Диабеттік ретинопатия

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 02:23, автореферат

Описание работы

Диабеттік ретинопатия- бұл көз тамырлары зақымдануымен сипатталатын қант диабетінің кең тараған асқынуларының бірі. Бастапқы сатысында тамырлар ісінеді, содан соң олардан сұйықтық шығады. Бұл әдетте көздің тор қабатының ортасында байқалады да, көрудің нашарлауын тудырады.
Егер де ретинопатия үдеген жағдайда, көз көрудің нашарлауы соқырлыққа дейін апаруы мүмкін.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім:
1) Ретинопатия. Этиологиясы.
2) Патогенезі
3) Клиникалық көріністері
4) Диагностикасы. Емі.

III. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Эндокринология.pptx

— 399.42 Кб (Скачать)

Кафедра: Эндокринология  
   
СӨЖ 
Тақырыбы: Диабеттік ретинопатия 
 
                                                 Орындаған: Джолдасова З.А. 
                                                   Факультет: Жалпы медицина  
                                Курс/топ: IV, 004\2  
                                                 Қабылдаған: Молдабек Г.Қ.  

 

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА


I. Кіріспе  
 
II. Негізгі бөлім:  
1) Ретинопатия. Этиологиясы.  
2) Патогенезі  
3) Клиникалық көріністері 
4) Диагностикасы. Емі.  
 
III. Қорытынды.  
 

 

Жоспар:

 Диабеттік ретинопатия- бұл көз тамырлары зақымдануымен сипатталатын қант диабетінің кең тараған асқынуларының бірі. Бастапқы сатысында тамырлар ісінеді, содан соң олардан сұйықтық шығады. Бұл әдетте көздің тор қабатының ортасында байқалады да, көрудің нашарлауын тудырады.

 Егер де ретинопатия үдеген жағдайда, көз көрудің нашарлауы соқырлыққа дейін апаруы мүмкін.

Статистика  бойынша көз көруі нашарлаған науқастардың 2/3-сі қант диабетімен ауырады.

Ретинопатия – бұл қайтарымсыз процесс. Егер де дер кезінде шара қолданбаса, толығымен соқырлыққа әкелуі мүмкін.

Диабеттік ретинопатия

Этиологиясы:

Диабеттік ретинопатия  дамуына алып келетін негізгі  этиологиялық фактор созылмалы гипергликемия.

Басқа факторлар ( артериалдық гипертензия, дислепидемия, темекі шегу, жүктілік және т.б.)  аз орын алады.

 Диабеттік ретинопатияның патогенезінде микроциркуляцияның бұзылысынан, ол көз торшасының капиллярының құрылымына және қант диабетінен болатын метаболикалық өзгерістермен байланысты.

 Қант диабеті кезінде гемато-ретинальді тосқауылдың өткізгіштігі жоғарылайды, қалыпты кезде ол тосқауыл қандағы ірі молекулалардың көз торшасына өтуіне кедергі жасайды, өткішгіштігі артқаннан кейін көз торшасына қажет емес заттардың түсуіне әкеледі.

 

  Симптомдардың дамуының патогенезі:

 

Вазодилатация

Қан келуінің артуы

Эндотелидің зақымдануы

Капиллярлардың бітелуі

Өткізгіштігінің жоғарылауы

Артериовенозды шунттың және микроаневризманың  пайда болуы

Неоваскуляризация

Қан кұйылу

Дегенерация және дезорганизация

Мұның дамуында 3 кезең байқалады: пролиферативтік емес, препролиферативтік және пролиферативтік.

I кезең: Пролиферативтік емес ретинопатия капиллярлар микроаневризмалары, веналар қеңеюі мен олардың калибрінің үлкеюі, веналық ''тұзақ'' шығуы, тамырлар бойында гематома болып тұруы, экссудат, ісінулер пайда болуымен білінеді. Аталған өзгерістер түрліше білінуі, әрі өзара қосарлануы мүмкін. Бұл кезде, әдетте 10-15 жылға созылады.

II кезең: Препролиферативтік кезеңде аталған өзгерістер күшейіп, тағы бір сипатпен ерекшелерді. Ол көз торшасы (сетчатка) бойында кішігірім қантамырларда тромбоздың көрінуімен байқалады. Бұл жылдам, келесі-пролиферативтік кезеңге ауысады.

III кезең: Бұл кезенде жаңа қантамырлар көздін шыны тәрізді денесіне еніп, бірақ эндотелийдің өткізгіштігінің бұзылуына байланысты ішінен қан құйылулармен жүреді. Ұйыған қанның ыдырауына байланысты көз торы сарғайып, көру нервісінің атрофиясын дамытады. Диабеттік ретинопатия қөздің көруін нашарлатып, тіпті соқырлыққа жеткізеді.

Диабеттік ретинопатияның кезеңдері:

       Диагностикасы:

Толық офтальмологиялық тексеруден өту (көз торшасын суретке түсіру, офтальмоскопия), тексеруден ҚД-1 науқастарға аурудың  3-5 жылында жасау керек, ал ҚД-2  – диагноз қойылғаннан кейін. Әр жыл сайын осы тексерісті қайталап отыру керек.

 Сатысына қарай үш сатылы емі:  
1. Дәрілік емдеу (антипротекторлар, антикоагулянттар, қан тамырларды кеңейтетін және бекемдейтін дәрілер және т.б.)  
2. Лазерлік емдеу.  
3. Хирургиялық емдеу.

 Лазерлік ем

 Диабетті ретинопатияның продуктивті сатыларын лазеркоагуляциялау 532нм және 578нм толқын ұзындығындағы сәулелермен жүргізілгенде тиімділігі артады, көру қызметі тұрақтанады, көру жітілігі 1,5- 1,7есе жоғарылайды.

             Пайдаланған әдебиеттер:

 

  •  И.И. Дедов “Эндокринология”, Москва 2009 год

 

  •  Б.Х. Хабижанов «Педиатрия», Алматы 2005 жыл

 

  •  www.kaznmu.kz

 

  • Н.П. Шабалов “Детские болезни”, Питер 2009 год

Информация о работе Диабеттік ретинопатия