Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:03, автореферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.

Работа содержит 1 файл

mussagalieva.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

     Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Жұмыстың хронологиялық шегі 1917-1956 жылдарды қамтиды. Нақ осы жылдар лениндік - сталиндік репрессияның шарықтау шегіне жеткен болатын. Қазан революциясынан кейін - ақ большевиктік биліктің социалистік идеяны қабылдамағандарға қарсы «қызыл терроры» басталды. Ол саяси репрессиялардың шарықтау шегі «үлкен террорға» ұласты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері түзіліп, 1940-1950 жылдардағы репрессияның жаңа толқыны басталды. Сталиннің өлімі кеңестік саяси репрессияларды түбегейлі тоқтата алмады. Лагерлер бас басқармасы жұмыс істеп тұрды, қазақ интеллигенциясымен күрес жалғаса берді. 1956 жылғы 15-25 ақпанда болып өткен ХХ сиезде КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.С. Хрущевтің «Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары» деген тақырыптағы баяндамасы сталинизммен күресте үлкен орын алған болатын. Осыдан кейін еріксіз еңбек ету орны болған Лагерлер бас басқармасы жабылды, көптеген азаматтар ақталып, түрмелерден шықты.

      Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мұрағаттық құжаттарды деректанулық талдаудың теориялық-методологиялық негізін жасауда көрінеді. Отан тарихында саяси репрессиялар жайлы қазақстандық орталық және жергілікті мұрағаттары қорларындағы құжаттар алғаш рет кешенді түрде қарастырылып, ерекшеліктері талданды. Осы материалдар негізінде диссертацияда деректердің маңызы мен орны анықталды. Қазақстандық тарихнамада саяси репрессиялар деректерін зерттеу бірінші рет большевиктер мемлекет басына келгеннен бастап ХХ сиезге дейінгі аралықта алынды. Кеңестік деректерге ішкі және сыртқы сын жүргізу барысында тоталитарлық жүйенің қойған шектеулері мен құпиясыздандырылу дәрежесі айқындалып, деректердің жойылу деңгейін анықтауға қадамдар жасалынды. Осы мақсатта орталық және жергілікті мұрағаттар құжаттарының ерекшеліктері ашылып, зерттеу әдістері қолданылды.

      - саяси репрессиялар тақырыбының  зерттеле қоймаған қырларының  бірі 1917-1925 жылдардағы «қызыл террор» мәселесіне байланысты ресейлік және қазақстандық мұрағат қорлары мәліметтері сарапталды;

      - қазақстандық мұрағаттарда сақталған құжаттар арасынан большевиктер- дің жазалау жүйесінің жүргізген террорлық әрекеттерін әшкерелейтін мәліметтер анықталынды;

      - саяси репрессиялар жүргізілуінің заңдық негіздері ашылып, жүзеге асу барысы талданды;

      - Алаш қайраткерлері қасіретіне қатысты деректер әлеуетін дәйектеу барысында құзырлы органдар қызметі ашылып, тергеу құжаттарын естеліктермен салыстыру арқылы күрделі талдаулар жасалды;

      - «үлкен террор» деректері заңдық актілер арқылы сарапталып, мемлекеттік мекемелер құжаттары жеке адамдар мәліметімен байланыстырылып, деректанулық синтез жүргізілді;

      - деректанулық талдаулар жасау барысында екінші жаһандық соғыс жылдарындағы саяси репрессияларға байланысты ресейлік және қазақстандық мұрағат қорлары салыстырылып, деректердің әлеуеттік ерекшеліктері беріліп отырылды;

      - қазақстандық мұрағаттар ішінде әлі де ғылыми айналымға енбеген ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалының және осы мұрағаттан Қарағанды облыстық мұрағатына өткен қорлар құжаттары талданылды;

      - соғыс кезіндегі және соғыстан  кейінгі кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері туралы жайлы жаңа деректер алынып, сұрыпталды.

      Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

     Кеңестік мұрағаттар материалдары тарихи дерек көзі ретінде зерттеле отырылып, қорғауға келесі тұжырымдамалар ұсынылады:

      - Кеңес өкіметі құлағаннан кейін тарихи үдерістерді баяндауда жаңа көзқарастардың қалыптасуымен қатар қазіргі заман тарихы деректерін зерттеу методологиясы да жаңғырды. Бұрынғыдай емес, деректерге ішкі және сыртқы сын жасалып, «адам – шығарма - адам» үштігі негізінде методологиялық ұстаным берілді. Осы тұрғыда, саяси репрессиялар деректері сарапталды;

      - тақырыптың зерттелу деңгейі кешенді түрде зерттелініп, жан - жақты тарихнамалық талдау жасалу барысында саяси репрессиялар тарихының өзекті мәселелеріне назар аударылды. Мемлекеттің қабылдаған шараларының тарихи зерттеулер жазылуына әсері ашылды;

      - 1917-1924 жылдар аралығындағы бастапқы репрессиялар деректерінің анықтау «қызыл террордың» ішкі болмысы арқылы беріледі. Ресейлік және қазақстандық мұрағаттардағы аталмыш кезеңнің деректер базасын талдау «қызыл террор» тек қана «ақ террорға» жауап емес, Кеңес өкіметінің репрессиялау саясаты табиғатына сай екендігін көрсетті;

      - мемлекеттің жүргізген репрессивті саясатының бағдар - бағыты заңдық актілерден көрініп тұрады. Большевиктер құқықтық - нормативтік база нығайту арқылы саяси қуғын – сүргінді күшейтті. Кеңес заңдарымен жазалау бүкіл елді, барлық азаматтарды қамтыды;

      - қазақстандық орталық және жергілікті мұрағат қорларындағы Алаш қайраткерлерінің репрессиялануына қатысты деректер әлеуеті анықталып, сот - тергеу мәліметтері басқа материалдарды толықтыратыны дәлелденді;

      - «үлкен террор» деректерінің ерекшеліктері жиырмасыншы жылдардағы құжаттармен салыстыру арқылы айқындалды. 1937-1938 жылдардағы мәліметтер арқылы саяси репрессиялар деректерінің жазалаушылық мәні берілді;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында саяси репрессиялар көлемінің кеңейіп, халық шаруашылығының басқа жаңа салаларын қамтығаны мұрағаттық деректермен ашылды. Осы кезеңдегі саяси қуғындаулардың әртүрлі қырлары жеке - жеке берілді;

      - 1940-1950 жылдардағы сталиндік саяси репрессиялар кезіндегі ерекшеліктер тарихи деректер арқылы баяндалды. Мемлекеттің жүргізген саясаты барысында жасалған қудалау құжаттары маңызы талданылды.

      Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдамалары ғылыми мақалаларда және бір оқу құралында жарияланған. Оның ішінде, отандық ғылыми журналдар мен Ресей Ғылым Академиясының хабаршылары бар. Автор негізгі тұжырымдамаларын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті жанындағы «Қазақстан мұрағаттары» журналының бірнеше сандарында шығарды. Сонымен қатар, Ресейде және Қазақстанда болып өткен халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларға қатысты. Атап өтсек: «Отан және әлем тарихы ХХI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» (Алматы, 2007), «III Чтения, посвященные памяти Р.Л. Яворского» (Новокузнецск, 2007), «Кеңес саясатына қарсылық: Алаш қозғалысынан Желтоқсан көтерілісіне дейін» (Астана, 2008), «Россия и современный мир: проблемы политического развития» (Москва, 2008), «Музеология - музееведение в ХХI веке: проблемы изучения и преподавания» (Санкт - Петербург, 2008), «Музейные ресурсы современного общества» (Омск, 2008), «Жуасов оқулары - 13» (Қарағанды, 2009), «Перекресток культур - музейная память: национальное и интернациональное» (Казань, 2009) және т.б.

      Ізденуші 2005 жылы Астана қаласында ҚР Ұлттық мұрағатының ашылуына байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» көрмесінің ғылыми кеңесшісі болып жұмыс істеді және ашылу салтанатында көрмені таныстырып, сөз сөйледі. 2005-2006 жылдары «Қазақстан» телеарнасының «Мезгіл» бағдарламасы аясында Алаш қозғалысына қатысты хабарламалар циклін даярлады. Астана қалалық мемлекеттік мұрағатындағы ғылыми - әдістік кеңестің мүшесі, аталған мекеменің 2006 жылы «Елорданың еңселі тұлғалары» деп аталатын көрмесінің жасалуына араласты. Ал 2008 жылы ҚР Ұлттық мұрағаты ұйымдастырған «Мәдениеттің және ақпараттың жаhандану жағдайында Қазақстан Республикасының мұрағат ісі заңнамалық базасының қызмет етуінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және 2009 жылы 31 - мамыр - саяси репрессиялар құрбандары еске алу күніне орай Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатының басшылығымен Долинка поселкісінде 100 жылдығына арналған «История родного края: прошлое и настоящее» деп аталатын республикалық ғылыми - практикалық конференцияларына қатысты.

      Автор 2007 жылы 31 мамырда Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақмол селосында ашылған “АЛЖИР” саяси репрессиялар мен тоталитаризм құрбандарының музейлік - мемориалдық кешенінің тұжырымдамасын жасауға атсалысты және ғылыми кеңесші ретінде еңбек етті. Музейдің ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып, автор “Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін” тақырыбында экскурсия жүргізді.

      Диссертант Л.Н. Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінде  тарих мамандығынан даярланатын студенттерге деректану, тарихнама, мұрағаттану пәндері бойынша сабақтар жүргізеді, оқу - әдістемелік кешендерін жасады. Тарихшы магистранттар үшін “Деректану мен тарихнаманың теориялық және методологиялық мәселелері”, “Қазақстанның шетелдік тарихнамасы” пәндерінен дәріс оқиды. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында алдын - ала талқылаудан өтті.

      Зерттеу жұмысының  теориялық және  практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыстың тұжырымдамалары Қазақстан тарихының деректері бойынша еңбектер мен оқу құралдарын жасауға пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеудің қорытындыларын жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы деректері мен деректану пәні және Кеңес мемлекетінің тарихы курсы бойынша дәрістерді оқытуға, сонымен қатар арнайы курстарды жасауға қолдануға болады.

      Диссертацияның құрылымы алға қойған мақсаты мен міндеттеріне байланысты белгіленді. кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады. 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

      Зерттеу бағытын  таңдау кеңестік саяси репрессиялар тарихын зерттеуде мұрағаттық құжаттарды дерек көзі ретінде жан - жақты және обьективті талдау қажеттілігінен туындап отыр.

    Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы негізделіп, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні анықталды, тәжірибелік маңызы көрсетіліп, зерттеудің методологиялық негіздері, тақырыптың зерттелу деңгейі белгіленді, сонымен қатар деректік базасы сипатталды.

    «Мәселені зерттеудің методологиясы мен тарихнамасы» деп аталатын бірінші бөлімде тақырыптың тарихнамасы мен зерттеу методологиясы талданады. Деректану ғылымының методологиялық негіздері қарастырылып, оны кеңестік мұрағаттық деректермен жұмыс істеуде пайдалану жолдарына тоқталынды. Саяси репрессиялар тақырыбының зерттелу тарихы кешенді түрде анықталынды.

      Деректану методологиясына байланысты  революцияға дейінгі және кеңестік  ғалымдардың пікірлерін талдау  аталмыш ғылымның даму барысын,  әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді ашуға мүмкіндік береді. Әр кезеңнің өз ерекшеліктерін талдай келе, ұтымды тұстарды анықтадық.

      Қазіргі методологияда Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің деректанушылары И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов, О.М. Медушевская, М.Ф. Румянцева өз тәжірибелерін ұсынуда [2]. Олар үш ұстанымды көрсетеді: «тарихи дерек» ұғымының анықталуы (зерттеу пәні), деректанулық талдау құрылымы (зерттеу әдісі), зерттеуші санасының тарихи танымдағы ролі (методология). А.С. Лаппо - Данилевскийдің ұстанымдарын талдай отырып, авторлар деректану методологиясы шығарманы немесе оның сақталып қалған фрагменттері сияқты дерек көздерін мәдениет құбылысы ретінде және оны зерттеу үшін қажет етіп түсіндіреді. Олардың ойынша, тарихи деректерді зерттеудің ғылыми методологиясында іздеп табу, эвристика (адамның шығармашылық ойлары және қандай да болсын міндетті шешудің психикалық үдерісі туралы ғылым), түрге бөлу, онда бар ақпаратты түсіндіру басты маңызға ие болады. Күрделі зерттеу әдістері үзік - үзік сақталған шығармаларды өз уақытының мәдениет құбылысы ретінде жасауға мүмкіндік береді, аталған құбылыс мәдени тұтастық ерекшелігі және түрлерін ашады. Бұл әдістер бір - бірімен логикалық байланысты, деректану методологиясының біртұтас жүйесін құрайды. Ол жүйелілікке, тарихилылыққа сүйенеді, деректерді түрге бөлу әдісін, деректанулық талдау мен синтезді жетілдіреді. Қазақстандық тарихшылардың ішінен тарих методологиясына анықтаманы Х. Әбжанов береді: «Методология – ғылыми ақиқатқа жол бастайтын, ізденісті тиімді ұйымдастыратын, зерттеу нысаны мен пәніне тән заңдылықтарды, қисынды, қайшылықтарды сан – салалы диалектикалық байланыс пен өзгеріс динамикасында дәйектейтін ақыл – ой әрекетінің әдіс - тәсіл жиынтығы» [3].   

      Деректану ғылымында әдіс пен методология қатар жүреді. Оның себебін деректерді тануда практикалық немесе әдістік жұмыстардың көп жүргізілуінен деп ойлаймыз. Өйткені әдістер тарихи деректерді анықтап, зерттеулерде пайдалану, зерделеуді жүзеге асырады. Деректерді ғылыми талдау әдістері отан тарихының барлық кезеңінің құжаттары үшін бірдей болып табылады. Тек қана деректердің түрі ғана өзгеріп отырады. Сондықтан екі саланың айырмашылығын ашып беру басты мақсат екені дау тудырмайды. Деректанудың методологиясы деректерді талдаудың әдістерін, тарихи танымның ұстанымдарын қалыптастырады. Әдісті методологиясыз жасай алмаймыз, әдіс оның бір бөлігі ғана екенін ескеру қажет. Деректанудың міндеті - деректердің түрлерін зерттеудің жалпы әдістік, яғни деректану методологиясы мәселелерін қорыту. Осы мақсатта барлық тарихи деректерді түсіндіру, ішкі және сыртқы сын сияқты деректанулық практикалық талдау жұмыстары жүргізіледі.

Информация о работе Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)