Маркетингтік зерттеулердің мәнi

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 22:23, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде Қазақстан Републикасында қалыптасқан қаржылық тапшылық кезінде дәрілік препараттар импортына тәуелділік дәрілік қамтамасыз ету жағдайын кенет нашарлатты. ЮСАИД мәліметтері бойынша, Қазақстандағы медикаменттердің бағасы (2005 жылы) 1993 жылмен салыстырғанда 386 ретке ұлғайды. Өзіндік дамыған фармацевтикалық өндірістің болмауы нәтижесінде бұл жағдай әлеуметтік маңызы бар мәселеге айналды. Сонымен қатар, импорт бойынша дәрілік препараттарды сатып алуды жалғастыру экономикалық мағынада мынаны білдіреді – шетелдік фармацевтикалық фирмаларды қазақстандық қаржы көздерінен қаржыландыру.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
1 Маркетингтік зерттеулердің мәні..............................................................4
2 Маркетингтік зерттеулердің әдістері.........................................................7
3 Мұнай өнеркәсiбiнде маркетингтiк зерттеулер.........................................11
Қорытынды................................................................................................15
Қолданылған әдебиеттер ...................................................

Работа содержит 1 файл

мунай маркетинги.doc

— 112.00 Кб (Скачать)

- Телефондық сауалнама ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып табылады. Артықшылықтары: көп респонденттерді қамтиды, салыстырмалы түрде бағасы төмен болады. Кемшіліктері - тек телефоны барлардан пікір сұрау алынады және ресми сипаттағы қысқа әңгіме өткізіледі, жауап алу және оның сапасын тексеру қиынға соғады.

- Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау - ең жаңа әдіс.  Артықшылығы: ақпаратты жинау жылдамдығы, жоғары тиімділігі, шығындарының төмендігі. Кемшіліктері: жауап берушіні білмеу, көзбе-көз көрмеу.

- Респондентердің  қалдырылған  сауалнаманы  өздері  толтыруы.  Мұндай тәсіл  сұхбат алуды  ыңғайлы  және  арзан өткізу үшін қолданылады. Қатысушылар ретінде бір сыныптың оқушылары, топ студенттері, ұйым қызметкерлері, қонақ үй тұрғындары   бола   алады. Бұл    тәсіл   сұхбат   жүргізушінің респонденттерге ықпалының аздығымен және салыстырмалы түрде арзандығымен сипатталады.

- Пошталық сауалнама - сауалнамаларды (анкета) пошта арқылы   жіберу.   Алайда   пошталық  сауалнама   қарапайым және қисынды мазмұндалған сұрақтарды талап етеді. Ал жауап қайтару дәрежесі төмен және баяу болады.[3,72-б.]

Пікір сұрау әдістерінің артықшылықтары:

1.Сұрақтарды     стандарттаудың    (бірдей     сұрақтар) деңгейінің жоғарылығы;

2. Басқа  әдістермен  салыстырғанда  жүзеге  асырылуы қарапайым;

3. Терең талдау жүргізу мүмкіндігі.   

Кемшіліктері:

1. Жауаптарды хаттамалау;

2. Ақпаратты өңдеу қиындығы;

3. Уақыт пен қаражат көп кетеді.

Сауалнама жүргізген кезде ақпарат үш әдіспен жиналады:

1.Бірінші жағдайда сұхбат жүргізуші респонденттерге сұрақ қойып, жауаптарды белгілеп отырады.

2. Респондент өз бетінше жауап толтырады.

3. Сұрақтар компьютер көмегімен қойылады.

2) Фокус-топ - құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы. Бұл  әдістің мәні - әр түрлі тұтынушылар тобының ойларын айқындау.

Фокус - топ талғамдары, қажеттіліктері, ойлары әр түрлі болып келетін респонденттерден тұрады. Топпен жұмыс ұзақтығы 1,5-2 сағатқа созылады. Toп 8-12 адамнан тұрады. Топтың жұмысын басқарушы модератор қатысушылардың назарын нақты мәселеге бейімдеп отырады.

Фокус-топтарды болашақта сандық түрде анықтауға болатын болжамдарды анықтау және жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру үшін пайдалану тиімді.

3) Зерттеудің панельдік әдісі - бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан қайталап мәлімет жинау.

Панельдік зерттеудің белгілері:

- Зерттеу пәні мен тақырыбы тұрақты;

- Мәліметтерді     жинау     бірдей     уақыт     аралығында қайталанып тұрады.

- Зерттеу   объектілері   тұрақты   (сауда   кәсіпорындары, тұтынушылар, өндірушілер, үй шаруашылықтары және т.б.).

Бұл  әдіс бойынша зерттеушінің бұрынғы нәтижелерді жаңа алынған мәліметтермен салыстырып, өзгерістердің даму заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндігі бар.

Қазіргі кезде нарықтағы жағдай тез өзгеріп отыратындықтан, бұл әдіс жиі пайдаланылады, өйткені зерттеушінің өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндігі бар. Панельді құру және оны өткізу көп уақытты, қаржыны, шығынды қажет етеді, сондықтан мұндай зерттеулермен маманданған институттар, ғылыми орталықтар және агенттіктер айналысады.

Алынған мәліметтерді өткізу аумақтарын, дүкендерді типі мен мөлшеріне қарай бөле отырып, сатып алушының жаңа тауарды қалай қабылдағандығын тексеріп және өткізу қызметінің жұмыс тиімділігін анықтау арқылы талдауға болады.

Зерттелетін бірлік сипаттамасы бойынша панель былайша бөлінеді:

- Тұтынушылық  панелі.   Оның  мөлшері  жеке  тұтынушылар, отбасы, үй шаруашылықтары негізінде анықталады.

- Саудалық панельдеріне сауда ұйымдары, саудагерлер қатысады.

- Тауар  шығаратын  өнеркәсіптік  ұйымдардан тұратын панельдер.

- Зерттелетін   мәселе    жөнінде    сарапшы-мамандармен өткізілетін панель.

Әлеуметтік зерттеу әдістерінің эксперттік зерттеулерден басты айырмашылығы - олар біліктілігі әр түрлі көп респонденттерден жаппай пікір сұрау жүргізеді, ал эксперттік бағалау саны шектелген кәсіби мамандардан сауалнама алу арқылы өткізіледі.

Маркетингтік зерттеулерде "Дельфи" және "Ми шабуылы" эксперттік бағалау әдістері ерекше орын алады.

1."Дельфи" әдісі - болжамды дәлелді ету үшін бірнеше рет пікір сұрауға сүйенген сарапшылық әдіс.

2. "Ми шабуылы"- мамандардың ұжымдық талқылауы негізінде творчестволық шешім қабылдау әдісі.

Зерттеулердің нақты әдісін таңдау көбіне маркетингтік зерттеулердің белгілі бір кезеңдерінде шешілетін мақсаттар мен міндеттерге байланысты белгіленеді.

 


3 Мұнай өнеркәсiбiнде маркетингтiк зерттеулер

 

«МГ АТО» АҚ-тың деректері бойынша республиканың мұнай өндіруші компаниялары 2011 жылы, газ конденсатын қоса алғанда, 80,06 млн. тонна (100,5 %) мұнай өндірді. Мұнай өндірудің негізгі өсімін мына компаниялар қамтамасыз етті: «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (2010 жылға қарағанда 105,9 %), «Қаражанбасмұнай» АҚ (2010 жылға қарағанда 102,1 %), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (2010 жылға қарағанда 116,9 %), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (2010 жылға қарағанда 101,4 %).

2012 жылы жоспарланып отырған мұнай өндіру көлемі 81 млн.тонна құрайды.

«МГ АТО»АҚ-тыңдеректер бойынша 2011 жылдың 12 ай бойынша мұнай және газ конденсаты экспортының көлемі 71 057 мың. тоннаны (99,5 %) құрады, оның ішінде мына бағыттар бойынша: Атырау – Самара – 15427,4 мың тонна (100,6%) Орынбор ГӨЗ-і (конденсат) – 1211,296 мың тонна (60,3%), КҚК – 28085,709 мың тонна (98,6%), Атасу – Алашанькоу – 10694,139 мың тонна (105,9%), Ақтау теңіз порты арқылы – 7982,702 мың тонна (84,1%) ; темір жол арқылы –7655,941 мың тонна (127%).

Қазақстан үшін ерекше маңызы бар жобалар болып Теңіз және Қарашығанақ жобалары қалады.

2011 жылдың нәтижелері бойынша «МГ АТО» АҚ-тың деректері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттарында 13725,758 мың тонна мұнай өңделді. Осы үш МӨЗ-дегі өңделген мұнайдан:

2757,628 мың тонна бензин (95,3%);

4064,325 мың тонна дизель отыны (99,8%);

3660,145 мың тонна мазут (97,1%);

525,152 мың тонна авиакеросин (107,3%) өндірілді.

Соңғы жылдары ПМХЗ жеткізілетін мұнай ауырлау және күкірт құрамының ұлғаю үрдісіне ие болып отыр. Әсіресе, мұнай сапасының төмендеуі 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында күкірт құрамы 1,22% ұлғайған кезінде байқалды (технологиялық қондырғы құрамында 1 % кем күкірт болатын мұнайды өңдеуге есептелген).

ПМХЗ технологиялық қондырғылары құрамында күкірті аз мұнайларды өңдеуге есептелгеніне байланысты болғандықтан, мұнай сапасының төмендігі өңдеу тереңдігінің және ашық мұнай өнімдерін өндірудің 10 % төмендеуіне, бу қазандары отыны шығуының ұлғаюына, сонымен қоса, қондырғылардың уақытынан бұрын тозуына әкеліп соқтырады.

Атырау МӨЗ-ін қайта құру және жаңғырту:

«ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуумдық  блогын және баяу кокстау қондырғысын қайта жаңарту»

2010 жылғы 30 желтоқсанда Атырау қаласы әкімінің орынбасары Аяқталған құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының 09.12.2010 ж. № 213 актісін бекітті.

«АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Т. Байғазиевтің 30.12.2010 ж. № 790 бұйрығымен ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуумдық блогының қондырғылары және баяу кокстау қондырғысы пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта қондырғылар жұмыс режиміне қойылды.

«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасы:

2011 жылғы 21 маусымда Атырау қаласында ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасын тыңдау өткізілді.

Мемлекеттік уәкілетті органдармен әзірленген жобалық-сметалық құжаттаманы келісу бойынша жұмыстар басталды.

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ-ін қайта құру және жаңғырту (Шымкент МӨЗ)

2011 жылғы 24 наурызда «ҚМГ» ҰК» АҚ-тың Ғылыми-Техникалық Кеңесі жобаны екі кезеңде іске асыруды ұсынып отыр:

1 кезең (1-ші іске қосу кешені) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап экологиялық нормалар мен Евро-3 стандарттарын қамтамасыз ету үшін. 1-ші кезеңді іске асыру мерзімі 2010-2013 ж.ж.

2 кезең (2-ші іске қосу кешені), 1-ші іске қосу кешенін ескеріп 2010ж. ТЭН бойынша толық масштабты жобаны іске асыру. 2-ші кезеңді іске асыру мерзімі 2010-2015ж.ж.

2011 жылғы 24 мамырда «ҚМГ» ҰК» АҚ және CNPC акционерлерінің Пекин қаласында кездесуінде каткрекинг базасында жобаны конфигурациялау келісілді, ЖСҚ сатысында 1-ші іске қосу кешенінің жұмыстарын бастау мақұлданды.

«Павлодар МХЗ-ін қайта құру және жаңғырту» жобасы:

ЭНИ Компаниясы ТЭН-нің техникалық бөлігін, маркетингтік зерттеулерін және қаржы-экономикалық үлгінің жобасын ұсынды.

Қазіргі уақытта «КазГипроНефтеТранс» инжинирингтік компаниясы» ЖШС ҚР нормативтік талаптарына ТЭН-ді бейімдеуді аяқтауда.

Каспий құбыры консорциумы (КҚК)

Жалпы ұзындығы 1510 км КҚК мұнай құбыры қазақстандық «Теңіз» мұнай кен орны мен Қара теңіздегі «Южная Озеревка» мұнай терминалын (Новороссийск порты маңында) жалғастырады.

Жоба КТК мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67 млн. тоннаға дейін (оның ішінде қазақстандық мұнайды жылына 52,5 млн. тоннаға дейін) ұлғайтуды көздейді.

2011 жылғы 1 шілдеде Атырау қаласында Кеңейту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын бастау рәсімі болып өтті.

2011 жылғы қыркүйек айының соңында КҚК кеңейту жобасының қазақстандық бөлігінде бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар басталды.

Жоба үш кезеңде іске асырылады және 2015 жылы аяқталатын болады.

Қазақстан-Қытай мұнай құбыры

«Қазақстан- Қытай» мұнай құбырының 2-ші кезегінің  құрылысы.

2010 жылғы 10 желтоқсанда Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырының мониторинг, бақылау және телекоммуникация жүйесін пайдалануға беру жөніндегі қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.

Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салудың екінші кезеңінің 2-кезегі шеңберінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы 2009 жылғы 14 қазандағы негіздемелік келісімнің Хаттамасына сәйкес, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының № 11 мұнай айдауы станцасы (бұдан әрі – МАС) құрылысын салу туралы келісімге қол жеткізілді.

2011 жылдың желтоқсан айында №11 МАС қабылдау бойынша мемлекеттік комиссия өткізілді. Бүгінгі күні аталған станцасы пайдалануға берілді.

Қазақстан-Қытай мұнай құбыры бойынша қытай тарапымен инвестициялық шешімді қабылдау үшін қажетті келіссөздерді жалғастыру – Қытайға жеткізілетін мұнайдың сенімді көлемі және Қытай Халық Республикасымен (Алашанькоу к.) шекарадағы баға формуласы, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, мердігерлерді таңдау.

Тасымалдаудың жоспарланған экспорттық маршруты

Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесін құру жобасы

ҚКТЖ қазақстандық мұнайды негізінен Қашаған кен орнынан Каспий теңізі арқылы Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесінің және/немесе Әзірбайжан Республикасы мен басқа да транзиттік елдердің аумағында орналасқан өзге де мұнай құбыры жүйелерінің көмегімен халықаралық нарыққа шығаруға арналған.

ҚКТЖ мынадай сегменттерден тұрады:

1.                  Ескене-Құрық мұнай құбыры;

2.                  Қазақстандық жағалаудағы мұнай ағызу терминалын, танкерлер мен кемелерді, әзірбайжандық жағалаудағы мұнай ағызу терминалын және Баку-Тбилиси-Джейхан жүйесіне дейін қосу ғимараттарын қамтитын Каспий тасымалдау жүйесі/жобасы (КТЖ).

Жүйенің өткізу қабілеті мен даму кезеңділігі Қашаған кен орнында (2, 3-кезеңдер) мұнай өндіру көлемі негізінде анықталады. Бұл ретте, бастапқы кезеңде ол жылына 23 млн. тоннаны, кейінгі кезеңдерде жылына 35-56 млн. тоннаны құрайды деп қарастырылуда.

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің (СК ӨБК) халықаралық мердігер ұйымдары (ЭНИ, Тоталь, Шелл, ЭксонМобил, КонокоФиллипс, Инпекc) ҚазМұнайГаздың қатысуымен әзірлеген Батыс Қазақстан мұнайын өндіру мен бөлудің ұзақ мерзімді өңірлік балансының нәтижелері бойынша, 2015 жылы ҚҚК-ны толық кеңейтуді ескере отырып, ҚКТЖ жобасына сұраныс шамамен 2019 ж. Қашаған кен орнын игерудің 2 кезеңін іске асыра бастағанда туындайды деген қорытынды жасалды.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысымен бекітілген ҚР мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 47-тармағына сәйкес Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алды-алу және оған ден қою жөніндегі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы Жоспардың 48-тармағына сай Теңізде және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында мұнай төгілуінің алды-алу және оған ден қою жөніндегі ұлттық жоспар жобасының жаңа редакциясы әзірленген, қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу рәсімдемесі жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы №1467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес әзірленген «Магистралдық құбыр туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне магистралдық құбыр мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ілеспе) Қазақстан Республикасының заң жобалары белгіленген тәртіпте а.ж. қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілді.

Информация о работе Маркетингтік зерттеулердің мәнi