Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:53, шпаргалка

Описание работы

Зарубежная Азия занимает площадь 27 млн. км2. На её территории проживает около 60 % населения мира (3,1 млн. чел.) Регион Зарубежной Азии очень разнообразен: страны, занимающие огромные территории: Китай, Индия, Монголия, и маленькие страны: Мальдивская республика, Бахрейн, Израиль. В этот регион входят островные (Индонезия, Япония), полуостровные (Индия, Малайзия) и континентальные (Монголия, Иран) государства.

Страны Зарубежной Азии крайне различны как по природным условиям, так и по государственному устройству, уровню социально–экономического развития.

В настоящее время более чем 40 суверенных государств, образующих регион, можно разделить:

по формам правления — на республики (Турции, Китай, Индонезия) и монархии (Непал, Бутан, Япония);

по административно–территориальному устройству

федеративные (Малайзия, Индия, ОАЭ)

унитарные (Китай, Филиппины, Сирия) государства.

Работа содержит 1 файл

данара.docx

— 68.86 Кб (Скачать)

Жергілікті уақыт

Мәскеу уақытымен айырмашылығы: қыста 4 сағат, жазда 3 сағат болады.

Курорттары

Банкок, Паттай, Пхукет және Самет аралдары туристтер үшін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең тартымды курорттар болып табылады. Ең алдымен жылы климаты мен төмен бағалары арқасында.

Банкок

Бүгінгі күнгі Банкокнен алатын алғаш әсер қарсылықты сезім қалыптастырады. Мұнда бамбуктан жасалған лашықтармен қатар әйнек пен бетоннан салнған қазіргі заман талабына сай биік ғимараттар тұр!

Миллиондаған ұсақ айналармен жарқырап тұрған сәнді сарайлар мен шіркеулер, байлық, кедейлік; төменде орналасқан жіңішке көшелер мен жерден 15-30 метр биіктікте орналасқан жылдамды эстакадалар, сигнал басқан машиналардың үлкен ағымы, дәке танғышын байлаған полицейскийлар, қоңырқай киім киген будда монахтары мен пілдер, жеміс-жидектердің молдығы мен әртүрлілігі, тамақтың жұпар иісі, ашық ресторандар мен көше кафелеріндегі таңғажайып омарлар, устрицалар, рапандар, ұлылар және кальмарлар...барлығы да дайын емес адамға шыныменде ерекше әсер береді!

Банкоктың негізгі байлықтары болып: Будда шіркеуі мен Үлкен Король Сарайы кешені, Зари шіркеуі, Алтын қырат шіркеуі, Мәрмәр шіркеуі, король Рама ۷ (1868-1910) сүйікті ризиденциясы болып табылатын Вимак Мек сарайы мен «алтын» тик ағашынан жасалған ең үлкен ғимарат; экзотикалық ханзадалық екі палубалы қайықта; улы жыландарды өрбітумен қоса, уларынан баға жетпес дәрі жасаумен айналысатын Пастер институтының Жыланды фермасы; өнердің тамаша туындылары жинақталған Джим Томпсонның азиялық коллекциясы орналасқан Үй-музейі; әшекеймен қатпалған және алтын жапырақты ортағасырлық фрескалармен көркемделген Суан Паккад сарайы; дүние жүзі бойынша крокодилдарды өсірумен айналысатын ең үлкен ферма; ауданы 200 акр болатын ашық аспан астындағы музей «Көне қала»; көңіл көтеру және сауықтыру кешендері; әртүрлі тағамдар мен түнгі өмір.

Паттая

Бангкоктен мыңжырам шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгін Паттая тайландтың бай тұрғындарының сүйікті орны бола отырып, «Азиялық Ривьера» деп саналады. Қала доға пішінді болып иілген жағалауда орналасқан. Демалуға келген туристтерді су бетіндегі әртүрлі демалыс түрлері кетіп тұр. Олар: малтау, су шаңғылары, скутерлерді жүргізу, балық аулау, виндсерфинг, катердің артқы жағында парашютпен ұшу, ал арал жағалауларында су астында жүзуге арналған барлық жағдайлар жасалған. Қалада тамаша отельдер желісі және толық қанды демалуға қажет ғимараттар салынған.

Күн, мұхит, пальмалар, коралл аралдарындағы алтын құм, түнгі қалада шексіз көңіл көтеру, - барлығы жыл бойына созылады. Паттаядағы өмір бір сәтте тоқталар емес. Мұнда күнделікті кешкісін қала көшелерінде көңіл көтеру басталады. Көптеген барлар, дискотекалар, талғамға сай ресторандар, шоулар, кегельбандар, тирлар, садақпен атуға арналған алаңдар, теннис корттары, сауда қатарлары, дүкендер мен ашық дүкендердің сансыз қатары, әртүрлі экскурсиялар мен көңілді бағдарламалар – барлығын атап бістпеспіз. Тайландтың дәстүрлі және барлық әлемге әйгілі тайлық бокс шыныменде қызықты көрініс. Көптеген барларда әр кеш сайын күрестер ұйымдастырылады. Кеш батысымен-ақ қала бір үлкен ойын – сауық, демалыс орталығына айналады. Мұнда әртүрлі барлардың қайсысына отыруды таңдау қиынға соғады. Паттая сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністермен қатар қолданылатын өзінің су өнімдерімен әйгілі. Су өнімдері «Сингха» деп аталатын тайлық сырамен ішуге арналған тайлық тағамдарды жасауда қолданылады.

Пхукет

Тайландтағы ең үлкен арал болып табылады, сондықтан ол жеке провинция деп есептеледі. Пхукет Бангкоктен 892 километр қашықтықта орналасқан. Бангкоктен Пхукетке дейін ұшақпен ұшқандағы уақыт 50 минутқа созылады. Тура әуе қатынастары Гонгкокпен, Сингапурмен және Малайзиямен байланысқан. Пхукет материкпен автотрасса өтетін дамба арқылы байланысқан.

Аралдың батыс жағалауы ақ кораллды құммен жабылған жағалаулардан тұрады және Андаман теңізі өтеді. өзінің инфрақұрылымымен ерекшеленетін Патонг жағажайы түнгі өмірді ұнататын туристтердің нағыз демалыс орны. Ал тыныш жағдайда демалуды ұнататын адамдар үшін Панва жағажайы ең дұрысы. Мұнда теңіз аралдарының толық көрінісін көруге болады. Жағажай аэропорттан 42 километр, ал қаладан не бары 10 километр қашықтықта орналасқан.

Пхукетте қарауға болатын нәрсе көп. Арал өзінің көне архитектурасымен қызықтырады. Жергілікті табиғаттың әдемілігі Кхао Пхра Тхаю халық паркінің джунглиінен көрініс табады. Сонымен қатар, мұнда көптеген таңғажайып бұрыштар бар. Олардың ішінде, аралдың оңтүстік шеті Лаем Пхрам Тхен. Мұнда теңіз бетінен күннің батуын тамашалауға болады. Теңіз Зерттеушілерінің Биологиялық Орталығындағы аквариум ұмытылмас әсер қалдырады. Мұнда маржан плантациясы бар. Маржанды өсіру әдістері көрсетіледі. «Тайлық ауылдарда» халық мәдениетімен жақын танысуға мүмкіндік беретін фольклорлы көріністер күніне екі мәрте қойылады.

Аралдағы ең әйгілі спорт түрі болып – аквалангпен сүңгу болып табылады. Тамаша теңіз және суасты пейзаждары, кораллды өсімдіктері мен үңгірлері бар Андаман теңізі суастымен жүзуді ұнататындар үшін баға жетпес орын. Пхукет – қайық орталығы, мұнда кез-келген уақытта яхталарды экипажбен немесе экипажсыз жалға алуға болады. Балық аулауға әзірленген қайықтар сіздің қол астыңызда. Теңіз каноелерінде арал үнгірлері бойынша саяхаттану мүмкіндігі тағы да бар. Спорттық ойындардың сан алуан түрі: гольф ойнау, атпен серуендеу, машинамен жарысу және басқа да қызықты ойындар түрі қалауыңызға байланысты.

Информация о работе Азия