Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:11, автореферат
Зерттеудің өзектілігі. Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру –ұлттық мәдениетті оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының бірі.
Болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлаудың компоненттері мен көрсеткіштеріне көп тоқталған себебіміз мақсат пен нәтиженің аражігіне байланысты. Яғни, арнайы ғылыми әдебиеттерде мақсат болжамдаған, күткен нәтиже ретінде қарастырылады. Ал, біз зерттеп отырған даярлық болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру процесінің нәтижесі ретінде қарастырылып отыр. Олай болса, қойылған мақсат бастапқы жағдай болып саналады, ал бұл мақсатты нәтижеге айналдыру үшін белгілі бір педагогикалық шарттар жүйесін анықтау қажет. Біздің жұмысымызда педагогикалық шарттар нақты жүйе мен ойларға негізделіп жасалған оқу материалдарынан алынып отыр.
Географиялық білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға дайын маманның кәсіби даярлығын ұйымдастыру үшін мазмұнды іріктеу әдіснамасын қайта қарау немесе білім беру парадигмасының ауысу фактісін тіркеу жеткіліксіз, білімдік кеңістіктің күйін анықтайтын білімдік-дамытушылық процесті ұйымдастырудың сәйкес формаларын, мақсаттарын қарастыру, қажетті оқу-материалдық базаларын құру, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеті барысында қойылған міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін педагогикалық технологияларды жобалау және енгізу сияқты барлық компоненттерін өзгерту қажет. Болашақ мұғалімдер оқушыларға географиялық біліммен бірге этнопедагогикалық білімді сабақтастырса, кәсіби даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету ерекше басымды мәнге ие болады.
Мамандардың кәсіби-педагогикалық даярлығын модельдеу мәселесіне арналған ғылыми жұмыстар мен диссертациялық зерттеулерді талдау, жинақталған материалды қорытуға және білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыру принципін есепке ала отырып болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделін жасауға мүмкіндік берді. Бұл модельді құруда болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруді есепке ала отырып, мұғалімнің кәсіби даярлығы сапасына қоғамның қоятын талаптары, мектепте оқылатын география пәнін этнопедагогикамен байланыстыруды ескере отырып, мұғалім даярлауды жетілдірудің негізгі бағыттары, кәсіби даярлықтың білімдер, іскерліктер түріндегі мазмұны және оқу процесіне этнопедагогика материалдарын кіргізу әдістері, географиялық білімді этнопедагогика материалдарымен байланыстыруға болашақ мұғалімді кәсіби даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету ескерілді (1- сурет).
Айта кету керек, біздің зерттеу жұмысымызда болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру және қалыптастыру айтылады. Қазіргі жоғары оқу орнының оқу процесінде болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық дайындығы этнопедагогикалық және этнопсихологиялық курстарын оқу кезінде қалыптасады. Бірақ, бұны болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыруда жеткіліксіз деп
санап, біз этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруді мақсат етіп қойдық. Осы мақсатқа жету үшін аталмыш даярлықтың компоненттерін қалыптастыруға бағытталған міндеттер қарастырылды. Осыған байланысты болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің принциптері анықталды.
Сурет 1 - Болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру моделі.
Бұл міндеттер мен принциптер негізінде болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіру жүйесі анықталды (2- сурет).
Бұл жүйенің мазмұны жалпыкәсіби, географиялық және этнопедагогикалық білімдерді қамтитын жоғары кәсіби білім стандарттары бойынша тағайындалған пәндер және практика бағдарламаларына қосымшаларды, арнайы семинар мен арнайы курстарды камтиды. Осы қаланған мазмұнды жүзеге асыруға толық мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны қадағалауды қажет етеді. Бұл технология жоғары оқу орындарының педагогикалық процесіне сай болуы және көрсетілген мазмұнды біртұтастық принципке негізделуі тиіс. Мақсатқа жетудің әр кезеңі оқытудың негізгі курсына сәйкес болу керек. Олай болса, болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдірудің төрт кезеңі анықталды:
Бірінші кезең – болашақ
мұғалімдердің
Екінші кезеңде «Туризм және өлкетану негіздері», «Геоэкология және табиғатты қорғау» пәндерінің оқу бағдарламаларына және оқу-далалық практика бағдарламасына қосымшаларды жасауды дұрыс көрдік.
Үшінші курста жоғары кәсіби білім беру мемлекеттік стандартына сәйкес, жалпы курстарды оқыту аяқталып, арнайы кәсіби пәндерді оқыту басталады. Арнайы пәндерді оқуда студенттердің дайындық деңгейін ескере отырып, алған білімдерін жүйелеу және жетілдіру мақсатында болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастырып және жетілдіру үшін «Этногеография» арнайы курсын құрастырдық. Сонымен бірге, 3,4 -кезеңдерде – «Топонимика», «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерінің, сол сияқты оқу-дала және педагогикалық практикаларының бағдарламаларына қосымшаларды енгізуді жөн көрдік.
Барлық оқу материалдарын мақсатты және жүйелі түрде кіріктіруде тиімді педагогикалық әдістерді пайдалану қажет болды. Бұндай әдіске «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы қолданылады, өйткені
ол оқытушылар мен
студенттердің еркін түрде
материалдарды сабақтастыра отырып меңгеруде үлкен көмек болатыны анық.
Жалпы, бұл жүйені жасау, болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлауды қалыптастыру және жетілдіру мәселесі бойынша жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің мүмкіндіктерін талдауына негізделді. Осыған орай, зерттеу барысында жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты қарастырған болашақ география пәні мұғалімін даярлаудың оқу пәндерінің барлық циклдері бағдарламаларына талдау жүргізілді. Көрсетілген проблемалардан барлық циклдегі оқу пәндері, жекелеген бағдарламалық тараулар, тақырыптар, тіпті болашақ география пәні мұғалімін этнопедагогикалық даярлаудың әртүрлі сұрақтарын шешетін оқу курстары үш топқа іріктелді: 1) бірінші топты болашақ география мұғалімін даярлаудың жекелеген тұстары мен сұрақтарын ашатын тақырыптар мен бағдарламалық тараулар, оқу пәндері құрайды; 2) екінші топты барлық мазмұнымен болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлауға ықпалын тигізетін оқу пәндері құрайды; 3) үшінші топқа болашақ география мұғалімін этнопедагогикалық даярлау бойынша этнопедагогикалық іс-әрекет дағдылары мен іскерліктерін шыңдайтын кешенді оқу – далалық және педагогикалық практикалар жатады.
Аталмыш жүйенің тиімділігін тексеру үшін эксперимент жұмысын ұйымдастырып, өткіздік. Үш кезеңдік экспериментке Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің география кафедрасының, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің география және экология мен оқыту әдістемесі кафедрасының, Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің дене шынықтыру және спорт секциясы мен биология және география кафедрасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық география және геоэкология кафедрасының студенттері, 20 оқытушы, география пәнінен сабақ беретін 33 мектеп мұғалімдері қатысты. Тәжірибелік жұмыстың мақсаты болашақ география мұғалімдерін этнопедагогикалық даярлауды жетілдіруде біз жасаған жүйенің тиімділігін анықтау болды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың айқындаушы кезеңінде студенттердің, география мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығының бастапқы деңгейін анықтау үшін әртүрлі диагностикалық әдістер қолданылды. Оның нәтижесінде болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығы жеткіліксіз деңгейде қалыптасқанына көз жетті.
Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңінде (барлығы төрт кезең) «Болашақ география пәні мұғалімдерінің этнопедагогикалық даярлығын қалыптастыру ерекшеліктері» атты оқытушаларға арналаған арнайы семинар өткізілді. Оқытушылар «Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіру процесі қандай деңгейде», «Оқу жоспарындағы қандай пәндер студенттің этнопедагогикалық даярлығын жетілдіреді», «Студенттер ұлттық мәдени құндылықтарды қаншалықты біледі», «Жоғары оқу орны жағдайында болашақ маманның этнопедагогикалық даярлығын жетілдірудің өзектілгі» атты арнайы тақырыптарда баяндама жасап пікірталасқа қатысты. Бұл кезеңде «Жалпы жер тану» пәнінің бағдарламасына қосымшалар енгізіліп оқытылды.
«Жалпы жер тану» курсы - оқу бағдарламасында алғашқы оқылатын пәндердің бірі. Пәннің негізгі мақсаты – жалпы планеталық табиғи кешеніндегі географиялық қабықтың құрылысымен, уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтармен кеңінен таныстыру. Жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық қабықтың (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера) өзара байланысын және табиғи ортаға әсерін танып біледі. Бұл курста қазақ этнопедагогикалық материалдарының мазмұны – географиялық қабықтағы табиғат, адам және қоғам арасындағы өзара қарым-қатынасын қоршаған орта туралы ұлттық ойтаным, әдет-ғұрып туралы білімдер жиынақталған. Студенттер халқымызыдың адамгершілік-имандылық мұраттарынан бастау алатын қоршаған орта, ондағы адамзаттың орны, табиғат құбылыстары туралы түсініктері мен көзқарастары жайлы көп мағлұмат алады.
Бірінші курстың соңында, алғашқы кезең аяқталған соң, практика кезіндегі білімдері байқалды, сауалнама, тестілік сұрақтар алынды, оның нәтижесі бойынша біздің анықтағанымыз, студенттердің этнопедагогикалық даярлығы байқалмайды, бірақ қосымшаларға байланысты түсініктері қалыптасқан.
Қалыптастырушы эксперименттің екінші кезеңінде «Туризм және өлкетану негіздері» пәні бойынша этнопедагогикалық бағыттағы қосымша бағдарлама ұсынылды. Пәннің негізгі мақсаты – өлкеміздің мәдени-тарихи жерлерімен таныстыра отырып, туризмді дамытуға қолайлы аудандары туралы білім беру. Пәнді этнопедагогикамен байланыстырудың маңыздылығы, өлкеміздегі тарихи-мәдени жерлердің табиғатының ерекшелігін халық педагогикасының мұраларымен байланыстыруда, жер-су аттарының қойылу ерекшелігімен, туризмді дамытуға қолайлы аймақтың ландшафтысына, климатына, табиғи ортасына ертеден айтылып келе жатқан көзқарастар, наным-сенімдер туралы түсініктеме беруде.
«Геоэкология және табиғатты
қорғау» пәнінің негізгі
Қалыптастырушы эксперименттің үшінші кезеңінде «Топонимика» және «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерінің оқу жұмыстық бағдарламаларына қосымшалар енгізіліп оқытылды.
Топонимика – қоршаған ортаның географиялық атауларының тарихы мен ішкі бірлігінің мазмұнын танып-білдіретін, оның негізін түсіндіретін ғылым. Географиялық атаулардан ғасырдан ғасырға үзілмей келе жатқан халық шығармашылығы анық байқалады. Ерте уақыттан бері географиялық жер атаулары адамзатқа қызмет етіп келеді, адамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени қажеттілігін қанағаттандырып, географиялық пайымдауларын нақтылауға көмектеседі. Топонимика пәнін оқытудың негізгі мақсаты – географиялық атаулардың шығу тегін (этимология) және мағынасын (семантика) ашу арқылы студенттердің географиялық танымдық білімін кеңейту. Студенттер пәнді оқып үйренуде топонимиканың тарихи кезеңдеріндегі халықтың тұрмысын, қоныс аударуын, тілдердің таралу ареалдары мен эволюциясы жөнінде тарихи этнографиялық мәліметтерге сүйене отырып игереді. Топонимикалық оқу-карталары мен оқулықтары географиялық атаулардың мағынасын дұрыс түсініп, нақтылы түрде игеруде қызығушылық тудырып, ізденуді талап етеді, әр елдің көне тарихын, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын бағалауға, жер атауларының өзгеру себептерін анықтауда, географиялық атауларды іздестіруде студенттерді шығармашылық зерттеу жұмыстарына үйретеді.
Қазақстанның физикалық географиясын оқыту барысындағы басты мiндет табиғат компоненттерiнiң өзара байланысы мен өзi тұрған жердiң табиғаты туралы дүниетанымды қалыптастыру болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасындағы асыл мұраларының бірі – табиғатқа деген аса зор қамқорлығы. Халық ұғымында «табиғат», «туған жер», «өскен ел», «атамекен», «ауылым» деген ұғымдар бар. Тәрбиелік мәні жоғары ұғымдарды физикалық географияны оқытуда пайдаланудың үлесі зор. Осы мақсатта Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда қазақ халқының қоршаған ортаны танып білу, табиғатты қорғау дәстүрін, ұлттық құралдарын сәйкестендіре пайдаланудың тиімділігі бар.
«Этногеография» арнайы курсымен үшінші кезеңде танысты (2- кесте). Курстың негізгі мақсаты – Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін терең оқып білу, жалпы халықтың тәлім-тәрбиеге негізделген шығармашылық және көп ұлтты бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыру, ғылым мен техника жаңалықтарына ілесер жан-жақты тұлғаны дайындау. Бағдарламаның негізгі ұстанымдары: оқу-тәрбие процесінің гуманистік бағыттылығы; табиғилығы; мәденилігі; тәрбиелік ықпалдың бірлігі (жоғары оқу орны – отбасы – қоғам).