Мұхит

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:37, реферат

Описание работы

Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды.

Содержание

Жалпы мәлімет...................................................................................2
Температурасы ..................................................................................4
Тұздылығы ..........................................................................................5
Мұхит суының химиялық құрамы ............................................6
Су айналымы .....................................

Работа содержит 1 файл

Мұхит.docx

— 46.76 Кб (Скачать)

Мұхиттану

Мұхиттану , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты гидросфераның бір бөлігі ретінде әрі физиялық, химиялық, геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен өзара күрделі байланыста өтіп жататын атмосферамен, литосферамен, құрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі – мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны, энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін, температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және мөлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың қосылыстарының мөлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да көрсеткіштерді өлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың, математиканың, химияның, биологияның теориялық тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады, электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету, мұхиттың астында және үстінде жүзетін кемелердің қауіпсіздігіне кепілдік беру, судың және мұхит түбінің биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір құбылыстарын зерттейді. Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық процестерді мұхит пен атмосфераның өзара әсерлесу заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін, құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен қойнауындағы өтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен теңіздің жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, онда өтетін биологиялық процестерді қарастырады.

Мұхит ластануы

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

 


Информация о работе Мұхит