Мектептегі спорт сабагы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 19:17, реферат

Описание работы

Мен мектеп кезінде бірнеше пәндерді жақсы көріп,қызыға оқыдым.Әр елді астанасымен қоса біліп географияны, түрлі ақындардың өлеңдерін жарыса жаттап әдебиетті жаныма жақын тарттым.Қызықсыз болса да ара-тұра математикаға да қызығатын сәттерім болды.Десек те,мен үшін бұл пәндермен он қайнаса да сорпасы қосылмайтын, жоғарыдағы сабақ атаулыдан түрі де,түсі де мүлде бөлек ерекше бір 45 минут болды

Работа содержит 1 файл

Мектептегі спорт сабагы.docx

— 15.05 Кб (Скачать)

Мектептегі  спорт сабағы

   Мен мектеп кезінде бірнеше пәндерді жақсы көріп,қызыға оқыдым.Әр елді астанасымен қоса біліп географияны, түрлі ақындардың өлеңдерін жарыса жаттап әдебиетті жаныма жақын тарттым.Қызықсыз болса да ара-тұра математикаға да қызығатын сәттерім болды.Десек те,мен үшін  бұл пәндермен он қайнаса да сорпасы қосылмайтын, жоғарыдағы сабақ атаулыдан түрі де,түсі де мүлде бөлек ерекше бір 45 минут болды.Кезінде ала допты аласұра тепкілеген, не болмаса желмен жарыса жүгірген бала болса, бұл сөйлемдердің дене шынықтыруға қатысты екенін бірден түсінеді.Менің мектепті абыроймен аяқтап, студент атанғаныма 3-ші жылдың жүзі болды.Бірақ та, ауылдағы болсын,қаладағы болсын, мектептердегі спорт сабағының еш өзгермегеніне көзім жетті.Сол баяғы ұшы қиыры жоқ кең футбол алаңы,онда  спорт киімі бары да ,жоғы да ала допты беріле  теуіп жүрген оқушы балалар.Алаңның жиегінде әңгіменің қызығына беріліп, сықылықтап күлген ақ бантикті қыздар.Оларға анда-санда  көз қырын салып қойып,өз ісімен айналысып жүрген мұғалім.Өзім футболмен айналысқандығымнан, біраз мектептерде болып,спорт сабағына қатысуымның сәті туды.Балқаш атты ауданымда да, Алматы қаласында да көп жағдайда жоғарыда аталған  жағдайға тап болдым. Барлық жерде бірдей болмаса да, түп мақсаты ұқсас.Әрине, 5 саусақ бірдей емес,өз ісіне берілген мамандарды да жолықтырдым.Спортқа жаным құмар менің қуанышыма орай, сондай дене шынықтырудың сан түрлі тәсілін меңгерген  білікті бапкерден дәріс алу бақыты бұйырды.Қателеспесем, 7-ші сынып.Ағайымның аты Сайран болатын.Арықтау келсе де бойы сырықтай ұзын.Алғашқы сабағында-ақ алаңды айналдыра жүгіртіп, арам терімізді сығып алды.Одан кейін дене жаттығуларының он шақты түрін жасатты.Ала допты да беталды тепкізбей,ақылмен,айламен ойнатты.Ал жүгіру жаттығулары бөлек әңгіме.Бірінші сабағында-ақ әліміз құрып, өлердей шаршасақ та, «Құдай бере салған ағайымызға» дән ризамыз.Сол сәттен бастап спортқа деген нағыз қызығушылығым ояна бастады.Сайран ағайымыздың баптауымен футболдан 7-ші сыныптың өзінде спорт десе ішкен асын жерге қоятын достарыммен бірге 11-ші сыныптың жігіттерін ойнап жүріп ұтатын дәрежеге жеттік.Міне,өз ісіне адал берілген  маманның еңбегі қашан да ақталады.Бұл ағаймыз бізге 1 жылдай ғана сабақ берді.Одан кейінгі жағдайынан хабарсыз едік.2008 жылғы Пекин олимпиадасы естеріңізде болар.Сонда қазақтың намысын қорғаған палуан жігіттің денесін уқалап жатқан адамды ағайыма ұқсатқанмын.Көзіме елестеген болар деп сенбеген едім,ертеңіне сабаққа барғанымда достарым да көріп қалыпты.Спортты өміріне серік еткен ұстазымыз осындай деңгейге жеткеніне оның шәкірттері,біздер шын жүректен қуандық.

Информация о работе Мектептегі спорт сабагы