Антикалық тарихшыларының еңбектері бойынша көшпенділердің тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:36, лекция

Описание работы

Пән туралы қысқаша сипаттама: Еуразия материгінде Ұлы даланың алатын орны мол. Осы кезге дейін тарихтың аз зерттелуіне байланысты Ұлы даланың географиялық аймағы толық анықталмаған. Ұсынып отырған пән Ұлы даланың сонау ежелгі уақыттан бері таралып, дамып және ыдырап кеткен халықтардан саяси-экономикалық және мәдени жағынан мәліметтер береді.

Работа содержит 1 файл

Антика10.doc

— 418.50 Кб (Скачать)

«Қазақстанның көне тарихында» араб авторы Әл-Маруазидің мынандай дерегі келтірілген: «Қарлықтар бұрын Тулис тауын (Алтайды) мекендеп, тоғыз-оғыздарға тәуелді болған. Кейін олардың үстемдігіне қарсы көтеріліс жасады. Одан соң түргеш елін жаулап алды да,мұсылман елдеріне жорық жасады».

Бұдан Алтай тауының көне бір аты Тулис (Төлес – Бияров Б.Н.) болғанын байқаймыз. Қазақстан оронимдерін зерттеген Е.Келімбаевтың ғылыми еңбегінде В.Ф.Мнорский айтқан Алтай тауының ертедегі бір атауы Тюлес//Толес болған деген жорамал бар. Көне түркі тіліндегі әскери терминдерді талдаған И.Н. Клюкиннің айтуынша, Тюлес//Төлес «шығыс қанат», Тардуш «батыс қанат» дегенді білдіреді. Араб авторы Алтайды батыс түркілердің тілімен Төлес тауы (шығыстағы тау) деп атауы мүмкін. Болмаса Алтайды мекендеген телес/теле тайпасының аты оронимге ауысып тұр.

Жалпы қарлықтың әуелде мекендеген аймағы қаіргі Шығыс Қазақстан облысы жеріне сәйкес келеді. «Қарлық» деп  аталуы Оңтүстік Алтайдың биік, қарлы  тауларын қоныс еткеніне байланысты болуы мүмкін. Ташлы тайпасы Қалба, Өскемен маңындағы тасты тауларды мекендегенге ұқсайды. Екінші жағынан В.И.Иллич-Свитычтің қар, кер, қр формасы ностратикалық тілдерде «тау», «тас», «шың» мағынасын береді дегенді ескерсек, араб саяхатшысы Ибн Калдунның Мұзтауды Мұзқар деп белгілеуіне сүйенсек, қарлық этнонимі «таулық» мағынасын да береді.

Біз талдап отырған Оңтүстік Алтай  өңірінің тарихы найман тайпасының тарихымен  тығыз байланысты. Көне түрік жазуларында  айтылған «сегіз-оғыздарды зерттеушілер наймандармен теңестіреді. Оған басты  себеп – VІІ ғасырда сегіз-оғыздардың Орхон өзенінен бастап Қара Ертіске дейінгі жерді алып жатқаны. Кейінірек (Лиуа патшалығы кезінде) дәл осы аймақтаы мекендеген тайпалар «найман» деп атала бастайды. Зерттеушілер найман – «сегіз тайпа» деп моңғол тілді қидандар атап кеткен дейді.

«Л.Л. Виктороавның бұл пікірін А.Әбдірахманов та қолдап, этноним құрамын найм//найма(н) бурят-моңғол тілдерінде «сегіз» дегенді білдіреді деп талдайды. Ғылымда дұрыс деп танылған бұл пікіріді біз де мойындай отырып, этноним құрамын ашуда әлі де тілдік талдау жетіспей жатқанын байқадық. Ол жетіспей тұрған нәрсе – сегіз оғыз атауын қидандар калькалап алғанда көнеден келе жатқан оғыз тұлғасын қайда жібереді деген сұраққа жауап. Оқ - тайпа+з – жинақтық сан есім екені, оғыз тайпалар бірлестігі деген көптік мән беретіні ғылымда дәлелденген» деп жазады Бияров Б.Н. өзінің «Өр Алтайдың жер-су аттары» атты еңбегінде

Оғыз сыңарын араб, соғды жағынан  шығарып сол кезде (Х ғ.) тарала бастаған ман «ел» сөзі ауыстырған көрінеді. Араб зерттеушісі Шарафаддин жазбаларында «сегізман», «қыпшақман», «қаңлыман» түрінде, М.Қашқариде «түрікмен» формасында кездесу бұл сөздің сол дәуірде кең тарағанын дәлелдейді. Бұлардан басқа ойман -ой елі, қуман – дала (қу дала) елі сияқты этнонимдер де қалыптасқан. Олай болса найман әуел баста найм+ман түбірлерінен біріккен. Сонда сегіз оғыз-найм ман болып калькаға түскен деуге болады. Наймман //найман болып қысқаруы – тілге тән құбылыс.

ХІІ-ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында асқан саясаткер Шыңғысхан  берекесі жоқ керейлер мен наймандарды  жеке-жеке жаулап алды. Шыңғысханның жеңісіне саяси арандатушы, тұрақты бетұстасы жоқ, екіжүзді Жамұха шешеннің көп пайдасы тиді. Наймандардың «ат төбеліндей» моңғолдардан жеңілуі – осы себептерге қоса, ағайынды Таян мен Бұйрық ханның елді екіге бөліп, таққа таласуынан деп ұғу керек.

Алайда наймандардың күресі толастамай, Таян ханның баласы Күшілік сұлтанның  басшылығымен жалғаса берді. Одан сескенген  Шыңғыс, Сүбетай бәһәдүр басқарған  көп әскермен 1205 жылдың көктемінде Оңтүстік Алтайды асып, Бұқтырма өзені  бойында Күшілік пен меркіт Тоқтабектің біріккен қолын талқандайды.К.д’Оссон бұл қақтығысты Жем өзенінің бойында болған деп жазады.

«Мұнда қай Жем өзені айтылып  отырғаны белгісіз, Бұқтырма өзенінің көне аты «Жем» деген деректер тағы жоқ».

Ғалымдар Ж.Болатов пен А.Әбдірахманов Бұқтырма сөзінің түбірі бұқ – ертістік, - тыр - өзгелік етіс жұрнағы, - маетістіктен зат есім тудыратын жұрнақ деп талдайды да, мағынасын суға түскен нәрсені тастан-тасқа соғып, бұқтырып әкететін қасиетінен шығарады.  М. Мұсатаева мен Л. Шеляховскаяның сөздігінде:»Бахтарма – бухтарма (архаизм) внутренняя сторона шкуры, прилегающаяк телу животного» деген түсініктеме бар. Осы көнерген сөздердің өзенге атау болып берілген себебі – жаңа сойған малдың терісін аударып қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-тарам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені дәл солай бірнеше салаға бөлініп, тарамдала ағады. Атау түбірі бұқ/бүк «ішкі жағы», «ішке қарай» деген мағына беретіні бүктеу, бүктүсу, бүкшию секілді сөздерден байқалады.

С. Аманжолов Үлкен Нарын ауданындағы  Тайбұға деген жерді Вельяминов-зернов жазған сібір хандарының атасы Тайбұға емес пе екен деген жорамал айтады, найман руының Келбұға, Кетбұға тармақтарына ұқсайды. Материал жинау барысында бұл Тайбұға бертінде өмір сүрген Қаратай руынан шыққан Жәнібек батырдың баласы болып шықты. Қалмақтар қапыда өлтіріп кеткен жер Тайбұға аталған.

Қазақтың іргелі бір тайпасы  болып отырған наймандар Шыңғысхан  шапқыншылығынан кейін Үгедей ұлысына  енген де, Алтай тауының батысы мен оңтүстігінде, Нарын жотасында  Зайсан-Ертіс жүйесі бойында көшіп жүрген. Ал олардың бір бөлігі Сырдария мен Ұлытауға, Есіл өзенінің маңына қарай ауған. Бұл босқынға ұшыраған бөлігі ХVІІІ ғасырда ғана атамекен жері Алтайға қайтып оралды. Бұлар кезінде Күшілік сұлтанмен бір кеткен наймандардың ұрпағы еді.

Осы наймандардаң арғы бабалары бізге  тек тарихи-мәдени қорымдарды емес, сонымен қатар арғы бабаларының  бабалары қалдырып кеткен ескерткіштермен  танымал. Ол тасқа қашалып салынған суретті таңбалар.

Кейбір зерттеулер – таңба, әріп, малға басылатын белгі, мөр ретінде қолдануымен бірге лауазым орнына да жүрген деген пікір айтады. Койшығара Салғараұлының пайымдауынша таңба әуелі малға басылатын белгі ретінде өмірге келген секілді. Таңба басу нақты қай жерде, қашан шыққаны белгісіз болғанмен, халық ауыздарындағы атақты хандардың таңба үлестіреді дегеніне қарап, әуелде таңбаның ірі тайпа көсемдерінің бірлесіп келісуімен бәріне ортақ бір билеушінің атынан берілгенін аңғаруға болады. Қазіргі ғылымға белгілі таңбалар болмысына зер салсақ, алғаш ірі тайпалардың таңбасы белгіленіп, кейін осы тайпалардың құрамындағы жекелеген рулар өз тайпасының таңбасы негізінде өздеріне жеке рулық таңбаларды жасап алғанын көреміз.

Н.А. Аристов, В.В. Бартольд, А.И. Левшин, М. Тынышбаев, С. Аманжолов секілді  ғалымдардың қазақ халқының этникалық құрамына кірген ру-тайпаладың түпкі негізінің бірлігін көрсетеді деген пікірлері бұл ойдың дұрыстығына кепілдік берегендей.

Профессор Сәрсен Аманжолов пен  тарихшы Мұхамеджан Тынышбаевтар ұсынған  қазақ руларының таңбалары кестелерінен мынандай бір нақты жағдайды аңғаруға болады. Әр таңбаға зер салып, оларды бір-бірімен салыстыра қарасақ, осындағы қазақтың ру-тайпалары таңбаларының бәрі екі-ақ белгі негізінде жасалғанын көруге болар еді. Оның біріншісі – қысқа таяқша, шағын сызық та екіншісі – шағын дөңгелек. Осы екі таңбаны толығымен немесе фрагменттерін пайдаланып бүкіл қазақ рулары өздерінің рулық таңбаларын жасаған деген тұжырымға келеміз.

Қаратау жоталарында кездескен петроглифтер

Қаратау тауы Солдатово ауылының солтүстік-шығысында  орналасқан. Бұл таудағы суреттерге бізді ауыл тұрғыны Садыков К.М. алып барған еді. Таудың оңтүстік беткеійнде дара және қомақты ойды білдіретін күрделі компазицияларды кездестірдік. Мысалы, дара ұшырасатын таутекелердің, бұғылардың, түйнің суреттері бар. Олардың (бұл петроглифтердің) үй жануырлары әлі қолға үйретіле қоймаған кезде саынуы мүмкін. Бұлар әр шалынған құрбандықты бейнелеген немесе «мына тауда дала жануарларының осы түрлерін кездестіре аласыздар» деген ақпараты беретін тастар болуы мүмкін.

Келесі кездестірген бейнелі тас  Елікті сайының теріскей бетінде  сай басынан шығысқа қарай 2-3 шақырымдай жерде орналасқан. Бұнда жас еліктердің тобы бейнеленген. Біздің пайымдауымызша алғашқы аңшылар дәл осы сайдан еліктер ауатынын біліп келер аңшыларға «бұл сайдан елікті олжа қыларсың» деген хабар қалдыру мақсатында тасқа жас жануарларды бейнелеген. Жас еліктер дегеніміз петроглифтерге назар аударсақ, (ересек еліктердегідей мүйіздері жоқ) лақтар салынғанын байқаймыз.

Келесі күрделі суреттердің  бірі адамдардың аңға шығуын баян етеді. Қалған суреттерге қарағанда ерекше стильде тасқа шекілген. Бұл бейнелі  тас Елікті сайының оңтүстігінде көршілес жатқан сай. Татың биіктігі 2,5-2,8 метр, жалпақтығы 2 метр. Табиғат жағдайларынан тас дифирмацияланған. Сонда да сурет анық сақталған. Бейнелі тастан келесідей ақпарат ала аламыз «біз жолдасыммен (әкеммен, бауырыммен, ағаммен) аңға шықтық, - дейді суретші - өзімізбен бірге иттерімізді алып алдық. Алдымыздан бұғылар, таутекелер, еліктер кездесті соларды атып алуды мақсаттадық»/

Ендігі бейнелі тастың биіктігі 1,5метр де жалпақтығы 0,8 метр. Жұдырықтары  түйіліп қолдарын созып тұрған 14 адам бейнесі мен 3 еліктің бейнелері  қашалған. Бір қарағанда адамдар төбелесіп жүр деп ойлап қаласың. Бірақ (тарихта орын алатын) төбелес немесе бітіспес дау негізінде туындаған тайпалар қақтығысы болмаса жайдан жай оны тасқс қашап салулары екі талай еді. Бұл қақтығыс болған жағдайда дала аңдары неге бейнеленген деген өте орынды сұрақ тууы мүмкін. Қақтығыс бейнеленген деген оймен қатар тасқа белгісіз рәсім шекілнген деген пікір қалыптасады. Она ол қандай рәсім? Біздің пікірімізше бұл құдаймалын шалу алдында биленетін би болуы әбден мүмкін.

Көбен тауындағы суретті  жазулар

Катонқарағай ауданындағы Шыңғыстай  ауылынан оңтүстікке (Алтай тауына) қарай 5-6 шақырым жер жүрген кезде  жергілікті тұрғындар Көбен жеп  атайтын тауға кез боласыс. Таудың күнгей бетімен етектен 2 шақырымдай шығысқа қарай жүрсеңіздер 43 таңба  бейнеленген суретті галлереяға тап боласыздар. Тас бетінде таутекелер, еліктер, бұғылар және адамдар бейнеленген. Мұндағы әр жануарды құрбандық шалғаннан кейін немесе олжа қылғаннан кейін тасқа шекіген деп болжамдаймыз. Құрбандық шалғандықтың белгісіне қолын жайып тәнірден тілеу тілеп тұрған адамның тұлғасы дәлел бола алады.

Шыңғыстай ауылының маңындағы  Көбен тауында кездестірген 43 суреттің бір бөлігі

Жазудың алғашқы түрі пиктограммалар еліміздің өнері мен рухани мәдениетінен тарихи сыр шертіп, арғы аталарымыз “саналы адамдардың” ұрпағына қалдырам деген ойларын бүгінгі күнге дейін жеткізіп отырған коммуникативті байланыстың бір түрі екеніне көзіміз жетіп отыр.

Катонқарағайда әлі де ашылмаған  суретті ескерткіштер өте көп. Оларды тауып мағынасын ашу біздің яғни келешек тіл мамандарының негігі мақсаттарымыз.

Исседондар

Исседондар – ежелгі түркі тайпаларының бірі, үйсіндердің арғы тегінің кейбір ғылыми әдебиеттердегі атауы. Тұңғыш рет Аристей Проконесскийдің дерегінен (шамамен б.з.б. 5 ғасыр) мәлім. Көне заман авторлары атап көрсеткендей, осы жүз жылдықта қоныс аудару нәтижесінде Исседондардың бір бөлігі Шу мен Әмудария алқабына келіп қоныстанған. Исседондардың бірнеше бөлікке бөлінетіні ежелгі замандағы жазбаларда атап көрсетілген. Солардың бірі (Птолемей, б.з. 1 ғасыр) Исседодарды сақ (батыстық) және сереклік (алтайлық) деп екі топқа бөледі, сонымен қатар нақ осы алтай тобы “исседондардың үлкен нәсілі” деген болжам жасайды. Византиялық Цец (5 ғасыр) ежелгі шығармаларға түсініктеме бере келе, Исседондар аримаспалармен көрші тұрды, менің ұғымым бойынша, бұлар таңғажайып адамдар деп тұжырымдады. Оның айтуынша, Исседондар жер астынан ағып шығатын өзен бойын жайлайтын, жұлдыздарға табынып, өзенді пір тұтатын адамдар екен. Ал А.Н. Бернштам, Ғалымдар Академиясы Мұсабаев, К.Ақышев, Г.А. Кушаев қытай деректемелеріндегі исседондар кейінірек қытай шежірелеріндегі “у-сунь”, Птолемей деректемелеріндегі исседондар үйсін болуы мүмкін деген пікір айтады. Неміс зерттеушісі Альберт Германның пікірінше, “Исседондар” термині Батыс Сібірдің кет тілдік гидронимикасына жатады. Осы негізде ол Исседондарды Исеть өзенінің (Обь) алабында өмір сүрген халық деп есептеген. Германның бұл болжамы дұрыс болуы да мүмкін, өйткені жазба деректерде Исседондар Алтайды мекендеуші аримаспалармен көршілес отырған. Егер ежелгі замандарда Обь өзенінің жоғасыр ағысы және Катунь (Қатын) өз. кет тілдер тобында Эссет (Иссет, Эссес), яғни “Тәңірі өзені” деп аталғанын ескерсек, онда шығыс Исседондар (серскілер) тап осы аймақты қоныстануы мүмкін деген қорытынды жасауға болады.

 

2. Геродоттың еңбектері бойынша скифтердің зерттелуі.

1. Скифтердің Қара  теңіз бойына таралуы.

2. Скифтердің ежелгі  патшалары.

3. Шаруашылығы мен  мәдениеті.

4. Скифтер жайлы грек  мифологиялары

«Аспандауыс» немесе Эллададағы скиф

Әрбір өткен қас-қағым сәт пен тұтас дәуірлер келер кемел болашақтың кескін-келбетін айшықтайтын, бағыт-бағдарын айқындайтын тарихи құбылыс. Адамзат баласы өз өткенінен үйренеді, сол арқылы ертеңін болжайды, бүгінін таразылайды. Жас ұрпақ жадына тарихи зерделілік пен мәңгүрттіктің арақатынасын білудің мәнін, маңыздылығын құю – ұлт болашағының айнымас, тозбас, өзгермес кепілі. Адамзат өркениетінің тұңғыш дүмпуі, алғашқы қанат серпіні жасалған Азия даласы, оның ішінде түркі атаулының қара шаңырағы – қазақ байтағы өз қатпарларына талай-талай шешімі табылмаған жұмбақтар мен сыры ашылмаған құпияларды бүгіп жатыр.Ұлы даланың қаншама адал перзенттері ұмытылып кетті. Көшпенділер өркениетінің тарихи-эволюциялық даму жолында ата-бабаларымыз әртүрлі тайпалық одақтарға бірігіп, жаңа мемлекеттердің іргетасын қалағанын тарих көрсетті. Сақ-скиф тайпалар одағы құрамына кіретін агрипей сақтар, массагет, тиграхауд, хауомоваргы, аримаспы сақтар, исседондар мен сармат, каспилер тарихы өз тегін сақ-скифтерден тарататын бүкіл еуразия даласының халықтарына ортақ тарих. Осынау алып бәйтеректің бір бұтағы – қазақ ұлты да көшпенділер өркениетінің перзенті ретінде барлық тарихи жәдігерлер мен ұлы бабалар мұрасына өзге ұлттармен қатар тең құқылы мирасқор халық болғандықтан оның барлық тарихи гүлдену мен құлдырау кезеңдерінің жемісін өз тарихының ажырамас бөлігі деп таниды. Міне, сол тарих тудырған, нақтырақ айтқанда, тарихи қажеттілік тудырған алып

бабаларымыздың бірі – Анахарсис.

Ол кім? Ол – б.з.д. VII-VI ғасырларда (605-545, 613-539, 620-555 ж.ж.) өмір сүрген, Грекияға жасаған саяхаты кезінде өшпес  даңққа бөленген сақ даласының ғұламасы. Тегі – скиф патшалары әулетінен. Гнур патшаның ұлы, Савлий мен Кадиут патшалардың бауыры. Анахарсис есімі грек тілінен аударғанда «Аспан дауыс» деген мағына береді екен. Ал біз оны «Ан Арыс» деп атасақ, орыс халқы «знахарь», «пахарь» ұғымдарының (Ана-Харс) грек тілінің дыбысталуына қарай бейімделген нұсқасы болуы мүмкін деген болжам ұсынады. Алайда тарих болжамдарды көтермейді. Мәселен, оның бауыры Савлийді орыстар әлі күнге дейін орыс тілінде сақталып келе жатқан есім десе, Қазыбек бек Тауасарұлы өзінің «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабында оны «Сабыр» деп те атайды. Қалай болғанда да, Анахарсис-Ана-Харс-Анарыс аңыз кейіпкері емес, тарихи тұлға. Ол туралы оның Грекияға жасаған сапары кезінде «жеті ғұламаның» сегізіншісі аталып, өзінің данышпандығымен даңққа бөленгені жөнінде «тарих атасы» Геродот, Лукиан, Диоген, Страбон, Платон секілді ойшылдар аз жазбаған. Бұл жерде, сондай-ақ афиналық Менандрдың адам табиғатын және мінез-құлқын сараптай келе, Анарыс бабамызға ерекше тоқталғанын атап өту ләзім. Бабамыз өз заманында тіпті сол гректерге биік адамгершілік қасиеттердің мысалы болған.

Информация о работе Антикалық тарихшыларының еңбектері бойынша көшпенділердің тарихы