Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 04:51, монография

Описание работы

Қазақстандық бизнес–инкубаторлардың қызметінің шағын ғана тәжірибесі олардың бірқатар ерекшеліктері мен өзекті мәселелері бар екенін көрсетті, атап айтқанда [39]:
көптеген бизнес–инкубаторлар халықаралық қорлар мен ұйымдар қолдауымен құрылған;
жеке бизнестің бизнес–инкубаторларды құруға деген ынтасының жеткіліксіздігі;

Работа содержит 1 файл

7 - бөлім.doc

— 1.31 Мб (Скачать)

Адам ресурстары, белгілі бір профильдегі кәсіби білікті жұмыс күші, жұмыс күшінің саны, құны. Жақсы даярланған мамандардың көмегінсіз бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу мүмкін емес.

Физикалық (табиғи) ресурстар, яғни жер, су, пайдалы қазбалардың, орман ресурстарының, балық аулау жерлерінен басқа да табиғи жағдайлардың саны, сапасы, қол жетімділігі, құны. Елдің климаттық жағдайы да оның мөлшері мен жағрафиялық орналасуы секілді физикалық ресурс болып табылады.

Білім ресурсы, яғни тауар мен қызмет көрсетулерге әсер ететін ғылыми, техникалық және нарықтық ақпараттар жиынтығы. Білімдер қоры университеттерде, мемлекеттік ғылыми–зерттеу институттарында, жеке зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік статистика қызметінде, іскерлік және ғылыми әдебиеттерде басқа да көздерде болады.

Ақша ресурстары. Бұл өнеркәсіпті қаржыландыруға жұмсалуы мүмкін капитал саны мен құны.

Инфрақұрылым. Жоғары мамандандырылған инфрақұрылымның жоқтығы бәсекеге қабілеттіліктің болмауына алып келеді. Оған елдің транспорттық жүйесі, байланыс жүйесі, пошталық қызметтер, ел аумағы мен сыртындағы төлемдер мен құралдарды банктен банкке аудару, денсаулық сақтау жүйесі т.б. жатады. Сонымен қатар, өмір деңгейі мен елдің тұру мен жұмыс істеу үшін тартымдылығын анықтайтын тұрғын үй қоры мен мәдениет мекемелері де жатады.

Сұраныс шарттары берілген саланың өнімі немесе қызмет көрсетуіне деген ішкі сұраныс табиғаты. Ішкі нарықтағы сұраныстың – ішкі клиенттердің (отандық тұтынушылардың), әсіресе талап қойғыш және талғампаз  сатып алушылардың қажеттіліктері және олардың сатып алушылық әрекеттері елдің ішінде фирмаларды тұтынушылық қасиеттерге сай сапа стандарттарын арттыруын, өз өнімін үнемі жетілдіріп, өнімнің жаңа мүмкіндіктерін ойлап табуын, сатып алушылардың ағымдағы қажеттіліктерін түсініп, қандай да бір тауарға деген қажеттілік сол елде басқаларына қараған да бұрын пайда болатын болса, берілген елдің фирмалары артықшылыққа ие болатын болғандықтан, болашақ қажеттіліктерін болжап отыруға үнемі мәжбүрлеп отырады. Кәсіпорындар осы қажеттіліктерді қалай анықтап–біліп, оларды түсінеді және қалай оны қалай елеп, назар аударады сол сұраныс құрылымын анықтайды. Өнімнің жоғары сапасы, оның қауіпсіздігі, медициналық және экологиялық стандарттарға сәйкес болуы барлығы да ішкі талапты сұраныс нәтижесінің арқасында кәсіпорындардың заманауи технологияларды пайдаланып, жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие өнімді шығаруының себебі болып табылады. Демек, осы елдің сатып алушылары, талғампаз және тауарлар мен қызмет көрсетулерге талап қоятын болса, елдің фирмалары жоғары артықшылыққа ие болады.

Туыс немесе демеуші салалар. Төрт макроэкономикалық аспектілер арасындағы ішкі бәсекенің интенсивтілігі әлемдік нарықта жетістікке жету үшін ең маңыздысы болып табылады. Ішкі нарықта бәсекенің болмауы фирмалардың сыртқы нарықта өте көп қиыншылыққа тап келетіндегінің басты себебі болады. Ішкі бәсекенің маңызды шарттарының бірі – жоғары технологиялық деңгейде бәсекеге түсуге және өнімділікті арттыруға ұмтылуға мүмкіндік беретін жайлы инвестициялық климаттың болуы.

Кәсіпорын стратегиясы, оның бәсекелестері, яғни ішкі нарықтағы бәсекенің жай–күйімен байланысты фирманың қалай құрылатындығы, ұйымдастырылатыны, басқарылатындығы. Әр елде фирмалар әртүрлі құрылып, әртүрлі стратегиялар мен мақсаттар анықталады. Ұлттық ерекшеліктер фирмаларды басқару нысаны мен бәсекенің нысанына да әсер етеді. Көптеген уақыт бойы американдық басқару жүйесіне назар аударып, 80 жылдары жапондықты зерттей бастадық. Ешбір ел қандай да бір жүйеге толығымен сәйкес келмейді.

Бұл «ромб» – компонентері өзара тығыз байланыстағы жүйе болып табылады, яғни әр детерминант басқаларына әсер етеді. Егер бәсеке өткір болмаса, фирма өніміне деген сұраныстың болуы бәсекелік артықшылық бермейді. Бір детерминанттағы артықшылықтар басқаларындағы артықшылықты күшейте алады. Барлық детерминанттарды үнемі жетілдіріп отырмай бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу мүмкін емес. Осыны назарға ала отырып, саланың әрбір кәсіпорыны елдегі макро және микроэкономикалық жағдайды жүйелі талдауға мүмкіндігі болу үшін, яғни кәсіпорынның ұзақ мерзімді өсіп–өркендеуін қамтамасыз ететін қажетті бәсекелік статусқа ие болу үшін үнемі өзінің стратегиялық әлеуетін жоғары деңгейде ұстап отыруы қажет.

2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі қажет міндетін жүзеге асыру жолында, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырып, жетілдіруде мемлекет пен оның заңдарына шешуші роль тиесілі болуы керек. Ұлттық қызығушылықтардағы, мәдениеттегі, экономика құрылымындағы, жалпы тарихи дамудағы ерекшеліктер – барлығы сәтті бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекет жалпы ұлттық қызығушылық мақсатында қоғамда ауыл шаруашылық еңбекке және ауылда тұратын азаматтарға деген сыйлы көзқарас қалыптастыру, ауылдық жерлерден тұрғындардың көшіп кетуін азайту, кәсіби білікті мамандар мен кадрларды ауылға тарту мақсатында қоғамда ауылға және ауылдық өмір сүру салтына позитивті қатынас пен көзқарас қалыптастыру бойынша қолдау шаралары кешенін іске асырғаны дұрыс.

Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлік секторында көптеген кәсіпорындарының басшылары стратегиялық ынтымақтастықтың тиімді стратегиясын жасады.  Бұл стратегиялар экономикалық тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ететін  бірнеше кәсіпорындардың біріккен қызметіне бағытталған, белгілі қоғамдық ұйымдасқан, олардың қызметі өзара ынтымақтастықпен анықталады.

Осы базада өнеркәсібі дамыған және дамушы елдерде корпорациялар және кластерлер қалыптасуда. Кластер ұғымы  кәсіпорындар кешені (өнеркәсіп компаниялары, зерттеу орталықтары, ғылыми мекемелер), мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар және басқалар территориялық шоғырландыру базасында арнайы жеткізіп берушілер, негізгі өнім өндірушілер және тұтынушылар технологиялық тізбекпен байланысқан.

Мұнда кластерлер ішінде кәсіпорындар (фирмалар) арасында болатын кейбір қиыншылықтарды ескеру қажет, яғни компаниялар және институттар арасындағы қолдауды (ғылыми орталықтар, университеттер, қоғамдық ұйымдар, сауда–өндірістік палаталар, биржалар), сондай–ақ, мемлекеттік секторлар құрылымдары (жергілікті билік органдары, салықтық ұжымдар, басқа реттеуші құрылымдар) мен жеке меншік бизнес арасындағы кооперация мәселелерін (сурет 7.4).

Бұл кешендер балама секторлық (салалық, корпоративтік) тәсілге жатады.

Корпоративтік бірлестіктер теориясы жеткілікті түрде дамыған, сонымен қатар кластер теориясы  соңғы жылдарда ғана дами бастаған. Мұнда кластердің әлеуметтік құрылымы ерекше мәнге ие болып отыр.

Қызмет жасап тұрған кластердің жақсаруы экономиканың даму жолындағы нақты қадамдарға жатады және кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін көтеруде басты әлеуметтік бағытқа кіреді. Кластердің даму маңыздылығына мән беру келесі фактіден көруге болады, АҚШ Ұлттық губернаторлар ассоциациясы мемлекеттің саяси бағытымен қатар, инвестициялық ресурстар қаржыларының қолжетімділігін қамтамасыз ету; техникалық көмек көрсету; құнды қағаздарды реттеуді жетілдіру, лицензиялау және тіркеуді жеңілдету, кәсіпкерлікті реттеу сызбасын реформалау; штаттың университеттеріндегі интеллектуалдық капиталды құру; салық салудың ыңғайлы жүйесін енгізу; кәсіпкерлерді оқытудың жүйесін жетілдіру; кәсіпкерлердің сіңірген еңбегін қоғамның бағалауына қамтамасыз ету және т.б., негізі ретінде бөледі және өнеркәсіп кластерінің қалыптасу мәселесін шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Сурет 7.4 – Кластердің тікелей және кері байланысы

 

Өнеркәсіптің аймақтық кластері кәсіпкерліктің дамуында бірнеше себептермен  маңызды мәнге ие. Алдымен, ол фирманың мамандануында жоғары деңгейге жетуіне мүмкіндік береді. Бұл кәсіпкерлерге жаңа фирмалар құруға, нақты өнеркәсіп кеңістігінде қызмет жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, маманданудың төменгі деңгейі тік бағыттағы интеграцияда кластердің ішкі құрылымына жаңа фирмалардың енуін жеңілдетеді. Кластерлік құрылымдарда капиталға қолжетімділігі жеңілдетеді. Көптеген фирмалардың  жақын орналасуы идеялардың алмасуын жеңілдетеді және мамандардың білімдерін бірі–біріне беруіне жеңілдетеді.

Аумақтық инновациялық–өнеркәсіптік кластерлер – жаңа ойлардың таралу жүйесінің тұрақты болуын көздейді. Олар біріккен ғылыми базаға сүйенеді. Кластер кәсіпорындары қосымша ішкі мамандануды жүзеге асыру мүмкіндігі нәтижесінде қосымша бәсекелестікке ие болады. Кәсіпорын кластерлері қосымша нақты артықшылықтардың мүмкіндіктері есебінен ішкі мамандандыруды және стандарттауды жүзеге асырады, жаңа инновацияны енгізу шығынын азайтады. Осындай кластерлердің маңызды ерекшеліктері шағын бизнестің икемді кәсіпкерлік  құрылымындағы инновациялық «өсу нүктесі» деп аталуын қалыптастыруға мүмкіндігі болып табылады. 

Экономикадағы дамыған кластерлер, әлі де әлсіз анықталған болып отыр, өйткені осы жағдайларда өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым бөлігі  жергілікті негіздері бар. Олар көп мөлшерде өздерінің жеке компоненттерін өндірмей, тік бағыт бойынша интегралданған, алайда  оларды энергия ресурстарымен  қолдау қажет болып табылады; кейде олар өздерінің табиғи инфрақұрылымын, жеке мектептерін, сондай–ақ басқа да қызмет көрсету түрлерін қолдау мен құруға тәуелді болады.  Дамыған экономикалық жүйе жағдайларында әрекет ететін салыстырмалы бәсекеге қабілетті компаниялар өздерінің жұмыстарын,  яғни кластер құрылымына еңбегін жеке арал ретінде ұсынады.

Дамыған елдердің техникалық тәжірибесі көрсеткендей, кластердің аясын табысты кеңейту мен тереңдетуде әлемдік экономиканың даму бөлігінің ажырамас құрамы болып табылады. Көптеген елдер бәсеке принциптерін дамыта отырып, ынтықмақтастық мәселесіне көп көңіл бөледі.  Егер соңғы уақытқа дейін осы ынтымақтастық салалық мүдделермен шектелмесе, онда осы саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейде – кластер деңгейінде кеңейту байқалады.

Кластерлердің артықшылықтары  төмендегідей бағыттар бойынша алынуы мүмкін: ресурстарға мүмкіндігі бар; ақпараттарға қолжетімділігі; өзара толықтырушылық; қоғамдық игіліктер мен кәсіпорынға қолжетімділігі; ынталандыру; жаңа енгізулерде артықшылықтары.

Түсінікті болу үшін 1 бағытты ғана қарастырамыз.

Ресурстарға қолжетімділігі. Кластер ішінде орналасу  тәртібін анықтауда өндірістің мамандандырылған фактордың компоненттері машина жабдықтары, бизнес–қызметтер, қызметшілер, жеке оқшаулау түрімен салыстыру бойынша – тік сызық бойынша бірлестіру, сыртқы құрылымдардың формальды альянстарымен немесе  өндіріс факторының «шетелден тауар енгізу» немесе артықшылықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан, кластер жергілікті жеткізушілердің бәсекеге қабілетті қолжетімділігі жағдайында ресурстар қатынасында өте тиімді ішкі маңыздылығын көрсететін кеңістіктегі ұйымдастырылған түрін көрсетеді.  Бәсекеге қабілетті желідегі жеткізушілердің қолжетімсіздігі кезінде  ресурстарды кластердің сыртынан алуға қажеттілігі туындауы мүмкін, бірақ осындай  жағдайды міндетті тәртіп ретінде санауға болмайды.

Кластер қатынасушыларынан өндіріс факторларын алуда алыстағы дереккөздерін («қашықтағы» ресурстар) пайдалану жағдайы («жергілікті» ресурстар) мәміленің өте төмен құнын келтіреді. Жергілікті ресурстарға қолжетімділік материалды–өндірістік қордағы қажеттілікті азайтады және импортқа кететін шығыннан, сондай–ақ осы кідіріспен байланысты қажеттіліктен құтқарады.

Кластер ішінде ресурстармен қамтамасыз ету бейімделудегі шығынды төмендетеді және қосымша немесе қолдау қызметтерімен жалпы қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, сондай–ақ орнату,  жөндеу,  пайдаланушыларды оқыту,  кедергілерді жою және өз уақытындағы жөндеулер қатынасты жақсартады. Жергілікті ресурстарға басқа көрсеткіштердің қолжетімділігі әрқашанда  алыс қашықтықтағы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге әрекет етеді, әсіресе технология бөлігінің ажырамас құрамдас бөлігіне енетін өндірістің мамандандырылған немесе ілгерілеу факторлары жағдайында ақпараттар мен қызмет көрсету болып табылады.

Ішкі кластерлерге тән артықшылықтар – жергілікті тауармен қамтамасыз етушілерді  ынталандыру әрекетін көрсетеді, осының нәтижесінде олар өте күшеюге және жетілуге тырысады, ал кластерге енген фирмалар жаңа жергілікті тауармен қамтамасыз етушілерді көтермелеуге немесе алыс тауармен қамтамасыз етушілерді өз орындарында инвестицияға енгізуге талпынады.

Ақпаратқа қолжетімділік жайлы айтатын болсақ, кластер ішінде, фирмалар мен жергілікті кәсіпорындарда маркетинг, технологиялар бойынша сонымен қатар, ақпараттың басқа да арнаулы түрлері бойынша көлемді білім шоғырланады. Осы ақпаратқа қолжетімділік жақсы ұйымдастырылып, әрі аз шығын қажет етуі мүмкін. Бір–біріне жақын орналасуы, жеткізу және технология бойынша байланыстар, сонымен қатар тұрақты тікелей қатынастың және қоғамдық байланыстың болуы кластер ішіндегі ақпараттық ағынының қозғалысын (осы жағдайлар жағымсыз мәліметтердің немесе жасырын ақпараттардың берілуін) жеңілдетеді, кластердің құрып отырған ақпараттың артықшылықтарының маңызды жеке жағдайына тұтынушылырдың ағымдық қажеттілігі туралы ақпараттың қолжетімділігіне жатады. Талап етуші, тапсырыс берушілер көп жағдайда кластерге оның құрамдас бөлігі ретінде кіреді, ал кластердің басқа мүшелері олардың қажет етіп отырған ақпаратты тауып алып, оны жариялап отырады.

Сонымен, кластер – өндіріс салаларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын құрал болып табылады.

XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басында қазақстандық экономиканың кәсіпкерлік секторы үшін бұрынғы кеңес кеңістігінде ірі компаниялардың, корпорациялардың, холдингтердің пайда болуымен сипатталады.

Информация о работе Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру жолдары