Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 16:02, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандардыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3
1 Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні мен және инновациялық жоба элементтері...............................................6
Инновациялық менеджменттің экономикалық мәні..................................6
Инновациялық жоба және оның элементтері............................................13

2 Қазақстан Кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің Инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау ..................................................19
2.1 Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық кәсіпкерлік және инновациялық даму стратегиясының қалыптасуы.........................................19
2.2 Инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтау.................40
2.3 Инновациялық - инвестициялық жобада капитал салымдарының көлемін анықтау.................................................................................................46
3 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу ........................................................................................58
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу..................................................................................................................58

Қорытынды...........................................................................................................63
Пайдаланылған Әдебиеттер.......................................

Работа содержит 1 файл

Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау.doc

— 870.00 Кб (Скачать)
Кәсіпорын Өткізу көлемі мен өндіріс көлемінің сәйкестендіру
1.

2.

Өнімді өткізу және өндіру көлемі кәсіпорын мүмкіндігіне байланысты. Нарықты зерттеу жүргізілмейді. Өнім құрамы бірнеше жыл қатарынан қаралмаған.
1.

2.

Өтімділік нарығы кеңейтілген, сонымен қатар тауардың нарықтағы қозғалысын тұрақтандыру бойынша шаралар қолданылады (мысалы, жарнама). Өнім құрамы қаржы құралдарының жеткіліксіздігінен қаралмаған.
1.

2.

Нарықты зерттеу жүргізіледі, тұтынушының өзгермелі қажеттілігі ескеріледі. Өнім құрамы үнемі бақылауда болғандықтан өнім сапасы арттырылып отыр.

     Нарықты зерттей отырып, 4 кәсіпорынға  маркетингтік зерттеу жүрмегендігін байқадық. Олар жарнама мәселесін шешу қажет және фирмалық стилді жасақтау қажет. Ал қалған 3 кәсіпорын табыс тұрақты келіп отыр, бірақ нарықтық экономика жағдайында инновациялық даму стратегиясында қиындықтар кездеседі. Өнімділікті арттыру үшін нарықты зерттеу қажет.

     Аталған кемшіліктердің барлығы кәсіпорынға инновациялық даму стратегиясының қажет екендігін көрсетіп отыр.

     Нан өнімі өндірістің көлемі де Атырау облысы бойынша бағаланбаған. Нәтижесінде  импорт көлемінің төмендеуі есебінен нарық кеңейіп отыр. Бірақ Атырау облысында дүкендерде әсіресе Ресейден келетін тауарлар саны көбейіп отыр. Нарыққа импорттың орын алуы отындық тауар өндірісін тұрақтандыруды. Бірақ Қазақстандық ғалымдардың ойынша нан өндірісі кәсіпкерлерінің негізгі мәндеттері импортты қорғау емес, эксперттік бағытты ұстану.

     Атырау  облысы бойынша нан өнімі өндірісін әрі қарай инновациялық дамыту шаралары мыналар:

  • облыстағы ұнтақталған ұн өндірісін дамыту және ұнтақталған жаппай өндіріске көшу шаралары;
  • ұнтақтау құрал – жабдықтарын жеткізу;
  • орта және ірі тауарлық шаруашылықта ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру;
  • сапалы өнім өндірісін тұрақтандыру бойынша жасақтау және өткізу шаралары, дайындау, сақтау және шикізатты алғашқы өңдеу бойынша арнайы пункттерді ұйымдастыру;
  • салық салу заңдылығына өзгерістер енгізу;
  • нан өнімдерін өндіретін кәсіпорынға берілетін несие бойынша 2-ші деңгейлі банктердің марапаттау мөлшерін субсидияның бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайту, құрал – жабдфқтар лизингсін ұйымдастыру.
  • өңдеуші кәсіпорындардан 100 км және одан артық қашықтықта орналасқан ауылдық пункттерден ауыл шаруашылық шикізаттарын тасымалдау шығындарын субсидиялау;
  • тауар өндірушілерді нарықта талдау, жаңа технология және маркетинг бойынша, ауылдық ақпараттық – консультациялық орталықтар бойынша ақпараттармен қамтамасыз ету;

     Өндіріске жаңа технологияны енгізу арқылы дүниежүзілік стандарт талаптарына сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті өнім өндіретін деңгейге жеткізуіміз керек.

     «Атырау – нан» ЖШС – де инновациялық даму стратегиясын жетілдіру мақсаты 4 элементтен тұрады: өндіріс, инвестиция, өндірістік және өндірістік емес қорларды жаңарту және модернизация, ҒТП – ді кеңейту.

     Инновациялық  даму стратегиясы «Атырау – нан» ЖШС- не тиімді әсер ететуі қажет. Сапа жоғарылайды және өндірілетін өнімнің  бәсекеге қабілеттілігі артады, өнім құрамы кеңейеді. «Атырау – нан» ЖШС инновациялық қызметін талдай отырып, өсіп жетілдіру бойынша мына бағыттарды ұсынуға болады:

  • тұтынушыға бейімделу. Кәсіпорын ЖШС «Атырау – нан» келісімге келе отырып, нарықтық артықшылықтарға (жұмыс икемділігі, құрамы бойынша, жеткізу сенімділігі, есеп айырысудың ыңғайлы жүйесі) ие болу қажет. Кәсіпорын саясаты – тұтынушы тығыз байланыста болу.
  • қымбат емес, сапалы және ұзақ мерзімді өнім ассортиментінің кеңдігі;
  • өнім құрамын кеңейту және жаңарту;
  • өндірілген өнімді үнемі бақылап отыру. Шикізаттан бастап дайын өнімге дейін бақылау жүргізу;
  • шығынды азайта отырып, өндіріс тиімділігін арттыру;
  • жарнамалалық қолдау;
  • нарық өзгерісіне уақытында жауап беру.

     Бұл шаралар кәсіпорынның қызметін оң әсер ету тиіс [21,94].   

                             «Атырау нан» ЖШС-ң өніміне деген сұраныс

 

 өндіріске жаңа технологияларды               Жаңа инновациялық

                          енгізу                                                      өнім түрлерін енгізу 
 

 
 

            «Атырау

           нан» ЖШС-ң

                 даму  

          стратегиясы 

 

                                   Өндіріс          Инвестиция 

Өндірістік және өндірістік емес    ҒТ потенцияларды дамыту

қорларды жаңарту  және     және кеңейту

модернизация

 

                                         Нан өндірісі нарығының конъюнктурасы 
 

Сурет 7

«Атырау – нан»ЖШС – ң инновациялық даму стратегиясы

 

     

      Қазіргі күні Қазақстандағы инновациялық кіші кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қалыптастыру мен дамытуа кедергі болатын факторлары келесідей:

    • өз қаржыларының жетіспеушілігі негізінде инвестициялық қорлар арқылы несиелерге қол жеткізудің қиындығы;
    • инновациялық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті сәйкес инженерлік-транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген өндірістік қойма орындарының жеткіліксіздігі;
    • инновациялық кіші кәсіпкерлік субъекілерінің қолданыстағы заңдардағы өзгертулер туралы хабарсыздығы, әкімшілік кедергілер және кәсіпкерлік қызметпен айналысу кезінде билік органдарының нақты тәртіптерінің жоқтығы;
    • инновациялық кіші кәсіпорындардағы жұмыскер мамандықтарының білікті мамандардың жеткіліксіздігі. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінің өңдеуші өндірістерінің ірі және орта ұйымдарымен өзара әрекеттесу және кооперациялануын дамыту туралы мәселе ерекше зер салуды талап етілу қажаеттілігі.

      Сондықтан инновациялық кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қол жеткізу үшін мына мәселені шешу қажет:

    • инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттық қолдау;
    • инновациялық кәсіпкерлік субъектілерін заңнамалық қолдау;
    • инновациялық кәсіпкерлік субъектілері алдында тұрған әкімшілік кедергілерді азайту.

        Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады:

- инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту;

- инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

- инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру;

- тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау;

- инновациялық кәсіпкерлік климатты жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

     Ерекше  назар инфрақұрылымдық инвестициялық  жобалардың әзірленуіндегі өңірлік  инвестициялық бағдарламаларға  қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді [22,45]. 

     Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік климатын жақсарту үшін:

- білікті  кадрлар және жұмыс күшін дайындау  жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби  біліктілігі тұрғысынан дайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту;

- инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметінің реттемелеу деңгейін жоғарылату керек.

      Индустриялық-инновациялық қызметті нақты шаралармен толықтыру  мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық-экономкалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдама индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың  мүдделерін қорғайтын заңдық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.  Индустриялық  өндірісті дамыту мәселелерін тұжырымдамалық тұрғыдан шешу үрдісі өндірістік салада, әсіресе, индустрияда аймақтық кәсіпеерлікті қалыптастыру мен жетілдіру бағдарламаларын жасау және оның жегілікті шарттарда тиімді қолданылу аясы мен тәсілдерін негіздеу үшін аса қажетті әрі оңтайлы болып табылады және төмендегі негізгі басымдық мақсаттардан құралады:

- егеменді елдің экономикасын нығайту;

- нарықтық жағдайларда халық шаруашылығы кешеніндегі дағдарыстық құбылыстарды толығымен жою;

- индустрия өндірісін тұрақтандыру;

- индустрия салаларының түбегейлі құрылымдық қайта құрылуын жүзеге асыру, импортты алмастырушы технологияларды дамыту, өндірістік-экономикалық әлеуетті ұлғайту;

- индустрия жүйесінде өзін-өзі дамытушы шаруашылық-экономикалық құрылымдарды құру;

- Республикадағы индустриялық өндірісті достастық елдерінің экономикасына және әлемдік экономикаға тиімді интеграциялау;

- индустрия кешендерін, салаларын, аймақтарды және бүкіл республиканы тездетілген әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту;

- базалық индустрия салаларына айқын дағдарыстың, құбылыстардың алдын алу іс-шараларын дайындау;

- елдегі индустрияның мәжбүрлі автономды  функциялық тұжырымдамасын дайындай және оны жүзеге асыру;

- индустрияның жұмыстарын тұрақтандыру бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру;

- нарықтық экономика шартында индустрияны қарқынды дамыту үшін әлеуетті жинау бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру;

- индустрияны жедел және интенсивті дамыту бағдарламасын дайындау және оны жүзеге асыру.

      Қазақстанның  алдыңғы қатарлы бәсеке қабілетті 50 ел қатарына ену мақсатын жүзеге асыру  барысында индустриалдық-инновациялық қызметтегі келесі бағыттарды кеңінен дамыту негізгі мәнге ие болуы қажет:

      - ғылыми-технологиялық әлеуетті жоғары  ғылыми-технологиялық және өнеркәсіптік  ұйымдар желісі бар қалаларда  ғылымдық және инновациялық  инфрақұрылымның  (технологиялық парктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) қазіргі заманғы элементтерінің қызметін құру және қолдау көрсету;

      - экономиканың стратегиялық маңызы  бар алдыңғы қатарлы салаларын  дамытуда өзімізде бар ғылыми-техникалық әлеуетті қолдану;

      - бүгінгі таңда Қазақстанда бірқатар  бағыттар бойынша отандық зерттеулер  негізінде ғылыми-сыйымды өндірісті  дамытуға мүмкіндік беретін ғылыми  база бар, оның ішінде, жаңа  материалдар, химиялық өнімдер,  заман талабына сай жаңа өнімдер шығару және т.б [23,89].   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Инновациялық жобаларды басқару және олардың экономикалық тиімділігін бағалау