Кумкольское месторождение

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:32, дипломная работа

Описание работы

В данном дипломном проекте рассмотрены основные аспекты, осложняющие работу добывающих скважин в условиях месторождения Кумколь. Подробно предлагаются методы борьбы с пескоролвением в реагирующих скважинах. Приводится гидравлический расчет промывки забойных песчанных пробок в скважину.
Определена точка безубыточности работы НГДУ «Кумкольнефть». Дан анализ состояния охраны труда и окружающей среды.

Содержание

КІРІСПЕ ...........
1 Техника – технологиялық бөлім ...........
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат ..........
1. 1-сурет. Ауданның шолу картасы ..........
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру тарихы...........................
1.3Стратиграфия.....................................................................................................
1.4Тектоника ...........
1.5Мұнайгаздылығы ...........
1.6 Сулылығы .........................................................................................................
1.7 Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнініде қысқаша мәлімет................................................................................
1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы ...........
1.9 Құмкөл кен орнын 1 -объектісінің мұнай, газ және су өндірудің
өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау ............
1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері ............
1.11 Су дайындаудың техника-технологиясы ..........
1.2 Құм тығынының сумен жуғандағы
гидравликалық есебі ...........
1. 1-кесте. 15 жылда мұнай өндірудің өзгеруі ..........
1.1- кесте. 15 жылдағы су ендірудің өзгеруі ...........
2 Экономиқалық бөлім ............
2.1. "Құмкөл мұнай" МГӨБ-ң сипаттамасы...........................................................
2.1 - сурет. "Құмкөл мұнай" МГӨАҚ-ның өндірістік құрлымы..........................
2.2. Техникалық басшылық органдары ..................................................................
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника
экономикалық көрсеткіштерді талдау .............................................................
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау ..............................................
2.1 кесте - Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау .............................................
2.5 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі ..................................................
2.2 кесте Технико-экономикалық көрсеткіштер ..................................................
2.3 кесте - Жылдық экономикалық тиімділік көрсеткіштері ..............................
2.1 графигі — Экономикалық тиімділік нүктесі ..................................................
3 Еңбекті қорғау бөлімі ..............................................................................................
3.1 Құмкөл кен орнында игеру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды
таңдау...................................................................................................................
3.2 Құмтығындарымен күресудегі қорғаныс шаралары.......................................
4 Қоршаған ортаны қорғау ........................................................................................
4.1Негізгі қойылатын талаптар ...............................................................................
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы ........................................................................
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар ..................................................
4.4 Гидросфераны қорғау ........................................................................................
4.5 Литосфераны қорғау шаралары ........................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................
Әдебиеттер тізімі .....................................................

Работа содержит 1 файл

Kumkol_ken_orny.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

Құрлымның    оңтүстік-батыс     бөлігінде.   Дощан   топшасы түгелімен   үшкірленіп      (ұңғы      17,19),      ал      қанаттарында   оның қалыңдығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5). Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3

Юраның орта-жогаргы  бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда - каолинитті кұрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.

Оңтүстік-батыс  құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан тастопшасы үстегі доломиттер ретінде көрсетеді.

Грабен-синклинальдарда  тастопшаның жогарғы бөлігі жанғыш сланецтерден түзілген. Тастопшаның  қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына жатқызылған.

Жоғарғы бөлім J3

Жоғарғы юра  қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді.

Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (J3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).

Бүкіл аймақта  горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.

Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді. Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклинальдарында 300 метрге дейін артады.

Бор жүйесі - К

Кен орнының  төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.

Орта төмен  бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор  жүйелеріне бөлінеді.

Төменгі бөлім  К1

Неоком жоғарғы  текшесі (К1пс)

Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына жатады жэне ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен саздан тұрады.

Арыскұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге дейін жетеді.

Арысқұм жазық  горизонтты литологиялық құрамы жағынан  Құмкөл кұрылымында үш буда текшеге  бөлінеді: төменгі мен жоғарғы  құмды алевролитті және ортаңғы - сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол (горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңдығы 113-163 метр болатын саздан тұрады.

Жоғарғы дауыл  тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды. Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.

Дауыл тастопшасының  негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен түратындығы анықталып неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.

Апт-альб ярустары (К1 а-К1 а1)

Апт-альб шөгіндісі  шайынды арқылы дауыл тастопшасының  үстіне орналасып, қарашатау тастопшасымен  бірігеді. Тастопша төменгі жағында  қатты бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен жоғарғы  жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.

Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дәуір аралығына жатады.

Төменгі - жоғарғы  бөлімдер К1-2

Альб-сеноман  ярустары (К1  а1+s)

Альб-сеноман  шөгіндісі қарашатау тастопшасының  үстінде орналасып, қызылқия тастопшасынан  ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар  саздар алевролиттер мен сазды құм  қабаттарымен құмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындыгы 87-186 метр.

Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-тұқымдар негізінде анықталған.

Жоғарғы бөлім  К2

Турон ярусы  К2t

Турон шөгіндісі  балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті қызылқия тастопшасының  үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм  мен жұқа сазды қабатшалардан тұрады.

Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.

Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)

Бұл   қабат   шөгінділері   шайылған   жыныстар   мен   балапан

тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат  ала-шұбар түсті құм мен сазды  балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты түқымды, тозандар негізінде анықталған.

Жоғарғы сенон (К2sn2)

Жоғарғы сенон  қабаты (қүрылым жағынан) барлық ұнғыларда  шайылып кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен  ақ құм қабаттарына әктас қабатшасы  қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы  шөгінді қалыңдығы 43 метрге жетеді.

Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) және тұқым шаң тозаңдары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып кампанмастрихті кезеңге жатқызылған.

Кайнозой  тобы - Кz

Палеоген  жүйесі - Р

Палеоцен - төменгі  эоцен Р1-Р2

Палеоцен - төменгі  эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде жоғарғы бор үстінде орналасқан.

Олар көмірленген  өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен  бай қара сұр саз балшықтар  мен кварц-глауконитті құмдардан  түрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Неоген - төрттік  жүйелері N-Q

Арысқұм ойпатының  батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік  шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық  шегіне шартты түрде жазықтықты басып  жатқан кұмдар, саздықтар мен құмтастар  да енгізілген. Олардың қалындығы 10 метрден аспайды.

1.4 Тектоника

Оңтүстік  Торғай ойпаты Торғай тегістігінің солтүстік-шығысында орналасқан. Ол Ұлытау тау жоталарымен оның шығысында орналасқан оңтүстік жалғасының төменгі Сырдария күмбезі мен батыста Орал бір беткей құрамалы құрлымның ортасында өзіндік бір беткейлігімен жағымсыз роль атқарып тұр. Оңтүстігінде Қаратау тау жоталарымен ал солтүстігінде Қостанай қақпағымен шекараласады. Оңтүстік Торғай ойпаты өз тарапынан екі ойысқа бөлінеді. Солтүстігінде Жыланшы оңтүстігінде Арысқүм, орталыгы Мыңбүлақ қаңбақшасымен бөлінген. Құмкөл антиклинал құрлымы бор-палеоген жинағында 1500-1700 метрге жетіп, Арысқұм ойысында орналасқан. Мұнда триас-юра шөгіндісі өзінше жеке кұрлымды қабат құрап, ол төмендегідей ерекшеленеді. Қабат қалындығы максимал, мезозойға дейінгі гетероген негізінде ортасы опырылып түскен, жақтары бір-біріне қарсы құлаған созылған сынақтар бұлар тіліктерді толық стратиграфиялық зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Геофизикалық мәліметтер бойынша Арыскұм ойығының шекарасында бес желілі созылған субмеридионалды бағытта грабен сиклиналдарымен үш орталық қабаты көшірілген жарықтар жүйесінен антиклиналды күмбездер оларды бөліп тұрады. Бұл дәлелдеме ұңғылау нәтижесінде анықталған. Құрлымы жағынан Құмкөл дөңесі Сарыбұлақ горст антиклиналды шығысының оңтүстік батыс жағында орналасып Ақшабұлақ және Сарылан грабен синклиналдарымен бөлініп түрады.

Платформаның  үстіңгі бүркеме қабатының шөгіндісі  дөңестің шектік аймағында бүрыштың және стратиграфиялық қабаттар үйлесімсіздігімен  жыныс негізіне орналасады. Солтүстік-батыс  және солтүстік-шығыс бағыттарында тектоникалық бүзылу себептерінен негізгі бірнеше блоктарға (шоғырларға) бөлінген.

Шөгіндінің  үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана солтүстік-батыс  бағытта байқалады.

Негіздің  жүйелі бұзылуы бірнеше орталық  қанаты көтерілген жарықтар жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километрге жетеді.

Негіздің  беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.

Үшінші, бесінші  және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден 1820 метр тереңдікке дейін орналасады.

Солтүстік-батыс  және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында) горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге тең болатын блоктарға бөледі.

Аймақтық  солтүстік және оңтүстік бөліктері  де орталық тұсы төмен құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.

Аймақтың  орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр) орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық   құжаттармен,   жүйелі   ұңғылау   нәтижелерінің   күрделі бағдарламамен өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын ұсынады.

Юра шөгінділерінде екі түрлі беттік қабаттың кұрлымы  өте жақсы байқалады, оның біреуі - Құмкөл дөңес горизонтының қабат  құрлымын жоғарғы Юраға, ал екіншісі дөңес қабаттың орта юра құмайт шөгіндісімен айқындайды.

Беттердің біріншісі  өнімді Ю-1 горизонтымен байланысып, табан  горизонтымен бірігеді. Екінші бетке 4 табан горизонты жанасшрылып  өз тарапынан жамылғы өнімді Ю-4 горизонтымен бірігеді.

4 табан горизонтының  жамылғысында Құмкөл кен орнының  күрделінілген үш күмбезінде брахиантиклиналды қыртыстың бар екені байқалады. Қыртыстың тұнықталған теңіз деңгейінен биіктігі бірдей жерлерді қосатын сызықтарынан максималды амплитудалары 160 метр, биіктігі 1330 метр өлшемдер 20x8 километр болады. Қыртыс үш тектоникалық үйлесімсіздіктермен (Ғ1,Ғ2, Ғ3) күрделіленген.

Қыртысты  шығыстан шектейтін ең ұзақ төмендеу амплитудасы Ғ2 60-100 метрге жетеді. Солтүстікке  қарай бұл өзгеріс Р3 бүзылуымен байланысты ары қарай сенімді.

Қыртыстың солтүстік-батыс  синклинальды бөлігі максималды амплитудасы 30 метрге жететін шашыраңқы алысқа ұзаған бөліктері-мен күрделіленген.

Құрлымның оңтүстік-батыс  бөлігі 12,17,19 үңғылар ауданында орта юра шөгіндісі мүлде жоқ. Орта юра шөгіндісінің негіздің көтерілуі  шамасына қарай азаюы оған тіліктің теменгі белігінің қосылуының нәтижесінде іске асады. Үшінші үңғы ауданында өлшемдері 1x1,5 километр,    ал    амплитудасы    25    метр    болатын    өте    үлкен    емес изометриялық күмбез байқалып, ол батысынан және шығысынан тектоникалық ажырауларымен қабаттасып келіп отырады. Соңғы ажырасуға (шығыстан қосылатын жартылай күмбездің) амплитудасы 40 метр тұйықталған изогипс "минус" 1260 метр болатын шығыстан келіп қосылатын жартылай күмбез жатады.

Бүкіл аудан аймағында  орта юра шөгіндісі 0-200 метр аралығында өзгереді. Дөңестің өнімді горизонты Ю-1 жаппасының өлшемдері 20x9 километр құрап, тұйықталған изогипсте "минус" 1220 метрге дейін жетіп дөңестің амплитудасы 120 метр болады, қыртыс қанаттарының бұрыштың түсуі төменгі бетке ұқсас. Түгелімен Ю-3 горизонты дөңестің жоспарын қайталап үш күмбезді брахиантиклиналды болып солтүстік-батыс бағыттан амплитудасы 30-100 метр Ғ2, төмендеуімен шектеледі. Солтүстік және батыс күмбездер шығанақ тәріздес кішігірім синклиналмен өзара бөлініп түрады.

Үшінші ұңғы ауданында негізгі төмендеу Ғ2-ден шығысқа қарай сейсмикалық материалдар негізінде өлшемдері 4x2 километр және амплитудасы 40-45 метр түйықталған изогипса "минус" 1130 метр болатын дөңеспен анықталып шығыстан тектоникалық түзілу Ғ3 жартылай күмбезбен қосылып (34 ұңғы аумағында) өлшемдері 1x0,8 километр шамасында болады.

Құмкөл тастопшасының қалындығы аудан бойынша негізінен 55-75 метр шамасында ауытқып дөңестеу жерлерінде 38-44 метрге (ұңғы 2,17,19) дейін өзгереді.

Арысқұм горизонт жаппасы бойынша (өнімді бор М-1 горизонт жаппасы) Құмкөл құрлымы желілі асимметриялы антиклиналь қыртысы болып келіп, күмбезі оңтүстікке қарай ауытқыған. Дөңес өлшемдер 17x4

километр, амплитудасы 51 метр тұйықталған изогипс "минус" 1000 метр болады.

Құрлымның шығыс  қанаты флексурамен күрделіленген, юра Швгіңці келіп өтетін Ғ1 тектоникалық бұзылумен сәйкес келеді.

Кен орнының  орталық бөлігінде 3 шағылу горизонтында аймақтың изогипстың бағытының солтүстіктен шығысқа қарай күрт өзгеруіне байланысты "минус" 1000 метр еңдігінің кеңеюі байқалады.

Шығыстан  Батысқа қарай 890934 уакьіт бөлігінде  осы аудан арқылы өтетін локальды иілту байқалып, бұл жерде амплитудасы  аз күмбез екендігіне дәлел болады.

Дөңес ауданның әртүрлі бетінің жоспарларын  салысттыру барасында арыскұм дөңес  горизонтының жаппасының ені азайып, оның пішіні өзгеріп дөңестің орталық  шығыс жақ бетіне қарай Ю-1 горизонтымен ығысқан.

Тілікпен  жоғары қарай құрлым амплитудасы 160 метрден Ю-3 горизонтынан 51 метрге арысқұм горизонт жаппасынан дейін азаяды.

1.5 Мұнайгаздылығы

Құмкөл кен  орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік  төменгі неоком және жоғарғы юра  кішігірім жинақтарында орналасқан.

Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.

Төменгі-бор  горизонттары М-1 жэне М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген. Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің кұрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.

Мұнай қабаты - күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі "минус" 996-дан "минус" 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері "минс" 991,4 және "минус" 992,6 метрге дейін көтеріледі.

Информация о работе Кумкольское месторождение