Мұхит

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:37, реферат

Описание работы

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды.

Содержание

Жалпы мәлімет...................................................................................2
Температурасы ..................................................................................4
Тұздылығы ..........................................................................................5
Мұхит суының химиялық құрамы ............................................6
Су айналымы .....................................

Работа содержит 1 файл

Мұхит.docx

— 46.76 Кб (Скачать)

Жоспар

  1. Жалпы мәлімет...................................................................................2
  2. Температурасы ..................................................................................4
  3. Тұздылығы ..........................................................................................5
  4. Мұхит суының химиялық құрамы ............................................6
  5. Су айналымы .......................................................................................7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Жалпы мәлімет

Мұхит құрлықтар мен аралдарды  қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасысубтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді.

Мұхит түбі бедері және геологиялық  құрылысы

Мұхит түбі ауданының басым  бөлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер жасап континенттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының төменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады. Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан әдетте Ортамұхиттық жоталар өтеді. Олардың беткейлері абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды. Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3 км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700 м тереңдікте өтеді. Жоталардың осьтік бөлігінде тереңдігі 1,5 км, ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады. Абиссальдықазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 – 6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен жанартаулық процестердің жоқтығымен сипатталады, континенттен әкелінген өте қалың (5 – 7 км) шөгінді қабаттардан тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит табанын жанартаулық аралдық доғадан бөліп тұратын терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі екі геологиялық кешен құрайды: беті шөгінді қаптамамен жабылған базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер Мұхитты бастапқы, өтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын) қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі су массасының шығуы, қышқыл өнімдердің газсыздануы және мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен байланысты. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5 – 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде өмір пайда болып дамыды; фотосинтез нәтижесінде оттек бөлініп, мөлшері ұлғайды. Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана өзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын басталып, әлі жалғасуда.Мұхиттардың негізгі гидрологиялықсипаттамасына температура, тұздылық және ағыстың жылдамдығы жатады. Мұхит өте көп мөлшерде күн жылуы мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1 см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады. Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып, тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Температурасы

Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы  көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айындаПарсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0ӘС-тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұз астында).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Тұздылығы

Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен,атмосферамен алмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5×1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрлі газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   4.Мұхит суының химиялық құрамы

Мұхит суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3, басқа  қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S – 35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде). Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да кездеседі: азот, оттек, көмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің дамуында атмосферадан өтетін және балдырлардың фотосинтезі кезінде түзілетін оттектің маңызы өте зор. Терең қабаттарда оттек мөлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Су айналымы

Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының айналымы Мұхит бетіндегі  басым желдерге тәуелді; ал одан төменгі  қабатында тығыздығына байланысты болады. Су айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында орналасқан (Гольфстрим,Куросио ағыстары). Антарктикада беткі судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді. Тереңдеген сайын ағыс жылдамдықтары кеми түседі (тек экватор маңындағы беткі қарсы ағыстан басқа).Температураның, тұздылықтың, химиялық элементтердің, органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер арасындағы шекара, көбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден төмен) белдемдердің саны азайып, білінбей кетеді.

 Мұхит                  түбінде терригенді, биогенді, хемогенді, жанартаутекті және эдафогендішөгінділер жинақталады. Шөгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі қабатының басым бөлігін (40%-ға дейін) биогенді шөгінділер жауып жатыр. Терригенді шөгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз 26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шөгінділер. Терригенді шөгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды, сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты шөгінділер қаңқа қалдықтарынан және планктонды, бентосты организмдердің қабыршағынан түзілген. Хемогенді шөгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалардан, смектитті, темірлі шөгінділерден тұрады. Жанартаутекті шөгінділер жер беті және су асты жанартау атқылауларының кесекті өнімдерінен түзілген; ол доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер тектоникалық өнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы таужыныстардың (базальтты, габброидты, т.б.) су асты шайылуынан пайда болған.[1]

Минералды ресурстары

Мұхит суларында Д.Менделеев кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1 км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары, мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас шашылымдары, темір-марганецті конкрециялар мен қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау қайраңында 184 млрд. ) деп болжанады. АҚШ жағалауы мен Мексика шығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің қайраңдары дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит мұнайын 40 шақты ел өндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас, касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.) жағалық қайраңда шөгінділердің толқындармен қарқынды шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия жағалауларында қалайы, Аляска және солтүстік Американың Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка (Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шөгінділер, сирек металды шашылымдар Австралия, Үндістан, Бразилия жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің көптеген елдерінің жағалауларында құрылыс материалдары – құм, қиыршықтас, маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар өндіріледі.

 

Органикалық дүниесі

Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді.Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхиттапланетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер, балдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.

Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялық, метеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитының Саргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер – Каспий, Арал, Өлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің тығыздығы 1,01 г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287 г/см3-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.

Мұхит геохимиясы

Мұхит геохимиясы – геохимияның мұхит суындағы және шөгінділеріндегі химиялық элементтердің концентрациясы мен шашырау заңдылықтарын, мұхит суларының тұз массасықұрамының қалыптасуын, мұхиттың химиялық эволюциясын зерттейтін саласы. Негізгі мақсаты мұхит суы құрамындағы элементтерді зерттеу. Мұхит суы құрамы литосфера, биосферажәне гидросфера арасындағы элемент алмасу мен ұзақ айналымның бір бөлігі болып қарастырылады. Мұхиттың тұздылығы кембрий дәуірінен бастап қазірге дейін өзгермеген. Бірлитрінде 34 – 35 г-дай тұз болады. Қалыңд. ондаған немесе жүздеген метр мұхит суының жоғарғы қабатының тұздылығы біртекті, төменгі қабатында тұздылығы түрліше. Мұхит суының тұздылығы қосылған өзеннен, жалғасқан теңіз суларынан әкелінген шөгінділерден, еріген мұздықтар мен мұзтаулардан біраз төмендейді, ал буланудан – өседі. Тұздылық шамасы жылы ағыстар мен 20 – 30° ендіктерде жоғары, салқын ағыстар мен экватор аумағында төмен. Мұхит сулары массасындағы элементтердің жинақталуы олардың таралу мөлш. мен қосылыстарының ерігіштігіне байланысты; мұхит суы катиондарының иондық потенциалы төмен, ал аниондарынікі – жоғары келеді. Оңай еритін қосылыстар суды қанықтырады, ал қиын еритіндері мұхит түбіндегі тұнбаларда жиналады. Мұхит сулары массасындағы түпкі шөгінділер, құрамы әр түрлі ерітінділер, органик. заттар, газдар арасында тепе-теңдік орнаған. Мұхит сулары негізгі, түптік, лайлық болып ажыратылады. Түптік суларда оттек аз, бірақ көмірқышқыл газы, метан, күкіртті сутек мол. Кремний, аллюминий, темір, т.б. жер қыртысында көп таралған элементтер мұхит суларында өте аз, ал хлор мен бром көп. Жер қыртысына қарағанда мұхит суында бор 260, хлор 670, күкірт 290 есе жоғары. Мұхит суындағы бос күйдегі оттек организм түрлерінің таралуын, тотығу, тотықсыздану реакцияларын реттейді, геохимиялық процестерді түсінуге мүмкіндік береді. Катиондарының қосындысы Cl–, сияқты күшті қышқыл аниондарының қосындысынан артық болуынан “сілтілік қор” құрылады. Мұхит тереңінде тотықсыздану реакциясы басым болады. Көміртегі (ІV) оксиді және сульфаттардыажыратушы бактериялардың қатысуымен органик. заттардағы күкірт қышқылы тұздарының ыдырауынан күкіртсутек (H2S) түзіледі. H2S газы тірі организмдерге зиянды әсер етеді. Мыс.,Қара теңіз суының терең қабаттарындағы H2S мол болғандықтан Каспий теңізіне қарағанда органикалық дүниесі тапшы. температура төмендеген сайын СО2-ның ерігіштігі артатындықтан, карбонатты шөгінділер жылы суларда жиылады, ал суық суларда олар тұнбайды. Жер қыртысындағы бромның 75%-ы мұхит суларында. P, N, Sі сияқты элементтер геохимиясы үшін организмдердің тіршілік әрекетінің мәні зор.

Информация о работе Мұхит