Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 17:32, курсовая работа

Описание работы

1993 жылдың қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстанғанымызға 15 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 17 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз сегізінші жылды алқымдап қалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған сәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5
1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5
1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22
3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27
3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27
3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Работа содержит 1 файл

Акмарал курсовая 3курс.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

     Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндеттер  мұнайға аз тәуелділікте болатын  шикізаттық емес құрылымына салық және жеңілдіктер арқылы экономиканың үлкен салаларына жағдай жасау. Дәл осы міндеттің артынан жаңа Салық кодексі жүруде. Компаниялар мен жеке кәсіпкерлер шартымен мұнай болып табылатын жалпыұлттық қазынаны пайдалануды тек мемлекет басқару керек.

     Тұрақты қор – қорғаныс кепілі. Салық кодексі – экспорттық-импорттық қатынастарды реттеу әдісі. “Голландиялық аурудан” “жазылудың” негізгі шарты экономиканы әртараптандыру. Ал әртараптандыруда бастысы қай бағытта қозғалыс жасау керек екендігін анықтау.

     Экономикада диверсификацияның қажеттігі күдікке шалдығуымен қиын, бірақ әртараптандыру мемлекеттік қызметті жалпыстратегиялық жоспарлаудың қандай өзгерістеріне алып келетінін білу қажет. Дәл осыдан біз келешекте қай ел қатарына түсетініміз белгілі болады: менеджер-елдер ме, әлде фабрика-елдер қатарына ма.

     Әлемдік тәжірибеде “Алтын миллиард” елдердің жалпы өнім құрамына кіретін жеңіл өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының үлесі 15-20 пайызға жуық екендігін көрсетеді. Сондықтан, экономистердің былғары, аяқ киім, тоқыма өнеркәсіптердің ғаламдық дамуының қажеттілігіне қатысты кеңестерін тыңдаудан бұрын, бұған қатты назар аударуы керек.

     “Алтын миллиард” өз артынан жоғары, технологиялық салаларды, қаржыны, әскери өндірісті қалдырады. Яғни, импортпен ауыстыруға келмейтіндер, соның өзінде үлкен көлемде “дивиденд” алып келуге қабілетті. Батыс елдердің үлесіне әлемдік өндірістік өнеркәсіп пен ғылыми-техникалық ұстанымның үштен бір бөлігі келеді. Франция, Германия, Ұлыбритания, Люксембург, Швеция, Финляндия, Бельгия, Ирландия елдері өз арасында авиақұрылым, банктік қызмет, көлік құрылысы, қаржылық қызмет көрсетулер, сандық телевидение, биотехнологиялар, мобильді байланыс, бағдарламамен қамтамасыз ету сияқты салаларды бөліп алды. Батыс Еуропа кеңселік жабдық, өлшеуіш приборлар, нақты тетіктер және оптика, химиялық өндіріс өнімдерін экспортқа шығарады. Тек Италия ғана артынан тоқыма өнеркәсібін қалдырды, бірақ Қытай да сонымен бірдей деңгейде бренді бар.

     АҚШ салалық құрылым мәселесіне іс-жүзінде  іске асырылуына тіпті жақындап қалды. Онда барлық экономика салалары бір  деңгейде дамиды. Оның ішінде жаңадан қосылғандар қатарында: аэрокосмостық, микроэлектроника, жоғарытехнологиялық материалдарды өндіру. Сондықтан диверсификация үрдісін салалық құрылым есебінсіз бастау жоғары дәрежедегі алдын болжай алмайтындық болар еді.

     Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет қызмет көрсету аясындағы ғылымды қажет ететін салаларды дамыту бойынша шаралар әзірлеуде. АҚШ-тың ішкі өнімінде тек ауылшаруашылыққа 2 пайызы келеді, 23 пайызын өндірістік сектор, ал қалған бөлігін қызмет ету саласы құрайды. Және осы салаға сол елдің көп жылға ілгері істелген сәтті тысқары істерін құратын барлығы кіреді. Олар қаржылық, басқарушылық, көліктік, медициналық, білімділік, консалтингтік, маркетингтік, ақпараттық, туристік қызмет көрсетулер. Міне, АҚШ әлемге осыларды экспорттайды, ал одан кейінгі үш ірі қызмет көрсетуді жеткізушілер: Нидерланды, Израиль және Гонконг.

     Әлбетте, өндірісті өнімдерді жаппай тұтынуы  есебінен киім, аяқ-киім cияқты, тастауға болмайды. Бірақ, біріншіден, бұл барлық өнім импорт орнына оңай қолданылады, екіншіден, бүкіл әлем істеген сияқты, бізге экономикасы әлсіз елдерден өндірісті алып келу кедергі келтіреді. Негізгі “соққыны” ел ішіндегі ұқсас өндірістің дамуына бағыттау – бәсекеге қабілеттілікті жоғалту. Өмірдің тез даму деңгейін тек шикізат емес, тіпті жаппай тұтынудағы өнім де емес жаңа технологиялар мен қызмет көрсету экспорты қамсыздандырады.

      Ғылымды қажет ететін салалар өндірісін  өсіру шаралары бойынша білім  мен қызмет көрсету саласының  өсуі экспорттың қолайлы өсуіне мүмкіндік  береді. Бұған “30 корпоративтік көшбасшы” жобасы дәлел. Ульбинадағы металлургия комбинатындағы өндірілген жаңа өнім (производства танталовой продукции) электр өндірісінде қолданылады. Ол зауыт ғалымдарының өзіндік әзірлемесіне негізделген. Осы жылдың желтоқсанында бірінші желіні жүргізу жоспарлануда, ал болашақта нанотехнологияларды қолдану арқылы миниатюрадан тыс электроликалық конденсаторды шығаруды игеру жоспарлануда.

      Сол комбинатта уран гексафторидін шығару, сонымен қатар ядролық реактор  үшін жылу-бөлінгіштік жинау жобасы кіргізілген.

      Өскеменде таулы-байлықты және металлургиялық өндірістің толық балансына жету және экологиялық қауіпсіздікті дамыту тауарды дайындаудың жоғары өнімділігінен пайдалы құрамдас бөлігінің максимальді санын кешенді шығару мақсатында мыс балқытушы және электролизді өндіріс құрылысы басталып кетті. Мысалы, зауыттың қуаттылығы бір жылдағы мыс катодының 70 мың тоннасын құрайды. Қазіргі заманға сай экологиялық ең таза «Isasmelt» және «Isaprocess» (Австралия) технологиялары таңдалды. Бұл жобаның инвестициялық көлемі 472 млн. долларды құрайды.

        Ақтөбеде жылына 180 МВт электр-энергия өндіретін, құрамына металл өнімі және газтурбиналы электр станцияларының қуаттылығы 500 мың тонна болатын металлургиялық өндірісін қоса алғанда электр-металлургиялық кешен келешегіне капсула енгізуді бастау салтанаты болып өтті. Павлодарда хлор және каустикалық сода өндіруші зауыт құрылысы басталды. Теміртауда Елбасының тапсырмасы бойынша сұрыпты темір қақтау цехы тұрғызылуда.

      2008 жылы Астанада Nissan автокөліктерін, автокөлік шиналарын өндіретін зауыттарды қолданысқа беру жобалануда. Индустриялық парк аумағында сонымен қатар локомотивті-жинақ зауытының құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

      Алматыда  “Медеу-Шымбұлақ” таулы-курортының құрылысы және оны қайта жаңғырту жобалары іске қосылған. Көлемді құрылыс жұмысының ауқымдылығы мен жаңғыртулығының арқасында бұл орталық 2015 жылы тау шаңғысы курортының  ірі ондығына кіреді.

      Және  бұл істің тек бастамасы. Экономика  диверсификациясы – уақыт пен жағдаяттың барлық өзгерісіне әсер ететін тұрақты үрдісі [2].   
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕСІН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Телекоммуникация саласындағы диверсификация 

     Қазiргi уақытта телекоммуникация саласы әлемдегi ең серпiндi дамушы салалардың бiрi болып табылады, телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы берiлетiн ақпарат көлемi әр 2-3 жыл сайын екi еселенiп отырады.

      Батыс елдерiнде телекоммуникация саласына инвестициялардың өсу қарқыны қайта өңдеу және өндiру салаларына инвестициялардың өсу қарқынынан асып түседi.

       Телекоммуникация саласынан түсетiн ЖIӨ құрамындағы кiрiстердiң үлесi, сондай-ақ онда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң саны тұрақты түрде өсiп отырады.

       Ақпараттық индустрияның жаңа салалары пайда болып, табысты дамуда, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiнiң ақпараттық құрауышы және қоғамның тiршiлiк ету қызметiнде ақпараттық ресурстардың айрықша рөлiн өзектi ете отырып, ақпараттық технологиялардың ғылыми-техникалық, зияткерлiк әлеуетке әсерi елеулi түрде өсiп отыр.

       Республиканың телекоммуникациялық секторының дамуына әсер ететiн факторлар:

       1) ұлттық нарықтың ауқымы.

       Көбiне ел экономикасының жай-күйiмен айқындалатын тұтынушылардың төлемге қабiлеттi сұранысы телекоммуникациялық қызметтер нарығын дамытудың негiзгi факторы болып табылады.

       Қазiргi кезде Қазақстан халықтың ел аумағында бiркелкi бөлiнбеуiнен клиенттiк базаны кеңейтудiң жеткiлiктi әлеуетiн иеленбей отыр.

       Жергiлiктi телефон байланысының ағымдағы көлемi 2,6 млн. желiден асады, бұл жергiлiктi телефон байланысы қызметтерi нарығының ең көп сыйымдылығының - барлық ықтимал тұтынушылардың олардың төлем қабiлеттiлiгiн ескерместен санын сипаттайтын және 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шамамен 4 млн. желiнi құрайтын көрсеткiштiң 65 %-ын құрайды.

       2008 жылдың аяғына қарай негiзгi телефон аппараттарының жалпы санын шамамен 3,4-3,5 млн-ға жеткiзу болжанып отыр.

       2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң телекоммуникация нарығын ырықтандыруға арналған бағытын iске асыру.

       2004 жылдың аяғында басталған телекоммуникациялық қызметтер нарығында кезең-кезеңмен ырықтандыру нәтижесiнде нақты бәсекелестiк ортаны дамыту үшiн алғы шарттар жасалды. Телекоммуникация нарығын ырықтандыру барысында тарифтердi қайта теңгерiмдеу және тоғыспалы субсидиялаудың шарттарын жою жөнiндегi, телекоммуникация қызметтерi нарығының әрбiр сегментiнде, оның iшiнде ауылда да бәсекелестiктi дамытудың экономикалық стимулдарын жасау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылады.

       3) Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру жөнiндегi iс-шаралар.

       Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiне дайындық және осы ұйым регламенттейтiн қағидаттары нарықты реттеу жүйесiн қалыптастыру, телекоммуникация қызметтерi нарығына қол жетiмдiлiк кедергiлерiн алып тастау, сыртқы бәсекелестiк үшiн нарықтың ашықтығы. Бұл iс-шаралар Қазақстанның телекоммуникация қызметтерi нарығына жаңа қатысушылардың шығуына ықпал ететiн болады, бұл бәсекелестiктiң күшеюiне әкеп соғады.

       Қазақстанның ДСҰ-ға мүшелiгiнен күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзу көбiне осы ұйымға кiретiн шарттарға және тауарлар мен қызметтердiң отандық нарықтарына қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiнде Қазақстан қабылдайтын мiндеттемелердiң деңгейiне байланысты болады. Телекоммуникация секторында ел қабылдайтын мiндеттемелер оның одан әрi дамуына ықпал етуге тиiс, оның мiндеттi факторларының бiрi қызметтер мен тауарларды отандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

       4) Қазақстан Республикасының телекоммуникация қызметтерi нарығын дамытудан күтiлетiн технологиялық үрдiстер.

       Қазақстан Республикасының телекоммуникация қызметтерiнiң нарығы жалпы әлемдiк телекоммуникация кешенiнiң бөлiгi ретiнде мынадай негiзгi үстем үрдiстердiң әсерiмен дамып келедi:

       жылжымалы байланысты, жерсерiктiк және кабелдi теледидарды, дауыстарды, бейне және пакеттiк технологиялар негiзiндегi деректердi беру бойынша конвергирленген шешiмдердi белсендi түрде дамыту;

       дәстүрлi желiлердi дамытудан шешiмдер негiзiнде жаңа буын желiлерiн дамытуға көшу;

       телекоммуникациялық және ақпараттық технологиялардың конвергенциясы.

       Ағымдағы үрдiстерде ХХI ғасырдың басы даму қарқыны өзiнiң тиiмдi дамуы үшiн тұтастай экономиканың даму қарқынына қатысы бойынша озық болуға тиiс жаhандық телекоммуникациялық инфрақұрылым құруды ықпал ететiн ақпараттық қоғам дәуiрi ретiнде қарастырылады.

       Дамыған және дамушы елдерде экономикалық өсiмнiң 1 %-ын қамтамасыз ету үшiн телекоммуникация саласының өсiмiнiң кемiнде 3 %-на қол жеткiзу қажет.

       Осы жағдайда дамыған және дамушы елдердiң экономикалық көрсеткiштерiнде телекоммуникация саласының мәнi оның жалпы iшкi өнiмдегi үлесiнiң үнемi өсiп отырғанынан байқалады. Өнеркәсiбi дамыған елдерде телекоммуникация қызметтерiнiң көлемi ЖIӨ-нiң 5-8 % дейiн жетедi, ТМД елдерi бойынша осы көрсеткiш өсу қарқынының жоғарлығына қарамастан орта есеппен ЖIӨ-нiң 2,8 %-ын құрайды (Қазақстанда - 2,9 %).

     Жоғарыда  көрсетiлген статистиканы негiзге ала  отырып, Қазақстанға телекоммуникация саласын дамыту үшiн жалпы әлемдiк  өсу үрдiсi тән деп қорытынды жасауға болады.

       Республикада соңғы бес жылда телекоммуникация саласының серпiндi дамуы байқалады, әрi оның даму қарқыны елдiң ЖIӨ-нiң өсу қарқынынан асып түседi және жыл сайын орта есеппен 25-30 %-ды құрайды.

       Сала дамуының сақталып отырған оң серпiнi қоғамның дамуы мен ел қауiпсiздiгiн нығайтуға ықпал етiп қана қоймай, сонымен бiрге тұрақты экономикалық өсудiң аса маңызды көзi де болатындығын атап өту қажет.

       Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының болжамдарына сәйкес ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсiмi 8,1 %-ды, нақты еңбек ақының өсiмi 4,6 % құрайтынын, яғни халықта ұтқыр, Интернет және т.б. сияқты байланыс қызметтерi түрлерiн сатып алу мүмкiндiгi пайда болатындығын ескерсек, алдағы уақытта байланыс қызметтерi өскелең сұранысқа ие болады.

Информация о работе Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі