қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2013 в 17:25, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүр-лі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар......................................................................................................... 91-9

Работа содержит 1 файл

16_-- (1).doc

— 752.00 Кб (Скачать)

2- бөлім. «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясының  қаржылық жағдайын талдау.

 

2.1. «Халлибуртон  Интернэшнл Инк.» компаниясының  жалпы сипаттамасы.

 

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

Компанияның орталық офисі  Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.

Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі  платформаларды, мұнай және газ өңдеу  зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

Әлемнің 30 халықаралық  тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда  Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылы-мы төмендегі 1- суреттетен көруге болады.

 


 




 

 

Сурет-1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Кәсіпорынның  мүліктік жағдайын талдау.

 

Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық есептің маңызды  элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                           

Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алай-да, кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі ба-ланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтар-лықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.                                                  

Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.                                             

Баланс мәліметтері  бойынша активтердің құрамы мен  олардың таратылуына талдау жасау  үшін келесі 3-аналитикалық кесте құрылады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-3

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.

Активтер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+ ; -)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы, %

Ұзақ мерзімді активтер

           

Негізгі құралдар

147 795

210 260

40,03

58.44

+62 465

+42,26

Аяқталмаған өндіріс

45 300

17 280

12,27

4,80

-28 020

-61,85

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

18 590

18 590

5.03

5.17

0

0

Алдағы кезең шығындары

395

655

0,11

0,18

+260

+65,82

Жиыны

212 080

246 785

57.44

68,60

+34 705

+16,36

Қысқа мерзімді активтер

   

0,00

0,00

0

0,00

Тауарлы-материалдық  қорлар

57 780

53 600

15,65

14,90

-4 180

-7,23

Дебиторлық борыш

91 595

47 525

24,81

13,21

-44 070

-48,11

Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

0

670

0,00

0,19

+670

 

Ақша қаражаттары

1 505

5 470

0,41

1,52

+3 965

+263,46

Басқа да қысқа мерзімді активтер

6 290

5 715

1,71

1,58

-575

-9,14

Жиыны

157 170

112 980

42,56

31,40

-44 190

-28,12

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

2,57


Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.                                                                                                           

4-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол  37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.                                                                                                                                    

Осы көрсеткіштен кейін  баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.                                                                                       

Талдау жүргізіп отырған  кәсіпорындарда бұл коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.                                                                                                                                      

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

Талданып отырған кәсіпорында  бұл көрсеткіш деңгейі жыл  басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық  өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалы-ның маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

Біздің мысалымыз бойынша баланс валютасындағы негізгі құралдардың қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

Әрі қарай ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.                                                                                                             

     Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

 Есепті жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құ-райды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).                                                                             

Айта қеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруа-шылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген деби-торлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс [1].                                                                                                      

 

2.3. Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау.

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің екі тұжырымдамасы  белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша  өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Информация о работе қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері