 1 файл

данара.docx

— 68.86 Кб (Скачать)

3.    Аймақтың қалған территориясында бидай, тары тектес дақылдар өсіріледі. Жайылымдық мал шаруашылығы Орталық, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азияда жүргізіледі. Мәдени дақылдың бірі болып саналатын мақтаның экспортқа шығарылуы маңызды орын алады. 
 
 
 
 
 
 

Тайланд    

 Қазақ тіліндегі рефераттар  -  География  

Тайланд

Жалпы ақпарат

Визалар және кедендік ережелер

Туристік жаднама

Ауа райы және валюта бағамы

Жалпы ақпарат

Тайланд туралы ортақ мағлұмат. Тайланд – жұмбақ Сиам, мыңдаған ғибадатханалар мен мыңдаған күлімдеулердің шахары және барлық континенттерден келетін миллиондаған туристтардың әйгілі демалыс орны. Тайланд жағалауларында көптеген курорттар орыналасқан Үнді және Тынық мұхиттының суларымен шакераласқан, аол территориясының көлемділігі жағынан қазіргі Францияға тең. Елдің солтүстігінде жасыл таулы алқаптар орналасқан. Тайланд Оңтүстік-Шығыс Азияның дамыған және тартымды мемкеттерінің бірі ретінде әйгілі. Тауар мен қызметтің төмен бағасымен үйлескен жоғары экономикалық деңгей. Мұнда тамаша курорттар, отельдер каскады, дәмді тағамдарға бай тайлық асхана және жергілікті салт-дәстүр, барлығы да адамды қызықтырады және тартады.

Бұл мемлекеттің тұрғындарының ақ көңілділік білдіруі, ғибадатханаларының әсемделген сәулеті, ұшы-қиырсыз жағалаулары, шуақты күндердің басым көп болуы, ауа температурасының бір жыл көлемінде тұрақты болуы, Тайландты шайып өтетін теңіздердің жылы сулары және экваторға жақын орналасқан бұл мемлекеттің ыстық тропикалық климаты негізгі ерекшелігі болып саналады. Бұл мемлекетте әсемдігі шексіз биік таулар, таза өзендер, арасында жүре алмайтын джунглилер, экзотикалық жануарлар мен өсімдіктер бар. Күні жыл сайын алтын жағалаулармен жиектелген Сиам шығанағын аймалайтын, шіркеулерінің көркем өрнектелген төбелері түпсіз терең аспанмен ұштасатын, орхидеялар мен жарқырап тұрған сапфирлер елі.

Климаты

Жылдың үш мезгілде болуы және тропикалық климат Тайландқа тән. Мамырдан бастап қазанға дейін созылатын жаңбыр маусымы кезінде елдің бүкіл аумағында нөсер жаңбыр әкелетін оңтүстік-шығыс муссондары билейді. Қарашадан ақпанға дейін созылатын қыс мезгілінде жұмсақ ауа-райы тұрады, ауаның күндізгі температурасы жылдық орташа температурадан сәл ғана суық болады. Ал түнде Тайландтың солтүстігіндегі қыраттарда ауа температурасы 0оС дейін төмендесе, Банкокте 16 оС болады. Елдің оңтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай жоғары болады. Ыстық кезеңі – наурыздан мамырға дейін созылады. Бұл кезде ауа температурасы өте ыстық және өте ылғалды болады да, жауын-шышын түсімі мүлдем болмайды.

Халқы

Халық саны 65 млн. адам тіркелген. Астанасы Банкок. Банкокте 12 млн.-ға жуық тұрғыны бар қала. Халықтың көп бөлігін тайлықтар этникалық тобы құрайды. Халқының саны бойынша екінші орынды бсым бөлігі қалаларда тұратын қытайлықтар алады. Елде сондай-ақ, малайлықтар, моныдар, кхемерлар және басқа бірнеше этникалық топ өкілдері тұрады.

Халық валютасы

Ақша бірлігі-Бат. 1 бат=100 сатангамға тең. Айырбас курсы мөлшермен: 1$=37 Бат болады. Валютаның күнделікті курсы көптеген газеттердің қаржылық бөлімдерінде жарияланады. Валютаны енгізу шектелмеген, бірақ 10000$ - дан асатын жағдайда декларация беру қажет болады. Жергілікті валютаны елден 50000 баттан артық алып шығуға болмайды. Ал басқа елдің валютасын алып шығуға шек қойылмаған.

Шекералары

Тайланд оңтүстігінде Малайзиямен, шығысында Камбоджа және Лаоспен, батысында Бирмамен шекараласқан. Тайландта саяси, экономикалық және қоғамдық жағдай тұрақты болғандықтан, ол инвестициялар үшін Азия елдерінің ішіндегі ең бір перспективалық ел болып саналады. Соңғы он жылдың ішінде Тайландтағы инвестиция көлемі бірнеше миллиард долларға дейін жеткен. Соның нәтижесінде жұмыс орындары тұрғызылды, халықтың әл-ауқаты жоғарылады.

Тілі

Мемлекеттік тіл  – тай тілі. Қалалардағы білімді халықтың арасында және саудада ағылшын, қытай және жапон тілдері жиі қолданады.

Діні

Мемлекеттік дін  – будда діні. Халықтың 93% будда дініне сенеді. Тайландта сонымен қатар, мұсылмандар, үндістер, христиандар, сикхтар өмір сүреді. Король конституцияға сәйкес, барлық діннің қамқоршысы болып саналады.

Информация о работе Азия