Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:16, лекция

Описание работы

. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Работа содержит 1 файл

6 лекций.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

Өз міндеттерін  орындау барысында жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның, ЭКОСОС жөне адам құқықгары туралы комиссияның шешімдері мен өкілдіктерінен шықпай жүмыс істейді. Бұл өкілдіктің арқасывда жоғарғы комиссар бүкіл дүние жүзінде адам күқықтары туралы кез келген мөселені алып, адам күқықтарының бұзылмауы үшін ісүш салады.

Сонымен, Жоғарғы  комиссар лауазымының күрылуы БҰҰ-ның адам құқықгарының бұзылуымен күресудегі үлкен қадам болып табылады.

3. Шетелдіктердің режимі

БҰҰ жарғысының адам күқықтары туралы ережелеріне  толықтыру болып келетін адам құқықгары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам күқық-тарьт туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факультативті хаттамадан тұрады. Адам кұқықтарының жалпы декларациясы. Сан-Францискода өткен конференцияда БҰҰ жарғысы-на "адамдардың негізгі декларациясын" қосу туралы пікір-лер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бүл мәселе БҮҮ-ның бірінші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам күқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам күқықгары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссия декларацияны заңды міндет-темелік келісімге іфрағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бірінші деклара-циямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасы-мен жүмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бүл жүмыстың нөтижесінде Жалпыға бірдей құқыктар декларациясы жа-салды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 ж. 10 желтоқсанда қабыддады. Бас Ассамблея бүл күнді Адам күқықгары күні деп тағайындады.

Декларация  бір қағидаттар мен нормалардың  басқа қағидаттар мен нормаларға бағынуын айта келіп, адамның әр күқығы бөлек жене маңызды игілік болып табылатынын атап көрсетті. Бүл күжатта көрсетілген түлғаның күқықтары мен   бостандықгарын  жеке   адамның  күқықтары   мен  бостандықтары, азаматтық және саяси күқықгар, әлеуметтік-экономикалық, мәдени күқықтар етіп топтастыруға болады.

Декларация  бостандық пен теңцік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын  кұрметтеу қағидаттарын бе-кітуден  басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, жеке адамның дербес құқығы, тұлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам құқық-тарының заңцы кепілдігі, әділеттіліктің ресімдік кепілдігі, тұлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес құқықгар мен бостандықтардың тобын құрайды.

Тұрғын орынды тандау жөне көшіп-қону құқығы, ар бостандығы, ой мен көзқарас бостандығы, мемлекеттік  би-лік органдарына сайлану және сайлау құқығы, азаматтық қүқық Жалпыға  бірдей декларацияның 6, 13—21-бапта-рында  азаматтық және саяси бостандықгарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық құқықгарға Жалпыға бірдей декларация мынадай қүқықгарды жатқызады: еңбек  кұқығы, жұмыссыздықган қорғалу қүқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу қүқығы, демалыс алу және демалу қүқығы, білім алу қүқығы, әлеуметтік кдмтамасыз етілу құқығы. Бұл күқықгар декла-рацияның 22, 28-баптарывда көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабыддау халыкаралық катнастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларация БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары ретінде қабылданды, совдықган БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беруде, халыкдралық құқықга келісім-дермен бірге заң шығару процесінде, мемлекеттердің халық-аралық практикасында дөстүрдің пайда болуы, кейіннен міндетті нормаға айналатынын ескеру керек. Осъгған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда керсетілген куқықгар мен бостаңдықгар, занды мівдетті немесе келісімді нормалар ретінде карастырылады.

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдағаннан кейін, Бас Ассамблея Адам қүқықтары  комиссиясына адам құқ-ықгары туралы екі пакт дайындауды ұсынды. Бұл мемлекеттер қуқықтары кешендерінің завды міңдеттемелігінің әр қалай түсінуіне байланысты бодды. Мысалы, АҚТТТ жөне БҰҰ мүшелігіндегі кейбір мемлекеттер азаматтық және сая-си кұқықтардың барлық мемлекеттермен жедел жөне міндетті түрде орындалуын, ал әлеуметтік-экономикалық және мөдени құқықтардың стандарт ретінде қойылып, оларға жету үшін Экономикалық дамуына байланысты әркдшан тырысу керек деп түсінді. Бұндай түсінік ол кезде басым болдьт. Соған байланысты Бас Ассамблея 1966 ж. 16 желтоқсанда екі келісім қабылдады — Азаматтық және саяси құқықгар туралы пакт және экономикалық, әлеу-меттік, мәдени құқықтар туралы пакт. Одан кейін бұл пактілердің күшіне енуі үшін 35 мемлекет саны жиналып, бекіткенше 10 жыл етті.

Пактілерде көрсетілген құқықтардың жиынтығын түрлі талқылауға қарамастан, халықаралық келісімдердің кіріс-песінде азаматтық, саяси, әлеумеітік-экономикалық құқық-тардың бір-бірімен тығыз байланысты екені жазылған. Пактілерде мөселелердің негізіне байланысты бірнеше жал-пы ережелер көрсетілген. Осылайша екі пактінің 1.1-бап-тарында "әр халықтың өзін-өзі анықтау құқығы бар" деп жазылған. Екі құжаттың да 1.2-баптарында "өр халықтың өз табиғи ресурстарын еркін пайдалану құқығы бар екені көрсетіледі. Екі кұжатта да адамдарды нәсілі жағынан, жынысына немесе тіліне, терісінің түсіне байланысты, саяси, идеологиялық, діни себебімен, шығу тегіне, туы-луына, мүліктік жағдайына байланысты кемсітушілікке жол берілмейді.

Келісім бола отыра, пактілер мемлекеттерге занды мін-деттер туғызады. Әр пакт мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерін орындау үшін, келісімді сақгау үшін, халық-аралық жүйені күрайды.

Тақырып 5. Халықаралық шарттар құқығы

1. Халыкаралық шарттар кұқығы: анықтамасы. қайнар көздері және жүйелендірілуі

2. Халықаралық шарттардың түсінігі, заңдық табиғаты және түрлері

3. Халықаралық  шарттық процесстің түсінігі  және сатылары  

1. Халыкаралық шарттар кұқығы: анықтамасы. қайнар көздері және жүйелендірілуі

Халықаралык, шарттар құқығы халықаралық жалпы кұқықтың саласы болып табылады жене мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет етуі, соңдай-ақ кұшін жоюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықгық нормалар жиынтығы болып табылады.

Жазбаша түрде  халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі, ол — б. з. д. XIII ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Элам-ның ұсақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт.

Шарт жасау мемлекеттердің ерекше күқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді.

1978 ж. 23 тамызда  Халықаралық құқық комиссиясы  дайындаған баптар жобасы негізінде  Шарттарға катысты (кемлекеттердің  Құқық мирасқорлығы туралы Вена  конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл конвенция әлі күшіне енген жоқ.

Үкіметаралық  халықаралық ұйымдардың пайда болуы  және олардың халықаралық қатынастарда рөлінің өсуі мемлекеттермен және өздерінің  арасындағы қатынастарды келісім-шарттың  көмегімен шешуге өкелді. Бұндай шарттардың қатары күннен-күнге көбейе түсті және ол дүниеге осы қатыстарды реттейтін арнайы конвенцияны әкелуді қажет етті. Сонымен, 1986 ж, Венада БҰҰ шақырған конференцияда халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы ке-лісім-шарттар қүқығы туралы үшінші конвенция жарық көріп, кдбылданды. Бұл ақт Халықаралық кұқықтың жүйесінің ілгері дамуының нәтижесі. 1978 жөне 1986 жж. Кон-венциялар күшіне енген жоқ, дегенмен олардың нор-маларын мемлекеттер әдет-ғүрып нормалары ретінде қолданады.

Халықаралық шарттарды  жасауға мемлекеттердің ішкі зандары  да көп үлесін қосады. Қазақстан  Республикасында 1995 жылы 12 желтоқсанда  қабылданған "Қазақстан Рес-публикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау  және денонсациялау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жүзеге асуда (өрі қарай — Жарлық). Бүл Жарлык, халықаралық іпартгардығ. үғьтмын түрлерін, оларды жасау, орындау, тоқтату жөне күшін жою мәселелерін қарастырады.

Халықаралық кұқықгың кез келген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады. Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объекті ретінде субъектілердің материалдық, материалдық емес игіліктері жөне соларға байланысты қатынастар, әрекеттер және әрекеттерден бас таргуы танылады. Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.

2. Халықаралық шарттардың түсінігі, заңдық табиғаты және түрлері

Халықаралық шарт жазбаша түрде немесе ауызша түрде (джентльмеңдік келісім) жасалады. Көбінесе жазбаша түрде жасалады, себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың қүқықтары мен міңдеттерін нақты белгілемейді. Соның салдарынан көптеген проблемалар туындауы мүмкін. Шарттың қүрыптымына: атауы, кіріспесі, негізгі және қорытынды бөлімдері кіреді. Кіріспеде шарттың максаты жазылады, оның шартты талқылау кезінде үлкен мәні бар, Негізгі бөлім баптардан, яғни қатынастарды реттейтін нормалардан түрады. Кейбір шарттарда олардың аттары болады, қорытынды бөлімде шарттың күшіне етуі, мәтіннің үшін реттейтін ережелер, шартқа қосылу тәртібіне қатысты мәселелер көрініс табады. Кейбір халықаралық шарттарға қосымша еңгізіледі, олар оның бөлінбес бөлігі ретінде қарастырылуы қажет. Шарттар өр түрлі аталуы мүмкін. Мысалы, конвенция, накт, келісім, хатгама, декларация, жарғы, хартия. Бірақ олардың өр түрлі аталуы шарттардың кегізгі мағынасын өзгертпейді, яғни олар тараптарға қүқықтар мен міндеттер жүктеп, олардың арасындағы қатынастарды реттейді.

Халықаралық шарттың тілі. Шарттың жасалу тілін жақтар өздері тандап алады, Олар әдетте екі жақтың да тілін, соңдай-ақ үшінші бейтарап жақтың да тілін алады. Үшінші жақтың тілін шартты талқылаған кезде қолданады. БҰҰ шеңберінде және оның ұйымдарымен жасалатын шарттар сол ұйымның ресми тілдерінде жасалады. Шарт әр түрлі тілде жасалса да, олардың бірдей заңдық кұші болады.

3. Халықаралық шарттық процесстің түсінігі және сатылары  

"Шарт жасасу" рәсімы 1969 және 1986 жылдардагы конвенцияларда берілгеген. Бірақ Президенттің Жарлығына сәйкес шарт жасау дегеніміз ~ Казақстан Республикасының халықаралық шарттың өзіне міндетті екендігіне келісуі. Бұл процесске мемлекеттердің келіссөз жургізушен шарттың күшіне енуіне дейінгі барлық әрекеттері жатады. Шарт жасау процесінің кезеңдеріне мәтінін қарастыру жөне қабылдау, түсінүсқасын бекіту және оның міндеттілігін тану енеді. Көп жағдайда мемлекеттер шарттың жобасын келесі тарапқа ұсынады. Ол өз кезегінде піарт мөтінін жасауды жеңілдетеді.

Шартты арнайы қүжат — өкілеттілік берілген түлғалар ғана жасауына болады. Ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін.

Шарт мөтінін жасау дипломатиялық жолдар арқылы халықаралық ұйым жөне халықаралық конференцияларда жүзеге асырылады. Дипломатиялық келіссөздер арқылы көбінесе екіжақты шарттар мәтіні жасалады. Халықаралық ұйымдарда шарт мөтінін жасау олардың бас органдарына немесе арнайы сол үшін қүрылған органдарға жүктеледі. Кейде  халықаралық конференциялар  шарт жобаларын өздері де жасайды. Шарт мөтінін дайындау бойынша келіссөздер окың мәтінін қабылдаумен аяқталады. Мәтінін қабылдау барлық қатысушы мемлекеттердің келісімімен жүзеге асырылады. Мәтінін қабылдау нысаны қол қою немесе парафирлеу болуы мүмкін.  Халықаралық конференцияларда шарт мәтінін қабылдау ішкі ережелерге сай жүргізіледі. Бірақ мұндай ережелер бекітілмеген болса, онда 1969  және   1986  жылдардағы   конвенцшшарға   сөйкес, қатысушы мемлекеттердің үштен екі дауысымен қабыл-данады. Шарт мәтінін қабыддаудың тағы бір әдісі — консенсус арқылы. Ол дауыс берусіз ешбір тарап қарсылық білдірмеген жағдайда қатысушылардың өзара келісімімен қабылдау.

Шарт жасасудың  соңғы сатысы — тараптардың оның міндеттілігіне келісімдерін беруі. 1969 жөне 1986 жж. конвенцияларға сай шарттың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше әдісі бар, Олардың ішіндегі кеңінен таралғаны — шартқа қол қою, Халықаралық тәжірибеде шартқа қол қоюдың белгіленген ережелері бар. Екіжақты шарттарда екі мемлекет өкілінің қол таңбалары бір-біріне қарама-қарсы немесе бір-бірінің астында орналасады. Екі тілдердегі шарт мәтіндерінце бірініні орында (сол жақта немесе жоғаріъі) шарт сақталатын мемлекет атауы жазылады. Оңнан солға жазатын тілдерде жасалған шарттарда оң жакуағы қол бірінші орында болып саналады. Халықаралық төжірибеде көрініс тапкан шарт кай мемл.екетке арналған болса, сол мемлекеттің атауы, әкшінің қолы, өз тіліндегі мөтіні бірінші орынға қойыпу өдісі — алътернат деп аталады. Көп-жақты шарттарда өкілдердің қол таңбалары қелісілген тілде алфавиттік твртігшен бірікің астына бірі қойылзды,

Шарттың міндеттілігіне келісім берудің келесі әдісі — ратификация. Вена конвенцияларына сәйкес ратификация — мемлекеттің ішкі құқығының бір институты, өйткені қай мемлекеттік органкың халыкаралық шарттарды ратификациялауына барлығын тек ішкі құқық белгілейді. Әдетте бүны Президент немесе Парламент жүзеге асырады. Ратификация дегеніміз  Қазақстан Республикасы Парламенті бекіту арқылы Қазақстан Республикасының халықаралық шартты өзіне міндетті деп тануы. 1969 ж. Вена конвенциясының 14-бабына сөйкес, шарт мынадай жағдайларда ратификацияланады: 1) шартта оны ратификациялау кажеттігі туралы- айтылса, 2) егер шартта тараптар шартты ратификациялау арқылы көрсету кажет деп жазылса 3) мемлекеттің өкілі шартты ратификациялау жағдайында шартқа қол қойса, 4) мемлекеттің шартка ратификация арқылы қол қоюға ерік білдіруі, оның өкіліне берілген кұзыретке сай міндетті болса немесе келіссөз жүргізу кезінде көрсетілген болса. Ал Жарлықка сөйкес, Қазақстан Республикасының мынадай шарттары ратификациялануға жатады: 1) .шарттарды орындау әрекет ететін заңдарды өзгертуді немесе жаңа заң қабылдауды Қажет ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгеннен басқа ережелерді белгілейтін болса, 2) Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттерден бөліп түратын аумақтық шегін белгілеу туралы, оның ішіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын өту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өрекіле экономикалық аймағын және континенталдық шельфінің шегін белгілеу туралы, 3) кдрусыздану немесе қарусыздануға ха-лықаралық бакзылау, халыкдралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мөселелері бойынша мемлекетаралық қатынастар жөнінде, сонымен қатар бейбітшілік жөне ұжымдық кауіпсіздік туралы шарттары, 4) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдарға және басқа да бірлестіктерге қатысуы туралы шарттар, егер мұндай шарттар Қазақстан Республикасының еғемендігін жүзеге асырудың бір бөлігін немесе олардың органдары шешімдерінің Кдзақстан Республикасы үшін зандық міндеттілігін белгілесе, 5) мемлекеттік қарыздар және Қазақстан Республикасының экономикалық жөне басқа да көрсеткен көмектері туралы шарттар.

Информация о работе Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы