Иннавциялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімдіігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 08:34, реферат

Описание работы

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 және 2007 жылдары кәсіпорындардың 4,8 пайызы инновациялық белсенді болып танылды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендеген болатын. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл жағдай жақсарған жоқ және іс жүзінде сол деңгейде қалды.

Работа содержит 1 файл

асем иновац.doc

— 111.50 Кб (Скачать)
 

      Инновациялық  саланы дамыту –

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ  АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАСЫ

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 және 2007 жылдары кәсіпорындардың 4,8 пайызы инновациялық белсенді болып танылды, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 4 пайызға дейін төмендеген болатын. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл жағдай жақсарған жоқ және іс жүзінде сол деңгейде қалды. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы ғылым мен инновациялардың басты проблемаларының бірі – ғылыми зерттеулердің аяқталмағаны, олардың өндірістен қол үзіп кетуінен, яғни көптеген ғылыми зерттеулер іргелік сипатқа ие, ал өткізілетін қолданбалы әзірлемелерді коммерцияландыру және өндіріске енгізу түрінде жалғаспай отыр. Осыған орай, инновациялық саланы дамыту туралы ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевті әңгімеге тартқан едік.

–Шынында  да біздің бағытымыз бойынша ең талқыға  түскен тақырыптардың бірі – Қазақстанның инновациялық дамуы болып отыр. Бұл  – біз үшін ең өзекті мәселе. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің  барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы болғанын көруге болады. Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, бірқатар Еуропа елдерін бақылаңыз. Инновация саласына айтарлықтай қаржы бөлінеді. Бұл – ілім-білімге негізделген экономиканы дамытуға ұмтылатын елдердің барынша жоғары технологиялық деңгейге шығуына мүмкіндік береді. Қазақстанда ғылымға бөлінетін шығыстар соңғы жылдары ЖІӨ-нің 1,1 пайызынан аспайды, яғни ғылыми-техникалық қызмет елдің экономикалық дамуының негізі болып табылмайды. Саланың құрылымдық бөлінісі бойынша: қаржыландырудың 71 пайызы қолданбалы зерттеулерге тиесілі болса, тек шамамен 8 пайызы тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бөлінеді. Тек 21 пайыз көлеміндегі іргелік ғылымға арналған шығыстар тұтастай алғанда орташа әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Осы аталған бағыттарда жұмыс істеуге тиіспіз. 
–. Инновациялық даму негіздері 2030 стратегиясында көрініс тапты. Бірақ, Стратегия міндеттерін іске асыру кезең-кезеңмен болатыны белгілі. Алғашқыда, осы құжат шеңберінде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Алдын ала айтуға болады, келесі жылы бұл құжаттың орнын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы басады. Ал бұл Стратегия дамудың қосарлы жоспарын болжайды. Бірінші: бұл – экономиканың индустриялануы, екінші, индустрияландыру процесін барынша инновациялық арнаға бұруға ұмтылу. Бірінші бағытта қайта өңдеу секторына, оның ішкі нарықтағы және қазақстандық экспорттағы үлесін ұлғайтуға басымдық беріледі. 1-ші кезеңде (2003-2005 жылдар) одан әрі технологиялық дамудың жүйелік мәселелері шешілді. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны дайындауға, салаларды дамытудың негізгі бағдарламаларын жасауға және өндіріс факторларын дамытудың жүйелік мәселелерін шешуге қол жеткізілді. Бірақ, өкінішке орай, барлық міндеттер орындалған жоқ. Талдамашылардың пікірі бойынша, бұл ғылымды, инновацияны қаржыландыру, технологиялық жарақтанушылық, меншік құқығын қорғау деңгейінің төмендігімен байланысты. 
– Бірақ, министрлік мәлімдегендей, инновациялық инфрақұрылым құруға қол жеткізілді. Президентпен болған тікелей желіде, құрылған инновация институттарының тиімділігіне қатысты сұрақтар қойылды. Айтқандай, өңірлерде Жаңа технологиялар үйін құру туралы ұсыныс болды. Бұған қалай қарайсыз? 
Сұрағыңыздың бірінші бөлігіне қатысты. Қазақстанда қазірдің өзінде технопарктер, индустриялық аймақтар, АЭА, «Инжиниринг және технологиялар орталығы» құрылды. Қаржы инфрақұрылымы шеңберінде 2003 жылы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ құрылып, жұмыс істеп жатыр, оның негізгі қызметі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Жаңа технологиялар үйін айтатын болса, жоғарыда айтқан технопарктер оларға балама бола алады. Ал, елде мұндай технопарктердің бірнешеуі құрылды, онда бірегей зертханалар мен технологияларды көруге болады. Мысалы, Қарағанды «UnіScіenTecһ» технопаркі. Ал осы жылғы жазда құю өндірісін дайындаудың сандық технологиялар кешені пайдалануға берілді. Ол қысқа уақыт ішінде кез келген күрделі объектіні жоғары дәлдікпен цифрлауға және оның компьютерлік моделін алуға, тез әрі дәл үш бойылық объектілердің деректемелерін өлшеуге мүмкіндік береді. Қазір бұл кешен өңір кәсіпорындарының қосалқы бөлшектер құюға арналған әртүрлі құм қалыптары мен өзектерін өндіру жөніндегі сынама тапсырыстарды орындап жатыр. Жақында Қарағанды қаласының Суретшілер одағы келесі жылы 3 монументке арналған құм пішімдерін дайындауға қызығушылық білдірді. Алайда, бұл кешеннің кереметтігін мың рет естігеннен, бір рет көрген артық. Мұндай аса жаңа жабдықтар ел технопарктерінде аз емес. 
Мен, инновацияларды дамытуға технопарктер үлкен рөл атқаратынын айтқым келеді, олардың негізгі міндеті – өңірлік инновациялық жобаларды ынталандыру, инновациялық инфрақұрылыммен аумақты қолдау болып табылады. Технопарктердің аумағында қазіргі заманғы зертханаларда тәжірибелі жұмыстар жүргізу мүмкіндігі ұсынылады, бұл – технологияларды ойлап табу мен енгізу процесінде айтарлықтай маңызды. Сонымен бірге, Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңда зияткерлік меншікті патенттеуге арналған гранттар, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған гранттар көзделген. 
Ұлттық инновациялық жүйені іске асыруда «ҰИҚ» АҚ да шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта Қазақстанда да «ҰИҚ» АҚ-ның бақылаусыз қатысуымен 6 венчурлік қорлар құрылған. Бұлар: «Адвант» венчурлік қоры» АҚ, «Венчурлік «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Tecһnology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture Capіtal» АҚ, «Logycom Perspectіve Іnnovatіons» АИФРИ» АҚ. Олардың қажеттілігі тәуекелдің жоғары деңгейі бар жобаларды банктердің қаржыландырмауы мүмкін, ал венчурлік қорлар start-up компанияларында және дамудың бастапқы сатыларында тұрған компанияларда тәуекелдік инвестициялауды жүзеге асыруға арналғандығымен шарттасқан. Әдетте қордың инвестициялық кезеңіне (қордың жаңа жобаларды іздеу мен бастамашылық жасауын жүзеге асыратын мерзімі) 4-5 жыл кетеді, қордың өмір сүруінің толық мерзімі – 7-10 жыл. Осы мерзім аяқталуы бойынша қор өзінің инвестицияларын іске асыру үшін барлық іс-қимылдарды жүзеге асырады, бұдан кейін таратылады. 
– Ал әлемдік дағдарыс венчурлік қорлардың жұмысына қалай әсер етуде? 
– Өкінішке қарай, әсерін тигізбей қоймады. Былтырғы жылдың соңында «ҰИҚ» АҚ-ның серіктестері отандық венчурлік қорлар бойынша өтімді қаражат тапшылығын сезе бастағандай жағдай болды. Сондықтан венчурлік қорлар бойынша жаңа жобаларды қарау мен қаржыландыру жүргізілмей отыр. Осыған байланысты, сондай-ақ жалғыз акционердің саясатына сәйкес «ҰИҚ» АҚ венчурлік қорларды капитализациялау жөніндегі өзінің міндеттемелерін азайту бойынша жұмыстар жүргізіп, соның нәтижесінде қаражаттар «босатылған». Және бұл қаражаттар инновациялық жобаларды тікелей қаржыландыруды жүзеге асыруға кетеді.

– Осы  жерде бір сұрақ туады, сіз  айтып өткен «ҰИҚ» АҚ өте көп  жобаларды қарастырған болатын. Олардың қазіргі тағдыры туралы не айтар едіңіз? 
– Соңғы үш жыл ішінде «ҰИҚ» АҚ инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған 70-тен астам өтініш қарады, бұл ретте 9 инновациялық жобаны қаржыландыруға мақұлдады және қаржыландырды. Осылайша, бүгінгі күні «ҰИҚ» АҚ-ның инновациялық жобалар қоржыны 3,2 млрд. теңге жалпы сомасына 9 инновациялық жобаны құрайды. Сонымен бірге, «ҰИҚ» АҚ тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге (ТКӘ) де қаржыландыру ұсынатындығы мен осы бағыт бойынша «ҰИҚ» АҚ-ға дәл сол кезеңге 87 ТКӘ жобаларын қарастыруға келіп түскендігін және 7 ТКӘ жобалары қаржыландырылып отырғандығын атап өткен жөн. Цифрларынан көріп отырсыздар «ҰИҚ» АҚ-ға жобалардың көп келіп түсіп отырады, алайда олардың ішінде инновациялық құраушылардың болмауы себепті не болмаса жобаны коммерцияландырудың әлеуетті мүмкіндігінің болмауына байланысты қаржыландыру сатысына дейін жететіндері өте аз. Кез келген жаңалық оның технологиялығы мен инновациялығынан басқа коммерциялық тартымдылық пен нарықтағы сұранысқа да ие болуы тиіс қой. 
– Нақтырақ айтсақ, бұл қандай жобалар? 
– «Қала ауқымындағы деректерді берудің желісіз мультисервистік желі құру» жобасын 2007 жылы құрылған «Аспан Телеком» ЖШС жобалау компаниясы іске асыруда, жобамен заңды және жеке тұлғалар үшін Wі-Max технологияларын пайдалана отырып, телекоммуникациялық қызметтер ұсыну көзделген. Алматы қаласында Wі-Max желісін коммерциялық пайдалануға алғашқы қосқан осы Компания болды. Қаланы толық жабумен 3 базалық стансасы белгіленді. «Астана қаласында талшықты-оптикалық желі базасында мультисервистік қызметтер ұсыну» жобасын 2008 жылдан бастап халыққа аналогтық және цифрлық кабельдік телехабарларды, деректерді беру мен интернетті қамтитын талшықты-оптикалық желілерді пайдаланумен бірге, мультисервистік телекоммуникациялық қызметтер ұсынатын «Бизнес-Телеком Лтд» ЖШС жобалық компаниясы іске асырады. Жобалық компания Астана қаласында 8 000 пайдаланушыларға арналған желілер құрылды. «Фосфордың туынды техногендік қалдықтарынан құрамында фосфоры бар тыңайтқыштар өндіруді ұйымдастыру» жобасын 2008 жылдан бастап «Агрофос-юг» ЖШС іске асырады. Бұл – құрамында фосфоры бар қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша отандық ғалымдар әзірлеген кешендік технология. Ұсынылатын техникалық шешім құрамында фосфоры бар зиянды қалдықтардан фосфорлы-калийлі және азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқыш өндіруге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстандағы құрамында калийі бар тыңайтқыштарды жалғыз өндіруші. Негізгі өндірістің жоспарлы қуаттылығы жылына 30 000 тонна дайын өнімді құрайды, сондай-ақ 7 920 тонна өнімдерді тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғы (ТӨҚ) жүргізетін болады. Барлық жоба бойынша жиыны 37 920 тонна. «Карбамидоформальдегидті шайырларын және оны терең қайта өңдеуден алынатын өнімдер өндірісін ұйымдастыру» жобасын 2008 жылдан бастап, «Павлодар ағаш өңдеу комбинаты» ЖШС компаниясы іске асырады. Бұл жоба карбамидоформальдегидті шайыр өндірісін құруды, ДСП плиталарының өндірісі бойынша желілер, сондай-ақ МДФ-дан бұйымдар өндіру жөніндегі зауыт құруды ұйғарады. Бүгінгі күні өндіріс сапалы отандық МДФ плиталарын, бөлме аралық есіктер мен ағаштан жасалған басқа да бұйымдар шығарады. 2009 жылы карбамидоформальдегидті шайыр өндірісі бойынша желіні іске қосу жоспарланып отыр, желі метанолдан жасалған концентраттың химиялық қауіпті өндірісін болғызбауға мүмкіндік береді. Қарағанды қаласындағы «Арглабин» препаратын өндіру бойынша фармацевтикалық кешен құрылысы» жобасын 2005 жылдан бастап «Қарағанды фармацевтикалық кешен» ЖШС жобалық компаниясы іске асыруда. Жоба GMP (Good Medіcal Practіce). Халықаралық стандартына сәйкес «Арглабин» отандық ісікке қарсы препарат өнеркәсіптік өндірісін іске қосу және кешен құрылысын салуды көздейді. «Арглабин» өндіру үшін негізгі шикізат Орталық Қазақстан аумағында айрықша өсетін тегіс жусан болып табылады. Жобалық компания алдына қойылған міндеттер сәтті іске асырылды. Қазіргі уақытта кешен өнімдердің сынақ партиясын өндіруде. Кешеннің өндірістік қуаттылығы жылына «Арглабиннің» 2 млн. ампуласын құрайды. Іске қосу дәрілік препаратты өнеркәсіптік өндіруге лицензия алғаннан кейін жоспарланып отыр. 
2007 жылдан бастап «Ромелт инновациялық процесін қолдану мен кокссыз алу әдісімен шойын өндірісін салу» жобасын Балқаш қаласында «AB Metalls» ЖШС іске асыруда. Металлургиялық кешен жылына 32 мың тоннаға дейін құйма шойын беруге қабілетті. Классикалық әдіс бойынша шойынды алу бірнеше сатыда, агломерациялық күйдіруді, шойын шығарумен қалпына келтіруді қоса алғанда жүргізіледі. «AB Metalls» ЖШС-да қолданылатын бір сатылы сұйықфазалы процесс шойынды алу бір сатыда, бір агрегатта болатындығымен ыңғайлы. Осы процесті қолданған кезде шойынды доменді пештерде дәстүрлі әдіспен өндіруге қарағанда қоршаған ортаны зиянды заттармен ластау төмен болады. Сонымен қатар құрылыс материалдары мен прибор жасау саласында да жобалар іске асырылмақ. Яғни, «ҰИҚ» АҚ республиканың барлық негіз салушы салаларындағы жобаларды қаржыландырады. Осындай жобаларды қаржыландыру инновациялар саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті дамытуға және қосымша ынталандыруға әкеледі. 
Бұған қоса «ҰИҚ» АҚ әртүрлі салалардағы отандық ғалымдардың тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерін қаржыландыруды жүзеге асырады. Мысалы, «ПолихимТех-Алматы» ЖШС іске асыратын ТКӘ жобасы. Осы технологияға бес еуразиялық патенттер, сондай-ақ бес қазақстандық патенттер алынды. Ауыл шаруашылығы салалары үшін, «МТЗ Казсервис» ЖШС жобасы әзірленді және іске асырылды. Ол тартқышы бар әртүрлі кластардағы тракторларға пневматикалық тұқым себуі бар егіндік агрегаттарды топырақтық өңдеу кеңінен қармайтын комбинирленген блоктық-модульдік тәжірибелік үлгіні құрды және сынақ жүргізді. Бұл агрегат арнайы әзірленді және ауа райы жағдайлары мен топырақтың ерекшелігін есепке ала отырып дайындалатын болады. «Power Lіne Communіcatіon Ltd» ЖШС алтын, күміс және басқа асыл металдар бойынша осы элементтерді байытылмаған құрамды кендер ұнтақтық сынамаларында және оларды технологиялық өңдеу өнімдерінде тікелей айқындау үшін жоғары сезімталдықпен спектрометрдің тәжірибелік үлгісін әзірлеуді жүргізді. Аталған жобалар «ҰИҚ» АҚ қайта қаржыландыратын және қаржыландыратын ТКӘ жобаларының алты проценті ғана. Әрбір жоба оның зияткерлік құрамдарын қорғайтын құжатқа ие. Осы жобалар жаңашылдықты әзірлеумен байланысты қаржылық жобалар бойынша алғашқы нақты қадамдар болып табылады және болашақта осы жобалардың жартысы олардың перспективалығын көрсетеді, әлеуетін айқындайды және кейіннен олардың одан әрі дамуына жәрдемдеседі, бұл ретте артық мемлекеттік қаражат жұмсамайды. 
– Әсет Өрентайұлы, шешілмеуі отандық инновациялық әлеуеттің дамуына теріс әсер ететін негізгі проблемаларды айтып берсеңіз? 
– Біріншіден, технологиялар мен өнімдердің көптеген ғылыми әзірлемелерінің аяқталмауы, олардың өндірістің нақты секторынан «қол үзуі» және тиісінше осылардың барлығы әлеуетті әріптестер алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнімдердің) бағасын түсіреді; 
Екіншіден, осы проблеманың туындауы – технологиялық жаңашылдықтарды енгізудің және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетіктерінің болмауынан деп ойлаймын. Нарықтық жағдайларда жаңашылдықтарды игеру тетіктерінің нарықтық шарттарында жоғары тәуекел тән қасиет болатын, бірақ табыс жағдайында жоғары жоғалтулар болатын шағын инновациялық бизнеспен үздіксіз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар (инфрақұрылым) құруды қамтамасыз ететін халық шаруашылығының ерекше секторы қолданылады; 
Үшіншіден, бізге технологиялық парктерді және мамандандырылған бизнес-инкубаторларды және ғылыми ортамен, өндірістің нақты секторымен өзара байланысты арнайы қаржылық тетіктерді дамыту қажет.

Төртіншіден, бізде ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіп жаңашылдықтарына деген төлем қабілеті жоқ. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет қызметтер саласына және осы қызметтер нарыққа сұранысқа ие болуы тиіс. Өкінішке орай, ғылыми қызметтер мен ғылыми өнімдердің отандық нарығы қазіргі уақытта өте аз. Көптеген кәсіпорындардың ғылымның жаңа жетістіктерін «сатып алуға» мүмкіндіктері жоқ. 
– Осы проблемаларды шешу кешендік әдісті талап ететін шығар? 
Әрине. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XІІ съезінде дағдарыстан кейінгі даму бойынша айқындалған әдістерді қарау және пысықтау үшін үкіметке 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеуді тапсырды. Стратегиялық жоспарды іске асыру екі бесжылдық кезеңге бөлінеді. Басты басымдылықтар бойынша бес жылға дамудың мақсаттары мен міндеттерін нақтылайтын мемлекеттік бағдарламаларының бірнешеуі ғана әзірленді. Олардың ішінде бастыларының бірі 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы болады, оны әзірлеуді біз осы жылдың соңына дейін аяқтауымыз және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітуіміз қажет. Сонымен қатар, салалық жоспарлар мен мастер-жоспарлар әзірленуде. Инновациялық бағыттар – ұлттық экономиканың индустриялық дамуының жаңа бағдарламасындағы бастысы болып табылады. 
Біз жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін өндірісті; экспортқа бағытталған өндірісті құруымыз; өндеуші өнеркәсіп үлесін ұлғайтуға қарай инвестиция құрылымын өзгертуіміз; іргелік және қолданбалы зерттеулерді қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуымыз; ҒЗТКЖ-ні қаржыландыратын және олардың нәтижелерін өндіріске енгізетін кәсіпорындар үшін салық жеңілдіктерін көздеуіміз қажет. Бұл – біз қабылдайтын шаралардың толық тізімі емес. 
– Инновациялық даму үшін басты болып саналатын ерекше салалар бола ма? 
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жақын бес жылдыққа 7 басымдылықтарды айқындады. Ол – АӨК дамыту және ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру, мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы, металлургия және дайын металл өнімдерін өндіру, химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі, жеке энергетиканы қоса отырып, энергетика, көлік және телекоммуникация инфрақұрылымы. Негізгі басымдылықтардың бірі – жел күшін және күн сәулесін пайдалану есебінен жаңартылған энергия көздерін дамыту болып табылады. Президентке тікелей желіде Қазақстанда баламалы энергетиканың перспективалары бойынша сауал қойды. Осыған байланысты, қазір Индустрия және сауда министрлігі ел энергетикасы саласындағы инновациялық ынтымақтастық туралы мәселені пысықтауда екендігін атап өткім келеді. Жел электр стансаларының құрылысын ұсынатын шетел компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізілді. 
Сонымен қатар, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген және бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды іске асыруда «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірнеше нысандарда көрсетіледі. Мен айтып өткендей, жеті басымдылық бар. Үкімет тағы қосымша үш саланы ұсынады. Бірақ бұл басқа салалар тыс қалатындығын айтпайды. Мен Президенттен ғылыми әзірлемелермен не істеу керек екен деп сұраған адамдардың алаңдаушылығын түсінемін. Мысалы, жаңа тікұшақтың тәжірибелі үлгісін одан кейінгі сериялық өндірісін ұйымдастырып жинау туралы мәселе болды. Авиациялық өнеркәсіпті дамыту Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық мақсаты болып табылатындығына сендіргім келеді. Қызықты әрі перспективалы жобалар назардан тыс қалмайды. Ол үшін жай ғана инновациялық даму институттарына, оның ішінде «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ға, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-ға жүгіну қажет. Өтінімдерді қарастыру рәсімі сол «ҰИҚ» АҚ-да оңайлау. 
Енді, әрине жақын бесжылдық инновациялық дамумен шектелмейді ғой … 
Әрине, қазір барлық жаһандық экономика ауысуда. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық экономиканың құрылымын қайта қарауда. Біз шикізат бағытынан алшақтап, тереңнен өңдеумен айналысуымыз керек. Сол себептен, қайталаймын, біз инновациялық даму жолын таңдауымыз керек. Бүгінгі күні ақылды экономика қажет. Өйткені, өнеркәсіптегі, ауылшаруашылығындағы, құрылыстағы, энергетикадағы жаңа технологиялар, оның ішінде энергия, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың балама бағыттарын дамыту, жаңа материалдарды, био және нанотехнологияларды құру, ғарыш – бұл таяу жылдарда әлемдік экономикаға серпін беретін бағыттар.
 
 

Инновация не береді?
 
 
Елбасымыздың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан кейін тіліміз инновация деген терминмен байыды. Өйткені осы жылдың басынан бастап, мемлекет басшысының тікелей нұсқауымен 2010 - 2020 жылдарға арналған ел дамуының индустриалы-инновациялық бағдарламасы жасалып, атқарушы биліктің барлық буыны соны жүзеге асыруға білек сыбана кірісті. Бұқаралық ақпарат құралдары басты назарда ұстаған бұл бағдарламаның орындалуы қазірдің өзінде көңілді қуанышқа бөлеп тұр. Атқарушы билік бағдарлама графигінен оза еңбектенуде. Десек те, бағдарлама белгілі бір аймақтарды ғана қамтитындықтан оның елімізге не беріп жатқанынан қазақстандықтардың белгілі бір бөлігі бейхабар. Сондықтан да бұл жолы біз арнайы түрде «инновация не береді?» деген сұраққа жауап беруді ұйғардық.

 
1. 10 пайыздық тұрақты экономикалық өсім береді

Елбасымыздың  өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, 2020 жылы Ұлттық қордағы алтын-валюталық қазынамыз 90 миллиард долларға жетіп, бұл еліміздің сол кездегі жылдық ішкі жалпы өнімінің 30 пайызындай болуы керек екен. Егер жоғарыдағы айтқан мөлшердегідей қазына жылдық ішкі жалпы өніміміздің 30 пайызындай болса, онда 2020 жылы жылдық ішкі жалпы өніміміз 270 миллиард долларды құрайды. Бұл қазіргіден шамамен 170 пайызға артық өсім. Демек, әр жыл сайын жылдық ішкі жалпы өнімнің өсімі он пайызды құрамақ. Бұл осы уақытқа дейін дүниежүзінде тек қана Қытай Халық Республикасы қол жеткізіп келген нәтиже. Орайы келгенде айта кетейік, бұл жерде Президентіміз натуралды өнімнің шикізаттық көлемін ұлғайту арқылы келетін экстенсивті өсімді міндет етіп қойған жоқ. Президенттің тапсырмасында қосымша құны мол тауарлы өндіріс жасап, ақыр аяғында интенсивті өсімге қол жеткізу көзделген. Қазақша түсінікті тілмен айтар болсақ, шетелдерге металл рудаларын экспорттамай, оның орнына тауарлы металл құймаларын сату арқылы өсім аламыз. Бұл - бірінші табыс.

2. Жұмыссыздық азаяды

Қазірдің өзінде бір ғана Батыс Қытай - Батыс Европа транзиттік тасымал жолын салуға 25 мың жұмысшы қамтылған. Ал жыл аяғына дейін пайдалануға берілуге тиісті бағдарлама шеңберіндегі серпінді жобалар нысандары құрылысында 40 мыңнан астам жұмысшы еңбек етуде. Осы уақытқа дейін пайдалануға берілген серпінді жоба кәсіпорындарында 12 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орнын алған. Серпінді жобалар тапсырмасы бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында еңбек өнімділігі 27 пайызға артқан. Осы соңғысына жұмыс істеуге орналасқандардың саны 15 мыңнан асыпты. Бұдан шығатын қорытынды, биылдың өзінде индустриалды-инновациялық бағдарламамыз 100 мыңнан астам адамға тұрақты жұмыс орнын тауып бергендігі. Егер 2009 жылды жұмыссыздықтың 6,3 пайыздық көрсеткішімен қорытындыласақ, 2010 жылдың өткен тоғыз айындағы бұл көрсеткіштің мөлшері 5,4 пайызбен шектелуі осының нақты дәлелі.

3. Әлеуметтік жағдайды түзейді

Егер еліміздің 2007 жылдың тамызына дейінгі көрсеткіштеріне  көз салсақ, онда қазақстандықтардың орташа жалақысы 57 мың теңге болғанын көреміз. Ал бұл егемендік жылдарындағы ең жоғары нәтиже еді. 2010 жылдың өткен тоғыз айында қазақстандықтардың орташа жалақысы шамамен 85 мың теңгеге жетіпті. Бұл арада мемлекет басшысының тікелей нұсқауымен жүзеге асырылған бюджеттік міндетті төлемдерді екі жыл қатарынан 25 пайыздан өсіру де өз қызметін атқарған болуы тиіс. Солай бола тұрса да, индустриалы-инновациялық даму бағдарламасының аясына енген серпінді жобалар құрылысында жұмыс істеп жүргендердің айлығы 90 мың теңгеден оралуы, жалпы көрсеткішке айтарлықтай үлес қосқанын байқау қиын емес. Ал біз жоғарыда айтып кеткен осы уақытқа дейін пайдалануға берілген жетпістен астам серпінді жобалардан тұрақты жұмыс орнын алғандардың ең төменгі жалақысы 100 мың теңгеге жетіп жығылады. Біз 2007 жылға дейін ең көп жалақы алатын қаржы жүйесіндегілердің орташа кірісі 100 мың теңге ғана болғанын білеміз. Демек, Қазақстанда орташа жалақының өсімі орташалардың санын көбейтіп, бұған қарқынды жүріп жатқан жаңа бағдарламамыз қозғаушы күштей әсер еткенін түсіну керек. Ал бұл әлеуметтік жағдайдың жақсаруы деген сөз.

4. Импорттық шығын азайды

Осы уақытқа  дейін еліміз отандық рыноктың қажеті үшін толып жатқан тауар түрлерін миллиардтаған доллармен есептелетін қаржы жұмсап, импорттап келгенін білеміз. Цемент пен мазуттың өзін өзімізде шығара алмадық. Ал медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер үшін ғана бірнеше миллиард долларды шетке жібергеніміз ақиқат. Енді міне, бір ғана Алматыда бір мезеттік шприц шығаратын зауытты пайдалануға бергеннен бері, қаншама валюта отандық рынокта қалды десеңізші. Орайы келгенде айта кетейік, бұл зауыт толық қуатында жұмыс істегенде ішкі сұранысты толық қаматамасыз етіп, барлық өнімнің 25-30 пайызы мөлшеріндегі тауарды экспорттауға қабілетті болады екен. Сонда бір ғана зауыт Қазақстанға шамамен жыл сайын 300 миллион долларлық пайда келтіреді. Оның басым бөлігі отандық рынокты қамтамасыз ету арқылы импорт шығынын болдырмау есебінен келетін болса, 30 пайыздайы таза валюталық кіріс есебінде түседі. Ақтөбе рентген зауыты, Павлодар электролиз зауыты туралы да осыны айтуға болады.

5. Бедел әпереді

  Индустриалы-инновациялық бағдарлама шеңберіне енген бірқатар нысандар елге, ұлтқа бұрын болмаған деңгейде үлкен бедел әпереді. Мәселен, әлемде тантал өндіру технологиясын толық игерген бес мемлекет, бериллий өндірісін меңгерген үш мемлекет қана болса, солардың бірі - Қазақстан болып шықты. Ал бұлар стратегиялық мақсаттағы өндірісте ғана пайдаланылатын әлемде сирек кездесетін металдар. Міне, осылардың конвеерлік өндірісі басталады. Осьмий және рений изотоптарын өндіру де жолға қойылмақшы. Орайы келгенде айта кетейік, дүниежүзін сирек кездесдесетін металдардың 90 пайызымен қамтамасыз етіп отырған ҚХР үкіметі аталғана тауар экспортына шектеу қоятынын жариялағанда, әлемнің ең дамыған елдерінде үлкен дүрлігіс болды. Өйткені бұл шектеу сол үрейленуші дамыған елдердің стратегиялық мақсаттағы және осы уақытқа дейінгі инновациялық өндірісіне нұқсан келтіретін еді. Себебі аталған металдардың бәрі де ғарыштық, әскери және IT жүйесіндегі озық техника мен технология өндірісінде қолданылады. Бұл металдар болмаса олар да жоқ. Орайы келгенде айта кетейік, өзі қарқынды даму жолына түскен Қытай бұл шектеуді қырсыққаннан ойлап тапқан жоқ, ішкі рынок сұранысын қаматамасыз ете алмағандықтан солай істеуге мәжбүр болды. Демек, Қазақстан дәл осы саладан әлемнің ең озық елдері алақанын жайып алдына келетін мемлекет болады. Ол - ол ма, ядролық отын өндірісінің барлық буынын толық меңгерген Қазақстанда ядролық отын банкингін ашуға қазірдің өзінде біраз мемлекеттер басшылары мүдделілік танытып отыр. Демек, бұл саладан да Қазақстан зор беделді мемлекет болмақшы.

6. Ұлттық сапа өседі

Елбасымыз өзінің «Еуропаға жол» атты еңбегінде баратын жерімізді нақты атап көрсетті, ол - еуропалықтарша өмір сүру деңгейі. Орайы келгенде айта кетейік, біз қазірдің өзінде жан басына шаққандағы жылдық ішкі жалпы өнім мөлшері жөнінен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің көбісін артта қалдардық. Ал жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеу ұлттың негізгі мақсатқа жету жолындағы сапалық өсімі болатыны қазірдің өзінде айқындала бастады. Мәселен, осы уақытқа дейін бағдарлама шеңберінде пайдалануға берілген серпінді жобалар нысандарында жұмыс істейтіндердің 70 пайызы жергілікті ұлт өкілдері екен. Ал олардың компьютермен ғана жұмыс істейтінін ескерсек, онда егеменді Қазақстан Республикасындағы жұмысшы табының жаңа толқыны қандай болатынын түсіну қиын емес. Осы уақытқа дейін, «кемелденген социализм» дәуірінде де, тіпті Ресей Федерациясындағы, ол - ол ма, Мәскеудің өзіндегі білікті тұрғындар атауын да білмейтін жаңа мамандық иелері біздің елде пайда болып, жұмыс істеп жатыр. Бұл ұлттық сапаның өсуі емей, немене?! Бір жылғы нәтиже осы, ал жалпы бағдарламаны толық жүзеге асыру үшін алда әлі де тоғыз жыл бар. Онда бұдан да басқа мамандықтардың өмірге келетіні ақиқат. Басқаны былай қойғанда, Президентіміздің Францияға соңғы сапары кезінде, қол қойылған келісімшарттар бойынша елімізде ұшақтар құрастырылып, ғарыштық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар мен жасанды жер серіктерін жасау қолға алынады. Бұған дейін ядролық энергия өндірудің барлық буынын, бірнеше сирек металдар өндірісін меңгерген қазақ елі енді ғарыштық техникаларды шығара бастаса, бұл ұлттық сапалық дамудың нақты мысалы емей немене?! 
Инновация Қазақстанға, оның ішінде, мемлекет құрушы ұлтқа, бұл - біз тізіп шыққан игіліктен де мол пайда беретіні ақиқат. Бір кездері данышпан Абайымыз «Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың» дегенінде сол кездегі елімізде ұстараның өзі өндірілмейтініне қынжылған екен. Иә, ұстара қазір де өндірілмейді, бірақ «капитализмге соқпай феодализмнен социализмге секіріп өткеніміздей», бұл жолы да шикізаттық аймақ атауынан озық технологиялы ел атауына бір-ақ секіргелі тұрмыз. Алла алдымыздан жарылқағай!

Информация о работе Иннавциялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімдіігін бағалау