Кумкольское месторождение

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:32, дипломная работа

Описание работы

В данном дипломном проекте рассмотрены основные аспекты, осложняющие работу добывающих скважин в условиях месторождения Кумколь. Подробно предлагаются методы борьбы с пескоролвением в реагирующих скважинах. Приводится гидравлический расчет промывки забойных песчанных пробок в скважину.
Определена точка безубыточности работы НГДУ «Кумкольнефть». Дан анализ состояния охраны труда и окружающей среды.

Содержание

КІРІСПЕ ...........
1 Техника – технологиялық бөлім ...........
1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат ..........
1. 1-сурет. Ауданның шолу картасы ..........
1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру тарихы...........................
1.3Стратиграфия.....................................................................................................
1.4Тектоника ...........
1.5Мұнайгаздылығы ...........
1.6 Сулылығы .........................................................................................................
1.7 Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнініде қысқаша мәлімет................................................................................
1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы ...........
1.9 Құмкөл кен орнын 1 -объектісінің мұнай, газ және су өндірудің
өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау ............
1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері ............
1.11 Су дайындаудың техника-технологиясы ..........
1.2 Құм тығынының сумен жуғандағы
гидравликалық есебі ...........
1. 1-кесте. 15 жылда мұнай өндірудің өзгеруі ..........
1.1- кесте. 15 жылдағы су ендірудің өзгеруі ...........
2 Экономиқалық бөлім ............
2.1. "Құмкөл мұнай" МГӨБ-ң сипаттамасы...........................................................
2.1 - сурет. "Құмкөл мұнай" МГӨАҚ-ның өндірістік құрлымы..........................
2.2. Техникалық басшылық органдары ..................................................................
2.3 Құмкөл кен орнын игерудің негізгі техника
экономикалық көрсеткіштерді талдау .............................................................
2.4 Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау жасау ..............................................
2.1 кесте - Товарлы өнімнің өзіндік құнына талдау .............................................
2.5 Құм тығының жуғандағы тиімділіктің есебі ..................................................
2.2 кесте Технико-экономикалық көрсеткіштер ..................................................
2.3 кесте - Жылдық экономикалық тиімділік көрсеткіштері ..............................
2.1 графигі — Экономикалық тиімділік нүктесі ..................................................
3 Еңбекті қорғау бөлімі ..............................................................................................
3.1 Құмкөл кен орнында игеру кезіндегі қауіпті және зиянды факторларды
таңдау...................................................................................................................
3.2 Құмтығындарымен күресудегі қорғаныс шаралары.......................................
4 Қоршаған ортаны қорғау ........................................................................................
4.1Негізгі қойылатын талаптар ...............................................................................
4.2 Ластаушылардың сипаттамасы ........................................................................
4.3 Атмосфераны қорғауға арналған іс-шаралар ..................................................
4.4 Гидросфераны қорғау ........................................................................................
4.5 Литосфераны қорғау шаралары ........................................................................
Қорытынды ..................................................................................................................
Әдебиеттер тізімі .....................................................

Работа содержит 1 файл

Kumkol_ken_orny.doc

— 279.00 Кб (Скачать)

           1 -объект 40 ұңғы - 95 ұңғы,

           2-объект 64 ұңғы - 136 ұңғы,

           3-объект 14 ұңғы - 24 ұңғы.

Игеру объектілерінде қабат қысымының интенсивтік  төмендеуі ұзақ пайдалану бойынша  түсіндіріледі. Табиғи игеру режимде және өнім қабатында қабат қысымын қалыпты ұстау үшін системалық әсер етулерді ескертеміз. Кен орнын игерудің процесі N1 бүрғылау (1984) ұңғысын қазған кезде, қабаттарға газдардың бір-бірімен әсеріне байланысты құрылды. Бұл аймақтың құрылысының дұрыстығын анықтайды. Бұнымен байланысты КазНИПИ мұнай институтының N1 ұңғысын жабу жобасы дайындалды. Айдалған судың есебі және сұйықтың шығымын өлшеп, жазып отыру керек. Кейбір техникалық жағдайлар   қиындықтар  туғызады.   Өлшеу   приборларының  тереңдік манометрлерінің    кен   орнын    игеруді    бақылап    отыратын    арнайы техникалардың жетіспеуі – дәл мәлімет алуға кедергі келтірді.

Сұйықты тым  көп алу нәтижесінде ұңғы төңірегінде  судың жиналуына және әр ұңғыдағы судың 95%-ке дейін көтерілуіне себебін тигізді. Мысалы: N135 -30 пайыз, N151 -75 пайыз, N1006 -50 пайыз, N134 -80 пайыз, N134 -84 пайыз, N187 -70 пайыз, N1007 -79 пайыз, N139 - 85 пайыз, N1345 -80 пайыз, N2046 -80 пайыз, N348 -80 пайыз, N1009 -90 пайыз, N143 -90 пайыз, N11013 -95 пайыз.

Ұңғылардағы суланудың тез өсуі мұнайдың шығымын  азайтып жібереді. 3-объектіде төмендеу орнын жаңа ұңғыларды енгізу арқылы толықтырылды.

1.9 Құмкөл кен орнының 1-объектісінен  мұнай, газ және суды өндірудің  өзгеруінің динамикасына және  су айдауға талдау

Құмкөл кен орнының 1-игеру объектісі бір өнімді Ю-1 қабатты қамтиды. Мұндағы алғашқы мұнай алу қоры 23,184 млн тоннаны құрайды. Мұнда кен орнының барлық қорларының 23,3 пайызы шоғырланғын. 2001 жылы "Южнефтегаз" өндірістік бірлестігі бойынша белгіленген шаралар арқасында мұнай өндіру 259,66 мың тонна, газ өндіру 59,5 млн м3 болды. Қабаттан алынған су мөлшері 15,13 мың тоннаны қүрады. Өнімнің сулануы 9,8 пайыз. Мүнай негізінен фонтандық тәсілмен өндірілді.

1-объект бойынша  қазіргі барлық айдау қоры 34 ұңғыны  құрайды. Су айдау, су бөлу пункті СБП (ВРП) бір ББСС (БКНС) және үш сорап арқылы жүзеге асады. Шығу қысымы 9,7-9,8 МПа. 2001 жылы қабатқа 382,563 мың м3, ал игеруден бері 2518,966 мың м3 су айдалды. Су алудын компенсациясын 38,3 пайызды құрайды. Мұнай өндіруді тұрақтандыру үшін мынадай профилактикалық шаралар жүргізіледі.

Ыстық мұнаймен және ыстық сумен өңдеу штуцерлер  мен шығу желілеріне ыстық бумен  тазалау. Ұңғы шығымдылығының объектіде  азаюына себеп болушылар: СКҚ-ның (НКТ) бойына Парафинның жиналуы, су мен газдың көрініс беруі, ұңғы түбіне Құмның жиналуы. Ұңғыны жер асты жөңдеу бригадасы мұндай кездерде ұңғының түбін жауып, құмдардан тазартады.

3-объектіде  газ факторы өте жоғары (83,5 м  /тәу). Кейбір ұңғыда кұбыр аралық  кеңістікте газ жиналған. Оның  себебі пайдалану тізбегі дұрыс цементтелмеген. МГӨБ-де ұңғыны күрделі жөндеу бигадасы болмағандықтан, оны 2002 жылға құрып, қажетті жұмыстарды жүргізді. Игеруден бастап 2002 жылдың аяғына дейінгі аралықта кен орнының 1-объектісінен 931,147 мың тонна мұнай алынды. Алғышқы қордан өндірілген мұнай 9,2 пайызды құрады.

Жиналған  сұйық өндіру 232,967 мың тонна, ал орташа сулану 8,6 пайыз. Қабатқа 298,135 мың м3 су айдайды, бұл жағдайда компенсация 27,2 пайызды құрады. Сұйық бойынша  ұңғының орташа шығымы 24,3 т/тәу, мұнай бойынша 23,8 т/тәулікке тең болды. Бір ұңғының орташа қабылдағышы 145 м /тәу. 01.01.2000 жылға қарағанда игерудің басынан бері кен орнының 3-объектісінен 2546,052 мың тонна мұнай алынған. Бастапқы алынатын қорларға қарағанда қорды игеру дәрежесі 11 пайызды қүрайды.

2001 жылы 3-объект  бойынша 32,264. млн м3 газ өндірілген. Бүкіл кеніш бойынша газ өндіруді  есептеу тереңдік сапа алуды  зерттеу мәліметтері бойынша,  газдық фактор шамасына байланысты  жургізіледі.    Топтық    қондырғы    мен    өлшеу    қондырғыларындағы өлшеу аппараттырының жетімсіздігіне байланысты газды ұңғы бойынша есептеу жүргізілмейді. Объектілер және кеніш бойынша негізгі игеру көрсеткіштері.

Қабат қысымның өзгеру динамикасы

2002 жылы 3-объектіге  айдалған барлық су мөлшері  1632,885 мың м3. 2002 жылдың 1-кварталында ұңгының көпшілігі тоқтап Қалды, бұл қабат энергиясының күйіне әсер етті.

Ақпан және наурыз айларында 1 -ші және 2-ші объектілерде Қабат қысымы шамасының өсуі белгіленеді: 0,63-0,67 МПа, 2-объектіде 1,75 МПа. Сәуір  айында барлық нақты ұңғыларда қысымның түсуі көрінеді, объектідегі өлшенген орташа қысым 10,45 МПа.

Қабат қысымының  төмендеуі көрінетін 2-ші бір участок, жаңа ұңғылар 2002 жылдың 2-бөлігінде  берілген бұл үңғылар әзірге еріген газ режимінде жұмыс істейді. Су айдау ұйымдастыру жағдайларына байланысты кешігуде.

1.10   Қабатқа су айдау үшін пайдаланатын  су көздері.

Кен орнын  игеруде мұнай алуда қабат  энергиясының жете бермейді. Жоғарғы  коэффицетті мұнай бергіштік  және тез арада керек орында мұнай  алу үшін. Қазіргі кезде қабат қысымын үстау (ППД) әдісі көп қолданылады. Бұл үшін жиынға су немесе газ айдау арқылы іске асады.

Қабат қысымын  ұстау үшін, қабатқа табиғи суларды  және жер асты суларын құрамына минералды  тұздармен эмульсиясы бар суларды  айдауға болады. Құмкөл кен орнының ауданы көп жағдайда өзара жалғасқан ондаған тұзды келдермен қоршалған. Олар жауын-шашынмен және мұнаймен өндірілген сулармен толып тұрады. Барлық мұнай горизонттары өзара жақын орналасқан. Мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары рельефтің төменгі учаскелеріне айдалады, бұдан грунтты судын деңгейі кетеріледі және сорлардың аумағы үлкейеді.

Грунтты сулардың деңгейі 0,15-0,45м аралығында болады. Грунтты  сулардың деңгейі өндіріс сорларының жоғарғы қабатында болады. Негізінен  айдау ұңғылары арқылы пайдалану  ұңғысынан сорға жіберілген сулар айдалады. Табиғи сулардың бойында аз мөлшерде минералды тұздар, әртүрлі газдар, механикалық қоспалар болады.

Жоғарғы қабат  және жер асты суларында сондай-ақ микро-организмдер кездеседі. Әртүрлі  дәрежедегі әрбір жұмсалған судың компонеттері қабатқа су айдау процесіне әсер етеді. Сондықтан су айдау процесін жақсы сапалы сумен қамтамасыз ету керек. Айдалатын судың құрамындағы механикалық қоспалар мен микроорганизмдер фильтрацияның жоғарғы қабатына құйылады. Ол өнімді қабаттың өнімділігін, айдау ұңғыларының қабілетін азайтады. Мысалға, құрамында хлорлы кальций тұзы бар сульфатты суды айдау - ерімейтін гипс түнбасының түзілуіне экеліп соқтырады.

Бұндай жағдайда қабатқа су айдауға қаныққан күкірт сутекті сұйықтық айдалатын болса, онда құрамында темір мен оттегі бар су пайдаланылады. Қуысты ортада тотығу жүріп соның нәтижесінде қатты гидраттардың тұңбасы түзілуі мүмкін.

Құмкөл кен  орнында суға микробиологиялық талдау жүргізілген жоқ. Жиынға айдалған тығыздалаған су, кей-кезде коллектордың қасиетінің басты себебі болуы мүмкін. Қабатта белгілі бір мөлшерде саз болса, су айдау үшін, тығыздалған су емес, минералды сулар, құрамында саздың ұлғаюына ешқандай жол бермейтін заттары бар сулар қолданылады. Олар керісінше су айдау ұңғысының жұтылу қабілетін жақсартады. Су айдау ұңғыларының жұтылу қабілетінің нашарлауы - қабатқа су айдалатын темір құбырлардың коррозияға ұшырауына әкеліп соқтырады. Қабатқа айдалатын суды пайдалану кезінде металл құбырларда химиялық және электрохимиялық заттану жүреді. Құбырдың тоттанған өнімдері ұңғының түп аймағына түсіп қысқа уақытқа осы ұңғының қабылдауын 0-ге дейін азайтуы мүмкін. Көп кезге дейін ұңғыдан мұнай мен бірге өндірілген қабат суларына аса көңіл бөлінген жоқ.

Қазіргі кезде  мұнаймен бірге өндірілетін судың көлемінің көптігіне байланысты қабат суларын талдауға және оны кері айдауға көп көңіл бөлінеді.

Қабат суларын  талдау қорытындысы оны қайтадан қабатқа айдауға жарамдылығын анықтауға  қолданылады.

Ұңғыдан мұнаймен бірге өндірілген қабат сулары әртүрлі  кен орындарында өзінің құрамымен айырылады. Олардың құрамында минералды тұздардың еруі, газ және микроорганизмдер болуы мүмкін. Қабат сулары әртүрлі химиялық құрамда болуы мүмкін. Сондықтан оларды екі негізгі топқа бөледі: 1) тығыз хлорлы кальцийлі немес хлорлы кальций магнийлі, 2) сілтілі немесе гвдрокарбонатты натрийлі: Қабат суларының көпшілік бөлігінің құрамында, мұнай кен орындарында басты бөлігі хлорлы натрий, хлорлы кальций болып келеді.

Жаз уақытында  сордағы тұздардың концентрациясы 22-24-ке дейін   болады,   соның   өсерінен   құрамындағы   қоспаның   ұлғаюына байланысты қондырғылардың жұмыс істеуін қиындатады және түп аймағын ластайды. Барлық тәсілдерде суды өндеудің ең негізге сипаттамасы оның құрамында сутек иондарының концентрациясына байланысты. Бұл арқылы сулы ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын анықтайды.

Тәжірибе  жүзінде судың классификациясына  қарап, мынадай 5 топқа бөледі: 1) қышқылды РН-тан 3-ке дейін 2) өлсіз қышқылды РН-тан  бастап 4-6-4 арасында, 3) нейтралды РН-7, 4) әлсіз сілтілі 8-10 дейін, 5) сілтілі 11-14-ке дейін.

Құмкөл кен  орнындағы жер асты сулары тығыздалған ауыз суға қарағанда, өзінің минералдануы шапшаң өсуімен айқындалады. Басқа да белек мұнай горизонттарының терендігіне игерудің екінші әдісіне, горизонттар арасындағы гидродинамикалық байланыстарға және горизонттар беттеріне байланысты. Пайдалану ұңғыларынан алынған судың құрамында микрокомпонеттер, бром, иод және бор кездеседі. Суды химиялық тексеру оның химиялық қүрамдарын қазбалардың мұнайлылығын сақтауда тиімді екенін көрсетеді.

Қабатқа айдалатын  сулардың жарамдылығы лабораториялық жағдайда фильтрациялық жолымен анықталды. Қабатқа айдалатын тығыз сулардың сапасына баға беру олардың құрамындағы темірге байланысты. Айдалатын судың сапасын реттеу әрбір кен орындарының коллекторлы қасиетінің есебінен жүзеге асырылады.

Механикалық қоспалардан басқа нұсқа ішінен және сыртынан өнімді қабаттарды игеруге әртүрлі микроорганизмдер және айдалатын судың құрамындағы организмдер кіреді.

          1.11 Суды дайындаудың техника және технологиясы

Құмкөл кен  орнында ең қарапайым су жинағыштар қолданылады. Ашық су жинағыштардың жетіспеушіліктері судың сапасының тұрақты болмауына байланысты. Ауа райына байланысты ластанады, сондықтан оны дайындау қиынға түседі. Орнатылған жұмыс режимінде артық күш түседі. Бұл суды дайындау және судың сапасын тексеретін станциялардың өнімділігін азайтады. Ашық су жинағыштар сору құбыры  сетка арқылы жасатылады. Ол ірі заттардың түсіп кетуінен сақтайды. Сору құбырларының өлшемдері соратын биіктігі және басқа да элементтердің конструкциясы құбыр гидравликасының әдісімен есептеледі. Жабық су жинағыш бірнеше ұсақ ұңғылар топтарынан құрылады. Олар өзенге жақын, терендігі 10—50 метрге дейін болуы керек.

Ұңғы төменгі  жағынан фильтрге бекітіледі. Ұңғыдан  су әдейі арналған ортадан тепкіш сораптар арқылы немесе сифонды және вакуумды қондырғылар арқылы айналады.

Практикада  көргеніміздей, сифонды су жинағыш  механика-ландырылған су жинағыштарға қарағанда 15-20 пайыз арзан. Су ясинайтын  үңғылардың орналасуы грунтта қабылдағыш коллекторы болады. Оған ағынды ұстайтын ысырма арқылы және кері қақпақты ұңғылар жайғасады. Сифонды су жинағыштарда ұңғы топтарының коллекторы вакуумды котелге бекітіледі. Оңың қысымы 0,08 МПа болады. Арнайы үлкен емес вакуумдық сораптар коллектордағы тұрақтылықты ұстау үшін керек.

Котелдер  сорап станцияларымен бірге бетонды шахталардың бірінші көтерілетін жеріне орналастырылады. Шахтаның жоғарғы бөлігіне электрлі станциялар, электрлі двигательдер және дистанцияны автоматтандыруға керекті заттар орналастырылады. Шахтада негізінен ортадан тепкіш сораптар қолданылады. Ортадан тепкіш сорап, сору құбырлары судың деңгейінде тұрғандықтан, оның ішінде үнемі су болады.

Шығу желілерінде  ысырмалар орналастырылады. Кері клапанмен  шығым өлшегіш шығу желілерінде  екеу болады. Бұл жөндеу кезінде  оңайға түседі. Ысырмалар, клапандар, шығым  өлшегіш құралдары және басқа да қондырғылар, электр құрал-жабдықтары бар негізгі шахтаға су кетпес үшін, бөлек шахтаға орнал астырыл ады.

Механикалық су жинау жағдайында ұңғыға динамикалық  деңгейден төмен қосымша күшті  көтеруге арналған, бергіштігі 1-100 м /сағ дейінгі артезлан ортадан тепкіш сораптары. Оның арыны 65-200 метр, электр двигателінің қуаты 2,5-150 кВт-қа тең. Бұл ортадан тепкіш сораптар механикаландырылған су көтеруде су жинағыш ұңғылардың электр двигательмен ортақ валда орналасады. Ол Периодтың күтімді жөндеуге және оның динамикалық деңгейде Жұмысын қадағалауды қажет етеді. Су жинағыш ұңғылардың сүзгіш бөлігін, жұмыс істеуі нашарланған уақытта, оның шығымын қайтадан орнына келтіру үшін периодтық тазалануы және ыстық бу арқылы тазалауды қажет етеді.

Тәжірибе  жүзінде қабатқа айдалатын судың  сапасының тұрақтылығы целесо тәрізді  емес. Сондықтан қабаттың қуыстылығы, өткізгіштігі жайпақ диапазонда судың  қажеттілігін өзгертеді және кейбір бөліктерінің құрамында В4 - сақталатындығын  көрсетті.

Жарамды суларды көптеп айдауда, айдау ұңғыларына қажетті қысыммен айдалады. Сумен қамтамасыз ету жүйесіне су жинағыш қондырғылар, суды бірінші көтеруге арналған арынды станциялар, суды дайындайтын    станциялар,    тазаланған     айдалатын    суды    бөлетін коллектор және суды 3-рет көтеруге арналатын станция кіреді немесе бұл суды айдау ұңғыларына жеткізіп отыратын шоғырлама-сорапты станция деп аталады. Сумен қамтамасыз ету жүйесінде әр бөлшектердің арасында артық суға арналған буферлі қазандар болады. Бұлар жүйе жұмысының үзілмеуін және элементтердің өткізгіштік қасиетінің өзгермуін қамтамасыз етеді.

Сифонды су жинағыштарда суды бірінші көтеруге арналған сорапты  станциялар үлкен жартылай жер астындағы  шахтада вакуумды котелдермен бірге  орналастырылды.

Механикаландырылған суды бірінші көтеру станциясында функцияны әрбір су жинағыш ұңғыларына қондырылған сораптар атқарады. Бұл жағдайда сораптың арыны жалпы коллекторға жалғанған линиялар суды одан әрі станцияларға жеткізу үшін бергіштігі жақсы болуы керек.

Буферлі қазан судың бергіштігін үзбес үшін қосымша суды жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Ал суды екінші көтеруге арналған сорапты станция - суды магистральдарға бөлуді және Шоғырлану сорабының станциясын қамтамасыз етеді. Бұл станцияда 6 сатылы 2 ортадан тепкіш сорап пайдалынады. Сораптың саны, бергіштігі, арыны, гидравликалық есептеуге алынады. Әрбір шоғырлану сорап станциялары (КНС) өзіне жақын тұрған қысымына қарап, тоқталған 3-6 айдау ұңғыларын сумен қамтамасыз етіп отырады. Әрбір айдау ұңғылары шоғырлану сорап станциясымен бөлек кұбырмен жалғанады.

Информация о работе Кумкольское месторождение