Бұқвралық ақпарат құралдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 20:21, курсовая работа

Описание работы

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы лық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.

Содержание

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы түсінік
Саяси институттар жүйесіндегі төртінші билік
Қазақ баспасөзі рухани мәселелер үндесетін алаң
Қазақ баспасөзі және қазақ елі – қоғамдық сана ұйытар кеңістікте
Ұлттық баспасөзге факторлық талдау
Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдарының даму үрдістерІ

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 82.89 Кб (Скачать)

Алғашқы әділдік, демократия, бостандық атты ұғымдардың жиі кездесіп, басымдық танытуы «Жас алаш» және «Свобода слова» басылымдарына, екінші кезекте  «Жас қазақ» пен «Айқын» газеттеріне  тиесілі болуы айқындалды. Аталған  мағыналық белгілер арасындағы айтарлықтай  айырмашылық байқалады. Әсіресе, бостандық  ұғымы 29, ал әділдік ұғымы 23 рет қайталануы оппозициялық басылымның ұстанған позициясын айқындап береді. 

Қоғамдағы саяси билік пен жүргізілетін реформаға көңілі толмау билік оппенеттеріне  тән келетіні айқын. Керісінше, тұрақтылық (44), қоғамдық келісім (17), қауіпсіздік (15) және ел игілігі (50) белгілерінің басым  түсуі билік сипатындағы басылым  «Егемен Қазақстанға» тиесілі екендігі анық. Сондай-ақ, «Айқын» газетінің  де биліктік сипатын осынау белгілік категориялардың жиі қайталануынан  байқауға болады. 

Ал ел ішіндегі ұлтаралық және саяси-әлеуметтік мәселелерге өткір баға беріп  отырған «Жас қазақ»  басылымының  позициясында осы белгілердің басым  түсуі де түсінікті. Мәселен, бұл  тұжырымға газеттің шетелдегі қазақтардың  отанға оралуы, ұлтаралық қақтығыстарды  шешу, қақтығыстарды шешудегі зорлық, күш қолдану мәселелерін жариялаудағы жиі қайталанатын белгілер көрсеткіші 37-35-39 болса,  ал инфляция мен инвестиция тарту мәселесінде 33-49 көрсеткіші қайталануы дәлел. 

БАҚ –  қоғамдық саяси өмірдің хабаршысы, насихатшысы. Қазақстандық мерзімді басылымдардың  материалдардан сарапталған белгілер көрсеткішінің факторлық сараптауы  сол айнаның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселерді жариялауда қалай  әрі  қай позициядан жариялайтындығын танытса  керек. 

Саясаттанушылар мен масс-медиа сарапшылары әдетте саяси коммуникация процесін зерттеуде  қоғамдағы саяси оқиғалардың  қолжетімді дереккөзі ретінде мерзімді баспасөз материалдарына жүгінеді. Саяси қайраткерлер мен билік тарапынан жіберілген жолдаулар, сондай-ақ саяси шолушылар мен сарапшылардың  талдаулары жарияланатын  осынау дереккөздерді зерттеу тек бірнеше міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. 

Біріншіден, саяси процестерге қатысатын  билік, үкімет, мемлекеттік атқару органдары, қозғалыстар мен партиялардың қызметтерін  толықтай нақты сипаттауда; екіншіден, сол баспасөздің қоғамдық саяси  маңызды оқиғалар кезіндегі ұстанып  отырған тактикалық және стратегиялық позицияларын айқындауда; үшіншіден, саяси  көсемдер мен электоратты да, басқарушы  мен басқарушыларды да семантикалық кеңістік ретінде зерттеуге мүмкіндік  береді. 

БАҚ материалдарына жүргізілген салыстырмалы зерттеулерге баспасөздегі қазаққ қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени т.б. тақырыптардағы материалдар іріктелді. БАҚ материалдарының  хронологиялық мерзімділігі соңғы  үш жылды қамтиды. Контент-сараптауларға  қазақстандық мерзімді басылым нарығындағы  бастапқы саналатын республикалық  және қалалық деңгейде жарық көретін  «Егемен Қазақстан», «Жас қазақ», «Жас алаш» сияқты басылымдар басты дереккөздері болды. 

Эмпирикалық зерттеулер жүргізуге арналған газеттер мынадай критерийлер бойынша  таңдалып алынды: өазаө қоғамындағы  әлеуметтік-саяси оқиғаларды жедел  жазып отыратын күнделікті басылымдар; мемлекеттік маңызды оқиғаларға сараптаулар мен комментарийлер және саяси-әлеуметтік өмірдегі проблемаларға  сыни мақалалар жариялайтын апталық  басылымдар; ауқымдылығы жағынан  орталық республикалық басылымдар; сондай-ақ бұқараға кеңінен тарайтын, аудиториясы ауқымды басылымдар. 

Жоғарыда  аталған критерийлерге сәйкес келген билік тарапындағы күнделікті жалпыұлттық  «Егемен Қазақстан», тәуелсіз саналатын  «Жас қазақ» ұлттық апталығы мен оппозициялық тараптағы «Жас алаш» республикалық  әрбір газеттегі жарияланымдардан іріктелген материалдарға факторлық  сараптаулар  жүргізілді. Баспасөзді сараптаудың дереккөзі ретінде зерттеуде олардың қай органның не болмаса қандай медиа-топтар, медиа-холдингтердің қарамағында екендігі де маңызды саналатыны шындық. Зерттеудің келесі тақырыпшасында бұл сараптауларға саясаттанулық талдаулар жүргізіледі. 

Қазақстанның  қоғамдық өмірінде, руханият. өркениет әлемінде ақпараттық-коммуникативтік  процестердің белсенді жүзеге асуы демократиялық  қоғам үлгісінде көрініс табуда. 

Қазақстандық  БАҚ кеңістігі, сондай-ақ сәйкесінше мерзімді басылым нарығы соңғы жылдары  айтарлықтай жаңаша сипатта дамуда. Оның басты ерекшелігі, қазіргі уақытта  елімізде масс-медиа нарығында БАҚ  қорларын шоғырландыру мен үйлестіру  процесі қарқынды дамып отыр. 

Қазақстандық  баспасөзді дереккөз ретінде сипаттай отырып, елдегі саяси оқиғалар мен  жаңалықтарды бұқараға жеткізуде аталған  басылымдардың ұстанған өзіндік  позициясы мен бағытын атап өту  керек. 

Баспасөз  тек оқырманы оқитын дүние жарияласа, оқырманы үшін қажетті жаңа ақпарат  ұсынса ғана, халық қалауларының тұлғалық бейнесін жасағанда ғана таңдаулы болатыны ақиқат. Сонымен, баспасөз саяси ойындар  алаңында ұстанатын позицияларына  орай шынайылықты жариялауға мүдделі. Баспасөздің мүдделігінің болуы  да сол кімнің, ненің болмасын медиа-нысанына айналады. 

Қазақстандық  баспасөздің басты ерекшелігінің  өзі де тәуелсіз қорлардың қаржыландыруынан гөрі, билік немесе саяси элита, мүдделес бизнес топтардың құрылтайшы болуында. Мұндай жағдай саяси науқандар мен  оқиғаларды жариялауда редакциялық  приоритеттің саяси мәнге тәуелділігін аңғартса керек. 

Қазақтілді  баспасөздегі саяси-талдамалық материалдарды  зерттеу процесі үш кезеңнен тұрды: танысу-бақылау кезеңі; өңдеу және есептеу кезеңі; алынған мәліметтерді сараптау және талқылау кезеңі. 

Зерттеудің  алғашқы кезеңінде жоғарыда аталған  газеттердегі 2007-2009 жж. аралығында жарық  көрген саяси-сараптамалық, саяси-ақпараттық материалдарды қарастырып, яғни осы  басылым материалдарымен таныса отырып, іріктелетін жарияланымдардың хронологиясы түзілді. Іріктелген жарияланымдар  белгілі саяси науқандардағы  үгіт материалынан тыс қоғамдық саяси  маңызына қарай таңдалды. 

Осы кезеңде  зерттеу процесі саяси-дискурстық сараптау аясында жүргізілді. Бұл  әдіс коммуникатордан бұқараға жеткізілуі тиіс ақпараттың берілуінде пайдаланылатын бастапқы мағыналық категорияларды қайта құырлымдауға мүмкіндік берді. 

«Дискурстық сараптау» термині алғаш рет  американдық лингвист профессор  З. Хэрристің еңбектерінде аталған  болатын. Хэррис бұл терминді ситуациялық  контекст бойынша тіл байланысын зерттеуде қолданған болатын. Яғни дискурс және дискурстық сараптау теориясы лингвистика мен филологиядан бастау алған. Кейінірек дискурстық сараптауды социологтар мен саясаттанушылар  пайдалана бастады. 

Саяси-дискурстық сараптау теориясы саяси шындық дискурс  арқылы, яғни басты идеялар мен  нышандар жиынтығы арқылы қалыптасуына негіз болса, ал саяси коммуникация процесінде бұл дискурс өңделеді. 

Зерттеу процесінде зерттеуші назары зерттеліп  отырған материалдардағы негізгі  саяси және әлеуметтік идеяларға  бағытталса, саяси қайраткерлер пайдаланатын мағыналық категорияларға сәйкес қайта  құрылымданады. Мұндайда саяси дискурс  теориясында саяси қайраткерлердің  сайлаушылар мен бұқарамен коммуникативтік  өзара әрекеті өте маңызды  аспект ретінде саналады. 

Саяси коммуникацияда саясаткерлердің бұқараға таратылатын үндеулері мен хабарламаларын жеткізетін негізгі әлеуметтік институт ретінде бұқаралық ақпарат құралдары  саналады. Сондықтан нәтижесінде  объект тек сипатталып қоймастан, талқыланатын әлеуметтік институттар арасында да диалог құрылады [53]. 

Саяси күштердің дискурсы әсіресе, сайлау науқандары кезінде шарықтау шегіне жететін коммуникативтік қызу саяси  күрестерден  анық байқалатыны рас. Сондықтан көптеген зерттеушілер саяси  дискурс зерттеулеріне сайлау науқаны  кезінде дайындалып, жарияланған  материалдарды таңдайды. 

Біздің  зерттеуімізде саяси дискурс  сараптамасы жан-жақты рөл атқарады. Зерттеу материалдары Қазақстандағы  саяси маңызды оқиғалар кезеңін  қамтиды. Олардың қатарында Қазақстан  Республикасында жүргізілген реформалық өзгерістер, ҚР Парламенті Мәжілісі және қалалық маслихаттарға сайлау процестері, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық ету  қарсаңындағы кезең, еліміздегі мемлекеттік  ақпараттық саясат жүргізудің сан алуан  бағыттары бойынша жүргізілген  бағдарламар мен «электронды  үкімет» құру жобасының жүзеге асу  кезеңдеріне тұспалдас келді. 

Міне, осы  қоғамымыздағы елеулі саяси-әлеуметтік  және экономикалық, рухани өзгерістер кезеңінде жарияланған материалдарға  түсініктер беріліп, талқыланып, бағаланды. Сондай-ақ бұл материалдар контент-сараптауларға  негіз болып, тіркеуге қажетті мағыналық  категориялар желісін құруда көмекші  әдіс болып табылды. 

Соңғы жылдары мәтіндерді зерттеудің «мағыналық сараптау» немесе «контент-сараптау»  аталатын түрі өте жиі қолданыста. Бұл термин тек белгілі әдіс ретінде  танылмастан, сондай-ақ сол мәтінді  құрастырушының мүддесі немесе адресат  тарапынан болуы мүмкін кері әсерді  байқауына қатысты қолданылып, нақты  қорытындылар жасауға мүмкіндік  береді. Және де зерттеушінің мәтіндегі  белгілі мағынамен танысуына  мүмкіндік беретін тұтас әдіснама ретінде қарастыруға болады. 

Қоғамтанушы ғалымдардың пікірінше, баспасөзге, басқа да дереккөздерге контент-сараптау әдісін қолдану тиімді, яғни «…жүйелік  сандық өңдеу, ақпараттық дереккөздерінің  мазмұны мен пішінін бағалау  мен түсіндіру»,-деп ғылыми әдебиетте  түсінік беріледі [54]. 

Контент-талдауды саясаттану зерттеулерінде қолдану  бірнеше тұлғаның бір мәтінді  бірдей түсіндіруіне мүмкіндік беретін  стандарттық әдісті әзірлеумен ерекшеленеді, сондай-ақ өзінің әсеріне емес құжатты  негізге ала отырып,  мәтінді  қабылдау жайлы гипотезаны ұсынуды  негіздеуге мүмкіндік береді, яғни зерттеушілердің субъективтік үлесі  азая түседі. 

Қазіргі уақытта мазмұнды қалыпты сараптаудың  айтарлықтай тәжірибесі жинақталған. Оның мәні құжат мәтінінде кездесетін категориялар жиілігін, мәтіндегі түрлі  элементтердің бір-бірімен, сондай-ақ ақпараттың жалпы көлемімен  ара  қатысын санай отырып, кейбір басты  ұғымдарды ерекшелеу (немесе басқаша  айтқанда мағыналық категориялар) болып  табылады [55]. 

Ақпараттық  технологияның дамуы мен дәстүрлі әдістермен қатар контент-сараптауды кеңінен қолдануға ықпал еткен  жүзеге асыру процедурасын толықтай автоматтандыру мен оны сапалы жүргізу  техникасын жетілдіруге мүмкіндік  туды. 

Контент-сараптау әдісі сипатына қарай сандық-сапалық  болып келеді. Бұл әдіс аталмыш  сипаттаманың болуы не болмауын (белгілі  бір атрибуттардың) есептегендіктен  сапалық деуге, ал сандық сараптау ретінде  мәтіндегі жекелеген тақырыптар, сөздер, нышандардың жилігін қарастырады. Сапалық сараптау үшін таңдалған  категориялардың жаңашылдығы, мағыналығы, құндылығы маңызды саналады. Сандық сараптауда мұндай критерий ретінде  кездесу жиілігі басты орында тұрады. 

Осы зерттеу  жұмысында жауаптарды санау қалай  берілсе солай шығарылатын тікелей  сандық сараптау арқылы жүргізілді. Контент-сараптау процедурасы үш кезеңнен тұрады: тіркеу категорияларын анықтау; мәтіннен олардың индикаторларын іздестіру; статистикалық өңдеу. 

Қазақстандық  баспасөздегі саяси-ақпараттық және саяси-талдамалық материалдарға жүргізілген сараптаулар  көрсеткендей, осы зерттеуде тіркеу категориясы: қоғамдық құндылықтарды  немесе қоғамдық өмірдегі ең айтулы оқиғаларды білдіруі; ішкі және сыртқы саясатты қамтитын мемлекеттік саясаттың приоритетті  бағыттарын сипаттауы; Қазақстандағы  саяси және экономикалық жағдайдың  индикаторы ретінде танылуы тиіс. 

Аталған критерилерді ескере отырып, тіркеуге алынған мынадай категориялар тізімі жасалды: Контент-сараптау жүргізілу  үшін тіркеуге алынған мағыналық  категориялар қатары: 

Тіркеу  категориялары тек қана мағыналық  жүктемені білдіретінін ескеру қажет. Сондықтан оларды мағыналық категориялар деп өте жиі атайды, яғни, бұл  категориялардың астарында белгілі  мағыналар бар деуге болады. Басқаша  айтқанда, бұл мағыналардың астарынан  мәтінде айтылатын қандай да бір  нысанды немесе осы нысанға қатысты  қандай да бір қасиетті байқай білу керек. Кей жағдайларда бұл нысан  бір сөздің көмегімен, ал келесі жағдайларда  – бірнеше сөздердің бірігуі  аясында, яғни нақты тұжырымдар арқылы сипатталады. 
 

Құжат мазмұнында тек бір ғана мағыналық  элемент түрлі сөздік формада  айтылуы мүмкін болғандықтан, мәтіндегі  осынау ой білдірудің барлық мағыналық  категориялары болуы мүмкін формаларын іздестіру керек. Сондықтан зерттеудің екінші кезеңінде таңдалып алынған  категориялардың индикаторлары  іздестіріледі. Бұлар аталған мағыналық  категорияны бейнелеуші элементтерден  тұрады. Мәселен, «отансүйгіштік» мағыналық  категориясы «отан», «туған ел» сияқты сөздермен немесе «отанға деген  махаббат», «Қазақстанның дамуы», «елдің өркендеуі» сияқты сөз тіркестерімен  сипатталуы мүмкін, сол үшін де бұл  сөздер мен тіркестер индикатор  саналады. 

Информация о работе Бұқвралық ақпарат құралдары