Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

 

Сонымен, инновацияларды өздігінен қаржыландыру көздерінің жағдайы инновациялық міндеттерді толығымен шешуге мүмкіндік бермейді. Қаржы ресурстарын шоғырлау және тиімді пайдалану бойынша тиісті шаралар қажет. Осындай шаралардың бірі аймақтың шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын интеграциялау болар еді, ал оның шеңберінде – инвестициялық ресурстарды ең тиімді инновациялық жобаларға қарай орталықтандыру, шоғырлау және бөлу. Инновациялық жобаларға салынатын ішкі қаржы көздері жетіспейтіндіктен, сыртқы көздерден (банк несиелері, өзге шаруашылық субъектілерден қарыз алу) қаржы тарту керек. 

Шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) секторындағы күрделі мәселелердің бірі – инновацияны енгізу деңгейінің төмен болуы мен инновацияны жасауда инвестиция көлемінің күрт төмендеп кетуі. Тұтас алғанда, ШОК салаларындағы төмен рентабельділік, жеке айналым қорларының ылғи да жетіспеушілігі, сонымен қатар кепілдікке қоятын мүліктерінің өтімділік деңгейінің болмауы оның салалары үшін инновациялық жеке зерттеулер мен капитал салымдарын салуды тежеп отыр. Тағы бір ескеретін нәрсе, ШОК секторындағы инновациялық қызметтің қажеттілігі оның өзінің мәнінен шығып отыр. ШОК жекелеген кәсіпорындардың инновациялық қызметі тұтас алғанда еліміздің экономикалық өсуін білдіреді, халықтың әл-аухатының неғұрлым жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның шағын кәсіпкерлігінде айтарлықтай өндіріс көлемінің, шағын кәсіпорындар  өнімділігінің өсуі; ауылшаруашылық және өнеркәсіп өнімдеріне баға диспаритеті; шағын кәсіпорын өндірісінің техникалық жарақтануының нашарлауы; коммерциялық несиені аз пайдалану, сонымен қатар шағын кәсіпорындары басшыларының аудиторлық тексерулер жүргізуге немқұрайлылығы; өзінің сатып алу бағасын бекітетін және монополиялық билікте болатындардың алдында жергілікті тауар өндірушілердің қорғансыздығы; қосалқы бөлшек сатумен айналысатын жабдықтаушы кәсіпорындардың монополиялық жағдайлармен шиеленісуінен шағын кәсіпорын техникаларының дамыған жөндеу базасының жоқ болуы; шағын кәсіпкерлікке  инвестиция көлемінің қысқаруы байқалып отыр.

Қалыптасқан жағдайда шағын кәсіпорындарының инновациялық қызметінің жандануы маңызды мәселе болып табылады, өйткені өндірістік кәсіпорын сияқты капитал сыйымдылығы жоғары экономика секторына жағдай тудырмай қалыпты қызмет ету мен интенсивті даму мүмкін емес. Осыған байланысты, республикада қолайлы инновациялық орта қалыптастыру дегеніміз шағын кәсіпорын тауар өндірушілерінің экономикалық дағдарыстан шығудың құралы ретінде инновацияны қолдануды білдіреді.

Экономикалық әдебиеттерде осы күнге дейін «инновациялық белсенділік» ұғымы анықтамасына бірыңғай көзқарас қалыптаспады. Инновациялық белсенділік біздің түсінігімізде белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорындардың, немесе олардың жеке түрлерінің инновациялық қызметті жүзеге асыруға қатысу деңгейі. Инновациялық белсенділік әр түрлі деңгейде келесідей факторлармен анықталады (кесте 7.8).

Алдымен инновациялық  белсенділікті тар және кең мағынада қарастырып көрейік. Тар мағынада  инновациялық   белсенділікті   шаруашылық   жүргізуші субъектінің динамикасы мен ағымдағы жағдайын және инновациялық технологияларды енгізу деңгейін көрсететін кешенді нәтиже деп түсінуге болады. Кең мағынада – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектіде инновация жасау мен енгізуде пайда болған қаржы, экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқарушылық қатынастар жүйесі. Ал ШОК секторының инновациялық белсенділігі дегеніміз, оның дамуына қаржылық салымдардың перспективасын, табыстылығын, тиімділігін және тәуекелділігінің минимизациясын білдіреді.

 

Кесте 7.8 – Инновациялық белсенділікті анықтайтын негізгі факторлар

Мемлекеттің инновациялық белсенділігі:

-       әлеуметтік-саяси тұрақтылық;

-       ішкі нарықтықтың көлемі мен төлем қабілеттілігінің деңгейі;

-       несие-қаржы және банк жүйесінің қалыптасуының тұрақтылығы;

-       инфляция деңгейі;

-       экономикалық сферадағы жемқорлық пен қоғамдағы қылмыс деңгейі;

-       инновациялық қызметтің құқықтың қамтамасыз етілуінің деңгейі;

-       кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтің нормативтік базасының тұрақтылығы;

-       қор нарығының дамуы;

-       салық саясаты;

-       технологияның даму деңгейі.

Аймақтың инновациялық белсенділігі:

-       жағрафиялық орналасуы;

-       табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі және оларға қол жетімділік;

-       қоршаған ортаның жағдайы;

-       экономиканың құрылымдылық әр-түрлілігі;

-       нарықтық инфрақұрылымының ахуалы мен дамуы;

-       халықтың мәдениеті мен білімінің дамуы;

-       әлеуметтік-саяси тұрақтылық;

-       экономикалық тұрақтылық;

-       басқару органдарының кәсіпорындармен өзара іс-әрекеті;

-       ақпараттық коммуникациялық кеңістік;

-       нормативтік-құқықтық кеңістік.

Саланың инновациялық белсенділігі:

-       салалық нарықтың деңгейі;

-       азық-түлік өнімдері нарығының монополизациялану деңгейі;

-       бағаның икемділігі;

-       капиталға табыстылық нормасы;

-       саланың капитал сыйымдылығы;

-       салық ауыртпашылығының деңгейі;

-       бәсеке деңгейі;

-       саладағы әлеуметтік мәселелер;

-       стратегиялық бірлестіктердің қалыптасуы және басқа да контрагенттермен өзара қатынастардың мүмкіндігі;

-       технология мен өндірістің күрделілік деңгейі;

-       инвестициялық нарық инфрақұрылымының даму деңгейі;

-       саланың мемлекеттік реттеу деңгейі.

Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі:

-        меншік түрлері;

-        кәсіпорынның қаржылық жағдайы, кәсіпорынның көлемі;

-        жаңа нарықтарға кіру мүмкіндігі және өз ұстанымын нығайту;

-        инвестициялық қызметті жүргізу үшін қаржылардың болуы;

-        инвестициялық жобалармен басқару тиімділігі;

-        кәсіпорынның ғылыми-техникалық потенциалы;

-        кәсіпорындар арасында инновациялық қызметті ынталандыру жүйесі;

-        инновациялық белсенділік деңгейі;

-        негізгі қорлардың тозу деңгейі;

-        өнімге төлемге қабілетті сұраныстың болуы.

 

Инновациялық белсенділікке сандық және сапалық факторлар да әсер етеді. Сандық факторларды талдау кезінде мақсатты параметрлерге факторлардың әсерін бағалау үшін статистикалық әдістерді қолдану керек. Бұл жерде екі шарт орындалуы қажет: бағаланатын параметр сандық түрде болуы керек және бірыңғай таңдау құруға мүмкіндік беретін мәліметтердің болуы.

Инновациялық белсенділікке көрсеткіштердің әсері бойынша факторларды екі топқа біріктірген ыңғайлы: қолайлы және қолайсыз. Қолайлы факторларды сипаттайтын мәндер жоғарылағанда өнім  өнімділігі, еңбек өнімділігі, өнімнің өндірістік өзіндік құны, еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы төмендейді, рентабельділік деңгейі жоғарылайды. Ал кері факторлардың мәні жоғарылағанда өнім өнімділігі төмендейді, шаруашылық нәтижелерді сипаттайтын басқа да көрсеткіштер төмендейді.  

Ірі өндірістік кәсіпорындардың инновациялық қызметіне талдау жүргізгенде инновацияны басқаруды орталықтандыру тенденциясын нығайтуға бағытталған инновациялық процесстердің қазіргі таңдағы ерекшеліктерін сипаттайтын бірқатар жалпы тұжырымдарды бөліп көрсетуге болады.

Зерттеулер көрсеткендей, соңғы онжылдықта Қазақстанның көптеген өндірістік кәсіпорындарда әлеуметтік-экономикалық саясатында инновациялық құраушылары бойынша келесідей тенденциялар байқалып отыр:

-      кәсіпорын ішінде тек қолданбалы ғылыми зерттеулер мен жеке зерттеулердің дамуы. Іргелі зерттеулер жүргізу ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерімен тығыз интеграциялану есебінен жүзеге асырылады;

-      неғұрлым инновативті өндірістік кәсіпорындары жаңалықтарды басқару бөлімін құру үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұжымын (ҒЗТКҰ) және маркетинг бөлімдерін біріктіру мақсатында қайта құрулар жүргізуде;

-      фирмааралық венчурлық бөлімшелерін белсенді пайдалану.

Инновацияны басқаруды ұйымдастыру процесінде зерттеуде келесідей сұрақтарды кезеңмен шешу ұсынылып отыр:

-      тиімді технология мен ең жақсы ұйымдық  формаларды таңдау;

-      жаңалықтарға ықпал жасайтын ұйымдастырушылық ортаны қалыптастыру және жұмысшыларды ынталандыру;

-      ҒЗТКҰ және маркетинг бөлімдерінің өзара әрекеттерін және технологияны берудегі мәселелерін шешу;

-      шығындар мен ресурстардың экономикалық мақсатты көлемін анықтау, потенциалды тиімді жобаларды таңдау;

-      шағын кәсіпорын ассортиментіндегі жаңа өнімдерді енгізудің салдарын зерттеу;

-      экономикалық тәуекелді қысқартудан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар мен жабдықтау көздеріне байланысты төмендегенде пайда болатын диверсификация дамуының мүмкін болатын эффектісі;

-      экономикалық және саяси сфералардағы біріккен іс-әрекеттерді, фирмааралық байланыстарды ұлғайту.

Келесі 7.9–кестеде шағын кәсіпорын өндірісінің инновациялық белсенділігін қалыптастыратын факторлар жүйесі бейнеленген.

Инновациялық процестерді белсендірудің бір жолы болып, республика деңгейінде шағын кәсіпорындарының инновацияға бағытталған даму стратегиясын жасау болып табылады. Бұл – егер біз нақты бір кәсіпорын емес, жалпы аймақты немесе экономиканың нақты секторының алдыңғы қатарлы сала туралы айтып отырсақ, өте қиын процесс. Аймақтың экономиканың инновациялық дамуын біз өндірістің ғылымды кең көлемде қажет ететін факторын кешенді түрде пайдаланумен байланыстырамыз. Ал бұл өз кезегінде ШОК секторының ішкі де, сыртқы да тұтыну нарығында жоғарғы бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында техникалық-технологиялық, қаржылық-экономикалық және ұйымдастырушылық-басқару қызметін қамтамасыз етеді.

 

Кесте 7.9 – Шағын кәсіпорын өндірісінің инновациялық белсенділігін қалыптастыратын факторлар жүйесі

Артықшылығы

Кемшілігі

Өндірістік құрылымдары деңгейінде

Экономикалық алғышарттар: қор және еңбекпен қамтамасыз етілу, мамандандырылу, материалдық-қаржылай шығындар, сақтандыру қорлары, меншік иесі мен еңбеккерлердің бірлесуі (өз кәсіпорынының акционері), салалардың ұтымды үйлесімділігі.

Өндірістік ауытқулар, материалдық-техникалық жабдықтаудағы олқылықтар, техникадағы қателіктер, экологиялық шарттардың бұзылуы, техникалық және сервистік факторлардың жетіспеушілігі, немқұрайлы еңбек. Тәуекел шараларының сақтандырылмауы.

Аймақтық  деңгейінде

Өндірістердің ұтымды орналасуы, бағалық және несиелік реттеу. Техникалық тұрғыда  реттеу. Мониторинг тербелісі және қозғалыс тенденциясы. Ұтымды сақтандыру қорлары.

Экономикалық тәуекелдің кездесуі.  Баға, несие және салық саясатындағы қателіктер.

Біртұтас республика деңгейінде

Сыртқы сауда. Мемлекеттік сақтандыру қорларының өнімдерін құру. Бағалық реттеу. Несиелік және дотациялық реттеу. Салық саясаты. Мемлекеттік тапсырысты тарату.

Саяси дағдарыстар. Экономикалық дағдарыстар. Бағалық және қаржылай саясаттағы қателіктер (салық саясатын қоса алғанда). Елдің немесе оның айтарлықтай бөліктерінің  тәуекелі жоғары аумақта орналасуы.

 

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың инновациялық бағыттағы стратегиясының мақсаты – жаңа сапалы өнімдерді өндіруді тиімді түрде дамыту болып табылуы қажет. Осы мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталды: шағын кәсіпорын өнімдерінің шығымы мен сапасын арттыру, мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету; шағын кәсіпкерлікті  дамытуды қолдау; өнім өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыру; шағын кәсіпкерлікпен  айналысатындарды мемлекет тарапынан қолдау; ШОК үдемелі ғылыми және технологиялық дамуын қамтамасыз ету; қуаттылықты пайдалану деңгейінің техникалық жаңаруының өсуін қамтамасыз ету мен кәсіпорындарды ДСҰ кіру жағдайына бейімдеу.

Стратегияның басты мақсаты стратегиялық міндеттерді біртіндеп және ғылыми-негізделген шешімдер жолымен  мына инновацияларды игеру арқылы жетілуі тиіс.

ШОК секторында игерілетін негізгі инновацияларды ұйымдастыру мен басқару бағыттары: нарықтық ұйымдық-экономикалық механизмі; шағын кәсіпорындар мен интеграцияланған инфрақұрылымдардың жаңа үлгілері;  еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары; ШОК инновациялық процесстердә басқару жүйесінің жаңа формалары; экономикадағы инновациялық процесстердің дамуы; жоғары сапалы технологияның жаңа түрлері, типтері және кросстары; технологиялық орталықтарды құру.

ШОК секторының инновациялық бағыттағы даму стратегиясы келесі топтамалардан тұруы керек: техникалық-технологиялық, инновациялық-инвестициялық, экономикалық, экологиялық, салалардың әлеуметтк дамуынан – өндірістік және ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеу. Оларда мақсаттық көрсеткіштер көрініп тұрады. Мысалға, экономикалық топқа  өнімнің жалпы көлемін, өнім өнімділігі мен шығымдылығын, өнімнің өзіндік құнын, пайданы және басқаларын кіргізген дұрыс. Экологиялық топқа – тұрғындарды заманауи техникалық және технологиялық стандарттарға сай келетін экологиялық қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету, тұрғындардың  қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету. Әлеуметтік топта – кәсіпорын жұмыскерлерінің табыстарын арттыру, қала мен ауыл арасындағы өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықты айтарлықтай қысқарту, көпшілікке арналған кәсіптер мен жұмысшы мамандар кадрларын даярлау және қайта даярлау және тағы басқалар.

ШОК  өндірісінің стратегиялық дамуы төменде көрсетілгендей бір-бірімен тығыз байланысып жатқан міндеттерді жүйелі және кешенді түрде шешуге бағытталған болуы керек:

ұдайы өндірісті ұлғайту, сауда нүктесіне дейінгі аралықтағы әріптестердің барлық технологиялық тізбектерінің экономикалық қатынастарын жетілдіру, шаруашылықпен айналысатын субъектілерді шаруашылық қызмет барысында өзгеріп отыратын ішкі және сыртқы жағдайларға икемдеу негізінде орта және ұсақ мерзімге ШОК тұрақты және серпінді дамыту;

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары