Автомобиль көлiгi туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат

Описание работы

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Автомобиль көлiгi туралы.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

1. Қазақстан  Республикасының аумағы бойынша  отандық және шетелдiк iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк  құралдарының жүрiп-тұруына рұқсат беру құжатының - ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемдi автокөлiк құралдарының жүрiп-тұруына берiлген арнайы рұқсаттың (бұдан әрi - арнайы рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады. 
      2. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган жүру маршрутын белгiлегеннен және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiлеген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн бередi. 
      3. Егер жүгi бар немесе жүксiз автокөлiк құралы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiнен көлемi, салмағы және (немесе) осьтiк жүктемесi бойынша артық болса, арнайы рұқсат осы автокөлiк құралы бөлiнбейтiн, мақсатын өзгертпей, тым көп шығындарсыз немесе олардың бұзылу қаупiнсiз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлуге келмейтiн жүктердi тасымалдаған жағдайда ғана берiледi. 
      Бөлiнетiн жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп-тұруы айқындалған жағдайда оны тасымалдаушы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалуға арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерiне сәйкес келтiру үшiн автокөлiк құралынан жүктi түсiргенде және маршруттың нақты жүрiп өтiлген бөлiгi үшiн iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүрiп-тұрғаны үшiн алым сомасын төленгенде тасымал арнайы рұқсат берiлмей жаңғыртылуы мүмкiн.

2-2-тарау.Автомобиль көлiгi саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары      

19-12-бап.  Жалпы ережелер     

1. Автомобиль  көлiгi саласындағы техникалық  реттеу объектiлерi: 
      автомобиль көлiгi болып табылады, оған: 
      1) автобустар; 
      2) шағын автобустар; 
      3) жеңiл автомобильдер; 
      4) жүк автомобильдерi; 
      5) автомобиль тiркемелерi; 
      6) ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер; 
      7) арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған); 
      8) арнаулы автомобильдер (әр түрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын); 
      9) автомобиль көлiгiн жобалау; 
      10) автомобиль көлiгiн шығару (жөндеу); 
      11) автомобиль көлiгiн тасымалдау және сақтау; 
      12) автомобиль көлiгiн кәдеге жарату және жою кiредi. 
      2. Автокөлiк құралдары адам өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiретiн болса немесе оларды тиiстi дәрежеде орнату, қызмет көрсету және пайдалану кезiнде солардың қауiпсiздiгi мен функционалдық мақсатына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын болса, нарықта сатылмауға және пайдаланылмауға тиiс. 
      3. Қазақстан Республикасының нарығында сәйкестiгi расталуға тиiс автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға осы Заңның және техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiктi растау үшiн шаралар қабылдауға мiндеттi. 
      4. Қазақстан Республикасының нарығында автомобиль көлiгiн орналастыратын тұлға: 
      1) тұтынушының ықтимал тәуекелдердi бағалауы және тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдауы үшiн қажеттi пайдалану құжаттамасын және басқа да ақпаратты мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынуға; 
      2) автомобиль көлiгiн сату кезiнде таңдау бақылауын жүргiзуге, тұтынушылардың шағымдарын тексеруге; 
      3) автомобиль көлiгiнiң адам өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi болғанда, пайдаланушыны уақтылы және тиiмдi ескерту, сондай-ақ автомобиль көлiгiн қайтарып жiберетiндей қажеттi iс-шаралар жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге; 
      4) таратылып қойған автомобиль көлiгiнде қауiпсiздiк талаптарының бұзылуы туралы және мұндай бұзушылықтарды жою жөнiндегi өзi қабылдаған шаралар туралы тиiстi мемлекеттiк бақылау органдарына дереу хабарлауға; 
      5) шығарушыдан, уәкiлеттi өкiлден, импорттаушыдан, пайдаланушыдан немесе мемлекеттiк бақылау органдарынан автомобиль көлiгiнiң осы Заңның және техникалық регламенттердiң белгiленген талаптарына сәйкес келмеуi туралы ақпарат алынған болса, автомобиль көлiгiн сатпауға мiндеттi. 
      5. Автомобиль көлiгiнде қажеттi ескерту жазбалары немесе қауiптiлiк және қауiпсiз пайдалану шарттары туралы белгiлер болуға тиiс. 
      6. Пайдалану құжаттамасындағы қауiпсiздiк талаптары осы Заңда және техникалық регламенттерде белгiленген талаптардан төмен болмауға тиiс.     

19-13-бап.  Автокөлiк құралдарын  жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары     

1. Автокөлiк  құралдарын жобалау кезiнде өмiрлiк  циклдiң барлық сатыларындағы,  оның iшiнде қалыпты пайдалану,  төтенше жағдайлар (бұзылулар мен сыртқы әсерлер), персоналдың болжамды қателерi және пайдалануға болмайтын кезiндегi бүкiл ықтимал қауiптер сәйкестендiрiлуге тиiс. 
      2. Пайдалану (қолдану) жөнiндегi нұсқауды (нұсқаманы) және паспортты (немесе формулярды) әзiрлеу автокөлiк құралдарын жобалаудың ажырамас бөлiгi болып табылады.     

19-14-бап.  Автокөлiк құралдарын  шығару кезiндегi қауiпсiздiк талаптары     

1. Шығару  кезiнде автокөлiк құралдарының  дайындалуы жобалық құжаттаманың, осы Заңның, техникалық регламенттердiң  талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет. 
      2. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде дайындаушы жобалық құжаттамада айқындалған қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi барлық iс-шаралар кешенiн орындауға және қауiпсiздiкке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      3. Егер автокөлiк құралдарын дайындау процесiнде немесе одан кейiн қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн сынақтар жүргiзу қажет болса, онда олар жобалық құжаттаманың барлық талаптары орындала отырып, толық көлемде жүргiзiлуге тиiс. 
      4. Автокөлiк құралдарын шығару кезiнде жобалық құжаттамадан ауытқу жобалаушымен келiсiледi және ол техникалық регламенттерде белгiленген жол берiлетiн тәуекелден аспауға тиiс.     

19-15-бап.  Автокөлiк құралдарын тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары     

1. Автокөлiк  құралдарын тасымалдау және сақтау  процесiнде олардың сақталуын,  олардың қауiпсiздiгi көзделетiн  техникалық сипаттамаларды сақтауды  қамтамасыз етуге қойылатын барлық қажеттi талаптар, оның iшiнде консервациялауға, тасымалдау және сақтау жағдайларына қойылатын талаптар, белгiленген сақтау мерзiмдерi, жай-күйiн қайта куәландыру, сақтау мерзiмi аяқталған жеке элементтердi, бөлшектердi, тораптарды ауыстыру мерзiмдерi бойынша нұсқаулар автокөлiк құралдарына арналған техникалық құжаттамада жазылуға тиiс. 
      2. Автокөлiк құралдарын, олардың тораптары мен бөлшектерiн тасымалдау және сақтау жобалаушы қарастырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қауiпсiздiк талаптары ескерiле отырып жүргiзiледi. 
      3. Консервациялау үшiн қолданылатын материалдар мен заттар қауiпсiз болуға тиiс.      

19-16-бап.  Автокөлiк құралдарын  кәдеге жарату  және жою кезiндегi қауiпсiздiк талаптары     

 Жеке  және заңды тұлғалар автокөлiк құралдарын кәдеге жаратуды, жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың сақталуын ескере отырып қамтамасыз етедi: 
      1) автокөлiк құралдарын пайдалану тоқтатылғаннан кейiн оларды пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау шаралары қабылдануға тиiс; 
      2) пайдалану процесiнде уытты заттармен, радиоактивтi аэрозольдармен ластанған автокөлiк құралдары оларды кәдеге жарату, жою кезiнде қолданылатын зиянды заттардың уыттылығына, физика-химиялық қасиеттерiне қарай арнайы ерiтiндiлермен (әдiстермен) залалсыздандыру жөнiндегi мiндеттi өңдеуден өткiзiлуге тиiс; 
      3) автокөлiк құралдарын кәдеге жаратудың және жоюдың барлық кезеңiн өткiзетiн персоналдың қажеттi бiлiктiлiгi болуға, олар тиiстi оқудан өтуге және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға тиiс.

3-тарау.Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау     

20-бап.  Жолаушының құқықтары  мен мiндеттерi     

1. Жолаушының: 
      1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен және таксимен жол жүруге; 
      2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға; 
      3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға; 
      4) таксиден басқа, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автобустарда өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалдарда - 5 жасқа дейiнгi бiр баланы, оған жеке орын беру құқығынсыз тегiн алып жүруге; 
      5) Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға; 
      6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға; 
      7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге; 
      8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға; 
      9) егер ол тасымалдаушыны автобус жөнелтiлгенге дейiн үш сағаттан кешiктiрмей хабардар етсе және тасымалдаушы, автовокзал немесе автостанция жолаушының жол жүру құжатын (билетiн) сатып алу фактiсiн растаса, жоғалған жол жүру құжатын (билетiн) қалпына келтiруге; 
      10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау  ережелерiндебелгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бiрге тегiн алып жүруге; 
      11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткiзуге; 
      12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға; 
      13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар. 
      Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар. 
      2. Жолаушы: 
      1) жолаушыларды және багажды қалалық, қала маңындағы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық, халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезiнде жол жүру құжаты (билетi) болуға және оны сапар аяқталғанға дейiн сақтауға; 
      2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға; 
      3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi. 
      Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.     

21-бап.  Жолаушыларды және  багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру және ж.а.     

1. Егер: 
      1) автомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi белгiлi бiр маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе; 
      2) автомобиль жолдарының жай-күйi және олардың жайластырылуы жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе, жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкiн. 
      2. Жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдауды жолаушылар мен багаждың аталған тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын конкурста жеңiп алған және тасымалдаушылар мен тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалатын шарттар негiзiнде оларға қызмет көрсету құқығына куәлiк алған тасымалдаушылар жүзеге асырады. 
      Тасымалдаудың аталған түрлерiн куәлiксiз жүзеге асыруға жол берiлмейдi. 
      3. Жолаушыларды және багажды қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары тасымалдаушылар арасында конкурстық негiзде бөлiнедi. Конкурсқа жеке маршрут та, бiрнеше маршрут та бiр лотпен қойылуы мүмкiн. 
      4. Жолаушыларды және багажды қала маңындағы, елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық және халықаралық автомобильмен тұрақты тасымалдау осы Заңға және Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдаушылардың және автовокзалдар немесе автостанциялар әкiмшiлiгiнiң арасында жасалатын шарттар негiзiнде автовокзалдардан немесе автостанциялардан ғана жүзеге асырылады. 
      Автовокзалдар және автостанциялар осы қызмет түрiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсат етiлген жолаушылар және багаж тасымалдаушылармен шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. 
      5. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық тексерудi және ақауы болған жағдайда оларды уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.      

22-бап.  Тасымалдаушының  құқықтары мен  мiндеттерi     

1. Тасымалдаушының: 
      1) өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында қоғамдық бiрлестiктердi, сондай-ақ заңды тұлғалардың қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы бiрлестiктерiн құруға; 
      2) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай тынығуға және еңбек жағдайына; 
      3) жолаушылардың қоғамдық тәртiптi және автомобиль көлiгiндегi жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiн сақтауын талап етуге құқығы бар. 
      2. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушы: 
      1) автокөлiк құралдарының техникалық жарамды күйiн қамтамасыз етуге және белгiленген техникалық, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауiпсiздiгi талаптарына жай-күйi сай емес автокөлiк құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге; 
      2) автокөлiк құралдары жүргiзушiлерiне алдын ала және кезеңiмен, соның iшiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеру жүргiзiлуiн, еңбек және тынығу режимi сақталуын қамтамасыз етуге; 
      3) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажеттi қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге; 
      4) багаждың уақтылы тасымалын және сақталуын қамтамасыз етуге; 
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңiлдiктер беруге; 
      6) жолаушылардың және багаждың тұрақты қалалық, қала маңындағы, қалааралық облысiшiлiк, қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде - автовокзалдар, автостанциялар кассалары немесе автобустардың, шағын автобустардың жүргiзушiлерi (кондукторлары) арқылы жол құжаттарын (билеттер) және багаж түбiртектерiн сатуды қамтамасыз етуге; 
      7) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерiн жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбiртегiнде тiркеуге; 
      8) жарияланған тарифтердi сақтауға және тарифтердiң алдағы өзгеруi туралы жолаушыларды күнi бұрын хабардар етуге мiндеттi. 
      3. Жолаушылардың және багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалдарын (таксиден басқа) жүзеге асыратын тасымалдаушы: 
      1) осы баптың 2-тармағының 1)-4) тармақшаларында аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге; 
      2) рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автокөлiк құралының техникалық байқаудан өткенi туралы белгiсi бар борт журналы болуға; 
      3) жолаушылар отырғызып, түсiретiн орындары және тиiстi көрсеткiштермен жабдықталған автобустар тұратын арнайы бөлiнген алаңдардан тасымалдар ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мiндеттi.     

Информация о работе Автомобиль көлiгi туралы