ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттар: тарихи-салыстырмалы талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2011 в 14:27, диссертация

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстанның өнеркәсібінің даму проблемалары, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы оның қалыптасуының негізгі бағыттыры мен дамуына тарихи-сын тұрғысынан талдау жасалған. Қазақстанды өнеркәсіптік игеруге байланысты патша өкіметі мен Кеңес мемлекетінің саясаты анықталып, талданып, өнеркәсіп құрылымының негізгі қайшылықтары мен өзгерістері, қарастырылған кезеңдегі жаңа өнеркәсіп өндірістері мен салаларының пайда болуы туралы баяндалған.

Работа содержит 1 файл

avtoref-tini.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

      Мәселенің зерттелу деңгейі. Революцияға дейінгі әдебиеттерде өнеркәсіп тарихына арналған жан-жақты еңбектер көп емес. Қолда бар әдебиеттер негізінен Ресейдегі және оның отарындағы елдердегі өнеркәсіптің пайда болуы мен оның дамуына арналған. Жекелеген аумақтардың шаруашылық өмірін зерттеуде үлкен маңызды еңбектер жазған А.И. Добромыслов, статистикалық материалдар, жалпы    аумақтың экономикалық жағдайы туралы француз зерттеушісі К.Оланьон жалпылама еңбектер жазды, сондай-ақ    Ресейдің        зерттеушілері: Л.Мейер, Н.Конин, П.А.Голубев,  М.Н.Соболевті   бөліп алып, атауға болады.

      Революцияға дейінгі тарихнамада лайықты орын алатын ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жекеленген өнеркәсіп салаларының дамуы туралы А.А.Мурашкинцевтің, Транссібір темір жол магистралінің жүргізілуі, Сібір мен Қазақстанға шетелдік капиталдың келуінің күшеюі осы темір жолмен байланысты С.В.Саблер мен И.В.Сосновскийдің,  В.Верховскийдің, В.С.Зивтің жұмыстарында қарастырылған. 

     Революцияға дейінгі экономикалық даму туралы әр түрлі экономикалық көзқарастар және шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының тарихы туралы Н.И.Березиннің    А.Шиштың, В.А.Пазухиннің еңбектерінде көрсетілген.

    ХІХ ғасырдағы Ресейдің өнеркәсіптік дамуына В.К.Яцунский зерттеу жасаса, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы өнеркәсіптің дамуы туралы П.А.Хромов, Ю.А.Рыбаков, С.Г.Струмилин,К.А.Пажитнов, П.М.Лукьяновтің еңбектерінде елдің жекелеген аудандарындағы өнеркәсіптің дамуы туралы бірқатар ірі еңбектері шықты. 

     Қазақстан ғылымында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы туралы.         А.Нүсіпбековтің, С.Нейштадтың еңбектерінде жарық көрді. Соның ішінде бірінші рет қазақтың тарих ғылымында революцияға дейінгі Қазақстан экономикасына шетелдік капиталдың енуі мәселелері С.Нейштадтың еңбегінде көрініс тауып, шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының Қазақстанға енуі баяндалған. Қазақстан экономикасына шетелдік өнеркәсіп және банк капиталының енуі туралы Ц.Л.Фридманның еңбектерінде терең және жан-жақты көңіл аударылып, ірі шетелдік компаниялардың бай түсті металл кен орындарын, мұнай және көмір кендерін қолдарына алған әрекеттерін кешенді түрде көрсеткен. Ол аз шығын шығару арқылы көп пайда түсіруге тырысқан шетел капиталистерінің опасыздығын сипаттады.

     Қазақстан территориясында пайда болған өнеркәсіп  ошақтарын ол халық шаруашылығының табиғи дамуының негізінде емес, шеттен келген капитал күшімен құрылып, өнеркәсіптің жекелеген  ошақтарын  жасады, оның Қазақстан экономикасымен байланысы мүлде аз болды және капитализмге дейінгі катынастар үстемдік еткен, артта қалған шаруашылық мұхитындағы жекелеген өнеркәсіп аралдары сияқты болды.

    Қазақстанның  экономикалық дамуына арналған бірқатар әдебиеттер, олар революцияға дейінгі, сондай-ақ  кеңес дәуірі кезіндегі өнеркәсіптің даму мәселелерін көтереді. Осы еңбектердің, ішінде Ресей империясының құрамындағы Қазақстаның шаруашылық жағдайына сипаттама берген  Г.Чулановтың жұмысын бөліп қарауға болады.

      Қазақстанның бүкіл экономикалық даму жолын егжей-тегжейлі қарастыруға қадам жасалынды.   Өнеркәсіптің жекелеген салаларын, соның ішінде темір жол құрылысы, кен зауыттары, тау-кен өнеркәсіптері, мұнай, өңдейтін өнеркәсіптер туралы зерттеуге П.М.Алампиев, М.Х.Асылбеков, Е.Б.Бекмұхамедов, Е.Д.Ділмұхамедов және тағы басқалары оразан зор үлес қосты.

     Қазақстандағы революцияға дейінгі және 1917-1940 жылдардағы өнеркәсіптің тарихы тарихнамалық еңбектерде де қарастырылды. Осындай жұмыстардың арасынан Д.И.Дулатованың, А.Н.Нүсіпбековтің, Н.Даулбаевтың, В.В.Турттың, С. Нұрмұхамедовтің, Б.Абишеваның, М.Қозыбаевтың, И.Қозыбаевтың,  М.Асылбековтің, А.Алтаевтың, Р.Құрманғалиеваның және тағы басқалардың зерттеулерін бөліп алып қарауға болады.

     К.Жақыпбековтің  зерттеулерінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы және қайта қалпына келтіру кезеңіндегі жеңіл өнеркәсіптің құрылуы, соғысқа дейінгі бесжылдықтардағы  жоспарды жүзеге асыру кезіндегі өндіріс салалары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республикаға қоныс аударылған өндірістер және оларды іске қосу туралы жазылған.  Ал М.Х.Асылбековтың ғылыми зерттеулері Қазақстанның өнеркәсіп тарихнамасында үлкен орын алады. Оның еңбектерінде Қазақстанның темір жол транспортының дамуы туралы жарты ғасырда астам уақытты қамтиды. М.Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі Қазақстанның экономикасына темір жолдардың жасаған ықпалы мен оны Ресей империализмінің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге коммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. Автор темір жолдар салу кезінде қазақтардың жер алқаптарының тартып алынуын және сонымен бірге жолдардағы жүк айналымының ұлғаюы, олардың бойында егіншіліктің дамуын, ауыл шаруашылық өнімдерінің өлке шегінен әкетілуін дәлелдейтін фактілер келтіріледі. Автор темір жол транспорты саласын кәсіпқой кадрларымен қамтамасыз ету, жолдар мен оны өндіріс-құрамдарының жаңа түрімен қамту, жұмысшылардың алдыңғы қатарлы экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларын қалыптастырудағы рөлін терең және толық зерттеген.

     Д.А.Шаймұхановтың, Н.Р.Күнқожаевтың ғылыми еңбектерінде аумақтық индустриаландыруды жүзеге асырудағы партиялық ұйымдардың жасаған жұмысы, өндірістердегі техникамен жабдықтау мәселесі, сондай-ақ шығармашылық және техникалық интеллегенцияның рөлін қатаң сынға алады.

     Арнайы  тарихи еңбектер мен тарихнамалық  зерттеулердің арасында Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттарына тұтас тоқталған немесе қаралып отырған мәселелелердің кейбіріне жекеше тоқталған көзқарастар бар. Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы мен индустриаландыру, кадр мәселесіне байланысты бірқатар кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып, қорғалды. Олардың ішінде менің зерттеу тақырыбыма қатысты мәселелерді қамтыған тұстары да бар. Атакузиеваның, Э.Н.Власованың, К.С.Игібаевтің еңбегінде өнеркәсіп құрылымы, оның пайда болуы, басқарылуы, кәсіпкерлер, құрамы, өнеркәсіптің егіншілікпен байланысы, өнеркәсіптің өңдеуші, алтын, көмір өндіруші және басқа салалары бойынша жұмысшылардың саны, құрамы және орналастырылуы, жұмысшылардың жағдайы және тап күресінің нысандары қарастырылған. Т.А.Төлебаевтың зерттеулерінде Қазақстанға капитализмнің ену тарихына ғылыми талдау жасалынса,  Б.Түлкиеваның, Р.Қадысованың еңбектерінде қатал әкімшілік басқару, барлық өнеркәсіп инфрақұрылымдарының орталықтандырылуы және тағы басқалары көрінеді. К.Ауанасова, Г.Жұман КСРО халық шаруашылығын дамытудағы Қазақстан өнеркәсібінің рөлі, индустриаландыру, ұлттық кадрларды қалыптастыру, индустриаландырудың нәтижелері зерттесе, Т.Садықов Орталық Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы, шетел капиталының енуі, Кеңес дәуіріндегі Жезқазған өнеркәсіп кешенінің қалыптасып, жандануы, Қарсақпай комбинатының іске қосылуы, жұмысшы, инженер-техник кадрларды дайындау мәселелерін мәселелерін көтерген.     

      Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты –ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуының негізгі бағыттарын анықтап, тарихи–салыстырмалы талдау жасау болса, міндеттері төмендегідей:

- Отарлаушы  мемлекеттердегі капиталистік өнеркәсіптің  жалпы дамуын зерттей отырып, отар елдердегі ерекшеліктерін ашу;

- Қазақстан  өнеркәсібін игеруге қатысты  патша саясатын көрсету;

-ХІХ  ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстандағы өнеркәсіптік дамуының негізгі қайшылықтары айқындау;

-1917-1940 жылдардағы Кеңес өкіметінің Қазақстан өнеркәсібін дамытуға қатысты саясатын анықтау;

-1917-1940 жылдардағы Қазақстанда пайда  болған және дамыған салалық  өнеркәсіп құрылымдарын көрсету.

     Зерттеу жұмысының деректік негізі. Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы өнеркәсіптің дамуы  туралы деректік материалдар қоры өте мол. Деректік жинақта Қазақстан Республикасының мұрағат қорында жиналған материалдар маңызды орын алады. Мұрағат деректері қарастырылып отырған кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіп дамуының негізгі қайшылықтарын анықтауда зерттеудің нағыз тарихи материалдар көзі болып табылады. Зерттеліп отырған мәселені тарихи – сыни талдау жасауда мұрағат құжаттарын пайдалану өте маңызды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының орталық мұрағатына алынған құжаттардың қоры мол. Революцияға дейінгі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы туралы 12 қорда Аумақтық тау-кен және жеке алтын кәсіпшіліктерін бақылау есептері, Поповтың мекемелері туралы деректер, алтын кендері мен тас көмір кендері туралы мәлімет, 14 қорда Далалық аумақтық тау-кен округінің инженерлерінің куәліктері, жасаған есептері, 44 қорда 1808 жылдан бастап 1919 жылға дейінгі өнеркәсіп туралы, 64 қорда Қазақстан территориясында пайда болған өнеркәсіп ошақтары, әсіресе тері-былғары зауыттары туралы мәліметтер өте көп болса, 439 қорда Иванов пен Савинковтың сантонин зауыты, олардың зауыттың жұмысы туралы жеке хаттары, есептері туралы мол дерек көздері берілген.

     Сонымен қатар бұл жұмыста Қазақстан  Республикасының Президенті Мұрағатының құжаты пайдаланылды. Дисссертациялық зерттеуде әсіресе мына қорлар ерекше қызығушылық тудырады: 139 қорда 1920-1925 РКП (б) Қырғыз  обкомының, 140 қорда РКП (б) Қырғыз АКСР облыстық бюросының, 141 қорда БК (б)П Қазақ Өлкелік комитетінің 1925-1937 жылдардағы, 708 қорда Қазақ Компартиясы Орталық Комитетінің 1937 жылдан бастап жазылған құжаттары, БК(б)П Алматы уездік комитетінің (1918-1928), Алматы округтік комитетінің (1928-1930), Жетісу губерниялық комитетінің (1924-1928), Алматы облыстық комитетінің 1928  жылдан бастап жинақталған материалдары. Сондай-ақ  Сол сияқты Талдықорған мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік мекемесінің жинақ қорында осы облыс көлеміндегі 1930 жылдардан бастап осы күнге дейінгі қалыптасқан өнеркәсіп ошақтары туралы мәліметтер жинақталып сақталған. 

        Мұрағат деректеріне қоса патша өкіметінің «Ресей империясының заңдарының толық жинағы» атты жинақталған заңдық актілер мен құжаттар, далалық облыстардағы «Қырғыздар туралы» заңдар жинағы, Ресей империясының заңдар жинағы пайдаланылды. Қазақ өлкесінің шаруашылық өмірі жайлы қызықты материалдар бірқатар революцияға дейінгі басылымдарда: 1899 жылғы «Сібір сауда - өнеркәсіп календары», «Семей облысының естелік кітапшасы», «Ақмола облысына шолу», «Сырдария облысына шолу», «Торғай облысына шолу», «Орал облысына шолу» және тағы да басқа құжаттардан қарастырылды.

     Патша өкіметін құлатқаннан кейін Қазақстанның өнеркәсібінің дамуы коммунистік  партия мен Кеңес үкіметінің нұсқауларымен  анықталып, « КОКП ОК пленумдары мен  конференция, съезд қарарлары және шешімдері » атты жинақтарда топтастырылды.

     Деректер  топтамасына «Қазақстанның 60 жылдағы  халық шаруашылығы» деп аталатын статистикалық жинақ та алынып, қарастырылып отырған кезеңге байланысты Қазақстанның өнеркәсіптік дамуын суреттейтін тарихи оқиғалар, баспасөзден алынған материалдар да енгізілді.

      Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері мен әдістері. Зерттеу жұмысын жүргізуде қарастырылып отырған тақырыпқа орай тарих ғылымында қалыптасқан ғылыми таным территориясына сүйене отырып жасалуы үлкен жетістікке жету үшін талдау, жинақтап зерттеу, салыстырмалы – тарихи өткенді шолу, оқиғалардың жүйелі уақытын белгілеу және тағы басқа да зерттеуде танымдық жұмыстардың жалпы тізбегі пайдаланылды. Осы әдістердің ішінде арнайы  тарихи – жүйелілік әдістерін ерекше көрсету қажет. Алдыға қойған мақсаттар мен міндеттерге байланысты қарастырылып отырған кезіндегі  Қазақстан өнеркәсібінің негізгі бағыттары анықталды, сын тұрғысына қарап, жекелеген, ерекше, жалпы, барлығына ортақ ерекшеліктерін табуда орны бөлек болды. Тарихи оқиғаларда зерттеген кезде олардың ішінен кеңестікте бірге немесе көбіне ішінен ерекшеленетін, уақытқа байланысты өзгеріп отыратын құбылыстар кездеседі. Осылардың негізінде зерттеу жұмыстарын жаңа сапалы деңгейге көтеретін мүмкіндіктер күтіледі.

     Біздің зерттеу жұмысымыздың методологиялық негізінің түп қазығы-белгілі ғалым тарихшылардың, экономистердің еңбегі болып табылады.

   Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының жаңалығы сол, бұнда Қазақстандағы қарастырылып отырған кезеңдегі өнеркәсіптің дамуының негізгі қайшылықтарына тарихи – сын тұрғысынан талдау жасалды. Бірінші рет осы еңбекте Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуының негізгі кезеңіне нақты деректер ұсынылып, диссертацияның тақырыбын бір мақсатқа шоғырландырып, көрсетуге мүмкіндік берді:

- Әлемдегі  ірі отар иеленуші Ұлыбритания,  Франция, Германия сияқты елдерден  тәжірибе ала отырып, өзінің отарындағы  елдерге үстемдігін жүргізген  патша үкіметінің жүргізген экономикалық  саясатына әділ баға берілді;

- ХІХ  ғасырдың екінші жартысы мен  ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикасына орыс және шетел капиталын енгізу туралы патша өкіметінің күшіне енгізген заңдық актілері туралы нақты – тарихи материалдар негізінде көрсетілді;

- Революцияға  дейінгі кезеңдегі өнеркәсіптердің  салалық құрылымдары: өндіретін және өндейтін өнеркәсіптер туралы жазылып, өнеркәсіпті игеріп, Қазақстанды Ресей капиталистерінің шикізат көзіне айналдырғаны туралы нақты суреттейді;

- Қазақстанның  өнеркәсібін дамуындағы негізгі  қайшылықтар мен оның Кеңестік  Ресейдің өнеркәсібінің шикізат көзіне айналуына сын көзбен қарайды;

- Зерттеу  барысында тақырыптың осы күнге  дейін ғылыми айналымға енбеген,  бұрын белгісіз болып келген  қалтарыс, көлеңкелі тұстары анықталды.  ҚР Президенті мұрағатынан, ҚР  Орталық мұрағатынан мол деректер  алынып, ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

-  Қазақстанның  бірінші онжылдықтардағы өнеркәсібінің  дамуындағы жаңа бағыты зерттеліп,  республиканың экономикалық дамуындағы  маңызы зор болғандығы көрсетілді.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

1. ХІХ  ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда өнеркәсіптің пайда болуы мен дамуы бұл тарихи заңды құбылыс болды. Ресей империясының боданында бола отырып, Қазақстанға біртіндеп капиталисттік қатынастар еніп, бірінші кезекте бұл аймақты отар иеленуші елдердің шикізат көзіне айналдыруды көздеді.

2. Патша  өкіметі пайдалы қазбаларды ашуда,  өнеркәсіп өндірістерін құруда, өндірістің және өңдейтін өнеркәсіптерге  орыс және шетел капиталын  енгізе отырып, жоспарлы экономикалық  саясат жүргізді.

Информация о работе ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен 1940 жылдағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуындағы негізгі бағыттар: тарихи-салыстырмалы талдау