Антикалық тарихшыларының еңбектері бойынша көшпенділердің тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 13:36, лекция

Описание работы

Пән туралы қысқаша сипаттама: Еуразия материгінде Ұлы даланың алатын орны мол. Осы кезге дейін тарихтың аз зерттелуіне байланысты Ұлы даланың географиялық аймағы толық анықталмаған. Ұсынып отырған пән Ұлы даланың сонау ежелгі уақыттан бері таралып, дамып және ыдырап кеткен халықтардан саяси-экономикалық және мәдени жағынан мәліметтер береді.

Работа содержит 1 файл

Антика10.doc

— 418.50 Кб (Скачать)

Иран ғалымының пайымдауынша жалпы  түрік атауының өзі жылан деген  сөзден келіп шығады.

Қазақтың атақты ғалымы, академик Ә.Марғұлан қазақ даласынан жазып алынған эсхатологиялық миф туралы мынадай дерек келтіреді: «Түймекент пен Тас-Ақыр сарайы туралы ерте қазақша жазылған бір кітабын тауып алған аяулы ғалым А.А.Диваев кітапты жазушы Тастөбе болысында бір қыстақта тұратын Тәуке молда Нұрабаев деген кісі бұл кітапқа А. А. Диваев,               В. Н. Андерсонмен  қосылып  түсініктеме  жазып,   қазақ    текстін  орысша аудармасымен қосып, Н.Ф.Катановтың алғысөзімен Казань университетінің журналында басып шығарады. Нурабаевтың аңызы бойынша, Алаңғасардың шын аты Ажы. Ол орасан ұзын бойлы болған. Жер жүзін топан суы қаптағанда, ол Ажының тізесінен аспаған. Аңыздың баяндауынша,   «Бұрынғы   заманда   Алаңғасар   атты бір дәу болыпты, оның Арсалаң Алып деген баласы бар екен».

Алайда қазақ арасындағы аңыз жылан туралы емес, Ажы атты дәу туралы   болып  отыр.  Бұл  аңыз  Геродоттың  исседондардың  арғы жағында жалғыз көзді аримаспалар өмір сүреді деген скиф аңызын еске түсіреді. Дегенмен «ажы» туралы деректер қазақ мифологиясында да ұшырасатындығын көреміз. Ғалым Ә.Қоңыратбаев Толстовтың кітабына сүйене отырып былай дейді: «Бұл сюжеттерде Қараман дию (дәу) делінген. Ол Хома шарабын ішіп, сиыр сойған. Синдбад көпірінен өтіп, от тәңірісі Заратуштраны өлтірген. Сөйтіп жалғаншылар еліне қосылған. Онысы Матриархат культі болмақ. Қазан, Бадашт зәрдушт дінін тұтынған. Толстов Қарапан-Караман, Сарман-шаман сөздері түбірлес. Капур-Карп-қимар – Бабыл тәңірісі, олар бес руға бөлініп, жыланға табынған. Осыдан керм-керемет, құрт, серп (жылан) сөзі шыққан дейді. Толстов Зардушті өлтірген – Тұр – Братарвахш түрік тектес ел, Тұран аты содан туған, Бахш-Сияуш атында бар. Бахш – Окс (Әму) атымен ұқсас, Карапандар жыланға табынған, бұл Сыр бойында туған, зороастра аңызының бірі болу керек депті... Страбон Қарапандарды Каби-идаи-дактил (бес саусақ) елі, олар жыланға табынған дейді. Кіші Азия икондарында жылан суреті көп кездескен. Мұндағы дактил-идаи деп отырғаны ертедегі адайлар». 
Бұл келтірілген деректерді саралай келіп зороастризм діні қанат жайғанға дейін көптеген халықтардың жылан культіне табынғандығын көреміз. Жылан, айдаһар бейнелері матриархат кезеңінің символы іспеттес. Кезінде жыланға табынушы тайпаларға қарсы аяусыз күрес жүргізген патшалардың бірі Дарий. Ол турасында Р.Гиршман былай деп жазады: «Глагол – уаud, употребленный Ксерксом для описания восстания в Империи, это тот же самый глагол, с помощью которого Дарий выражает мысль о неуверенности в безопасности царства во время его прихода к власти в своей Накширустемской надписи (DNA). Эта надпись, кажется, послужила моделью для Ксеркса при написании его надписи о дэвах, а восстания, вспихнувшие в момент его вступления на престол аналогичны тем, которые сотрясали империю Ахеменидов после смерта Камбиза. Так же, как и отец, Ксеркс восстановил порядок на «этот земле». Эта часть четвертого параграфа относится, вероятнее всего, к событиям, происходившим в Египте и Вавилонии.

Вторая часть четвертого параграфа  надписи о дэвах затрагивает  проблему совершенно другого порядка. Ксерокс говорит: «И среди этих стран  было такая, где прежде поклонялись дэвам. И по воле Ахурамазды я разрушил святилища дэвов и приказал: Дэвам не поклоняться! Там, где прежде поклонялись дэвам, я буду поклоняться Ахура Мазде».

Зороастризм діні өзіне дейінгі  мифтік нанымдарды жойып жіберуге тырысты. Дегенмен кейбір культтар зороастризмге де әсер етті, сөйтіп кейбір діни яшттарда орнығып қалды. Әсіресе, бұрынғы жаратушы құдайларға қарсы  күресуші күштерді құдай  деңгейіне шейін  көтереді. Ал «ажы», «дәу» секілді құдайлар ендігі жерде зұлым, қаскөй күштерге айналады. Ол турасында академик В.В.Бартольд мынадай пікір айтады: «Как для буддиста человек, достигший святости, стоит выше богов индийского пантеона, так в Авесте  слово  daēva  (новоперс. دڍو  ),  торжественное  с санскритским devah, обозначающим богов, служит только для обозначения злых духов. Среди светлых божеств Ормузд, создатель неба и земли, является только первым из семи «святых бессмертных» (amesha spenta), хотя последние в древнейших гимнах являются скорее олицетворением отдельных атрибутов Бога, чем самостоятельными божествами; сюда принадлежит и Аша, понятие, соответствующее санскрит rifa  и являющееся олицетворением того мирового порядка, укрепление и кроме того, учение Зоратустры не уничтожило культа некоторых древнеиранских божеств, как Митры, бога солнце, и Тиштрии, бога дождя, ведущего борьбу с демоном засухи»

Көптеген Евразия континентіндегі  халықтардың мифінде айдаһар  мен жылан жағымсыз кейіпкер ретінде  көрінсе, түркі, монғол және қытай мифтерінде керісінше, жақсы жағынан көрініс  табады. Мысалы, Қытай мифологиясында айдаһардың алатын орны үлкен. Оның әлемді жаратушы құдай деңгейіне дейін көтерілгендігі белгілі. Хакас, Тува халықтары да жыланды киелі аң ретінде қорғаштайды. В.Я.Бутанаев хакастарда сақталған мынадай мифтік әңгімені баян етеді: «В хакасской мифологии среди пресмыкающихся особое внимание заслужили змей (чылан).  По отношению к ним применями иносказания: «узун хурт» – длинный червь, «сойлаас» – извивающийся и др. Хангорцы остерегаются змей. Согласно легендам, когда-то многочисленный хакасский сеок «аара» был истреблен змеями за враждебное отношение к пресмыкающимся. Сумел спастись только один благородный представитель этого рода, который по Совету царя змей обтянул свою юрту пестрым арканом. С тех пор для защиты от змей хакасы вокруг юрты натягивали пестрый архан из белой и черной шерсти.

Жыландардың шабуылына ұшыраған «аара» тайпасы  да кезінде жыланға табынған көршілес тайпалардың шабуылынан кейін жылан  культін қабылдағандығын көрсетеді. Жалпы көшпелі түрік-моңғол халықтарының барлығы дерлік киіз үйдің сыртын ала арқанмен буады. Этимологиялық жағынан алып қарағанда да «аара» мен «аза», «ажа» сөздерінде жақындық бар екендігі  көзге түседі. Тува жұртының шаман бақсылары өздерін «аза» атты киелі рухтан тарайтындығы туралы аңыз таратады. Азаны көзімен көрген бақсылар ерекше қасиетке ие болады деп сенген. Ол турасында былай дейді: «Чырык чер кырында аза бар болбайн канчаар. Хамнарның бир кончуг алғаныр чувези аза болгай. Азаны мен көөр кижи мен. Аза кижи болганга козулбес. Аза мээң караамга кижи дурзулуг бооп көстүр чүве. Азаның кол чоруур черлери-кыйыг черлер, орук белдири, эрги чевеглер чаны, кызыл элдер баары, арт кыры, кежиг аксы болгаш эрги хонаш болгулаар». Аудармасы: «Жарық жер бетінде аза әзелден бар. Азаның атын тувалық бақсылар  аса  бір  сүйіспеншілікпен  мадақтайды. Мен  өзім  азаны   көремін. Алайда, ол кез келген адамның көзіне көрінбейді. Менің алдымда ол оғаш адамның кейпінде көрінеді. Азаның сүйікті орындары – бөктер, жолдың торабы,   ескі   молалы   жерлер,   қызыл  жарлар,   асулар,  өткел  мен  ескі қоналқалар».

Демек түркі тайпалары ішінде «аза»  атты киелі күштің өмір сүргендігін  көреміз. «Айдаһар» түркі халықтарында да болғандығы турасында зерттеуші С.Қондыбайұлы былай дейді: «Айдаһар (аждаһа) сөзінің дей-түркілік этимологиясы: мұндағы «ажи» сөзі «жылан» «жылан-баба, әже» дегенді білдірсе, «даһ» сөзі (tang праформасынан өрбіген) «бастапқы тіршілік көзі, тіршілік иесі, тірі пенде» немесе «тіршілік, өмір беруші» дегенді білдіреді, яғни Айдаһар – «Барлық жанды жаратушы, тудырушы баба, әже, «жылан-баба» дегенді білдіретін сөз. Бұл тұрғыдан қарағанда, дей-түркілік «Айдаһар» (Аждаһа, Ажи-Даһ, Ажи-Дан) – тіршілікті жаратушы, тәңіриелер мен адамдардың, жалпы тірі мақлұқтардың арғы, түпкі бабасы, «Ұлы Ана» категориясына кіретін мифтік тұрпат». 
Қазақ халқында «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ» деген мәтел сақталған. Бұл әрине, ислам дінін қабылдаған соң дүниеге келгендігі анық. Дегенмен «әй дейтін ажа» сөзі исламға дейін бақсылардың киелі рухына сеніп келген көшпелі жұрттың табиғат тылсымынан қорқып, бақсылардың халықты апаттан, аурудан, жамандық т.б. ырым-сырымнан тиып, күштеп ұстап келгенінің жаңғырығы іспетті, ал ислам дінін қазақ жеріне таратушылардың қожалар деп аталғандығы белгілі. Ендеше ислам дінін қабылдаған соң бұрынғы бақсылардың сиынып келген пірінің бірі – аза ұмыт қалған. Оған бірнеше себеп бар. Ол кездегі бақсылардың түсінігінде аналық культіне табыну басым еді. Ислам дінін қабылдаумен қатар ел ішінде беделі зор, әрі бақсы, әрі елдің басшысы Қорқыт шамандардың ішінде алғаш болып ислам кұндылықтарын қабылдайды. Бұл оқиға көшпелі түркілердің санасындағы хаосты жаңғыртуда жетекші күшке айналады. Ислам дінінің қағидалары негізінен патриархаттық деңгейде болғандықтан, бұрыннан бақсыларға құдайдай сыйынып келген көшпелілер үшін ендігі жерде Қорқыт бақсылардың аталық култіне, табынатын піріне айналады. Бұл процесс әсіресе, Алтын Орда тұсында орнығып, ата-бабаның бұрынғы жолымен келе жатқан көкке табынатын, тотемдік киеде жүрген бақсылар қырғынға ұшырады. Алғашында зороастризм дінінің қарсылығына душар болған айдаһар, ислам діні келген соң біржола күйреп, тек архаикалық эпостар мен ертегілерде ғана сақталып қалды.

Жазу  мен қоғам тығыз байланыста болған себептен зерттегелі отырған тақырыпты  толық аша түсу мақсатында және мақаланың  негізгі тақырыбына көшпес бұрын жазуды пайдаланған қоғамның өмір сүрген жері мен тарихына көз жүгіртуді жөн көрдік.

 

 

3. Геродоттың еңбектері бойынша сақтардың жүргізген саясаты.

1. Сақтар жайлы алғашқы мәліметтер.

2. Сақтардың ежелгі патшалары.

3. Томиристің ішкі, сыртқы саясаты.

4. Сақтардың шаруашылығы.

5. Есік қорғанының зерттелуі

6. Сақтардың діні мен мәдениті.

 

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.

Қоныстанған жерлері

Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер  немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая  Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар  Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.

Соғыстары

Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.

Қазақ тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог,археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыкқан дейді. Әйгілі ғалым А. Н. Бернштам қазақтын атын сақтармен байланыстырады. Ол: «қазақ» деген сөз ерте замандағы «каспи» және «сақ» деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни каспи – сақ, қас – сақ – қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (тайпа аты) деген екі сөзден «қас сақ» (нағыз сақ) дегеннен шыққан. «Қазақтар — түрік, маңғол тектес халықтың екі бұтағынан (һұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дейді.

Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ, тағы басқа тайпалар ішінде сақ деген  атты қолданған рулар да бар. Мысалы, сақтоғалақ, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ, тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсін бірлестігінің құрамында сақ тайпаларының барлығы еліміздің ежелгі жазба деректерінде айқын айтылады. Онда: «Үйсін халқы ішінде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпапары да бар» дейді. Бұл тарихи фактілер қазақтың арғы тегінің бір саласы ежелгі сақ тайпалары екендігін дәлелдейді.

Еліміздің ежелгі замандағы жылнамалары  мен томдарында сақ тайпалары  «сәйжүң» «шижұң», «шимо», «шижа» түрінде  кездеседі. Бұлар «сақ» және «сақ тайпалары» деген атаудың өз кезіндегі  ханзуша дыбысталуы еді. Мутиянзының «Өмірбаян» атты еңбекте патша Жумууаң заманымыздан бұрынғы IX ғасырда батысқа сапарға шыққан жолында шимо тайпаларына және олардың көсемі Шиаңшуға кездескендігі айтылады.

Бұл аңызда айтылған шимолар Орта Азия өңірінде өмір сүрген сақ тайпалары еді. Лияң әулеті дәуірінде (VI ғасырдағы) Шұн Жи «будда деректері туралы» деген еңбегінде «Хан патшалығының тарихы, батыс өңір шежіресінен» мынандай үзінді келтіреді: сақтар «асылында ұзақ заманнан бері дұнхуаң жерін мекендеген иұншіндер еді. Кейін иозілерден шығып, Памыр тауының күнгейіне қоныс аударған». Бірақ біздің заманымызға жеткен «Хан патшалығының тарихы, Батыс өңір шежіресінде» мұндай деректер жазылмапты.

Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары  туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды «Азиялық скифтер»деп атаса, парсы тарихшылары оларды «сақтар» деп атаған.

Ахеменид иранның сына жазу текстерінде, онын ішінде накширостемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), парадария сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен.

Ол заманда «сақ» немесе «скиф» деген жалпы атпен аталған  халықтың ішінде әрқайсысының өзіне  тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі көшпенді мал шаруашылығымен, бір бөлегі егіншілікпен шұғылданған.

Ерте замандағы грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты сырымен, яки киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып, көшіп жүрген.

Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелі арбада, қонғанда киіз үйлерде  отырған. Олардың қыстауларында  кесектен (сабан араласқан балшық; кірпіштен) там үйлер болған. Мал  шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тіпті мал шаруашылығымен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егіншілігі болған.

Информация о работе Антикалық тарихшыларының еңбектері бойынша көшпенділердің тарихы