Автомобиль көлiгi туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат

Описание работы

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Автомобиль көлiгi туралы.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

2-тарау.Автомобиль саласындағы мемлекеттiк реттеу     

10-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi     

 Автомобиль  көлiгi саласындағы мемлекеттiк  реттеудiң негiзгi мiндеттерi мыналар  болып табылады: 
      1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау; 
      2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғау; 
      3) халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасау; 
      4) автомобильмен тасымалдаудың iшкi рыногын қорғау; 
      5) автомобиль көлiгiнiң инфрақұрылымын одан әрi дамыту.     

11-бап.  Автомобиль көлiгi  саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау     

1. Автомобиль  көлiгi саласындағы мемлекеттiк  реттеу құқықтық қамтамасыз ету,  лицензиялау, техникалық реттеу, Қазақстан Республикасының автомобиль  көлiгi туралы заңдарының сақталуын  бақылауды жүзеге асыру арқылы iске асырылады. 
      2. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының сақталуын мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. 
      3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктi бақылау посттарында жүзеге асырылады. 
      Техникалық бақылау құралдарымен жарақталмаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiн және көлiктi бақылау посттарын құруға жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктi бақылау посттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.     

12-бап.  Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң құзыретi     

 Қазақстан  Республикасының Үкiметi: 
      1) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi; 
      2) автомобиль көлiгi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
      3) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүрiп-тұру тәртiбiн айқындайды; 
      4) автомобиль көлiгi саласында лицензиялау ережелерiн, соның iшiнде лицензиаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi; 
      5) Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жол берiлетiн қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекiтедi; 
      6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау ережелерiн, қауiптi жүктер тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi; 
      7) тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды; 
      8) алып тасталды 
      9) алып тасталды 
      10) Автомобиль көлiгi құралдарын техникалық пайдалану ережелерiн бекiтедi; 
      11) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi. 
          13-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi     

 Уәкiлеттi орган: 
      1) автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 
      2) өз құзыретi шегiнде автомобиль көлiгi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi; 
      3) автомобиль көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi; 
      4) жолаушыларды және багажды автомобильмен қалааралық облысаралық (астананы және республикалық маңызы бар қалаларды қоса алғанда) тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, тиiстi облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiлген маршруттар бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; 
      5) жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастырады, аталған тасымалдардың маршруттары бойынша қозғалыс кестесiн келiседi; 
      6) жолаушыларды және багажды автомобильмен халықаралық және қалааралық облысаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 
      7) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады; 
      8) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
      9) автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктермен және заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi; 
      10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау  ережелерiнбекiтедi; 
      11) Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау ережелерiн бекiтедi; 
      12) автомобиль көлiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi; 
      13) алып тасталды 
      14) алып тасталды 
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру ережелерiн, автокөлiк құралдарын еңбек пен тынығу режимiн тiркейтiн бақылау қондырғыларымен жарақтандыру жөнiндегi талаптарды бекiтедi; 
      16) алып тасталды 
      17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерi есебiнiң әдiстемесiн бекiтедi. 
      18) алып тасталды 
           14-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi     

1. Облыстардың  (республикалық маңызы бар қаланың,  астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 
      1) жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды, соның iшiнде елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдарды дамыту бағдарламасын бекiтедi; 
      2) өз құзыретi шегiнде жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол жүрiсiн ұйымдастыру жобаларын бекiтедi; 
      3) шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекiтедi. 
      4) алып тасталды 
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 
      1) жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тұрақты тасымалдауларды ұйымдастырады, олардың маршруттарын бекiтедi, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурс ұйымдастырады және өткiзедi, маршруттар бойынша қозғалыс кестелерiн бекiтедi; 
      2) автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзедi; 
      3) жолаушыларды және багажды қалалық, қала маңындағы, елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын және қалааралық облысiшiлiк автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзедi; 
      4) таксимен жолаушылар және багаж тасымалдауды ұйымдастырады; 
      5) шалғай елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдауды ұйымдастырады; 
      6) жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды, соның iшiнде елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдарды дамыту бағдарламасын әзiрлейдi; 
      7) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол жүрiсiн ұйымдастыру жобаларын әзiрлейдi. 
      8) алып тасталды     

15-бап.  Уәкiлеттi органның  лауазымды адамдарының автомобиль көлiгi саласында мемлекеттiк 
               бақылауды жүзеге асыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi     

1. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының: 
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген өткiзу пункттерiнде автокөлiк құралдарын тоқтатуға; 
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарының бұзылуы туралы тексерулердi жүзеге асыруға және актiлер жасауға, жолсыздықтарды жою туралы орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге; 
      3) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  заңдарынасәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы бар. 
      2. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары: 
      1) жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолдануға; 
      2) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. 
      3. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының үстiнде қызметтiк нысанды киiмi, кеудеге таққан нөмiрлi белгiлерi болуға және талап ету бойынша қызметтiк куәлiгiн көрсетуге тиiс. 
      Қызметтiк нысанды киiмнiң, кеудеге тағатын нөмiрлi белгiлердiң, қызметтiк куәлiктiң үлгiлерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.     

16-бап.  Автомобиль көлiгi  саласындағы лицензиялау     

 Автомобиль  көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк  қызметтiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.     

17-бап.  Сәйкестiктi растау     

1. Автомобиль  көлiгi саласындағы автокөлiк құралдарының, автокөлiкке арналған жабдықтардың, олардың өмiрлiк циклi процестерiнiң сәйкестiгiн растау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
      2. Шет мемлекет берген сәйкестiктi растау саласындағы құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес танылады. 
           18-бап. Автомобиль көлiгi саласындағы мiндеттi сақтандыру     

1. Қазақстан  Республикасының аумағында автокөлiк  құралдарын пайдалануға олардың  иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi  мiндеттi сақтандырылған жағдайда  ғана жол берiледi. 
      2. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады. 
      3. Автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру және тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi, сондай-ақ сақтандырудың осы түрлерiн (кластарын) ұстау және оларды жүргiзу шарттары бойынша қосымша талаптар Қазақстан Республикасының сақтандырудың осы түрлерi (кластары) туралы заң актiлерiмен белгiленедi.     

19-бап.  Тарифтер     

1. Жолаушыларды  және багажды қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн, аталған жолаушылар және багаж тасымалдарына арналған тарифтердi есептеу әдiстемесiне сәйкес айқындалады. 
      Тарифтер осы тармақта аталған тасымалдау шығындарын жаппаған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар белгiленген тариф пен тасымалдаудың нақты шығындары арасындағы айырманы тасымалдаушыға тиiстi бюджет қаражаты есебiнен өтейдi. 
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағаларын (тарифтердi) мемлекеттiк реттеу енгiзiледi.     

2-1-тарау.  Автомобиль көлiгi  саласындағы көлiктiк  бақылауды жүзеге  асыру     

19-1-бап.  Көлiктiк бақылау  жүргiзудiң мәнi  мен мақсаты     

1. Көлiктiк  бақылау жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қызметке жүргiзiледi. 
      2. Көлiктiк бақылау жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. 
      3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.      

19-2-бап.  Автомобиль көлiгi  саласындағы көлiктiк бақылаудың түрлерi     

1. Көлiктiк  бақылау мына түрлерге бөлiнедi: 
      1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының өтуiн бақылау; 
      2) автомобиль көлiгiндегi шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, автомобиль көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын халықаралық шарттарды, сондай-ақ автокөлiк қызметтерiн көрсету саласындағы лицензиялық ережелердi сақтауын инспекторлық тексерулер. 
      Тексеру түрлерi: 
      жоспарлы - уәкiлеттi орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қарай Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру; 
      жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiптi жедел жоюды талап ететiн, сондай-ақ шағымдарға, өтiнiштер мен арыздарға шұғыл назар аударуды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалға байланысты тағайындалатын тексеру; 
      қарсы - тексеру жүргiзген кезде мемлекеттiк органдарда көрсетiлген тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда үшiншi тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру; 
      рейдтiк - бiрнеше шаруашылық субъектiлерiнiң қызметiн олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген талаптарын сақтауы мәселелерi бойынша бiр мезгiлде қамтитын тексеру. 
      2. Тексеру жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тасымалдаушының және көлiк кәсiпорнының қызметiн тоқтатпауға тиiс. 
      Уәкiлеттi орган заңды тұлғаның өзiне тексеру жүргiзiлу-жүргiзiлмеуiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiн тексеруге құқылы.     

Информация о работе Автомобиль көлiгi туралы