«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 20:21, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі
Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Жайсан.doc

— 151.50 Кб (Скачать)

 

Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында  жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін  күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;
  • өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.[5]

Елбасы өзінің Қазақстан  халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші  сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін  арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.

Еңбекақыны мерзімдік  төлегенде еңбекті мөлшерлеу  жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі  кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен  алып тастау, немесе, жалақының бүкіл  қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің  тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді.

Біз жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары  негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті  емес, разрядқа сай жұмыстың бар  түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды.

Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеруді ұтымды деп  санаймыз. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен  тәжірибе ынталандырмасының  өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде  өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби  дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және  жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы  қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді.

Жұмысшының біліктілік разрядын анықтауда мына формуланы  қолдануға болады:

Рб = К1 х К2 х К3 х К4 ,

 

мұндағы Рб – жұмысшының біліктілік разряды;

К1 – жұмысшының жалпы білімін, кәсіби деңгейін және оны өсірудегі еңбектің қажетсінуін анықтайтын коэффициент;

К2 – берілген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін анықтайтын коэффициент;

К3 – орындалатын жұмыстың жауапкершілігі мен ауырлығын анықтайтын коэффициент;

К4 - еңбектік және өндірістік тәртіпті ескеретін коэффиицент.

Жұмысшының біліктілік разрядын айқындауда негізінен 3 фактор ескеріледі, ал әрбір фактор тиісті балмен бағаланады. Коэффициенттер алдын-ала  анықталған жіктеме бойынша анықталады.[6]

Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке  ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі  нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің  өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді:

- сыйақы беру даралық  сипатта болуы тиіс: жұмысшының  аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы  көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің  қосқан үлесі үшін беріледі;

- сыйақы беру нақты,  белгіленген мөлшерлеме мен нормативті  орындағаны үшін емес, еңбектегі  ерекше жетістіктері үшін берілуі  тиіс;

- сыйақы беру –  ағымдағы (ай сайын) және жыл  қорытындысы бойынша тағайындалады;

- сыйақы беру жүйесі  қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.

Мұнымен қатар сыйақы беру шарттарын шектейтін жәйттерге  қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбекті  қорғау, жарақаттану болдырмау, бақытсыз жағдай және еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмаулар жатады.

Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа  түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.[4]

Өйткені жаңа технологиялық  жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың  деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.

Сапалық өзгерістердің  көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда  түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының  тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын  анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.

Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет).

 

 

Ескертпе – автормен құрастырылған 

 

Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі

 

Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.[3]

Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50,3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18,3% шамасында.

Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық  ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі.

Ғылымның жоғары технологиялық  өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық  меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.

Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың  маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау.

Мұндай бағыттардың  іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді:

- экономиканың, жоғары  технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;

- іргелі және қолданбалы  зерттеулері мемлекет және жеке  меншік тарапынан қолдау;

- ғылыми зерттеулерді  бюджеттік қаржыландырудың тұрақты,  заңдық нормативтермен қамтамасыз  ету;

- қаржы ресурстарын  тиімді пайдалана отырып, адам  әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.[4]

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жүргізілген зерттеу мына төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

1 «экономикалық мүдде», «ынталандырма», «уәж», «уәждеме», «ынталандыру» категориялары нақтыланды. «Ынталандырма» категориясының екі жақты екені анықталды: біріншіден, объективті (материалды заттық) жағы, оның негізінде экономикалық  мүдде қалыптасады; екіншіден, субъективті жағы, аз уәж және ынталандырманың өзара байланыстарын сипаттайды. Экономикалық ынталандыру дегеніміз адамдарды өнімді еңбекке құлшындыратын, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тетіктердің жиынтығы.

2. Тұтынушының жоғары стандарты мен технологиялық дамуы, адамдардан шаруашылық процесінде, тек ғылыми (біліктілік) дайындығы ғана емес шығармашылық басқару қызметтеріне араласуын да талап етеді.

Жұмыскердің еңбек белсенділігін  ынталандыру үшін уәждемелер мен  ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:

  • өндірісте материалды ынталандырудан, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды әлеуеттілікті өсіру;
  • еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;
  • материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;
  • материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.

3. Постиндустриалды парадигма жағдайында еңбекке ынталандыру жүйесі кешенді түрде қарастыруды қажет етеді. Ол үшін  мыналар жүзеге асуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Еңбекке ынталандыру мен ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі //Халықаралық ғылыми-тәжірибелік видео-конференция материалдары. ХБУ. -Алматы, 2006.
  2. Қазақстандағы өндіріс тиімділігін арттыруда материалдық ынталандыру жүйесін дамытудың бағыттары //Қаржы-қаражат журналы. –Астана: 2006, №3-4.
  3. Өндіріс тиімділігін  басқарудың маңызды элементі фирма қызметінің нәтижесін бағалау //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Тұран» университеті,  2006.
  4. Экономикалық ынталандыру жүйесінің қағидаларын әзірлеуді сапалы экономикалық өсу тұрғысынан қамтамасыз ету //Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Астана: Д.А.Қонаев атындағы Университет, 2006.
  5. . «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау //Экономикалық «Аль-Пари» журналы. - Алматы, 2007. - №1.
  6. Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі
  2. Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін бағалау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘЛ-ФАРАБИ  АТЫНДАҒЫ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ 
"экономика" кафедрасы

 

 

 

 

 

 

«Фирма қызметінің экономикалық талдауы» пәнінен

Реферат 
Тақырыбы:

«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін       талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Орындаған: ЭК10К2  Шукурбаева Ж.С. 
Қабылдаған: Тұраров Д.Р.

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ – 2013

 


Информация о работе «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС-і қызметінің тиімділігін талдау