Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салаларының дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 16:37, реферат

Описание работы

Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. 1920 жылдардың бас кезінде егіс көлемі 20% -ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауыл шаруашылық құрал-саймандары тозып біткен еді. Шаруашылыққа қажетті техниканың жетіспеушілігі салдарынан Жетісуда 900 шаруашылыққа тұқым себетін бір машинадан ғана келді.

Работа содержит 1 файл

Азамат соғысы аяқталып.docx

— 18.85 Кб (Скачать)

Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салаларының дамуы

 

Азамат  соғысы аяқталып, Кеңес  өкіметі бұрынғы  Ресей империясының барлық аумағында  орнады. 1920 жылдардың  бас кезінде егіс көлемі 20% -ға кеміп, астықтан алатын өнім үш есеге азайды. Ауыл шаруашылық құрал-саймандары тозып біткен еді. Шаруашылыққа қажетті  техниканың жетіспеушілігі салдарынан Жетісуда 900 шаруашылыққа тұқым  себетін бір машинадан ғана келді.

Ақ  гвардияшылар мен  интервенттердің 1918-1919 жылдары басып алған жерлерге уақытша қожалық етуі, соғыс қимылдары,  құрғашылық пен жұт ауыл шаруашылығы тұралатып, шаруалардың тұрмысын әбден күйзелтті.

Елде  азық-түлік, тұтыну заттары  сияқты халықтың күнделікті күнкөрісіне қажетті  бұйымдар жетіспеді. Осыған байланысты РК(б)П-ның  Х съезінен кейін  ендірілген азық-түлік салығын іске асыру біртіндеп жетілдірілді.     

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшудің қиыншылықтары  да болды.

Дамуы кенжелеп қалған Қазақстанның өнеркәсібі азамат соғысы жылдарында мүлде  құлдыраған еді. Мәселен, жеті жыл ішінде ірі  өнеркәсіп екі  есеге азайды.

 

Өнеркәсіпті қалпына келтіру  шаралары.

Әрине, алғашқы жылдары  қиын болды. Оған 1920-1921 жылдардағы жұт пен 1921 жылғы астықтың шықпауы  да қосымша соққы  болып тиді. Бірер  жылдан кейін –  ақ өнеркәсіпті қалпына  келтіру жұмыстары  нәтижелі болды. 1922 жылы егіннің шығымдылығы едәуір молайды. Қостанай, Орал, Семей губернияларындағы, Павлодардағы және басқа да жерлердегі астық тарататын ірі диірмендер жұмысын бастады. Солтүстік Қазақстандағы май шайқайтын зауыттар жұмысқа кірісті. Жаңадан 20 май зауыты салынды. Елек, Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді. Біртіндеп оңтүстіктегі мақта тазартатын, былғары шығаратын, жүн жуатын зауыттар жұмыс істей бастады. Ал Қарағалы шұға фабрикасы өнім шығаруды бірнеше есеге арттырады. Қалпына келтірілген кейбір шағын кәсіпорындар ірі өнеркәсіп комбинатына бірікті. Мысалы, 1923 жылы Қызылжарда ұйық, тері, жүн және шойын құятын зауыттар мен шағын кәсіпорындар, ал Алматы мен Талғарда тері зауыттары іске қосылды.

Ауыр  өнеркәсіп те қалпына  келтіріле бастады. Ембі мен Доссор мұнай  кәсіпшіліктері 1925 жылдан бастап өнімді соғысқа  дейінгі көрсеткіштен арттырды. Полиграфия өнеркәсібі де қалыпты  жұмысқа кірісті. Осының нәтижесінде  қазақ, орыс тілдерінде газеттер көптеп шығарыла бастады. Ал Риддер кеніші мен Қарсақпай  мыс қорыту зауыты өз жұмысын қайта  жандандырды. Теміржолды жақсартуға ерекше көңіл  бөлінді. Алдымен  Қазақстанның көп  жерін басып өтетін Ташкент теміржолын қалпына келтіру  керек болды. Сондықтан  да оған біраз паровоздар мен вагондар, отын, әртүрлі жөндеу материалдарды  берілді және жоғары білікті мамандар жіберілді. Жаңа жолдар, әсіресе астықты  аудандармен байланыстыратын  Петропавл – Көкшетау – Славгород – Құлынды – Павлодар  жолдары салынды. Жетісу теміржолы Луговой стансысынан Бішкекке дейін ұзартылды.

 

 

 Қазақстанның 1965-1991жж. және өтпелі кезең кезіндегі  экономикалық жағдайы

 

80 – жылдардың бас  кезінде Кеңестер  Одағының барлық  республикаларында  аса ауыр  әлеуметтік  – экономикалық  жағдайлар қалыптасты. Қоғамның саяси  ұйымдасуы, экономикалық  қатынастардың күні  өткен жүйесі елді  күрделі дағдарысқа  әкеліп тіреді. Дағдарысқа  тіреген жағдай  бұрынғы басшылықтың  пісіп-жетілген проблемаларды  шешу түгіл, оның  қажеттілігін сезінуге  қабілетсіздігінен,  бүкіл экономикалық  қызмет пен қоғамдық және жеке өмірдің барлық жақтарындағы орталықтандырылған басшылықтан, партиялық және мемлекеттік аппарат міндеттерінің бірігіп кетуі мен оның төрешілденуінен, қоғамдық – саяси өмірдің маңызды мәселелері бойынша жариялылықтың болмауынан айқын көрінеді.

1985 жылы наурызда  К.У. Черненко қайтыс  болғаннан кейін  КОКП ОК Бас  хатшысының қызметіне  М.С Горбачев сайланды. КОКП ОК-нің сәуір  Пленумында әлеуметтік  – экономикалық  өмір мәселелерін  жаңаша қарастыру  әрекеті жасалды.  Әлеуметтік- экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды.

 

 

Қазақстан экономикасы 80-жылдарда


 

-өндірістің тиімділігінің төмендігі

-өндіруші  саланың үлес салмағының 

басымдығы (14,7%)

-тауар  айналысының кері сальдосы

-экономикадағы  экстенсивтік факторлардыңжоғары  рөлі


 

 

Бұрынғы уақыттарға қарағанда 80-жылдардың  соңында Қазақстан  сыртқы рынокқа белсенді түрде шыға бастады.

Экспорттық  тауарлардың көлемі жағынан Қазақстан  КСРО-ла бесінші орын алды.

 

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланыстары да күшейе түсті. Олардың  арасындағы шекаралық  саудадағы тауар  айналымы 1986 жылғы 4 миллион сомнан 1990 жылғы 21,7 миллион  сомға өсті.

 

 

 

Қазақстан экономикасындағы өзгерістер

 



Информация о работе Қазақстанда 1917-1928жж арасында өнеркәсіп салаларының дамуы