Қарашығанақ кен орнын тиімді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 09:53, дипломная работа

Описание работы

Қарашығанақ мұнай газ конденсатты кен орыны 1984 жылы өнеркәсіптік өңдеуге кірістірілген. Тәжірбиелік кәсіпорынды пайдаланымға беру кезінен бастап қазіргі таңға дейін өңдеу пайдаланымында. Кезекті себептердің қатарымен өңдеу жоғарғы өнімді бөлініп шығулардан басталды. Содан соң, терең ұңғымалардың санының өсуімен байланысты ІІ және ІІІ пайдаланым объектілерін, сұрыптаулардың қайта бөлуінде орта карбон шөгіндісінен өнімді алудағы шығуларылудың артуымен ашты. Ішінара мұнайдың ІІІ объектісі өңделумен ашылуда. ІІ және ІІІ объектілердегі пайдаланым қорындағы ұңғымалардың саны І объекттің қорын екі есе жоғарылатып, яғни соған байланысты өнімділігін бір жарым есеге дейін жақсартады

Работа содержит 1 файл

ТЕОРИЯ И ТЕХНИКА.doc

— 1.49 Мб (Скачать)
justify">      Төменде орналасқан шөгінділер Бузулук ойпаты, Шығыс - Орынбор   және Соль - Илецк тұз күмбездері аудандарына байланысты бөлінеді. 

      Шығыс - Орынбор тұз күбезі маңайларында іргетас 4.1 км   тереңдігінде ашылған. (Землянская ауданы) Соль - Илецк тұз  күбезінде  (Росточинская), Бузулук ойпатында (Зайкинская), 4,5 - 4,7 км тереңдікте ал  Булатов дөңесінде 5260 м. тереңдікте (П - 9 Чинаревская ұңғысы) ашылған.  

      Іргетас гранитті жыныстардан құралған, оның жасы архейлік-ортапротерозойлық.

      Сейсмобарлау  нәтижесіне қарай отырып, жоспарланған жұмыс  орындарында іргетас жату жадайы (горизонт «ф») шамамен 7 - 9 км құрайды.

      Жергілікті  таралу осы ауданды екі үлкен  комплекс рифей және венд   комплекстерінен  тұрады. 

      Рифей комплексі Волга - Урал антиклизасында архей протерезой   магмамоторфтық жынысты іргетастан тұратын массивтерін бөліп жатқан  опырықтарда (грабен) дамыған.

      Рифей шөгінділері 300 - 400 м тереңдікте Үлкен - Өзен, Рожков,  Землянская аудандарында ашылған. Комплекстің қалыңдығы  қолда бар  сейсмоборлар деректеріне  сүйенсек 1000 м шамасында. 

      Венд  терригенді комплексі бұрғылау арқылы Шығыс - Орынбор тұз  күмбезі маңында  ашылған. Комплекстің қалыңдығы 600 – 800 м құрайды.  Шөгінділер іргетас  трансагрессивті жатқан немесе рифей  шөгіндісі сұры   түсті құмтастармен және аргилиттермен қосылған карбонатты жыныстар  қабықшаларынан тұрады.

       Қарашығанақ ауданында, сейсмобарлау нәтижесіне байланысты   фундаментпен және қарастырылған «Пэ» горизонтының арасы 2 км-ге  жетеді.

    

      Бұл жоспарланған қимада тек девон ғана емес және де көптеген ескі,  соның ішінде рифей - вендтік шөгінділердің бар екендігін дәлелдеуге болатын шешімдер шығаруға негіз болады.

      Ордовик шөгіндісі Шығыс - Орынбор тұз  күмбезінің шығысында және   оңтүстігінде, Соль-Илецк тұз күмбезі маңында  және оларды бөліп тұрған  ойпатта  анықталған. Табылған шөгіндінің максималды қалыңдығы ұңғы 1  арқылы ашылған.

      Қызыл Яр Соль - Илецк тұз күбізінің  көлденең тұсында ордовик  шөгінділерінің скважиналары 2020 м-ден асып және толық  қуатымен оларды  әлі ашып үлгерген жоқ. Шығыс - Орынбор тұз күмбезінің оңтүстігінде және  шығысында да силур шөгіндісі ашылған, оны максималды қалыңдығы 40 м-ді құрайды.

      Төменгі палезой шөгіндісі тығыз құмтастардан және сұр түсті   аргилиттерден  құралған.

      Қарашығанақ ауданының қимасында шамамен 1000 м.   қалыңдығындағы төменгі плезой шөгінділерінің бар екендігін мөлшерлеуге   болады. 

      Қарашығанақ кен орнында терең бұрғылау кезінде тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендерінің шөгінділері ашылған.

      Девон шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерімен берілген. Орта бөлімі: Ортадевон шөгінділері эйфель және живет ярустары көлеміндебірлік ұңғыларымен (15, Д5) ашылған. Эйфел ярусы төменгі жағында аргеллит қара, жоғары қарай ізбестас және тығыс, микро жіңішке қабатшалы аргелликтер. Ярустың ашылған қалыңдығы 59 метр. Живет ярусы – қалыңдығы 64 метр. Жоғарғы бөлім: Жоғарыдевон шөгінділері тек фамен ярусымен берілген.

      Жоспардың уақытын құрастыру үшін тек бір  ғана іздеу ұңғымасы Д – 5 -пен  ерте девон жасындағы шөгінділерді ашқан 6245 - 6248 м интервалынан алынған  керн - аргилиттен және қара – сұры бурыл түстен құралған.

      Төменгі девон шөгіндісі шамамен 30 м қашықтықты құрайды.

      

Живет ярусы шөгінділері қара - сұры тіпті  қара әктастардан жиі  органогенді  аргилиттерден құралған. Сонымен  қатар қиманың жоғары   жағында 3 мм жететін ашық - сұры ұсақ кристалды әктастар қабықша   ретінде орналасқан.    Төменгі - орта фаменді бөлшектенбеген шөгінділер стратиграфиялық   үзілістермен орта девон шөгінділерін жауып жатыр. Нақты толық қима 15 -ұңғымасында зерттелген.

      Бұнда сұры және қара - сұры органогенді  түйіршікті әктастар және қара түсті ұсақ кристалды доломиттер қабықша    ретінде кездеседі.

      Әктастарда  көп мүшелі бір камералы фораминиферлер, криойд  мүшелерінің кесектері  кездеседі. Ерте - орта фамен ярусы бір камералық  форминифер комплексі бойынша тұрақталады.  Максимал қалыңдығы 368 м. (ұңғыма  15) 

          Жоғары фоменді шөгінділер келісім бойынша төменгі - орта фамен   шөгінділерін жауып жатыр. Олар орталық батыс және шығыс бөліктерінен -кристалды әктастар бар жерлерінен ашылған. Тек кен орнының оңтүстік  бөлігінде әктастар қосымша мәнде есептелінеді. 

      Төменгі бөлімі жоғары фамен шөгінділерінде турней ярусымен берілге. Қалыңдығы 80 метр. Орта бөлімі краснополян горизонтымен берілген, қалыңдығы 9 дан 55 метрге дейін. Пермь жүйесі ұңғылармен ашылған, қиманың негізгі бөлігін алып жатыр. Төменгі бөлімі: Ассель ярусы (известняк, доломит), қалыңдығы 290-390 метр. Сакмар ярусы 5-25 метр, Артин ярусы 15-280 метрге дейін, Кунгур ярусы: төменгісі ангидритті 4-20 метрден 300-ге дейін. Жоғарғысы тұзды – қалыңдығы 3178 метрге дейін. Жоғарғы бөлімі: Уфим ярусының шөгінділері (84-1252-1630 метр), Қазан ярусы: төменгі литологиялық пачка қалыңдығы 138-299 метр, жоғарғысы 192-1118 метр, Татар ярусы 700-1925 метр.Асссель ярусы – үш түрлі қима негізінде құралған.

      Бірінші - биогермді әктас. Екіншісі - дөңес  биоморфты – детритті  әктастар. Үшіншісі - терең сулы, қара битуминозды  жыныстар. Ассельде   шөгінділердің  максималды қалыңдығы 557 м–ге дейін  жетеді, дөңес түрі  42м-ден 216м-ге дейін барады. Терең сулы ассельді артин шөгінділерінің     жалпы қалыңдығы 20 м-ден 40м-ге дейін болатындары ярустарға бөлінбейді. Сакмар ярусы - рифті фацияларында сұры әктастардан, дөңес  түрлерінде органогенді детритті және пемитаморфты әктастардан тұрады.  Бірінші түрінің қалыңдығы 23м-ден 30 м-ге дейін, ал екіншісінікі 15 м-ден  56 м-ге дейін ұзарады. Артин ярусы – рифті және дөңес қималар негізінде екі подярусқа  бөлінеді: төменгі және жоғарғы артиндік болып. Біріншісі екі түрлі рифтің  қимасынан (биоморфно - детриттік әктастар) және дөңес түріндегі (екінші  даламиттер). Бұлардың қалыңдығы 90 м-ге дейін жетеді. Екіншісі   литологиясы жағынан бірінші подярусқа ұқсас. Артин шөгінділерінің  биогенді түрінің қалыңдығы 143 м-ден 303 м-ге дейін, ал дөңес түрінде 5 м-ден 217 м-ге дейін өзгереді.  

     Конгур  ярусы - толық қималарының төменгі  қабаттарында карбонат  сульфатты  сұры, көкшіл сұры ангидриттер доломит  қабықшаларымен,   жоғарғы жағында  тұзды тас тұздарымен және тұзды  терригенді  жыныстармен құрастырылған. Алғашқысының қалыңдығы 1 м-ден 300 м шамасында, ал тұзды шөгінділер 172 метрден 3028 м-ге дейін ұзарады. 

     Бөлімнің  шөгінділері уфимдік, қазандық және татар ярустары белгілі  шарттармен анықталған. Олар қызғылт, қоңыр сұры саздармен және тұз,  гипс, ангидрит ұяшықтарымен көмкерілген. Уфим ярусының қалыңдығы 84  м-ден 1630 м-ге дейінгі қашықтықта. Қазан ярусы – 138 м-ден 180 м-ге  дейін, ал татар ярусы 700 м-ден 1925 м-ге дейін ұзарады.   

     Триас жүйесінің шөгінділері жыныстың терригенді қалыңдығымен,  ұсақ бөлшектерге  бөлінбейтін қасиетіне ие.

     Юра жүйесінің шөгінділері: орта бөлімі (песчанник, құм, саз, құмтас) – 121 - 392 метр; жоғарғы бөлімі: Волж ярусы (сазды  мергель, фосфорит), шөгінділер қалыңдығы 53 - 132 метр.

     Мел жүйесінің шөгінділері: төменгі  бөлім – валонянин, готерев, баррем және апт ярустарымен берілген. Волонянин – готорев ярусының қалыңдығы 13 - 44 метр (саз, мергель және фосфорит). Баррем ярусы (қара саз, мергель, сидерит) – 24 - 80 метр. Апт ярусы (қара саз, сидерит, мергель, фосфориттары бар құм тастар), қалыңдығы 76 метр.Неоген жүйесі жоғары бөліммен (плиоцен) берілген, оның шөгінділерінің қалыңдығы 20-125 метр (сұр саз, құм, құм тастар, алевролит).

1.5. Тектоника

 

      Қарашығанық кен орны тұз асты палеозойдың  ірі көтеріліміне негізделген. Ол Қарашығанық  – Қобланды зонасында, Каспий ойпатының солтүстік зонасының ішкі жағында орналасқан. Мұнда үш құрылымдық комплекс көрінеді. Төменгі құрылымдық летологиялық комплекс Артин ярусына дейінгі бүкіл ежелгі шөгінділер қимасын, ортаңғысын – кунгур – сульфат – галоген қалыңдамасын, жоғарғысы – жоғарғы пермь және триас құрылымдарын қосып алады.

      Төменгі құрылымдық комплекс палеозойдық, тектоно  – седиментациондық құрылымдық формасымен ерекшеленеді. Құрылым өлшемдері  жоба бойынша 15*30 км. , биіктігі 1600 метр, комплекс жабындысының минималды тереңдігі 3680 метр.

      Кунгурдың жоғары пластикалық қалыңдамасынан тұратын орта құрылымдық – литологиялық комплексте күрт дисгормониялық құрылымдар құрылған. Солардың ішіндегі: тұзды  антиклинальдар, ассиметриялы диапир құрылымдары, тұзды штоктар, күмбездер және күмбез аралық дипрессиялар. Кен орында үш тұзды құрылым бар: Қарашығанақ тұз көтерілімі – солтүстікте, Сухореченск тұзды күмбезі – оңтүстік – шығыста, Қоншыбай тұз күмбезі – оңтістік – батысында.

      Жоғары  құрылымдық – литологиялық комплекстік құрылымдардың формаларының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жоғары пермь және триастың қызыл түсті қалыңдамасында пайда болған. Кен орын жүйесінде үлкен Қарашығанақ күмбез аралық мулдасы дамыған, ол Қарашығанақ, Қоншыбай және Сухореченск тұзды күмбездерінің арасында орналасқан. Қарашығанақ күмбез аралық мульдасының өлшемі 5*20 км., максимал қалыңдығы 3500 – 4871 метр құрайды.

      Ең  жоғарғы қиманың бөлігі – неогенді және төрттік жайылым бұрышының  келіспеушілігімен бұдан ежелгі басқа шөгінділерді жабады 

     1.6. Мұнайгаздылығы

 

   Каспий ойпатының солтүстік аудандарында мұнайгаздылықтың негізгі перспективалары тұз асты палеозоймен байланысты. 1979 жылы прибортовой зонасының ішкі бөлігімен Қарашығанақ ауданында, П – 10 ұңғысында төменгі пермь шөгінділерінен, 3908 метр тереңдіктен газ фонтаны алынған.

      Қаршығанақ  кен орнында барлау және эксплуатациялық  ұңғыларында жүргізілген комплексті газодинамикалық және газоконденсатты  зерттеулер ашылған төменгі пермь  және карбон карбонатты қимасының өнеркәсіптік өнімділігін дәлелдеді (5217 метрге дейін 13 ұңғы). Жалпы кен орын бойынша бұрғылаумен дәлелденген көмірсутектер қаныққан жыныстар этажы 1557 метр (3660-5217 метр).

      Негізгі мұнайгазконденсат кенінінің астында  №15 ұңғысы 5630-5757 метр интервалында, орта девон шөгінділерінден мұнай кеніші ашылды. Орта девон кенінің дамыту кен орнының орталық бөлігінде және негізгі мұнайгазконденсат кенішінен солтүстікке қарай негізделген.

      Стратиграфиялық жағынан ең зерттелгені пермь  шөгіндлері. №112 ұңғысынан мұнай 3528 метр тереңдіктен алынған.

      Мұнай жиналымдары мұнайға қаныққан жарықшақты ашық - сұр  түсті ангидриттерге  негізделген. Мұнайға қаныққан кеуектілігі 6,5% құрайды.  

      Ирен  горизонтының сульфатно – карбонатты жыныстарында мұнайға қаныққан жыныстардың  бар екендігі №6, 12, 17, 2Д, 100, 101, 109, 126, 622, 625 ұңғылары бұрғылау кезінде дәлелденді. Бұл кезде бұрғылау сұйығында мұнай қабыршағы пайда болған.

      Филиппов  горизонтының сульфатно – карбонатты шөгінділерінде газдылық №30 ұңғысында  дәлелдеген. 4755 – 4765 метр аралығынан дебитті 47,7 мың м3/тәулік газ, және дебиті 47,5 мың м3/тәулік конденсат арыны алынған.                               

      Кен орында таза күйінде қабат сулары алынбаған. Бірақ №13 ұңғыдан алынған  мұнай және сұйық қоспасы негізінен қабат суынан тұрады -70-80

(5202-5217 м.). 5125-5190 метр интервалынан сусыз мұнай алынған. 

      Кәсіпшілік  және лабораториялық зерттеулер мәліметтері  бойынша Қарашығанақ кен орны мұнайгазконденсатты болып саналады.

 

1.7. Гидрогеологиялық мінездеме

 

     Қарашығанақ кен орнын тергейтін жер асты сулары Солтүстік – Касий су арынды жүйесінің қосалқы элементі болып табылады.

     Көтерілімнің  геологиялық қимасында екі ірі  гидрогеологиялық этажға біріккен, кунгур ярусының хемогендік құрылыстарының күшті  регионалды су ұстарымен бөлінген сулы горизонттар сериясы бөлінеді.

     Жоғарғы этажжоғарғы пермьнен неоген – төрттік  шөгінділерді қосады. Бұлардың жалпы  қалыңдығы күмбезаралық мульдалар  шегінде 3604-4485 м.

     Бұл қалыңдықтың сукүкіртті жыныстары  сазбен араласқан әр түрлі қуатты құмдыжыныстар пачкаларымен берілген. Триас шөгінділері ең құмды болып келеді, олардың сүзгішті – сыйымдылық қасиеттері жоғары: кеуектілігі – 25-30%, өткізгіштігі – 606,8*10 м2-қа дейін.

Информация о работе Қарашығанақ кен орнын тиімді пайдалану