қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:25, реферат

Работа содержит 1 файл

16_-- (1).doc

— 752.00 Кб (Скачать)

     5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық       

операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динами-калық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар.                                                                                                                  

кесте-1

БЕС - 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс.

 

     Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп бо-луы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.                                                                                             

6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді.

Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік баға-сын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.                                                                                            

7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ фактор-лардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-дастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржы-лық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономи-калық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.                                                                                                                                 

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.                                                                                                                       

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көр-сеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсет-кіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сома-сын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шы-ғындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нә-тижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпо-рынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын та-быс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжі-рибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп карастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық бе-рілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтірі-леді. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс ба-тыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сон-дықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырыса-ды.                                                                                                                     

     Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.                                                                                                                      

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтен-ше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиян-ды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.                                                                

Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмы-сының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі ту-ралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.                                                                                                                

Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей  түрде болады.                                                                                                  Кесте-2

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп

     Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалану-ды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысын-дағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәти-женің қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды) ғана көрсетеді.                                                                                                                       

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын  немесе шығынын анықтау барысында  есепке алыңады.                     Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойын-ша 1996 жылы 12 қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қа-жетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қар-жылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.                                                                                                                     

Табыстар мен шығындар баптарынын арасына койылған шектеулер тәжіри-беде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.                                                                                                                          

№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің  қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есеп-те кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықтала-ды және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезе-ңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпа-раттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.                                                                                       

Ақша қаражаттары - бұл  кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол  ақша.                                                                                                                

Операциялық қызмет деп  субъектің табыс алу жөніндегі  негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық  және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.                                                                                                   

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл  ұзақ мерзімді активтерді сатып алу  және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.                                             

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражатта-рының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.                                                                                                                

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру ны-сандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп беруде-гі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.                            

Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы  болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын ке-шенді түрде талдауға мүмкіндік береді [1].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері.

 

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар.                                                                                              

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.                                                                                                    

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.

Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.                    

Информация о работе қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Описание работы

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9