Енбек құқығы субъектілерінің

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:05, реферат

Описание работы

Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Кез келген құқық саласы сиякты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықгалады.
Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қол-даныстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады.

Работа содержит 1 файл

enbek baiandama.doc

— 62.50 Кб (Скачать)


ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Енбек құқығы субъектілерінің түсінігі және түрлері. Кез келген құқық саласы сиякты еңбек құқығының да өзінің субъектілер шеңбері бар. Осы субъектілер арқылы осы құқық саласының жалпы құқық жүйесіндегі ерекшеліктері анықгалады.

Еңбек құқығында осы құқық саласының субъектілері ретінде қол-даныстағы заңнаманың негізінде қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, еңбек үрдісін қолдану мен ұйымдастыруға еңбек заңнамасын сақтай отырып қатысатын еңбек қатынастарының қатысушылары танылады.

Қазіргі кезде еңбек құқығы қатынастарына субъектілер ретінде еңбекке қабілетті азаматтар (қызметкерлер), ұйымдар (жұмыс беруші, яғни, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар), еңбек ұжымдары, кәсіптік одақтар және мемлекеттік органдар қатысады.

Алайда, бұл бір қарағандай оңай мәселе емес. Еңбек құқығының субъектісі болу үшін еңбек құқығының аталған барлық субъектілері заңға сәйкес арнайы қасиетке - құқыктық мәртебеге ие болуы тиіс. Бұл мәртебе оларға қоғамдық еңбекпен байланысты нақты құқықтық қатынастарға қатысу құқығын береді.

Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі ретінде қол-даныстағы заңнамаға сәйкес оның еңбек саласындағы негізгі құқықтық жағдайы аталады.

Құқықтық мәртебенің мазмұны келесі негізгі элементтерден тұрады:

а) еңбек құқық қабілеттігі (құқық деликтқабілеттігі):

ә) негізгі (статуттык) еңбек құқықтар және міндеттер;

б) осы құқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және арнайы кепілдіктері;

в) еңбек құқық бұзушылықтары үшін заңда көзделген жауапкершілік.

Бұл төрт элемент бірлесе отырып, еңбек құқығының әрбір субъектісінің құқықтық мәртебесін құрайды.

Енді еңбек құқық қабілеттігінен, еңбек әрекетқабілеттігінен және еңбек деликтқабілеттігінен тұратын еңбек құқықсубъектілігін тереңірек қарастырып өтейік.

Еңбекке құқық қабілеттік - бұл еңбек заңнамасында танылған еңбек құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеті, яғни, еңбек құқығы қаты-настарының қатысушысы болудың теориялық мүмкіндігі немесе қабілеті. Бұл дегеніміз, белгілі бір жағдайлар болған жағдайда – азаматтар үшін белгілі бір жасқа жету, заңды тұлғалар үшін шаруашылық немесе мүліктік және оралымды басқару оқшаулығына жету - олар еңбек құқығы қатынастарының субъектісі болуға және құқықтар мен міндеттерді иеленуге қабілетті болады. Яғни, кез келген жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеуге және жұмыс беруге қабілетті.

Еңбекке әрекет қабілеттік - бұл нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайтын субъективтік кұкықтар мен міндеттерді өз әрекеттері арқылы иелену қабілеті. Басқаша айтар болсақ, еңбекке әрекет қабілеттік азаматтың, ұйымның, еңбек ұжымының өз әрекеттері арқылы еңбек саласындағы субъективтік құқықгар мен міндеттерді иелену қабілеті. Мысалы, азамат жұмыс іздеп, халықгы жұмыспен қамту органдарымен құқықтық қатынастарға түссе, ол өзінің жұмыс істеуге қатысты әрекеттері арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Жұмыс беруші - жеке немесе заңды тұлға, өзіне қызметкерлерді таңдау және жұмыс істеуші тұлғаларға жұмыс беруі арқылы еңбек құқықтары мен міндеттерін иеленеді.

Еңбек құқығы субъектілерінің маңызды ерекшелігі - оларда еңбекке қүұқық қабілеттік пен әрекет қабілеттік бір мезгілде болуы тиіс. Есте сақтайтын бір жайт: еңбекке құқықәрекет қабілеттік дегеніміз бұл тек еңбек құқығының субъектілері ғана иеленетін ерекше қасиет.

Субъективтік құқықтар мен міндеттер заңнан туындауы мүмкін. Оларды нақты еңбек құқығы қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден ажырата білу қажет. Зандардан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді статуттық деп атайды. Олар еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесінің негізін құрайды және еңбек саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерде бекітіледі. Еңбек құқығы субъектісінің негізгі статуттық құқықтары мен міндеттерінің тізімі әр түрлі сипатқа ие және олар өздерінің әлеуметтік мақсатымен, еңбек саласында атқаратын функциялардың сипатымен ерекшеленеді.

ҚР Конституциясына сәйкес азаматтың еңбек құқығының субъектісі ретіндегі құқықтық мәртебесі барлық азаматгар үшін тең. Алайда, оны қызметкердің құқықтық мәртебесінен ажырата білген жөн (бұны азамат еңбек шартын бекітіп, қызмет берушімен еңбек құқығы қатынастарына түскен кезде иеленеді). Бұл кезде қызметкердің құқықтық мәртебесі еңбек заңдарымен анықталады.

Азамат жұмыс іздеп, жұмысқа орналастыру бойынша органдармен құқықтық қатынастарға түскен кезде еңбек құқығының субъектісіне айналады. Ал қызметкердің құқықтық мәртебесі, ол жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан кезде туындайды. Сонымен, азаматтың құқықтық мәртебесі ол жұмысқа орналасқан кезде қызметкердің құқықтық мәртебесіне айналады.

Негізгі (статуттық) еңбек құқықтары мен міндеттері. Бұл құқықгар мен міндеттер ҚР Конституциясында және еңбек саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Оларға еңбекке құқық, мемлекетпен кепілденген ең төменгі жалақыға құқық, демалуға құқық, еңбектің қауіпсіз жағдайларына кұқық, кәсіби дайындыққа және біліктілігін көтеруге кұқық, кәсіподақтарға бірігу кұқығы, еңбек тәртібін сақгау міндеті, еңбек нормасын орындау міндеті, сеніп тапсырылған мүлікті сақтау міндеті және т.б. жатады. Статуттық құқықтар мен міндеттер еңбек құқығының субъектілері болып табылатын барлық қызметкерлерге таралады. Бұл құқықтар мен міндетгер қызметкерлердің еңбек қатынастары және еңбек үрдісіндегі жүріс-тұрысын анықтайды. Статуттық құкықтар мен міндеттердің мазмұны әрекет ету, талап ету, міндеттеу, кұқықтар мен міндеттерді пайдалану мүмкіндіктерінен және еңбек құқығының өзге де субъектілерінің мүдделері мен қажеттіліктерін белгіленген шекте қанағаттандыру міндетінен көрініс табады.

Осы кұқықтар мен міндеттердің заңды жалпы және ерекше кепілдіктері келесідей: біріншіден, олар ҚР Конституциясымен кепілденген, екіншіден, зандар еңбек құқығы субъектілерінің құқық бұзушылықтарының алдын-алады; үшіншіден, міндетті түлғалардың әрекет ету шектерін белгілейді; төртіншіден, аталған қүұқықтарды бұзатын әрекеттерге шағымдануға мүмкіндік береді және бесіншіден, кінәлі тұлғалардың құқық бұзушылықтарының нәтижесінде келген материалдық зиянды өтетуді қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің еңбек құқықгары мен міндеттерін занды тұрғыдан кепілдеудің өзіне тән ерекшелігі болып осы кепілдіктерді жүзеге асыруға қызметкерлердің құкықтары мен мүдделерінің заңды өкілдері болып табылатын еңбек ұжымдары мен кәсіподақтардың қатысуы табылады.    

Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.

Азаматтар еңбек құқығы субъектілерінің ішінде саны жағынан көп және ең кең таралған тобы. Азаматтар еңбек құқықғының субъектілері ретінде жалданбалы еңбек қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, жұмыс істейтін меншік иелеріне бөлінеді. Жалданбалы еңбек қызметкерлері, өз кезегінде, жұмысшыларға, инженерлік-техникалық құрамға, қызметшілерге, жұмыс істейтін зейнеткерлерге және т.б. бөлінеді.

Осыған сәйкес азаматтар мәртебесінің көптеген түрлерін де бөлуге болады.

Алайда, барлық азаматтарға еңбек құқық қабілеттігінің жалпы та-лаптары да таралады, олар: жасына қатысты койылатын талап, ерікті және әлеуметтік талаптар.

Азаматтардың еңбек құқығының субъектілері ретінде еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті болуы тиіс. Әрине, бұл қабілеттер жекелеген адамның дене және ақыл-ой ерекшеліктеріне байланысты болады. Мұндай қабілеттер адамға туа бітпейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамның еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеті ерте, шамамен төрт жасына таман пайда болады. Адам өскен сайын еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік те өседі. Алайда, заңнама азаматтарда жай еңбекке қатысты емес, құкықтық санат ретіндегі еңбекке қатысты іс жүзіндегі қабілеттік пайда болған сәттен бастап қана оларды еңбек құқығының субъектілері ретінде таниды. Азаматтар қүқық нор-маларымен жүйелі түрде реттелетін еңбекке қабілетті болған кезде ғана оларда жоғарыда аталған касиет бар деп танылады. Еңбек заңнамасына сэйкес 16 жасқа толған азаматтарды ғана жұмысқа алуға бола-ды. Жекелеген жағдайларда 15 жастағы, кейде 14 жастағы жасөспірімдерді де жұмысқа алуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік қызметке кіруші тұлғалардың жасы 18 жастан кем болмауы тиіс.

Жасына қатысты қойылатын талаптың күлсыктық табиғатын заңна-ма осы жаска жеткенде ғана түлғаның еңбектегі кәмелет жасына то-луымен байланыстырады. Еңбекті қорғау, жұмыс уақыты және т.б. салаларда белгілі бір жеңілдіктер мен артьнсшылыктарды иеленетіні-не қарамастан, еңбек қүқығы қатынастарында олар азаматтық кәмелет жасына теңестіріледі.

Ерікті талап азаматтардың еңбекке және кәсіпкерлік қызметке қатысты ерікті қабілетінің жағдайын білдіреді. Соттың шешімімен әрекет қабілетгігінен айырылған тұлғалар еңбек құқығының субъектілері бола алмайды. Сонымен қатар, соттың шешімімен әрекет қабілеттігі шектелген түлғалар мемлекеттік қызметке алынбайды. Бұл ережені мьша жағдаймен түсіндіруге болады: жүйке ауруының, ақыл-ой қабілетінің нашарлауы салдарынан азамат өзінің еңбектегі міндеттерін саналы түрде орындай алмайды, қызметтік, кәсіпкерлік және еңбек қызметін бақылай алмайды.

Әлеуметтік талап Қазақстан Республикасы азаматтарының барлығы үшін тең еңбек құқықсубъектілігін білдіреді, яғни, кодексте барлық еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек саласындағы тең мүмкіндіктер белгіленген.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азаматтың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.

Жұмысқа алу кезінде жынысына, нәсіліне, ұлтына және дінге көзқарасына байланысты құқықгарды тікелей не жанама шектеуге немесе қандай да бір артықшылықтарды белгілеуге жол берілмейді.

Сонымен қатар, кәсіпкер – азаматтар (жұмыс берушілер) да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін.

Кәсіпкерлік - бұл азаматтардың және олардың бірлестіктерінің халыққа тауар беру, қызмет көрсету, жұмыс істеу, соның ішінде жеке меншікке негізделген жалданбалы еңбекті пайдаланудан табыс табу мақсаттарындағы қолданыстағы заңцардың шеңберіндегі дербес шаруашылық және өзге де қызметі.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Қазақстан Республикасының әрекет қабілеттігі шектелмеген еңбекке қабілетті барлық азаматтарына беріледі.

ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да заң шығарушы актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметті заңңы тұлғаны құрмастан да жүзеге асыруға болады. Бұл қызметті кәсіпкерлер тәуекел етіп, мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асырады. Мүліктік жауапкершілік кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарай ерекшеленуі мүмкін.

Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру жеке дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сэтген басталады. Егер кәсіпкердің айналысатын қызметі лицензиялануы қажет болса, кәсіпкер осындай қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы тиіс.

Кәсіпкер мәртебесіне ие болғаннан кейін азамат жұмыс берушінің - еңбек құқығының субъектісінің мәртебесін иеленеді.

Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі азаматтардың үшінші санатын кәсіпкерлікті де, өз жұмысын да меншік иесі ретінде бірлесе жүргізуші түлғалар құрайды. Олардың құкықсубъектілігінің ерекшелігі азаматтық құқықсубъектілікпен тығыз байланыста болуынан көрініс табады.

Шетелдік түлғалар да еңбек құқығының субъектісі болуы мүмкін. Нарықтық экономиканың дамуымен әр түрлі бірлескен кәсіпорындар пайда болды. Бұл, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағына елшілікпен және консулдықтармен байланысты емес қызметтерге де шетелдік азаматтардың келу жиілігіне әсер етті. Шетелдік азаматтарға жалақы төлеу, жұмыс уақыты және демалыс уақытын белгілеу және т.б. мәселелері жеке еңбек шарттарында көзделуі тиіс.

Азаматтардың еңбек етуге қатысты құқықтарының кепілдіктерін азаматтарды жұмысқа қабылдаудан заңсыз бас тартуға, қызметкерді келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыруға және т.б. қатысты тыйым салушылық сипаттағы нормалар орындайды.

Сонымен қатар, азаматтардың еңбек етуге қатысты қүқықтарының кепілдіктерін еңбек даулары туындағанда азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін тиісті органдарға шағымдану мүмкіндігін беретін нормалар да орыңдайды.

Қолданыстағы заңдардың маңызды ерекшелігі болып бұларда тек жалданбалы қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің және жұмыс істейтін меншік иелерінің де кепілдіктерінің көзделуі табылады. Бұл кепілдіктер барлық кәсіпкерлерге шикізат нарығына араласу құқығын, олардың мемлекеттік органдарда тіркелу кепілдіктерін, сонымен қатар ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына және т.б. қарамастан барлық кәсіпкерлерге қызмет етудің бірдей жағдайларын қамтамасыз етеді.

Құқықтық мәртебенің келесі элементі болып еңбек міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік табылады. Барлығына белгілі бір жайт, эконмикалық даму мүдделері еңбектің барысындағы өз құқықтары мен міндеттерін тиімді пайдалануды ғана емес, сонымен қатар өзіне алған міндеттемелер үшін күшейтілген жауапкершілікті де талап етеді. Ескеріп өтетін жағдай - кепілдіктер мен жауапкершілік өзара бір-бірімен тығыз байланысты. Дәл осы байланыс құқықтық мәртебеге қажетті тұрақты және бірқалыпты сипатты тиесілі етеді. Құқықтың кепілдіктері еңбек құқығы субъектілерін өздерінің құқықтарын жүзеге асыруға және еңбек міндеттерін орындауға ынталандырып, көтермелейді, ал жауапкершілік субъектінің езінің еңбек міндеттерін орыңдамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін санкцияларды белгілейді.

Жұмыс берушілердің кұқықтық мәртебесі. Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші ретінде қызметкермен еңбек шартын бекіткен және оған жұмыс берген жеке немесе заңды тұлға табылады. Яғни, азаматтарға жұмыс беретін, олардың еңбегін төлейтін және жұмыс берушінің құкықтары мен міндеттерін орындайтын фермерлер, жеке кәсіпкерлер, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, шаруашылықтар, кооперативтер, серіктестіктер және т.б. жұмыс берушілер болып табылады.

Еңбек құқығының субъектілері ретіндегі жүмыс берушілерді жеке тұлғалар, коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар және мемлекеттік кәсіпорындар деп бөлуге болады.

Каммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашьшық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдар қызметінің негізгі мақсаты болып пайда табу табылады.

Каммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік және заңда көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдарды меншік иесі қаржыландырады және олардың қызметі пайда табуды көздемейді. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік қызметті өздерінің мақсатына жету шегіңде ғана жүзеге асырады.

Информация о работе Енбек құқығы субъектілерінің