Тынық мұхит

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 20:48, реферат

Описание работы

Тынық мұхит (Ұлы мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті.

Работа содержит 1 файл

Тынық мұхит.doc

— 22.50 Кб (Скачать)

Тынық мұхит

Тынық мұхит (Ұлы  мұхит, Ұлы Оңтүстік теңіз) — Жер  бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз. Ол дүниежүзілік мұхит деп аталады. Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бөлігі немесе 361 млн км2 тиеді. Дүниежүзілік мұхит бөлек - бөлек аттары бар жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып жатыр. Дүниежүзілік мұхит төрт бөліктен тұрады. Тынық мұхит - жер шарындағы ең үлкен 178,620 млн км² (180 млн км2) әрі ең терең мұхит. Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа пара-пар. 1520-1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оған "Тынық мұхит" деген ат берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - Мариан шұңғымасы бар, оның тереңдігі 11022 м. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жаға-лауларынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық мұхиттан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Информация о работе Тынық мұхит