Жерге орналастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:46, курс лекций

Описание работы

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Работа содержит 1 файл

УМК ЖОЖ 4кр.doc

— 508.00 Кб (Скачать)


Модуль 1. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЙЫНДА НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР

 

Дәріс №1. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен  өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге  негізгі  ммлекеттік құқығы мен қатар жеке еншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.

Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сонда-ақ бар заңдамалар негізгінде жер қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.

Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге ораластыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.

Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.

Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.

ҚР да жерге ораластыру жүйесі  қызмет етеді, онда жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:

-            ғылыми негізделген болжадар түріндегі бас республикалық схема;

-            облыстық және әкімшілік аудандардың жерге ораластыру схемасы;

-            шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

-            шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;

-            жеке учаскелерді құру, жақсарту,мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмысшы жобалар.

Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс- шаралар жүйесі болып табылады.

Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:

- ауыл шаруашылығын жүргізу үшінжаңа құнарлы жерлерді анықтау;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдарпда бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында шаруашылық жерін ұйымдастыру

-мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;

- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.

Жерге орналастыру қызметіне: топографо- геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т.б. қолданылады.

Жерге орналастыру мазмұнының күрдегілігіне қарай түрлерге және әртүрге бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

-      дайындық жұмыстары;

-      жобаны құру;

-      жобаны қарау және бекіту;

-      жобаны натураға шығару;

-      жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;

-      жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.

Аталған кезеңдер ккөлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.

Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.

 

1.1  Жерге орналастыруды жобалау

Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу- барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың предметі болады.

Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.

Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің  қәзіргі әдістерін кең қолданады(есептік-варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико-математикалық(ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік- материалистік әдісіне негізделген.

Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде «Жерге орналастырудың ғылыми негіздері», «Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау», «Жерге орналастыруды жобалау», «Жер ресурстарынпайдалануды жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар» және т.б.

Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.

Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы қажетті басқару ережелерімен жерге орналастыру процессі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.

 

1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы

Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи кезеңінде алдына қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.

Жеке немесе өзіндік жер иеленушілік пен жер пайдаланушылық болған мерзімде(мысалы Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы столыпиндік реформа жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері және әсіресе аула,кіші аулалар мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік қағидасы аналитикалық тәсілмен жобалаған.

Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы ғылым ең бастысы аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және геодезиялық тәсілдер бойынша ұсынылған, сондай-ақ жерді иелену мен пайдалану құқығын заңды рәсімдеу ұсынылған. Революциядан кейінгі жылдары және Кеңес Одағы кезінде жерге орналастыруды жобалау революциядан бұрынғы жылдардан алынып сақталған, дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта қалыптастыру (1917-1921жж) жерге орналастырудың кластық және әлеуметтік мазмұны түпкілікті түрде өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі- жерге орналастыруды жобалау сол уақытта қалыптасқан колхозды-совхозды жер пайдаланумен дамып отырды.

Кейбір тұғырықтық құбылыстарды өткізгеннен кейін, жер пайдаланудың қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін жерге орналастыру ғылымы жер құрылымының жаңа тәсілдерін іздеуге мақсат қойған болатын, бұл қайта қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан- шаруашылық бекітуді талап етеді. Біртіндеп, колхоздардың шекарасын нақты мәнге шығару қарапайым тәсілінен жерге орналастыру бұрын қалыптасқан а.ш кәсіпорындың жерін  құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.

Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге  пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу,  дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік- экономикалық бағыттан жер өлшеу –техникалық(геодезиялық) бағытта болды.

Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан-құқықтық және жерөлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында «Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығын  реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде(1932-1938ж.ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.

АҰҒЗИ трудтарымен Жерге орналастыру мектебін құру және дамыту үшін қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық уақыт ВАСХНИЛ академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.

Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық  жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелоирациямен, агроорманмелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.

Нег: 4.[4-16], 5.[5-15]

Қос: 14. [8-27]

Бақылау сұрақтары:

1. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.

2. Жерге орналастыру қандай мақсатта жүргізіледі?

3. Жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру қандай жобаларды өңдеумен қамтамасыз етіледі?

4. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.

5. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесіндегі бағыты.

 

Дәріс№2. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

2.1  Жоба алды жұмыстар.

Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға: топографо- геодезиялық, топырақтық, топырақтық- зрозиялық, геоботаникалық, су шаруашылықтық, жол, жерге орналастыру және т.б.жатады.

Зерттеу және іздестіру материалдары және де жер кадастрлық жұмыстар жобалау барысында кең қолданылады.

Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді аймақтау және блыстық, аудандық жерге орналастыру схемасын өңдеу жүргізіледі.  Олардың негізгі міндеті- ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа салаларын келешекте дамыту үшін жер ресурстарын пайдалану және оны қорғаудың  ең тиімді  бағытын анықтау. Бұндай схема келесі негізгі мәселелерді шешуден тұрады:

Информация о работе Жерге орналастыру