Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 16:03, автореферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан- ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.
Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып, шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді. Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.

Работа содержит 1 файл

mussagalieva.doc

— 429.00 Кб (Скачать)

      - кеңестік тарихнамада жүргізілмеген ішкі және сыртқы сынның жасалуын жетілдіру керектігі күн тәртібінен түспейді. Оның ішінде, мұрағаттық құжаттармен қатар мерзімді басылым материалдары, естеліктер мен мемуарлар, күнделікті өмір мәліметтері сияқты деректерді айта кетеміз;

      - деректану пәнін барлық гуманитарлық салаға ортақ ғылым ретінде қабылдап, теориялық - методологиялық негізін жасау қажет. Мәселен, саяси репрессиялар деректері кеңес қоғамының барлық жақтарын қамти алады. Оның ішінде, мекемелердің іс жүргізу құжаттары жалпы мемлекеттің мақсатын, құрылымын ашады, саяси сипаттағы мәліметтер тоталитарлық жүйенің жүргізген саясатын анықтайды, Кеңес мемлекетінің Конституциялары мен РКСФР Қылмыстық Кодекс баптарын, тергеу құжаттары мен айыптау қорытындыларын, мәлімдемелерді талдау тақырыптың құқықтық негізін айқындап береді. Бұл деректердің мемлекет тарихы, саясаттану, құқықтану ғылымдары тоғысында тұрғанын білдіреді;

      - кеңестік деректерге салынған шектеушілікті алу, осы үдерістерді жүзеге асыруда жаппай құпиясыздандыру шараларын жүргізу басты мәселе болып табылады. Оның ішінде, мұрағаттық іздестіру құжаттарынан бастап тергеу материалдарын аламыз;

      - кеңестік деректермен жұмыс істеу барысында орталық және жергілікті мұрағат материалдарының ерекшелігін анықтау басты роль атқарады. Бұл жерде жұмысқа мұрағаттанушылар, археографтар, тарихшылар бірге атсалысуы қажет. Әртүрлі деңгейдегі мұрағаттар базасының салыстырмалы талдануы деректер кешенінің толыққанды зерттелуіне тиімді әсер етері сөзсіз;

      - ХХ ғасыр деректерінің жойылу үдерісін ашуда көлемді ғылыми жұмыстар жүргізу керек. Оны шешуде басты орын алатын әдістер мамандар, яғни мұрағаттанушылар араласуы ғана жүзеге асыруға болады. Ал тарихшыларға мәліметтердің берілуі деректанулық талдаулар жүргізуде көп көмек береді;

      - қазіргі заман тарихын зерттеуде Ресей мұрағаттарының құжаттарын енгізу деректанулық талдаулар жасауда үйлесімділік болуына әсер етеді. КСРО кезінде мемлекеттік мекемелер бір - бірімен тығыз байланыста болып, жоғарыдан басқарылып отырылды. Осыны ескермеу еліміздің осы уақыттағы тарихының көп тұстарын дәйектелуіне әсер ететіні белгілі;

      - саяси репрессиялар жайлы құжаттардың ең көп жинақталған жері әлі күнге дейін ведомстволық мұрағаттар қорлары болып отыр. ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің облыстардағы филиалдары материалдары облыстық мемлекеттік мұрағаттарына толық өткізілетін кезі жетті деп ойлаймыз. Бұл аталған тақырыптың деректік базасын кеңейтуге үлес қосады;

      - саяси репрессияға ұшыраған қазақтар туралы мәліметтер Ресейдің солтүстік облыстарында және басқа ұлт республикаларында орналасқан еңбекпен түзеу лагерлерінің қорларында қалуда. Деректерді қайтарып, жариялау ұлтымыздың репрессиялану дәрежесін, көлемін анықтауда үлкен роль атқарады;

      - қазақстандық тарихнамада саяси репрессиялар тақырыбы көбінесе күштеп жер аударылған жеке халықтардың, арнайы қоныс аударушылардың тарихы арқылы зерттеліп, құжаттар жинақтары шығарылуда. Бұл үрдіс тақырыптың зерттелуінің біржақтылығына апарады. Бүгінгі күні тарихшыларға мәселені кешенді түрде ашу қажеттілігі туындап отырғанын айта кетуіміз қажет. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

      1 Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия: политические, международные и культурные связи (ХV-ХVII вв.): Дисс. д-ра истор. н.-Алматы, 1997. – 312 с.; Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.; Абиль Е.А. Методологические проблемы применения естественнонаучных методов в историческом исследовании: история и синергетика: Автореф. дис. д-ра истор. н. – Караганда, 2009. – 41 с.; Әбжанов Х.М. Тәуелсіздік тарихы және зерттеу методологиясы // Қазақстан және қазіргі әлем: тарихы және қоғамдық – саяси дамудың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының материалдары. - Семей, 2010. - 26-33 бб.

      2 Источниковедение ХХ столетия. Тезисы докладов и сообщений. – М.: РГГУ, 1993. – 215 с.; Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники российской истории: Учебное пособие / И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов, О.М. Медушевская, М.Ф. Румянцева. – М.: РГГУ, 1998. – 702 с.

      3 Әбжанов Х.М. Тәуелсіздік тарихы және зерттеу методологиясы // Қазақстан және қазіргі әлем: тарихы және қоғамдық – саяси дамудың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының материалдары. - Семей, 2010. - 26-33 бб.

      4 Нұрпейісов К., Әбжанов Х. 51 - жылдың ызғарлы күзі // Қазақстан коммунисі. - 1991. - №3. - 51-61 бб.

      5 Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. - Алматы: Ғылым. 2000. – 388 с.

      6 Крайская З.В., Челлини Э.В. Архивоведение. М.: Издательство НОРМА, 1996. - 224 с.

      7 Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. - Алма-Ата: Рауан, 1990. – 136 с.

      8 Дильманов С.Д. Исправительно - трудовые лагеря на территории Казахстана (30-е - 50 - е годы ХХ века): Автореф. дис. д-ра истор. н. - Алматы, 2002. - 45 с.

      9 Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических репрессий. – М.: Республика, 1993. – 245 с.

      10 Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сборник документов / Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. - Алматы: Казахстан, 1998. - 336 с.

      11 Литвин А. Следственные дела как исторический источник // Эхо веков. - 1995. - май. - С. 170-175.

      12 Всесоюзная перепись населения 1937 года: общие итоги. Сборник документов и материалов. - Москва: «Российская политическая энциклопедия» (РОССПЭН), 2007. – 320 с.

      13 Постановление Пленума Верховного Суда СССР // Астана қалалық мемлекеттік мұрағаты, 406-қор, 1-тізімдеме, 1-іс, 2-п.

      14 Акт передачи Джезказганлага НКВД в состав Карлага НКВД. март - июль 1943 г. // Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай – РФММ), 9414-қор, 1-тізімдеме, 62-іс, 2-16-п.

      15 Приказание начальника ГУЛАГа НКВД СССР по основной деятельности. I.1941-ХII.1942 гг. // РФММ, 9414-қор, 1-тізімдеме, 32-іс.

      16 Иобе Иван Францевич // ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалы, 16-қор, 1-тізімдеме, 37118- іс.

      17 ГУЛАГ: Экономика принудительного труда. - Москва: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН); Фонд Первого Президента России Б.Н. Ельцина, 2008. – 320 с.

      18 О выполнении приказа Генерального Прокурора СССР и МВД СССР от 26 апреля 1949 года об освобождении от наказания осужденных беременных женщин и женщин имеющих малолетних детей // ҚР ОМА, 2014-қор, 1-тізімдеме, 46-іс, 45-51-п. 

    ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ  ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

    ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР 

      а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен тізімде:

      Қазақстан Республикасындағы арнайы ғылыми журналдарда, басылымда:

      1 Қазақстандағы жоғары оқу жүйесінің қалыптасуы туралы тарихи дерек көздері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 3. - 3-7 бб.

      2 Ә. Бөкейхановтың халық ағарту мәселесін кеңестік мерзімді басылымда көтеруі // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 4. - 25-29 бб.

      3 Қазақстан тарихы және кеңес деректері // Қазақ тарихы. - 2005. - № 3. - 58-61 бб.

      4 Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагері: тарихи деректерді талдау // Қазақ тарихы. - 2008. - №1. – 65-69 бб.

      5 РКСФР Қылмыстық Кодексінің 58 бабы – тарихи дерек көзі // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия. Құқық сериясы. - 2008. - № 1. – 34-42 бб.

      6 Ресей құжаттық жинақтары – Қазақстандағы саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2008. - № 4. – 45-50 бб.

      7 Кеңестік Қазақстандағы саяси репрессиялар: тарихи дерек көздерін талдау // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия. Құқық сериясы. - 2008. - №4. - 26-32 бб.

      8 Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары – Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - 2009. - № 1. – 20-25 бб.

      9 Шығыс Қазақстандағы «қызыл террор»: тарихи деректерді талдау // Центр Евразии. – 2009. – №1(14) - №2(15). – 94-108 бб.

      10 Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш интеллигенциясының қудалануы тарихынан деректер // Алаш. – 2009. - №2(23). – 78-90 бб.

      11 Ақмоладағы әскери тұтқындар  лагері: тарихы және дерек көздері  (1945-1947) // Қазақстан мұрағаттары.- 2009. - №3 (11). – 12-22 бб.

      12 Страницы политических репрессий  в Казахстане // Қазақстан мұрағаттары. - 2009. - №4 (12). – С. 88-98.

      13 Новые источники о Кенгирском восстании // Қазақстан мұрағаттары.- 2009. - №2 (10). – С. 118-125.

      14 Қазақстандағы еңбекпен түзеу  лагерлері (деректік талдау) // Қазақ  тарихы. – 2009. - №4. – 37-39 бб.

      15 Кеңестік саяси репрессиялар  тарихының зерттелуі (1997-2000 жж.) // Қазақ білім беру Академиясының баяндамалары. – 2009. - №4. – 106-111 бб.

      16 Қазақстандағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері деректерінің жойылуы // Қаз ҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2009. - №4 (55). - 48-53 бб.

      17 Қазақстандағы еңбекпен түзеу  лагерлері (деректік талдау) // Қазақ  тарихы. – 2009. - №5. – 12-16 бб.

      18 Жезқазған қалалық мемлекеттік мұрағаты құжаттары – Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Қазақстан мұрағаттары. - 2010. - №1. – 49-57 бб.

      19 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  саяси репрессиялардың нормативті - құқықтық негіздері // Қазақстан  мұрағаттары. - 2010. - №2. – 50-56 бб.

      ә) өзге басылымдар мен республикалық және халықаралық конференция материалдарының жинақтарында:

      20 Ұлт зиялыларының ойрандалған ошағы // Ақиқат. - 2003. - № 2. - 51-52 бб.

      21 Қазақстан тарихының деректануы: теориялық - методологиялық мәселелер // Уақыт ұштастырған желі: көшпелілер әлемі ХХ ғасырдағы тарих ғылымында: ғылыми - практикалық конференция материалдары. – Астана, 2004. - 284-290 бб.

      22 Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы туралы тарихи дерек көздері // Бекмаханов тағылымы: Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. - Алматы, 2004. - 266-269 бб.

      23 Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихының зерттелуі // Еуразия халықтары: мәдениет және қоғам: Үшінші Халықаралық Еуразия ғылыми форумы. - Астана, 2004. – 58-60 бб.

      24 Деректанудың теориялық мәселелері. Оқу құралы // Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2005. – 73 б.

      25 Кеңестік Қазақстанда саяси репрессиялар қашан басталған? // Алаш. – 2007. - №3 (12). – 130-141 бб.

      26 АЛЖИР: тарихи деректер не дейді? // Астана. - 2007. - № 4(35). – 42-45 бб.

      27 Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Отан және әлем тарихы ХХІ ғасырда: Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. - Алматы, 2007. - 276-279 бб.

      28 Алаш қайраткері Аспандияр Кенжиннің қоғамдық - саяси қызметі // Кеңес саясатына қарсылық: Алаш қозғалысынан Желтоқсан көтерілісіне дейін. – Астана, 2008. – 119-124 бб.

      29 Қазақстан мұрағаттары – кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Қазақстан мұрағаттары. - 2008. - №4 (8). – 32-37 бб.

      30 Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығындағы саяси репрессиялар туралы құжаттар // Қазақстан мұрағаттары. - 2008. - №3 (7). – 104-109 бб.

      31 Освещение истории политических репрессий в исторических исследованиях Казахстана периода независимости // История становления независимости Казахстана: Сб. выступлений и статей / – Астана, 2008. – С. 74-81.

      32 Мұхтар Әуезовтың қудалану тарихы мен деректері // Қазақстан мұрағаттары. - 2009. - №1 (9). – 46-49 бб.

Информация о работе Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)