Кумкольское месторождение

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:32, дипломная работа

Описание работы

В данном дипломном проекте рассмотрены основные аспекты, осложняющие работу добывающих скважин в условиях месторождения Кумколь. Подробно предлагаются методы борьбы с пескоролвением в реагирующих скважинах. Приводится гидравлический расчет промывки забойных песчанных пробок в скважину.
Определена точка безубыточности работы НГДУ «Кумкольнефть». Дан анализ состояния охраны труда и окружающей среды.

Содержание

КІРІСПЕ ...........
1 Техника – технологиялық бөлім ...........
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат ..........
1. 1-сурет. Ауданның шолу картасы ..........
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру тарихы...........................
1.3Стратиграфия.....................................................................................................
1.4Тектоника ...........
1.5Мұнайгаздылығы ...........
1.6 Сулылығы .........................................................................................................
1.7 Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнініде қысқаша мәлімет................................................................................
1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы ...........
1.9 Құмкөл кен орнын 1 -объектісінің мұнай, газ және су өндірудің
өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау ............
1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері ............
1.11 Су дайындаудың техника-технологиясы ..........
1.2 Құм тығынының сумен жуғандағы
гидравликалық есебі ...........
1. 1-кесте. 15 жылда мұнай өндірудің өзгеруі ..........
1.1- кесте. 15 жылдағы су ендірудің өзгеруі ...........
2 Экономиқалық бөлім ............
2.1. "Құмкөл мұнай" МГӨБ-ң сипаттамасы...........................................................
2.1 - сурет. "Құмкөл мұнай" МГӨАҚ-ның өндірістік құрлымы..........................
2.2. Техникалық басшылық органдары ..................................................................
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника
экономикалық көрсеткіштерді талдау .............................................................
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау ..............................................
2.1 кесте - Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау .............................................
2.5 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі ..................................................
2.2 кесте Технико-экономикалық көрсеткіштер ..................................................
2.3 кесте - Жылдық экономикалық тиімділік көрсеткіштері ..............................
2.1 графигі — Экономикалық тиімділік нүктесі ..................................................
3 Еңбекті қорғау бөлімі ..............................................................................................
3.1 Құмкөл кен орнында игеру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды
таңдау...................................................................................................................
3.2 Құмтығындарымен күресудегі қорғаныс шаралары.......................................
4 Қоршаған ортаны қорғау ........................................................................................
4.1Негізгі қойылатын талаптар ...............................................................................
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы ........................................................................
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар ..................................................
4.4 Гидросфераны қорғау ........................................................................................
4.5 Литосфераны қорғау шаралары ........................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................
Әдебиеттер тізімі .....................................................

Работа содержит 1 файл

Kumkol_ken_orny.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4) өнімді горизонтгар  айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.

1190-1322 метр  аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен "минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.

Сұйық пен  газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.

Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай тұрғанда қабат  қысымының мөлшері сол кеніштің тереңдігіне тәуелді   болады.   Жоба   бойынша   ол   төмеңдегі    формула   арқылы табылады:

                                                   Pпл = Hρg

Мұнайдың  физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлы. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Химиялық  жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің  метандық, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарының қоспаларынан тұрады.

Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 т/тәу. Қабат  қысымы шамамен 8 МПа.

Құмкөл мұнайының  тығыздығы - 821 кг/м3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар - 5,9 пайыз.

1.6 Сулылығы

Құмкөл кен  орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш және 2 ашық оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.

Ұңғылау нәтижесінде  терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық, құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арыскұм аймақтарында протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш комплекстері айқындалған.

Құмкөл 2 ұңғысын  сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-1503 метр аралығында минералдағы 76,6 г/дм су ағыны алынды.

Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында 69,2 г/дм -ге дейін  бромы бар.

Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра  шөгіндісінен су бергіштік горизонты  зерттелген.

Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы жоғары, бұл қабат сүзгіштік  қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып табылады.

Жоғарғы юра  шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр түсті сазды қабатпен бөлінген.

Су орналасқан    жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының мінездемесіне  сәйкес  келіп,  олардың өзара  байланыстарын тағы да дөлелдейді.

Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының  сулары ағынды. Сынақ интервалдары динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5 тәулікке дейін).

Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1  және М-2 субергіш горизонттары кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.

Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты  дамыған сазды жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды  қабат аралығын қосқанда комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді. Апт-альб субергіш шөгіндісінің кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен мінезделіп, комплекстің жоғарғы белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің жоғарғы бөлігінде су тұщылау болуы мүмкін.

Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде қолдануға болады.

Жоғарғы альб-сеноман  шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен  таралған. Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен  ала саздардың ішіндегі аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46 метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 т/тәулік.

Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан. Суы тұздылау, минералдығы 1,7 г/дм3.

Төменгі туран-сенонды  субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-сұр және сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 г/л.

Палеогенді, неогенді 1/4 субергіш шегінділері аудан  бойынша анықталған.

Шаруашылық  және ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады. Апт-альб горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстап тұру үшін қолдану ұсталған.

  1.7   Құмкөл кен орнын игерудің  тарихы және қазіргі жағдайы

жөніндегі қысқаша мәлімет кен орнын  игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары

Мұнай кен  орнын игерудің жобасын жасаған  кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте  болуы керек.

Құмкөл мұнай  кен орнында газды мұнайлы  қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы  бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы  алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын  игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25млн   тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен  газ өндіру және су айдаудың өзгерісін  талдау Құмкөл мұнай кен орнының  игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.

1992 жылы 1993,04 мың тонна сүйықтың 1318,5 мың тоннасы  мүнай сулануы 3,26%, газ өндіру 87,59 млн м болады.

 

1993 жылы "Южказнефтегаз"  өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 1677,5 мың тонна, газ өндіру 111,73 млн м3 болады.

Мұнай фонтандық  және штангілі терең сорапты тәсілдермен  өндіріледі. Терең сораптың НСН-95, 44; 30, 15 жэне НСН-25, НСН-57, 30 түрлері қолданылады. Жыл басынан бері 3 қондырғы тобы іске қосылды (ГУ-8, ГУ-14, ГУ-16) және 2 өлшеу қондырғысы.

2000 жылы 23 жаңа  ұңғылар енгізілді (НН 1004, 2056, 2057, 1015, 2050, 2054, 2055, 1005, 1006, 1007, 2025, 2026, 2027, 2034, 2035, 2036, 1002, 1003,1012,2018,2019,2011).

Механикаландырылған тәсілге 11 үңғы аударылды: NN 347, 150, 1013, 346, 343, 134, 124, 342, 1009, 135, 340.

1993 жылы су  айдау 1207,620 мың м3 болды. Игеру  басынан бері 1922,825 м3 . Айдауға керекті  судың 3613,6 мың м3 жетпейді, яғни 64,6% сулану 4,8%.

2002 жылы кен  орны бойынша 1805,623 мың тонна  мұнай, 125,7 млн м3 газ және 1925,6 мың  тонна сұйық өндірді. Кен орны  бойынша өнімнің орташа сулануы  70% құрады. Осы жылдың ішінде 5 топтық  қондырғы орташа тәуліктік шығымы 2-объект бойынша 37,5 тонна және 3-объект скважиналары енгізілді.

120 ұңғының  тәуліктік өнімі 5679 мұнайды кұрайды.  Бір ұңғының орташа    тәулік   шығымы   35   тоннаға   есептелген.   Яғни, шығымның жобадағы   деңгейден   жоғары   болуы   44%   құрайды.  Жобаға сәйкес мұнай өндірудің жылдық көлемі 1800 мың тонна. 187 өндіру ұңғылардың тұрғызу қарастырылған.

2001 жылдың  аяғында  өндіріс    объектілерін   тұрғызу   93,3% құрады. Қабат   қысымын  ұстау үшін, игерудің   технологиялық   схемасы қарастырған үш игеру объектілеріне, тоғыз нүктелі схема бойынша қабатқа су айдау жүргізіледі. Қазіргі барлық су аңдау қоры 44 ұңғыны құрайды. Су айдау, су бөлу пункті арқылы (ВРП) СБП, бір ББСС (БКНС), 3 сорап жұмыс істейді, шығу қысымы 10,7-10,8 МПа құрайды.

Жылына ұңғылар  бойынша қабатқа айдаған су көлемі 2-кестеде көрсетілген. 1-объектіге су айдау ұңғылары (НН 24, 101, 102, 103, 104, 1001, 1008, 1021) арқылы жүзеге асады және 30 өндіру ұңғылары әсер етеді.

Айдау аймағынан  алысырақ жатқандықтан 2 және 3 қатардағы (NN 1015, 1014, 1009, 1010, 1004, 1005, 1006, 105) ұңғылары әсер аймағынан тыс қалады. 1999 жылдан бері 3-объектіде бар болғаны 3 айдау ұңғылары (NN 303, 3001, 3008) жұмыс істейді және айдаумен 13 өндіру ұңғылары қамтиды. 1999 жылы бойында қабатқа 296,352 м3 су, ал игеруден бастап 5314,44 м3 су айдалған. Жылына мұнайлы қабаттарға бар болғаны 2013,635 м3 су айдалды.

Объектілер  бойынша алуды қайтару ретіне 78,8; 58,3; 82,3% құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай прафилакти-калық шаралар  жүргізілді. Ыстық мұнаймен өңдеу (934 рет), ыстық сумен (40 рет) және штуцерлер мен шығу желілерін ыстық бумен тазалау. Ұңғы шығымының кен орнында азаюына себеп, парафиннің көтергіш құбырдың (НКТ) бойына жиналуы, су мен газ пайда болуымен, ұңғы түбіне құм жиналуда. Жер асты ұңғы жөндеу бригадасы мұндай жағдай кезінде ұңғы түбін жуып, құмдардан тазартады.

Кен орны бойынша  мұнай өндіруді арттыру негізінен  жаңа ұңғыларды енгізу арқасында  болады. 2001 жылы пайдалануға 95 өндіру ұңғысы берілді. Олар бойынша өндіру 462,527 мың  тонна мұнайды құрайды.  Ал  игерудің  көрсеткіштерінде  мұнай  өндірудің төмендеуі

көрінеді. Бұл  сол уақыттағы Сібір жеңіл  мұнайының келмеуіне байланысты ұңғылардың бір бөлігін (2-объектте) тоқтатуға мәжбүр болды. Өйткені  Құмкөл кен орнының мұнайы қою, сондықтан  Сібір жеңіл мұнайымен араластыру керек. Қаңтар айы бойынша 89 мың тонна мұнай және 95,77 мың тонна сұйық алынады. Ол 2000 жылдың алдыңғы айларынан өндіру деңгейі екі есе төмен.

Айдау ұңғыларының  орташа қабылдағышы 2,94 м /тәу болғанда,

қабатқа су айдау 218,6 мың м3 болды. Бұл кезде су айдаумен өндіру 161,4% құрады. Наурыз айында 1-объектінің сулануына байланысты және қысымның көбеюіне байланысты, ұңғы төңірегінің қабылдауы нашарлап, көптеген ұңғыларда сулану артты. Соның есерінен "Мұнай газ ғылыми зерттеу және жобалау" институтының ұсынысы бойынша су айдау тоқталды.

Сәуір айынан бастап, тоқтатылған ұңғыларды жұмысқа  қосуға байланысты мұнай өндіру өсе  бастады. Оның өзінде мамыр айында 194,7 мың тонна деңгейіне жетіп  тұрақтанды. Мұнай өндірудің одан әрі өсуі, ай сайын 5-15 аралығында жаңа өндіру ұңғыларының іске қосылуына байланысты болды.

2002 жылы айдауға  10 жаңа ұңғы енгізілді, оның  ішінде 1-объектіде 2 ұңғы (N 1009, 1017), 2-объектіде  5 ұңғы (Ш 2012, 2061, 2075, 2078, 2802) және 3-объектіде  3 ұңғы (NN 3015, 3017, 3023). Жұмыс істемей тұрған қордан 3 ұңғы іске қосылды.

1.8 Скважина қорларының өзгеру динамикасы

Құмкөл кен  орны бойынша 2001 жылы пайдалану қоры 256 ұңғы болды. Оның ішінде істеп тұрғаны 138, істемейтіні -29, меңгеру және тұрғызуда -25. Істеп тұрған ұңғылар саны: 1-объектіде - 31, 2-объектіде -30, 3-объектіде 17. 2001 жылы 18 өндіру ұңғысы енгізілді. Жоспар бойынша - 50, механикаландырылған тәсілмен 24 ұңғы аударылды.

Пайдалану қоры фонтандық тәсілмен өндірілді. Ол қабат  қысымының, онымен қоса қабат энергиясының төмендеуіне әкеліп соқты.

2002 жылы пайдалану  - 295, істеп тұрғаны - 141 ұңғы, 84 ұңғы  фонтандық тәсілмен, ал 57 ұңғы механикаландырылған  тәсілмен өндіреді. Бір ұңғының  тәуілігіне беретін орташа шығымы - 54 тонна. 2 және 3 объектілерде күнделікті  қабат қысымы 9,7 МПа түсті, оның өзі сұйықты алу қарқынына, су айдау арқылы жетпей тұр. Өйткені, тұрғызу объектілері қанағатсыз жұмыс жасауда.

Ал 2002 жылдың қаңтарының бірінші жұлдызыңдағы пайдалану  қорына келетін болсақ, осы уақыт  ішінде 160 ұңғы өнім беріп түр, 101 ұңғы фонтанды, 59 ұңгы механикаландырылған тәсілмен жұмыс жасауда. Меңгеру мен тұрғызуда 80, оның ішінде 47 ұңғыда көтергіш құбыр мен фонтанды қондырғы жетіспейді. Жүмыссызы - 8 ұңғы, өйткені қабат қысымдары қаныққан қысымнан төмен. Консервацияда 50 ұңғы, оның 30-ы жинау қондырғыларынан қашық болғандықтан консервацияланған 20 пайдалану ұңғылары. Оның 10-ы (NN 240, 244, 2070, 2080, 242, 330, 336, 400, 431) меңгерген кезде таза газ шыққан. Сосын 10 ұңғы (NN 1013, 1002, 1003, 152, 240, 2046, 347, 345, 340, 2059) нұсқа үстінде болғандықтан 100 пайыз суланған.

Су айдау  қоры 50 ұңғыдан тұрады, оның ішінде істеп тұрғаны 24 ұңғы, қалғандары әртүрлі  себептермен тоқтап тұр. Су алатын ұңғылар  саны 10, бірақ оның 5-6 ғана тұрақты  жұмыс істейді. Құмкөл кен орнында 2002 жылдың аяғына дейін 457 ұңғы бұрғыланды. Жобамен салыстырғанда 86,3%> кұрайды. Сол қазылған ұңғылардың 296 - пайдалану, 77 - айдау, 2-газды қабатқа қазылған. 3 бақылау, 15 - су алатын 20 - барлау жэне 2 уақытша тоқтатылған ұңғылар.

Пайдалануға берген 457 ұңғы орнына 2003 жылдың аяғында шын мәнінде жұмыс істеп тұрған 415 ұңғы, 289 фонтандық тәсілмен және 126 механикалық тәсілмен жұмыс істейді. Қалғандары жұмыс жасамай тұрған 28 меңгерулер және тұрғызылған 15 ұңғы. Әр түрлі жағдаймен 43 ұңғы тоқтап тұр, оның өзі пайдалану қорының 16,6% процентін құрайды. Жұмыс істемей тұрған 28 мұнай ұңғысы, оның ішінде 21 фонтандық және штангалы терең сорапты тәсіліндегі 28 жұмыссыз тұрған ұңғының 17-сі газ факторының көбеюіне байланысты тоқтап тұр. Оның 4 ұңғысы (NN 1002, 1030, 2004, 2005) өнімнің азаюына байланысты механикалық тәсілге көшіруге мәжбүр болып тұр. Өндіретін 2 ұңғы фонтадық өндірудің азаюына байланысты айдау ұңғысы көшірілді. 2001 жылы айдау қорында 57 ұңғы, оның 37-сі нақты жұмыс жасап тұр. Тұрғызуды күтіп тұрғаны -16, жұмыссыз тұрғаны -4 (NN 100,301,302,304).

NN 100, 301, 304 ұңғылары  апатқа ұшырауларына байланысты  тоқтап тұр. Жұмыс істеп тұрған  өндіру ұңғылары. Мұнай шығыны  бойынша таралуы келесі түрде  көрінеді: кен орны бойынша барлығы  -408 өндіру ұңғысы, оның ішінде 52 ұңғының шығымдылығы 10 тонна/тәу дейін, 11-ден 30 тонна/тәулікке дейін 91 ұңғы, 31-50 тонна/тәу 50 ұңғы, 51-70 тонна/тәулікке дейін 80 ұңғы, 20 ұңғы 71-90 т/тәу, 90 тонна/тәуліктен жоғары 8 ұңғы. Игерудің басынан бері кен орны бойынша 610092,3 мың м3 газ өндірілді, оның ішінде 1-объект бойынша

- 42273,9 мың  м   , 2-объект бойынша - 379592,9 мың м , 3-объект бойынша - 179923,9 мың м3, 4-объект бойынша - 8301,6 мың  м3. Қабаттағы қысым мен газды фактордың өзгеруі.

Кен    орнында   бірінші    қатардағы    аудандарда   мұнай   өндіру ұңғылары жылына 395 жэне 701 мың тонна мұнай береді. 2001 жылы бұл аудандарда кен орындарын игерудің технологиялық схемасының бұзылуына байланысты   1805,623  тонна мұнай  алынды.  2001   жылы қабат қысымы 118 ұңғыда тұрақты. Қысымы 258 ұңғыда өлшенді. 8 өндіру ұңғыларына режимдік зерттеу жүргізілді. (NN 232, 234, 239, 333, 339,   1010,  2027,  2081)  алынған  нәтижелер  бойынша индикаторлық қисық тұрғызылуы әсер етеді. Төменде игеру объектілеріндегі зерттеу жүргізілген ұңғылар саны көрсетілген.

Информация о работе Кумкольское месторождение