Франчайзинг

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:11, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық ­– Жаңа экономикалық өрлеу‑ Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Работа содержит 1 файл

франчайзинг.doc

— 1.12 Мб (Скачать)


 

Кіріспе

«Біз шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы үлесін айтарлықтай ұлғайтып, оны орташа дамушы Еуропа елдерінің деңгейіне дейін жеткізуге тиіспіз.

Сонда барып бізге кезекті дағдарыстық циклдарға қарсы тұру оңай болады. Әрбір қазақстандық үшін жаңа істі игеру, жаңа бизнес ашу немесе өз қызмет саласын кеңейту мүмкіндіктері болуы тиіс»

Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық ­– Жаңа экономикалық өрлеу‑ Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны – франчайзинг.

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды:

Біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді,

Екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы,

Үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Франчайзингтік бизнестің теориялық мәселелері

1.1. Франчайзингтің мәні және мазмұны

 

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып табылады.

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.

Франчайзинг дегеніміз:

      Айрықша құқық кешенінің құқық иеленушісі осы кешенді басқа тұлғаға өтемді негізде пайдалануға беретін кәсіпкерлік қызмет.

      Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес.

      Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы.

Аталған анықтамаларды қорытындылай келе және шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг –келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».

Филип Котлер франчайзингтің келесідей белгілерін атап көрсеткен:

                  Франчайзер өзінің тауарлық белгісін қолданысқа бергені үшін белгіленген пайда алып отырады

                  Франчайзи жүйенің бір бөлігі үшін алғашқы төлемді ұсынады

                  Франчайзер франчайзиға бизнесті жүргізу жүйесін береді

Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік іс-тәжірибеге сәйкес, франчайзинг франчайзер (ноу-хау мен бренд құқығын иеленуші) мен оператор-компанияның (франчайзи)арасында шарттық қарым –қатынас орнатылуын көздейді, соңғысы франчайзердің сауда белгісін, технологиясын, маркетингілік мүмкіндіктерін, жеткізілім жүйесін және басқа да бейматериалдық активтерін пайдала отырып,  оның стандарттар бойынша істі ұйымдастырып, жүргізеді.

Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары, яғни франчайзингтік жүйенің объектілері тұрғысынан қарастырамыз. (1-сурет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы

1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:

1) Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.

2) Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде – франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін  франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.

3) Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық.

Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:

–     Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері;

–     Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);

–     Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді.

Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады

(2-сурет).

2-сурет-Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері

Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің келесідей үлгісін ұсынамыз (3-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- сурет– Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

 

Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді, ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап, франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы мүмкін.

Көптеген шетелдік әдебиеттерге сүйене отырып және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып франчайзингтің келесідей жағымды жақтарын ашып көрсетуге болады (4-сурет).

4-сурет-Франчайзингтің жағымды жақтары

 

 

1.2. Франчайзингтің Қазақстан Республикасында пайда болуы және даму кезеңдері

 

Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald,s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы – Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады (1-кесте).

 

1-     кесте -Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

 

Кезең-

Дері

Компания атауы

Құрылу жылы

 

Негізгі сипаттамалары

Бірінші кезеңі

1994-1999 ж.ж.

«Coca Cola»

1994

1.   Франчайзингті реттеуші нормативтік-құқықтық базаның болмауы.

2.   Нарықта бәсекелестіктің жоқтың қасы.

3.     Жекелеген шетелдік компаниялар іс-әркет аумағын кеңейту мақсатында Қазақстандық нарыққа шықты.

4.   Өндірістік және сервистік фран-чайзинг қалыптаса бастады.

«Рахат Палас»

«Adidas»

1995

«Сеймар»

1996

«Kodak»

1997

«Дока»

 

1999

 

«Анкара»

 

«Рамстор»

Екінші кезеңі

2000 – 2004 ж.ж.

«1C»

2000

 

1.      Франчайзинг туралы Заң қабылданды.

2.      Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты.

3.       Қазақстан Франчайзинг қауымдас-тығы  құрылды.

4.       USAID кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдар-ламасын ұсынды.

 

«Баскин31Роббинс»

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы

 

 

 

2002

 

Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы

«Il Patio», «Планета Суши»

«World Class»

 

2003

 

«Business Consult», «Scot Holland Estates»

«Пятерочка»

 

2004

«MaxMara», «Sela»

«Три Толстяка»

Үшінші кезең

2005 жылдан басталып осы кезге дейін

«English First»

 

2005

1.   Санаткерлік меншікке, франчайзингке қатысты заңнамалар белсенді қолданылды.

2.   Франчайзинг  көрмесі ұйымдас-тырылды.

3.   Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры франчайзингті несиелеу бағдарламасын әзірледі.

4.   Бәсекелестік өсіңкі түрде дамыды.

5.   Медиа және әлеуметтік франчайзинг пайда болды.

«Алма – TV»

«Tiffany Marble»

«Ромат»

 

2006

 

«Umex Realty» 

«Сбарро»

«Finn Flare»

2007

«Aquatoria of Luxury Life»

2008

Информация о работе Франчайзинг