Маркетингтік коммуникациялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 18:34, курсовая работа

Описание работы

Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................................... 3
Негізгі бөлім
Маркетингтік коммуникация түсінігі мен түрлері ...................................... 5
Жарнама
Жарнаманың мәні, функциясы, рөлі мен мағынасы ...................... 7
Жарнама қызметін жоспарлау ......................................................... 9
Жарнама түрлері мен құралдары, оларды таңдау ........................ 12
Жарнаманың экономикалық тиімділігі ......................................... 14
Өткізуді ынталандыру
Өткізуді ынталандырудың түрлері және құралдары ................... 15
Өткізу арналары, мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері ........ 17
Жеке сату және оның қызметтері ................................................................ 21
Паблик рилейшнз
Паблик рилейшнз түрлері мен әдістері ......................................... 23
ПР-ға қатысты қолданылатын эпитеттер ...................................... 25
Коммуникация қызметін атқарушы басқа да құралдар
Тауар белгісі және брендинг .......................................................... 26
Буып-түю, орау ................................................................................ 28
Жәрмеңкелер мен көрмелер ........................................................... 30
Қорытынды .......................................................................................................... 31
Қолданылған әдебиеттер .................................................................................... 33

Работа содержит 1 файл

док.docx

— 183.57 Кб (Скачать)

    Қоғамның  прогрессивті дамуына қарай оның мүшелерінің қажеттіліктері де өседі. Адамдар олардың қызығушылықтары  мен тілектерін туындататын объектілердің  түрлерімен күннен күнге жиі кездесетін болды. Өндірушілер өз тарапынан  тұтынушылардың тауарларды сатып алу  тілегін ынталандыру үшін мақсатты шаралар жүргізеді. Олар өздері шығаратын  тауарлар мен адамдар мұқтаждықтарын байланыстыруға тырысады. Тауарды бір  немесе бірқатар ерекше мұқтаждықтарды қанағаттандыру құралы ретінде үгіттейді. Маркетинг қызметшісі мұқтаждықты  тудырмайды, ол одан бұрын да бар  болған. 

    Адамдарға қазір айналымда жүрген заттар тез  қызықсыз болып көрініп, олар әртүрлілік үшін әртүрлілік іздейді. Тауарлар қажеттіліктерге  сәйкес келмеуі , бір бөлігінің ғана сәйкес келуі мүмкін, қажеттіліктерге  толықтай cәйкес келуі және идеалды  тауар болуы мүмкін. Тауар неғұрлым тұтынушы талғамына сәйкес болса, соғұрлым өндіруші табысты болады. « Тауар» ұғымы физикалық объектілермен шектелмейді. Тауар деп, қызмет көрсете алатын, яғни мұқтаждықты қанағаттандыра алатын кез келген нәрсені айтуға болады. Бұйымдар мен қызметтерден басқа оған тұлғаларды, жерлерді, ұйымдар, қызмет түрлері мен идеяларды жатқызуға болады. Тұтынушы теледидардан қандай ойын-сауық бағдарламасын көргісі келетінін, демалысқа қайда барғысы келетінін, қандай идеяларды қолдағысы келетіндігін өздігінше таңдайды. Осыған орай қазіргі кезде өндірушілер өз тауарларын немесе көрсететін қызметтерін тұтынушыға барынша қызықты әрі тиімді қылып көрсеткісі келеді, неғұрлым көп көлемді оған өткізуге, яғни сатуға тырысады. Бұны жүзеге асыру үшін маркетингтік коммуникациялардың тигізетін септігі зор.

    Маркетингтік  коммуникация процесі күрделі әрі  толыққанды жүйе болып табылады. Оның бірнеше кезеңі, міндетті сатылары бар. Олардың барлығы таза теориялық  тұрғыдан ғана емес, сонымен біргі  тәжірибе жүзінде де өздерінің қажеттілігін дәлелдеп шыққан. Басқаша сөзбен айтқанда, өзінің өндірген өнімін немесе көрсететін қызметін өткізуге құштар кез келген ұйым, компания, жеке кәсіпкер маркетингтік коммуникация кешенін дерлік пайдаланғаны абзал.

    Маркетингтік  коммуникация кешені жарнамадан, өнім өткізуді ынталандырудан, насихаттан, дербес сатудан тұрады. Жарнама – аты мәлім демеушінің тікелей қатысуы. Өнім өткізуді ынталандыру – тауарды сатуға және сатып алуға болатын қысқа мерзімді мадақтау шаралары. Насихат – демеуші тарапына, қызметіне сұранысты ынталандыру үшін ол туралы коммуникациялық маңызы бар мәліметтерді бұқарлық ақпарат құралдары арқылы, не болмаса радио, теледидар арқылы тарату. Дербес сату – бір немесе бірнеше әулетті сатып алушылармен ауызба-ауыз сөйлесу, әңгімелесу кезінде сатып алуға көтермелеу мақсатында тауар ұсыну. Тауардың сыртқы безендірілуі, оның бағасы, орауының пішіні мен түсі, сатушының киімі мен өзін ұстау мәнері – сатып алушыға көп мәлімет беретін мәселелер. Әр санат үшін коммуникацияның мынандай өзіндік ерекше тәсілдері тән: сауданың таныстыру шаралары, экспозиция, кәдесыйлар көмегімен жарнамалау, мамандандырылған көрмелер, жәрмеңке, көрсету, каталогтар, сауда-жарнама әдебиеті, плакаттар, конкурстар, сыйлықтар, купондар, жарнамалық-ақпарат сұрыптамалары. Жоғары коммерциялық тиімділікке қол жеткізу үшін өзінің маркетингтік кешенін үйлестіре білу керек. 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер 

  1. Есімжанова  С.Р. Маркетинг. Оқу құралы. – Алматы: «ЭКО» Баспа үйі, 2005.
  2. Котлер Ф., Вероника Вонг, Джон Сондерс, Гари Армстронг. Основы маркетинга, 4-е европейское издание = Principles of Marketing: European Edition 4th. — М.: «Вильямс», 2007.
  3. Ламбен Ж.-Ж. Стратегический маркетинг Маркетинг: учебник для вузов/Г. Л. Багиев, В. М. Тарасевич, Х.Анн; Под общ. ред. Г. Л. Багиева.-М.: ОАО «Изд-во „Экономика“», 2001.
 
  1. portal.vkgu.kz
  2. www.zhastar.biz
  3. libsib.ru
  4. ru.wikipedia.org
  5. www.kazneb.kz
  6. www.glossary.ru
  7. www.nur.kz

Информация о работе Маркетингтік коммуникациялар