Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат

Описание работы

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Ноғай Ордасында да сұлтандар  мен ақсүйек-феодалдардың арасында хандық билік үшін талас-тартыс тоқтамай үнемі жүріп жатты. Осы ала­уыздық оның да түбіне жетті. XV ғасырдың бірінші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Астрахань хандықтары құрылды. Оның Қазақстан жеріндегі бір бөлігі қазақстардың Кіші жүзінің құрамына кірді.

Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)

XIV ғасырда Орда-Ежен  мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Ор­да-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Са­рысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы Махмұд Қожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік-моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт, қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, ба­тыста – Жайыққа, шығыста – Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің ор­та ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Жошы әулеті – оның ішінде Ибак-хан, Береке-сұлтан, Ұрыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. Әбілхайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30-шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұд Қожа ханды талқандайды. Ол Алтын Орданың әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алады. Өзінің орталығын Ту­радан Орда-Базарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілхайыр өзіне қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін талқандайды. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау баурайын­дағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.Әбілхайырдың Сыр бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда ұлысы ру-тайпаларының арасындағы қырғи-қабақ қатынастарды одан әрі шиеленістіре түсті. XV ғасырдың 50-ші жылдары Әбілхайыр Мәуеренахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тарты­сына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талау-тонау жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілхайыр қанша жерлерді қосып алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары, сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілхайыр мемлекетінің ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457 жылдардағы Әбілхайырдың Үз-Темір-Тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан-таражға түскен қалаларын тастап, Дешті-Қыпшақ даласына ке­туге мәжбүр болды. Тек 60-жылдардың басында ғана Әбілхайыр Сырдария бойындағы бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілхайыр 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің шаңырағын шайқалтып, Әбілхайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды. Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мәуеренахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған ру-тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді. Темір ұрпақтары өкіметінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін басып алды.

Батыс-Сібір  хандығы (XIII-XV ғғ.)

XIII-XV ғасырлардағы Батыс  Сібір. Сібірдің жерінде біршама  түрік тайпалары мекен етті. Батыс  Сібір алдымен Жошы ұлысына,  кейіннен Шайба­ни хандығына  қарайды. Батыс Сібірдің орталығы  – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.

Көшім тұсындағы Сібір  хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы

Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.

Астанасы: Искер қаласы.

1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұғанмен соғысып, оны жеңеді.

Экономикасы мен  мәдениеті. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.

Саяси құрылысы. Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар, уәзірлер – қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.

1574–1575 жылдары сібірге  барлауға жіберілген Иван Грозныйдың  отрядын Көшім хан қырып тастайды.

1582 жылы Көшім әскерлері  атаман Ермактың отрядынан жеңіледі.1582 жылдың күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отря­дынан жеңіледі.1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді.1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы

Этносаяси қауымдастық  – белгілі бір тарихи аймақта  құрылған хандықтың тұрғындары. Қазақ  халқының этникалық жағынан қалыптасуында  Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарған.«Өзбек» атауының шығуы Өзбек ханның (1312–1342 жж.) есімімен байланысты. «Өзбектер» құрамы:

шайбанилер – түркіленген  моңғол тұқымдары.

Қазақтар – қыпшақтар  т. б.

Маңғыттар – қарақалпақтар, ноғайлар

Қазақ халқының қалыптасу  процесі XIV-XV ғғ. аяқталды.

Саяси жағынан шашыраңқы  этникалық туыстас топтардың  басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құры­луы әсер етті.

XV ғасырдың екінші  жартысы – XVI ғасырда негізгі  этникалық топтардың қазақ халқына  және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.

XV-XVII ғасырлар – Қазақстанның  аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде  ортақ негізгі белгілер мен  қазақ этносының өзіне тән  материалдық және рухани мәдениеті  бекіп жетілді.

30.Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)

Саяси жағынан бытыраңқылығы  басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына  әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында  құрылды.

Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.

Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.

Ата-аймақ. Басшысы –  ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше  ауылдан тұрады.

Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады.

Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.

Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.

Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.

Хандық. Басшысы –  хан, үш жүзден құралған.

Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.

31.Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.

1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

486 жылы қазақ әскерлері  Мұхаммед Шайбаниді жеңді.

XV ғасырдың аяғына  қарай Қазақ хандығының Жетісу  мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы  күшейді. Қазақ хандығының құрамында  Сығанақ, Со­зақ, Сауран қалалары  болды.

XVI ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті.

1511 жылы Жәнібектің  баласы Қасым хан болды. Қасым  ханның алға қойған басты міндеті  – Сырдария бойындағы қалаларды  Қазақ хан­дығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау  жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды.

1510 жылы Қасым ханның  әскерлері Мұхаммед Шайбанидің  әскерін жеңді.

1510 жылы Мұхаммед Шайбани  Мервте өледі.

XVI ғасырдың аяғына  қарай Қасым хан Қазақ хандығының  жерін ұлғайтады.

XVII ғасырдағы Қазақ  хандығы. XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай Ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімінен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т. б. елдермен байланыс орнатады. Қазақ хандығының Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.

1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды.

1533 жылы хан тағына  Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының  ішкі және сыртқы жағдайлары  жақсарған жоқ.

1534 жылы хан тағына  Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан  отырды.

1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар (1537–1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды.

1580 жылы хан тағына  Шығай отырды.

1582 жылы Шығайдың баласы  Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел  Түркістанды басып алды. 1598 жылы  Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуереннахрға кіріп, Самарқанды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады.

1598 жылы Есім хан болды. Есімнің  інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі.

1627 жылы Есім хан Тұрсынды  өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды.

1628 Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның  баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды.

1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен  ойраттың 50000-дық әскеріне қарсы  шығып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста  Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке  келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы  ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір қайтыс болады. Біраз уақыт бойы қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады.

1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке  отырады. Әз-Тәуке хандық билікті  билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің  көмегімен «Жеті жарғы» заңдар  жи­нағын шығарады.

Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.

31.Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы (1512–1521 жж.)

Қазақ хандығы ең жоғарғы қуаттылығына XVI ғ. бірінші ширегінде, Қасым хан  тұсында жетті. Қасым Әз Жәнібектің ұлы, анасы Жағанбегім – Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның анасының сіңлісі.

Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы  түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы  және Моғолстанның батысындағы тайпалар енді. Қасым хан ел бірлігі және қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін белсене күресті.

Аумағы: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудың бір бөлігі, Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері. Астанасы – Түркістан.

Қасым хан тұсындағы хандықтың  алғашқы әкімшілік, сауда-экономикалық орталығы – Сығанақ.

Қасым ханның басты мақсаты: Сыр бойындағы қалаларды қайтадан өз иелігіне қосып алу.

Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың  ханына айналды. Қырғыздарға билігі жүрген жоқ.

Соғыс жорықтары:

1503, 1505, 1506 жылдары – Шайбани  хан қазақ жеріне тонаушылық  жорықтар жасады.

1509 жыл – Қараталға шабуылдап,  тонады.

1510 жыл – Мұхаммед Шайбани  Сығанаққа шабуыл жасап, жеңіліп  Самарқанға қашты.

1510 ж. аяғы – Мұхаммед Шайбани  Мерв түбіндегі Хорасанда Иран  шахымен болған шайқаста қаза  тапты.

Сырдарияда берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы саяси жағдайды тиімді пайдаланды.

1513 жыл – Қасым хан Сайрамды  алды.

1513 жыл – Бабырдың ізбасары  Қаттабекпен одақ жасасып, Ташкент  билеушісі Сүйініш қожаға соғыс  ашты.

Ташкент түбінде қасым хан жараланып, Сайрамға шегінді.

1513 жыл – Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен одақтас болып, Ташкентке бірігіп жорық жасауға келісті. Алайда қыстың таяп қалғандығына байла­нысты, бұл жорық кейінге қалдырылды.

1514 жыл Сұлтан Саид  Шығыс Түркістанға кеткен соң  қазақ ханының Жетісудағы билігі  нығайды.

Ноғай Ордасындағы саяси  дағдарысқа байланысты көптеген ру мен  тайпа Қасым хандығына көшіп  келді.

Моңғол шапқыншылығынан  кейін тұңғыш рет барлық дерлік қазақ  рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті.

Қазақ хандығындағы халық  саны 1 млн. жетті. Алғаш рет орыс мемлекетімен (Василий III, 1505–1533 жж.) дипломатиялық қатынас орнатылды.

Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет  заңдар жинағы «Қасым ханның қасқа  жолын» шығарды. Заң 5 бөлімнен тұрады:

Мал-мүлік және жерге  байланысты қатынастар;

Қылмыс пен оларға қолданылатын жазалар;

Әскери қызметті, әскери міндетті атқару ережелері және әскер  тәртібін бұзушыларға берілетін  жазалар;

Елшілік қатынастарды реттеу;

Халықтық дәстүрлерді  өткізу тәртібі (ас беру, той-думандарды өткізу т. б.).

Информация о работе Қазақстан жеріндегі тас ғасыры