Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат

Описание работы

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция мақсаттары түгел іске аспады.

1735 жыл – Ор өзені  бойында Ор бекінісінің негізі  қаланды.

Орынбор шекаралық комиссиясының  келесі төрағасы И. И. Неплюев (1742 ж.) Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. 1743 жыл – Орынбор қаласының негізі қаланды.

1735–1737 жылдары болған  башқұрттардың көтерілістері кезінде  Әбілқайырдың башқұрт билеушілерімен  бірігіп кетуінен сескенген патша  үкіметі екінші рет ант алуды  көздеді.

1738 жылғы тамыз –  Орынбор комиссиясының басшысы,  тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының съезін өткізді.

Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге  берілгендігін қуаттап екінші рет  ант берді.

1740 жыл – Әбілмәмбет  хан мен Абылай сұлтанның ант  беруі саяси жағдайдан туған  айла болды. Ресеймен жақындасып, Орта жүзге жасала­тын жоңғар шабуылын әлсіретуді көздеді.

1734 жылғы 10 маусым –  императрица Анна Иоанновна Ұлы  жүзді Ресей құрамына қабылдауға  келісімі жөнінде жарлық шығарды.

Абылай хан  және оның ішкі және сыртқы саясаты

Абылай хан – (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы, кезінде Орта Ази­яның бірнеше қаласының билеушісі «қанішер Абылайдың» баласы «Көркем Уәлидің» шаңырағында дүниеге келген. Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде, шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Жау қолынан туған-туыс, үй іші бірдей қырылады. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан жас ханзаданы Ораз аталық дейтін адам алып шығып, көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды. Абылай өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген.

Үйсін Төле бидің түйесін  бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен оған осы есімді қойған екен-мыс. 1729 жылы жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жылы болған соғыстардың бірінде жеңіске жетеді. Сабалақ ортаға «Абылай» деп ұрандатып шығып, қалмақтың батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіреді. Қалмақтың қас батырын жеңген Сабалақтың аты қазақ даласына тарап, енді оны «Абылай» деп атап кетеді. Осы шайқастан кейін Абылайдың шыққан тегі мәлім болып, қазақтың ханы Әбілмәмбет «тақ сенікі» деп тағын ұсынған екен. Абылай ресми түрде 1771 жылы, тек Әбілмәмбет қайтыс болған­нан кейін ғана таққа отырады. Абылай өз заманының көреген де ақылды саясаткері, жаужүрек батыры, өткір ойлы, дарынды дипломаты болған. Ол сонымен қатар мұсылмандық білім алған, сауатты да айбынды билеуші болған. 1730 жылы Абылай хан көрші елдермен келісімдерге қатысып, қазақтардың барлық әскери жорықтарын басқарады.

1740–1750 жылдары Абылай  жоңғарлармен бейбіт келісімге  келіп, жоңғарлар қазақтарға Сырдария  маңындағы қалаларды қайтарып  береді. 60-жылдары ол Ресей және  Қытаймен дипломатиялық байланыстар  орнатады. Осылайша Абылай қазақтың жерін көршілерінен қорғап қалу са­ясатын ұстанды. Абылай ханның көреген және шебер дипломатиялық саясатының нәтижесінде XVIII ғасырдағы көшпелі этностардың ішінде қазақтар алдыңғы орынға шықты.

Абылай хан Қазақстанда  және одан тысқары жерде дарынды қолбасшы, зерделі саясаткер ретінде танылды. Ол қазақ хандығын қуатты мем­лекетке айналдыруды мақсат етті.

1754–1755 жылдары Қытай  Жоңғарияны жаулап алып, Қазақстанның  шекарасына жақындайды. Қазақтар  Абылайдың бастауымен жеңілген  жоңғарларға көмек көрсетеді. Олар қалмақтардың соңғы ханы Әмірсананы Қытайға бермей, қайта Қытай әскерлеріне қарсы соғысады (1756 ж.). Қазақ билеушілері Жоңғар мемлекетін сақтап қалуды көздеді, өйткені ол Қазақстан мен қытай арасында өткел ел (буфер) ретінде еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында Абылайдың ішкі саясаты орталық билікті нығайтуға бағытталды. Абылай елді ұлыс жүйесімен басқаруды енгізді.

Орталық билікті күшейтуде  Абылай ханның жасаған екінші бір  шарасы өз дәуіріндегі беделді, талантты жеке тұлғаларға сүйену болды. Абылай ханды XVIII ғасырдағы ұлы жыраулар Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, батырлардан Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары, атақты билер Ұлы жүздегі Төле би және Орта жүздегі Қазыбек би мен Кіші жүздегі Әйтеке билер үнемі қолдап отырды.

Абылай ханның көрегендікпен  жүргізген ішкі және сыртқы саясаты барысында Қазақ хандығы қуатты, біртұтас мемлекетке айналды.

1781 жылы Абылай хан  Түркістанда қайтыс болып, Қожа  Ахмет Йассауи кесенесінде жерленеді.

Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз  қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)

Көтерілістің себептері  мен алғышарттары. 1773–1775 жылдардағы Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі та­лаптары қанағаттандырылмады;

Көптеген сұлтандар, билер  басқа да Кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді;

Кіші, Орта жүздердің кейбір аудандары  Уфа, Сибирск губернияларына бағындырылды;

Жайық бойындағы казактардың, жаңадан  қоныс аударған көпестердің озбырлығы  жергілікті қазақтардың ашу-ызасын келтірді. Сон­дықтан көтерілісшілер бұрынғы жерлерді қайтарып алу, Жайық казактарының, Нұралы ханның озбырлығына шек қою сияқты мәсе­лелерді мақсат етіп алдына қойды.

Қозғаушы күштері. Басты қозғаушы күштер көшпенді қазақ шаруалары болды. Бұлармен қатар патша үкіметінің саясатымен келіспеген үстем тап өкілдері (батырлар, билер) де қатысты. Көтеріліске қатысқан Кіші жүз рулары: жағалбайлы, шекті, беріш, табын, шөмекей, алаш, серкеш, таз, байбақты, алаш, қаракесек, төртқара т. б. Көтерілісті байбақты руының старшыны батыр Сырым Датұлы басқарған.

Көтерілістің барысы. 1783 жылы Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды.

1784 жылы Сырым Датұлы казактар  тұтқынынан босап, көтеріліске  ірі қол жинай бастады. Бұл  тұтқынға ол 1783 жылы желтоқсан  айында түсті. Көтерілісшілер арасында Жантөре сұлтан, Барақ, Тіленші старшындар сияқты үстем тап өкілдері де болды.

1784 жылы Сырым Датұлының қарамағына 1000-ға жуық адам шоғырланды. Патша үкіметі көтерілістің етек алуынан сескеніп, жазалаушы от­рядтарды жібере бастады.

1785 жылы 17 ақпанда генерал-майор  Смирнов басқарған, казактар мен  башқұрттардан құралған 2670-тей адамы  бар жазалаушы отряд қара­пайым  ауылдарды ойрандап, біраз қазақтарды  тұтқындады.

1785 жылы Сырым Датұлы басқарған  көтерілісшілердің күресі барынша  кеңейді.

1785 жылы наурызда Назаров басқарған  Жайық казак отрядтары көтерілісшілерге  шабуыл жасады. Мұнда екі жақ  та нақты нәтижеге жетпеді.

1787 жылы Колпаков пен Пономарев  басқарған, 1250 адамнан құралған жазалаушы  отрядтар көтерілісшілерге шабуыл  жасауға бата алмай, бейбіт ауылдарды ойрандады. Нұралы ханның патша үкіметін жақтауы көтерілісшілердің алдарына Нұралы ханды тақтан тайдыру мақсатын қоюға себеп болды.

1785 жылы Кіші жүздің ақсүйектер  тобы Нұралыны тақтан тайдыру  үшін құрылтай өткізді.

1786 жылы Нұралы хан Орал бекінісіне қашып барды.

1790 жылы Нұралы Уфада қайтыс  болды. Жайық бойындағы казак  әскері жасаған озбырлықтары  көтерілістің одан әрі өршуіне  себеп болды.

1790 жылы тамызда казак әскерінің  басшысы Д. Донсков 1500-ге тарта  адам мен бейбіт жатқан қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл, әрине, қазақтардың қарсылығын тудырды.

1791 жылы Нұралының орнына Кіші  жүздің ханы болып Ералы сұлтан  сайланды. Бұл жағдай көтерілістің  одан әрі кеңеюіне әсер етті.

1792 жылы Сырым Датұлы Ресейге  қарсы күресін ашық түрде кеңейтті. Қазақ феодалдарының біраз бөлігі Сырым Датұлын қолдамады. Ал Жантөре сұлтан, Ералы, Барақ, Ілекбай старшындар Сырым Датұлын қолдады. Бірақ осы уақыттан бастап Сырым Датұлы көтерілісінің қарқыны уақытша бәсеңдеді. Оған көтерілісшілердің Елек пен Красногорск бекіністерін алудағы сәтсіздігі себеп болды.

1794 жылы Ералы хан  өлді.

1795 жылы Нұралының ұлы Есім  хан болып сайланды. Есімнің хан  тағына отыруы Сырымның басқарған  көтерілісінің қайтадан өрістеуіне  себеп болды.

1797 жылы 17 наурызда Сырым басқарған  көтерілісшілер хан сарайына  шабуыл жасап, Есім ханды өлтірді.

1797 жылы полковник Скворкин Сырым  көтерілісшілерін қудалай бастады,  бірақ қудалаушылардың алғашқы  әрекеттері сәтсіздікпен аяқталып  жатты.

Көтерілістің жеңілуі. Есім ханнның өлімінен кейін Кіші жүзде хан сайлау мәселесі тұрды. Ал патша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлау мәселесін жүзе­ге асырмауға тырысты. Бірақ осыған қарамастан, Кіші жүз феодалдары Нұралының баласы Қаратайды хан орнына сайлады.

Осыдан кейін Сырым Датұлы өзіне  қарасты халықты артынан ертіп, Сырдарияға қоныс аударды. Ханға, хан  кеңесіне қарсы болған Кіші жүздің ықпалды адамдары Сырымның қасына топтасты.

1797 жылы патша үкіметі  хандық кеңесті жойып, Кіші  жүздегі хандық билікті қалпына  келтірді. Хан болып Айшуақ сұлтан  бекітілді.

1797 жылы Сырым Хиуа  хандығының жеріне қоныс аударды.  Себебі бұл кезде Қаратай сұлтан  Сырымның қуғындауын жиілеткен  еді.

1797 жылы Сырымның Хиуа  жеріне өтуі, оның басшылығымен  болған көтеріліс те жеңіліспен  аяқталды.

1802 жылы Сырым Датұлы  Хиуа жерінде қайтыс болды.

Көтерілістің  жеңілу себептері 

Көтерілістің ұйымдастырылуы нашар болды;

Үстем тап өкілдері (билер, старшындар) арасындағы алауыздық;

Ру арасындағы қайшылықтар;

Көтеріліске шыққан әр түрлі  топтар арасындағы байланыстардың нашарлығы;

Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы;

Қазақ феодалдарының  Орал казактарына сатылуы;

Қазақ шаруалары арасындағы әр түрлі жағдайлар т. б.

Көтерілістің  тарихи маңызы. 1783–1797 жылдардағы Кіші жүздегі шаруалар көтерілісі – XVIII ғасырдағы Жайық бойындағы ірі халықтық қозғалыс. Бұл көтеріліс белгілі бір мөлшерде халықтың патша үкіметіне қарсы көтеріле алатынын дәлелдеді. Көтерілістің дүмпуі біразға дейін басылмады. Бұл көтеріліс патша үкіметі отарлау саясатын ашық жүргізіп отырғанын дәлелдеді.

1801 жылы патша үкіметі қазақтарға Жайықтың оң жағына жайғасуына рұқсат берді. Бұл – Сырым Датұлы басқарған көтеріліс нәтижелерінің бірі.

43.Бөкей Ордасының құрылуы (1801 ж.)

XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында Кіші жүз қазақтарының  едәуір бөлігі Еділ мен Жайық өзендерінің сағасындағы жерлерге көшіп барды да 1801 жы­лы Ішкі немесе Бөкей (өздерінің бірінші ханы Бөкейдің есімімен) Ордасының негізін қалады. Ол Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы әске­ри бекіністі шептердің іш жағында орналасқандықтан «Ішкі» деп аталды. Ішкі Орда қазақтарының рулық-тайпалық құрамына адай, байбақты, беріш, жаппас, есентемір, ноғай, жетіру, масқар, серкеш, тана қызылқұрт, кете, таз, төлеңгіт, ру – тайпалары енді.

Патша үкіметі қазақтардың  Жайық сыртына көшуіне рұқсат бере отырып, қайта қоныстандыру мәселесін ұйымдастыруды орыс тағына жан -тәнімен берілген, шекаралық патша шенеуніктерінің нұсқауларын екі етпей орындайтын сенімді адамға тапсыруды мақұл көрді. Таңдау Әбілқайыр ханның немересі, Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанға түсті. Патша шенеуніктерінің сипаттауынша Бөкей «жоғары мәртебелі таққа шын берілген» адам болған. Көші-қон жұмыстарын ұйымдастыру барысында Бөкей өз мүдделерін ұмытқан жоқ. Кіші жүз тағына отыру мүмкіндігі мен беделі жетіспей жүрген ол орыс билеушісінің сенімін пайдаланып, Жайықтың оң жағалауында өз хандығының негізін қалауды ни­ет етті.

Жаңа хандықты орыс жерлері  мен бекіністі шептер жан-жағынан  қоршап тұрды. Жайық бойында –  әскери шептің казактар форпосттары, солтүстігінде  – Жаңа өзен шебінің форпосттары, батысында – тұз жолдарының бекеттері мен Астрахан казак әскерлерінің тосқауыл отрядта­ры, қалмақтар жайлаулары, оңтүстігінде – Каспий теңізінің жағалауларындағы орыс қоныстары орналасты. Хандық шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерлерді қамтыды. Жайықтың батыс жағалауына көшіп барған қазақтардың кері қайтуларына рұқсат етілмеді.

1812 жылдың басында патша үкіметі Бөкейді «Ішкі қырғыз-қайсақ ордасының ханы» етіп ресми түрде бекітті.

1815 жылғы 12 мамырда орданың негізін қалаушы Бөкей дүниеден өтті. Ол көзі тірісінде-ақ хан атағын мұра ету құқығын өз ұрпақтарына ғана бекітіп берген еді. Өлер алдындағы өсиетінде хандық билігін сол кезде 14 жастағы баласы Жәңгірге қалдыратынын айтқан болатын. Жас Жәңгір кәмелетке толғанша орданы Шығай биледі.

Жәңгір хан өкімет билігін қолға алған соң отаршыл  әкімшіліктің өзіне жүктеген міндеттеріне сай қазақтардың өмірі мен  тұрмысының және дәстүрлі ел басқару  жүйесінің кейбір бағыттарына батыл  түрде өзгерту енгізе бастады. Жәңгір көшпелі халықты отырықшыландыру мақса­тымен олардың егін егуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Орыс хуторлары мен деревняларының үлгісі бойынша тұрақты қоныстар салуға көңіл бөлді. Жәңгір хан өз ордасынан бастап ауылдарда мектептер, училищелер мен мешіттер ашты. Ол патша өкіметі мен жергілікті қазақ ақсүйек­терінің мүдделерін ұштастыру саясатын жүргізді.

1827 жылы Нарын құмы  Жасқұс шатқалындағы қонысты  орда орталығы етіп жариялады.  Ол әлеуметтік-экономикалық бағытта  Ішкі Ордада фе­одалдық тәртіп  орнатты. XIX ғ. 30 ж. ортасында Ішкі Орданың тұрғындары хан мен оның айналасындағылар патша әкімшілігінің аяусыз қана­ушылығына ұшырады.

48.Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)

Информация о работе Қазақстан жеріндегі тас ғасыры